"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 13 наурыздағы № 18-VII ҚРЗ.

      1-бап. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2021 жылғы 24 ақпанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) кіріспедегі "өзге де заңнамалық актілерiне" деген сөздер "өзге де заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған және қолданыстағы болып табылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының оның заңдары алдында басымдығы болады және халықаралық шарттан оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылады.";

      3) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларында көзделген өзге де жағдайларда:

      1) халықаралық шарттардың қолданысы осы Заңның 28 және 29баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды тоқтата тұруы түрінде осы Заңның 29 және 30-баптарында көзделген тәртіппен қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдануы мүмкін.";

      4) 24-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 28, 29 және 30-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату

      1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келiсiмiмен кез келген уақытта, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

      29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы ұсыныстар

      1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша өз құзыреті мәселелері бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.

      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар береді.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасы атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді.

      5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын мұндай шарттардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды мұндай шарттарды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, өздерінің атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісілген ұсыныстар береді.

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұрудың, мұндай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұрудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастаудың, мұндай халықаралық шарттардың күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.

      30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, орындалуын тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, орындалуын қайта бастау, күшін жою туралы шешімдер қабылдау

      1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы шешімдерді:

      1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды;

      3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.

      3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын олардың қолданысы тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды оларды орындау Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдауы тәртібімен тоқтатыла тұрғаннан кейін қайта бастау, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының күшін жою туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады