Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 31 наурыздағы № 25-VII ҚРЗ.

      Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы

      2007 жылғы 18 мамырда Найробиде жасалған Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясы ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

СУҒА БАТЫП КЕТКЕН КЕМЕЛЕРДІ ЖОЮ ТУР АЛЫ 2007 ЖЫЛҒЫ НАЙРОБИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯСЫ

      ОСЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР,

      егер суға батып кеткен кемелерді жоймаса, олардың кеме қатынасына немесе теңіз ортасына қауіп төндіре алу фактісін СЕЗІНЕ ОТЫРЫП,

      суға батып кеткен кемелерді тез және тиімді түрде жоюды және соған байланысты шығыстарға өтемақы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай халықаралық қағидалар мен рәсімдер қабылдаудың қажет екеніне СЕНІМДІ БОЛА ОТЫРЫП,

      суға батып кеткен көптеген кемелердің аумақтық теңізді қоса алғанда, мемлекеттердің аумағында болуы мүмкін екенін АТАП ӨТЕ ОТЫРЫП,

      суға батып кеткен қауіпті кемелерді жоюға қатысты жауаптылықты реттейтін кұқықтық режимдерді біріздендіру беретін артықшылықтарды ТАНИ ОТЫРЫП,

      1982 жылғы 10 желтоқсанда Монтего-Бейде қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының және әдеттегі халықаралық теңіз құқығының маңыздылығын, сондай-ақ осыдан туындайтын осы Конвенцияны мұндай ережелерге сәйкес жүзеге асыру қажеттігін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,

      төмендегілер туралы КЕЛІСТІ:

1-бап Анықтамалар

      Осы Конвенцияның мақсаттары үшін:

      1 "Конвенция қолданылатын аудан" қатысушы мемлекеттің халықаралық құқыққа сәйкес белгіленген айрықша экономикалық аймағын не, егер қатысушы мемлекет мұндай аймақты белгілемеген болса, осы мемлекеттің аумақтық теңізінің шегінен тыс орналасқан және оған іргелес жатқан, осы мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес белгілеген және оның аумақтық теңізінің ені өлшенетін бастапқы сызықтардан бастап саналатын 200 теңіз милінен артыққа созылмайтын ауданды білдіреді.

      2 "Кеме" кез келген типтегі теңіз кемесін білдіреді және сүңгуір қанатты кемелерді, ауа қабы бар кемелерді, су асты аппараттарын, жүзгіш құралдарды және мұндай платформалар өздері орналасқан жерлерде теңіз түбінің минералды ресурстарын барлауды, игеруді немесе өндіруді жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жүзгіш платформаларды қамтиды.

      3 "Теңіз авариясы" кемеге немесе оның жүгіне материалдық залал келтіруге немесе материалдық залалдың болмай қоймайтын қатеріне алып келген кемелердің соқтығысуын, қайраңға тұрып қалуын, кеме бортындағы немесе одан тыс жердегі басқа навигациялық оқыс оқиғаны немесе өзге оқиғаны білдіреді.

      4 Теңіз авариясының салдары болып табылатын "суға батып кеткен кеме":

      a) суға батып кеткен немесе қайраңға тұрып қалған кемені; немесе

      b) суға батып кеткен немесе қайраңға тұрып қалған кеменің кез келген бөлігін, оған қоса мұндай кеменің бортында болатын немесе болған кез келген объектіні; немесе

      c) кемеден теңізде жоғалтылған немесе қайраңға тұрып қалған, теңізге батып кеткен немесе қалқып тұрған кез келген объектіні; немесе

      d) суға батып кетті немесе қайраңға тұрып қалды деуге болатын не, егер қауіп төніп тұрған кемеге немесе кез келген мүлікке көмек көрсету бойынша тиімді шаралар қабылданбайтын болса, ақылға қонымды түрде батып кетеді немесе қайраңға түрып қалады деп ойлауға болатын кемені білдіреді.

      5 "Қауіп":

      a) кеме қатынасына қауіп төндіретін немесе кедергі келтіретін; немесе

      b) теңіз ортасы үшін елеулі зиянды салдарларға алып келеді немесе бір немесе бірнеше мемлекеттің жағалауына немесе онымен байланысты мүдделеріне залал келтіреді деп ақылға қонымды түрде ойлауға болатын кез келген жай-күйді немесе қатерді білдіреді.

      6 "Онымен байланысты мүдделер" жағалау мемлекетінің суға батып кеткен кеме тікелей қозғайтын немесе қауіп төндіретін мүдделерін, атап айтқанда:

      a) балық аулауды қоса алғанда, сол жерде жұмыспен қамтылған адамдардың тіршілік етуінің елеулі қаражат көзі болып табылатын теңіз жағалауындағы, порттардағы немеее эстуариялардағы қызметті;

      b) осы ауданның туризм үшін тартымдылығын және басқа да экономикалық мүдделерін;

      c) теңіздің тірі ресурстарын, флора мен фаунаны сақтап қалуды қоса алғанда, жағалау халқының денсаулығын және осы ауданның амандығын, және

      d) жағалаудағы және суасты инфрақұрылымын білдіреді.

      7 "Жою" суға батып кеткен кеме туындатқан қауіпті болдырмаудың, азайтудың немесе жоюдың кез келген нысанын білдіреді. "Жою" деген сөз соған сәйкес түсіндіріледі.

      8 "Тіркелген меншік иесі" кеменің меншік иесі ретінде тіркелген адамды немесе адамдарды, ал тіркеу болмаған кезде - теңіз авариясы кезінде кеме өзінің меншігі болып табылған адамды немесе адамдарды білдіреді. Алайда, кеме мемлекетке тиесілі болған және оны осы мемлекетте кеменің операторы ретінде тіркелген компания пайдаланып отырған жағдайда, "тіркелген меншік иесі" сондай компанияны білдіреді.

      9 "Кеме операторы" кеменің меншік иесін немесе кеменің меншік иесінен кемені пайдаланғаны үшін жауаптылықты өз мойнына алған және бұл ретте түзетулерімен қоса Қауіпсіздікті басқару жөніндегі халықаралық кодексте белгіленген барлық міндет пен барлық жауаптылықты өз мойнына алуға келіскен кез келген басқа ұйымды немесе адамды, мысалы, бербоут-чартер бойынша басқарушыны немесе кеме жалдаушыны білдіреді.

      10 "Қатысы бар мемлекет" өзінің Конвенция қолданылатын ауданында суға батып кеткен кеме жатқан мемлекетті білдіреді.

      11 "Кеме тіркелген мемлекет" тіркелген кемеге қатысты – кеме Тіркелген мемлекетті, ал тіркелмеген кемеге қатысты - кемеде оның туын көтеріп жүзуге құқық болатын мемлекетті білдіреді.

      12 "Ұйым" Халықаралық теңіз ұйымын білдіреді.

      13 "Бас хатшы" Ұйымның Бас хатшысын білдіреді.

2-бап Мақсаттар мен жалпы қағидаттар

      1 Қатысушы мемлекет осы Конвенцияға сәйкес Конвенция қолданылатын ауданда қауіп төндіріп тұрған, суға батып кеткен кемені жоюға қатысты шараларды қабылдай алады.

      2 Қатысы бар мемлекет 1-тармаққа сәйкес қабылдайтын шаралар қауіпке мөлшерлес болуға тиіс.

      3 Мұндай шаралар суға батып кеткен, қауіп төндіріп тұрған кемені жою үшін ақылға қонымды түрде қажетті шаралардың шегінен шықпауға тиіс және суға батып кеткен кеме жойылған соң бірден тоқтатылуға тиіс; олар қажеттілік болмаған жағдайда кеме тіркелген мемлекетті және кез келген мүдделі жеке немесе заңды тұлғаларды қоса алғанда, басқа мемлекеттердің құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс.

      4 Осы Конвенцияны Конвенция қолданылатын аудан шегінде қолдану қатысушы мемлекетке ашық теңіздің қандай да бір бөлігіне қатысты егемендікке немесе егеменді құқықтарға үміттену немесе оларды жүзеге асыру құқығын бермейді.


      5 Өз нәтижесінде кеме суға батып кеткен теңіз авариясының салдары қатысы бар мемлекеттен өзге мемлекетке әсер етсе, қатысушы мемлекеттер ынтымақтастыққа ұмтылады.

3-бап Қолданылу саласы

      1 Егер осы Конвенцияда өзгеше көзделмесе, Конвенция қолданылатын ауданда суға батып кеткен кемелерге осы Конвенция қолданылады.

      2 Қатысушы мемлекет 4-баптың 4-тармағының ережелерін сақтай отырып, аумақтық теңізді қоса алғанда, өз аумағының шегінде жатқан, суға батып кеткен кемелерге осы Конвенцияның күшін қолдана алады. Бұл жағдайда, ол өзі үшін осы Конвенцияның міндетті екеніне келісімін білдіру уақытында немесе одан кейінгі кез келген уақытта тиісінше Бас хатшыны хабардар етеді. Қатысушы мемлекеттің аумақтық теңізді қоса алғанда, өз аумағының шегінде жатқан, суға батып кеткен кемелерге осы Конвенцияны қолдану туралы жасаған хабарламасы сол мемлекеттің аумақтық теңізді қоса аяғанда, өз аумағында жатқан, суға батып кеткен кемелерге қатысты осы Конвенцияға сәйкес жатқан жерін анықтаудан, белгілеуден және жоюдан өзге шараларды қабылдау құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды. Осы Конвенцияның 10, 11 және 12-баптарының ережелері осы Конвенцияның 7, 8 және 9-баптарында аталғандардан өзге, осылайша қабылданған шараларға қолданылмайды.

      3 Егер қатысушы мемлекет 2-тармаққа сәйкес хабарлама жасаған болса, қатысы бар мемлекеттің "Конвенция қолданылатын ауданы" аумақтық теңізді қоса алғанда, осы қатысушы мемлекеттің аумағын қамтиды.

      4 Егер жоғарыдағы 2-тармаққа сәйкес жасалған хабарлама осы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгенге дейін жасалған болса, ол осы қатысушы мемлекет үшін күшіне енген кезден бастап қолданыла бастайды. Егер хабарлама осы қатысушы мемлекет үшін осы Конвенция күшіне енгеннен кейін жасалған болса, ол Бас хатшы хабарламаны алғаннан кейін алты айдан соң қолданыла бастайды.

      5 2-тармаққа сәйкес хабарлама жасаған қатысушы мемлекет оны кез келген уақытта Бас хатшыға жіберілетін кері қайтарып алу туралы хабарлама арқылы кері қайтарып алуы мүмкін. Егер мұндай кері қайтарып алу туралы хабарлама да - неғұрлым кешірек-күн көрсетілмесе, бұл хабарлама оны Бас хатшы алғаннан кейін алты айдан соң қолданыла бастайды.

4-бап Ерекшеліктер

      1 Осы Конвенция түзетулерімен қоса 1969 жылғы Ашық теңізде мұнаймен ластануға алып келетін авариялар жағдайларында араласуға қатысты халықаралық конвенцияның немесе түзетулерімен қоса 1973 жылғы Ашық теңізде мұнайдан өзге заттармен ластану жағдайларында араласу туралы хаттаманың негізінде қабылданатын шараларға қолданылмайды.

      2 Осы Конвенция, егер осы мемлекет өзгеше шешім қабылдамаса, әскери кемелерге немесе мемлекетке тиесілі немесе ол пайдаланатын және осы уақытта үкіметтік коммерциялық емес қызмет үшін ғана пайдаланылып жатқан басқа кемелерге қолданылмайды.

      3 Егер қатысушы мемлекет осы Конвенцияны өзінің әскери кемелеріне немесе 2-тармақта көрсетілген басқа кемелерге қолдану туралы шешім қабылдаса, ол осындай қолданудың шарттарын көрсете отырып, Бас хатшыны бұл туралы хабардар етеді.

      4 а) Егер қатысушы мемлекет 3-баптың 2-тармағына сәйкес хабарлама жасаған болса, осы Конвенцияның мынадай ережелері аумақтық теңізді қоса алғанда, оның аумағына қолданылмайды:

      i) 2-баптың 4-тармағы;

      ii) 9-баптың 1, 5, 7, 8, 9 және 10-тармақтары; және

      iii) 15-бап.

      b) 9-баптың 4-тармағы аумақтық теңізді қоса алғанда, қатысушы мемлекеттің аумағына қандай шамада қолданылса, сондай шамада мынадай түрде оқылады:

      Тіркелген меншік иесі қатысы бар мемлекеттің ұлттық заңнамасын сақтай отырып, суға батып кеткен, қауіп төндіреді деп анықталған кемені меншік иесінің есебінен жою үшін қандай да бір құтқарушымен немесе басқа тұлғамен келісімшарт жасай алады. Мұндай жою басталғанға дейін қатысы бар мемлекет бұл жоюдың теңіз ортасының қауіпсіздігі мен қорғалуы пайымдары ескеріле отырып, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шамада ғана мұндай жоюдың шарттарын белгілей алады.

5-бап Суға батып кеткен кемелер туралы хабарлар

      1 Қатысушы мемлекет өзінің туын көтеріп жүзіп жүрген кеменін капитанынан және операторынан осы кеменің өз нәтижесінде кеме суға батып кеткен теңіз авариясына тартылу жағдайлары туралы қатысы бар мемлекетке дереу хабарлауды талап етеді. Кеменің не капитанының, не операторының осы бапта көзделген хабар жіберу міндетін орындауына қарай, олардың екіншісі хабар жіберуге міндетті болмайды.

      2 Мұндай хабарлар тіркелген меншік иесінің негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы мен орналасқан жерін және қатысы бар мемлекет 6-бапқа сәйкес, суға батып кеткен кеменің қауіп төндіретін-төндірмейтінін анықтауы үшін қажетті барлық тиісті ақпаратты, оның ішінде:

      a) суға батып кеткен кеменің дәл жатқан жерін;

      b) суға батып кеткен кеменің типін, өлшемдерін және конструкциясын;

      c) суға батып кеткен кеменің бүліну сипатын және оның жай-күйін;

      d) жүктің, әсіресе, кез келген қауіпті және зиянды заттардың сипаты мен санын; және

      e) бункерлік отынды және жағармайды қоса алғанда, борттағы мұнай өнімдерінің саны мен типтерін қамтуға тиіс.

6-бап Қауіптілікті анықтау

      Суға батып кеткен кеменің қауіп төндіретін-төндірмейтінін анықтау кезінде қатысы бар мемлекет мынадай факторларды:

      a) суға батып кеткен кеменің типін, өлшемдерін және конструкциясын;

      b) сол аудандағы судың тереңдігін;

      c) сол аудандағы судың көтерілу деңгейлері мен ағысын;

      d) Ұйым қабылдаған нұсқаулыққа сәйкес белгіленген және жағдайға қарай тағайындалған аса осал теңіз аудандарын, не 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының 211-бабының 6-тармағына сәйкес өзіне қатысты арнайы міндетті шаралар қабылданған айрықша экономикалық аймақтың нақты белгіленген ауданын;

      e) кеме қатынасы жолдарының немесе белгіленген қозгалыс жолақтарының жақындығын;

      f) кемелер қозғалысының тығыздыгы мен жиілігін;

      g) қозғалыс типін;

      һ) суға батып кеткен кемедегі жүктің сипаты мен санын, суға батып кеткен кеменің бортындағы мұнай өнімдерінің (мысалы, бункерлік отынның және жағармайдың) саны мен типтерін және әсіресе, теңіз ортасына жүк түскен немесе мұнай өнімдері төгілген жағдайда келтірілуі мүмкін залалды;

      і) порт құрылыс жайларының осалдығын;

      j) басым метеорологиялық және гидрографиялық жағдайларды;

      k) осы ауданның суасты топографиясын;

      l) судың ең аз астрономиялық көтерілуі кезінде суға батып кеткен кеменің су үстіндегі немесе астындағы биіктігін;

      m) суға батып кеткен кеменің акустикалық және магниттік профильдерін;

      n) жағалаудағы қондырғылардың, құбыржолдардың, телекоммуникация кәбілдерінің және соған ұқсас конструкциялардың жақындығын; және

      о) суға батып кеткен кемені жою қажеттігін туындата алатын кез келген өзге де мән-жайларды назарға алуға тиіс.

7-бап Суға батып кеткен кемелердің жатқан жерін анықтау

      1 Қатысы бар мемлекет суға батып кеткен кеме туралы хабарды алған соң теңізде жүзушілерге және мүдделі мемлекеттерге суға батып кеткен кеменің сипаты мен жатқан жері туралы жедел түрде ескерту үшін мемлекеттер мен ұйымдардың қайырымды қызметтерін қоса алғанда, іс жүзінде мүмкін боларлық барлық құралды пайдаланады.

      2 Егер қатысы бар мемлекеттің суға батып кеткен кеме қауіп төндіреді деп ойлауына негізі болса, ол суға батып кеткен кеменің дәл жатқан жерін анықтау үшін іс жүзінде мүмкін боларлық барлық шараның қабылдануын қамтамасыз етеді.

8-бап Суға батып кеткен кемелерді белгілеу

      1 Егер қатысы бар мемлекет суға батып кеткен кеме қауіп төндіреді деп айқындаса, бұл мемлекет суға батып кеткен осы кемені белгілеу үшін ақылға қонымды барлық шараның қабылдануын қамтамасыз етеді.

      2 Суға батып кеткен кемені белгілеу кезінде нұсқағыштардың суға батып кеткен кеме жатқан ауданда қолданылатын, халықаралық тұрғыдан танылған навигациялық қоршаулар жүйесіне жауап беруі үшін іс жүзінде мүмкін боларлық барлық шара қабылданады.

      3 Қатысы бар мемлекет тиісті навигациялық басылымдарды қоса алғанда, барлық тиісті құралдарды пайдалану арқылы суға батып кеткен кемені белгілеу туралы мәліметтерді таратады.

9-бап Суға батып кеткен кемелердің жойылуын жеңілдету жөніндегі шаралар

      1 Егер қатысы бар мемлекет суға батып кеткен кеме қауіп төкдіреді деп айқындаса, бұл мемлекет дереу:

      а) кеменің тіркелген мемлекетіне және тіркелген меншік иесше хабарлайды; және

      b) кеменің тіркелген мемлекетімен және суға батып кеткен кемеге қатысы бар басқа мемлекеттермен суға батып кеткен кемеге қатысты қабылдануы қажет шаралар бойынша консультацияларға кіріседі.

      2 Тіркелген меншік иесі қауіп төндіреді деп айқындалған, суға батып кеткен кемені жояды.

      3 Егер суға батып кеткен кеме кауіп төндіреді деп айқындалса, оның тіркелген меншік иесі немесе басқа мүдделі тарап қатысы бар мемлекеттің құзыретті органына 12-бапта талап етілгендей, сақтандырудың дәлелдемесін немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етуді ұсынады.

      4 Тіркелген меншік иесі қауіп төндіреді деп айқындалған, суға батып кеткен кемені жою үшін меншік иесінің есебінен қандай да бір құтқарушымен немесе басқа тұлғамен келісімшарт жасай алады. Мұндай жою басталғанға дейін қатысы бар мемлекет бұл жоюдың теңіз ортасының қауіпсіздігі мен қорғалуы пайымдары ескеріле отырып, жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шамада ғана мұндай жоюдың шарттарын белгілей алады.

      5 2 және 4-тармақтарда аталған жою басталғаннан кейін қатысы бар мемлекет бұл жоюдың теңіз ортасының қауіпсіздігі мен қорғалуы пайымдары ескеріле отырып, тиімді түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті шамада ғана осы жоюға араласа алады.

      6 Қатысы бар мемлекет:

      a) 6-бапқа сәйкес айқындалған қауіптілік сипатын назарға ала отырып, өзінің барысында тіркелген меншік иесі суға батып кеткен кемені жоюға тиіс болатын, ақылға қонымды мерзімді белгілейді;

      b) тіркелген меншік иесіне өзі белгілеген мерзім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және егер тіркелген меншік иесі суға батып кеткен кемені сол мерзім ішінде жоймаса, өзінің суға батып кеткен кемені тіркелген меншік иесінің есебінен жоя алатынын көрсетеді; және

      c) егер қауіп аса елеулі болған жағдайда, тіркелген меншік иесіне өзінің дереу араласу ниеті туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      7 Егер тіркелген меншік иесі суға батып кеткен кемені 6 а) тармаққа сәйкес белгіленген мерзім ішінде жоймаса немесе егер тіркелген меншік иесімен байланыс орнату мүмкін болмаса, қатысы бар мемлекет суға батып кеткен кемені теңіз ортасының қауіпсіздігі мен қорғалуы пайымдарын ескере отырып, барынша ыңғайлы және жылдам қолжетімді құралдармен жоя алады.

      8 Шұғыл іс-қимыл жасау қажет болған және қатысы бар мемлекет кеменің тіркелген мемлекеті мен тіркелген меншік иесіне тиісті түрде хабарлаған жағдайларда, ол суға батып кеткен кемені теңіз ортасының қауіпсіздігі мен қорғалуы пайымдарын ескере отырып, барынша ыңғайлы және жылдам қолжетімді қүралдармен жоя алады.

      9 Қатысушы мемлекеттер өздерінің тіркелген меншік иелерінің 2 және 3-тармақтардың ережелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

      10 Қатысушы мемлекеттер бұл талап етілген кезде қатысы бар мемлекеттің 4 - 8-тармақтарға сәйкес әрекет етуіне рұқсат береді.

      11 Қатысы бар мемлекет осы бапта аталған ақпаратты 5-баптың 2-тармағында аталған хабарларда көрсетілген тіркелген меншік иесіне береді.

10-бап Меншік иесінің жауапкершілігі

      1 Егер тіркелген меншік иесі өзінің нәтижесінде кеме суға батып кеткен теңіз авариясы:

      a) соғыс қимылдарының, қастандық әрекеттерінің, азаматтық соғыстың, көтерілістің немесе өзінің сипаты бойынша айрықша, болмай қоймайтын және еңсерілмейтін дүлей құбылыстың нәтижесі болып табылғанын;

      b) үшінші тұлғалардың залал келтіру ниетімен жасаған әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен тұтастай туындағанын; немесе

      c) осы функцияны орындау кезінде үкіметтің немесе от-жарықтарды немесе басқа да навигациялық құралдарды дұрыс күйінде ұстауға жауапты басқа органның салғырттығынан немесе өзге де құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен тұтастай туындағанын дәлелдей алмаса, тіркелген меншік иесі 11-баптың ережелерін сақтай отырып, тиісінше 7, 8 және 9-баптарға сәйкес суға батып кеткен кеменің жатқан жерін анықтау, оны белгілеу және жою шығыстарына жауапты болады.

      2 Осы Конвенцияда ешнәрсе тіркелген меншік иесінің кез келген қолданылатын ұлттық немесе халықаралық режимнің, мысалы түзетулерімен қоса 1976 жылғы Теңіз талаптары бойынша жауаптылықты шектеу туралы конвенцияның негізінде өз жауаптылығын шектеу құқығын қозғамайды.

      3 Тіркелген меншік иесіне 1-тармақта аталған шығыстарды өтеу туралы осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келетінінен басқа, ешқандай талап қойылмайды. Бұл 3-баптың 2-тармағына сәйкес хабарлама жасаған қатысушы мемлекеттің аумақтық теңізді қоса алғанда, өзінің аумағында жатқан, суға батып кеткен кемелерге қатысты осы Конвенцияға сәйкес жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және жоюға қатысты құкықтары мен міндеттемелерінен өзге құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

      4 Осы Конвенцияда ешнәрсе үшінші тұлғаларға регресс құқығын қозғамайды.

11-бап Жауапкершіліктен ерекшеліктер

      1 Тіркелген меншік иесі, егер 10-баптың 1-тармағында аталған шығыстар үшін жауаптылық, тиісті конвенцияның қолданылу және күшінде болу шартымен, мыналарға:

      a) түзетулерімен қоса 1969 жылғы Мұнаймен ластанудан келтірілген залал үшін азаматтық жауаптылық туралы халықаралық конвенцияға;

      b) түзетулерімен қоса 1996 жылғы Қауіпті және зиянды заттарды теңіз арқылы тасымалдауға байланысты залал үшін жауаптылық және өтемақы туралы халықаралық конвенцияға;

      c) түзетулерімен қоса 1960 жылғы Ядролық энергия саласында үшінші тұлғалар алдындағы жауаптылық туралы конвенцияға немесе түзетулерімен қоса 1963 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауаптылық туралы Вена конвенциясына не ядролық залал үшін жауаптылықтың шектелуін реттейтін немесе оған тыйым салатын ұлттық заңнамаға; немесе

      d) түзетулерімен қоса 2001 жылғы Бункерлік отынмен ластаудан болған залал үшін азаматтық жауаптылық туралы халықаралық конвенцияға қайшы келетін болса, осы Конвенцияға сәйкес мұндай шығыстар үшін сол шамада да жауапты болмайды.

      2 Осы Конвенцияның негізінде қабылданатын шаралар қолданылатын ұлттық заңнаманың немесе халықаралық конвенцияның күшіне орай құтқару ретінде қарастырылатындай шамада, мұндай заңнама немесе конвенция құтқарушыларға төленетін сыйақы немесе өтемақы мәселелеріне осы Конвенцияның қағидаларынан ерекшелік тәртібімен қатысты қолданылады.

12-бап Міндетті сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету

      1 Жалпы сыйымдылыгы 300 және одан да көп, қатысушы мемлекеттің туымен жүзетін кеменің тіркелген меншік иесі осы Конвенцияның негізінде өзінің жауапкершілігін жабу үшін сақтандыруды жүзеге асыруға немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етуді, мысалы, жауапкершілікті шектеудің қолданылатын ұлттық немесе халықаралық режиміне сәйкес өз жауапкершілігінің шегіне тең, бірақ кез келген жагдайда да, түзетулерімен қоса 1976 жылғы Теңіз талаптары бойынша жауапкершілікті шектеу туралы конвенцияның 6-бабының 1 Ь) тармағына сәйкес есептелетін сомадан аспайтын сомаға банктің немесе соған ұқсас мекеменің кепілдігін ұсынуға тиіс.

      2 Кеме тіркелген мемлекеттің тиісті органы 1-тармақтың талаптары орындалғанын анықтағаннан кейін жалпы сыйымдылығы 300 және одан да көп әрбір кемеге осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес күші бар, сақтандырудың немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін куәландыратын куәлікті береді. Қатысушы мемлекетте тіркелген кемеге қатысты мұндай куәлікті кеме тіркелген мемлекеттің тиісті органы береді немесе куәландырады; қатысушы мемлекетте тіркелмеген кемеге қатысты куәлікті кез келген қатысушы мемлекеттің тиісті органы беруі немесе куәландыруы мүмкін. Міндетті сақтандыру туралы бұл куәлік нысаны бойынша осы Конвенцияға қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес келуге және онда мынадай мәліметтер:

      a) кеменің атауы, шақыру сигналы және тіркеу порты;

      b) кеменің жалпы сыйымдылығы;

      c) тіркелген меншік иесінің негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы және орналасқан жері;

      d) кеменің ИМО берген айырым нөмірі;

      e) қамтамасыз етудің түрі мен қолданылу мерзімі;

      f) сақтандырушының немесе қамтамасыз етуді ұсынған басқа адамның негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы және орналасқан жері және тиісті жағдайларда сақтандыруды жүзеге асырған немесе қамтамасыз етуді ұсынған кәсіпорынның орналасқан жері;

      g) сақтандырудың немесе өзге қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен аспайтын куәліктің қолданылу мерзімі қамтылуға тиіс.

      3 а) Қатысушы мемлекет өзі таныған мекемені немесе ұйымды 2-тармақта аталған куәлікті беруге уәкілетті ете алады. Мұндай мекеме немесе ұйым бұл мемлекетке әрбір куәліктің берілгені туралы хабарлайды. Кез келген жағдайда қатысушы мемлекет осылайша берілген куәліктің толықтығы мең дәлдігіне толық кепілдік береді және осы міндеттемені орындау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.

      b) Қатысушы мемлекет Бас хатшыны:

      i) осы қатысушы мемлекет таныған мекеменің немесе ұйымның нақты міндеттері және оларға берілген өкілеттіктердің шарттары;

      ii) мүндай өкілеттіктердің кері қайтарып алынғаны; және

      iii) мұндай өкілеттіктер немесе осындай өкілеттіктерді кері қайтарып алу қолданыла бастайтын күн туралы хабардар етеді.

      Берілген өкілеттіктер Бас хатшыға осы мақсатта хабарлама жасалған күннен бастап кемінде үш айдан кейін қолданыла бастайды.

      c) Осы тармаққа сәйкес куәлікті беруге уәкілеттік берілген мекеме немесе ұйым, егер осы куәліктер берілген шарттар сақталмаса, кем дегенде оларды кері қайтарып алуға уәкілетті болуға тиіс. Кез келген жағдайда да мекеме немесе ұйым өзінің атынан куәлік берілген мемлекетке мұндай кері қайтарып алу туралы хабарлайды.

      4 Куәлік ол берілетін мемлекеттің ресми тілінде немесе тілдерінде жасалады. Егер бұл тіл ағылшын, испан немесе француз тілі болып табылмаса, мәтіннің осы тілдердің біреуіне аудармасы болуға тиіс және егер мемлекет осындай шешім қабылдаса, бұл мемлекеттің ресми тілі (тілдері) пайдаланылмауы мүмкін.

      5 Куәлік кеменің бортында сақталады, ал оның көшірмесі кеме тізілімін жүргізетін органға немесе егер кеме қатысушы мемлекетте тіркелмеген болса – куәлік берілген немесе куәландырылған мемлекеттің органына сақтауға тапсырылады.

      6 Сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету, егер оның қолданысы 5-тармақта көрсетілген орган куәліктің күшін жойған немесе бұл кезеңге жаңа куәлік берілген жағдайлардан басқа ретте, осы органға осындай тоқтату туралы хабарлама жасалған күннен бастап үш ай өткенге дейін 2-тармаққа сәйкес куәлікте көрсетілген сақтандырудың немесе қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі өткеннен өзге себептер бойынша тоқтатылуы мүмкін болса, осы баптың талаптарын қанағаттандырмайды. Алдыңғы ережелер өз нәтижесінде сақтандыру немесе қамтамасыз ету осы баптың талаптарын қанағаттандыруды тоқтататын кез келген өзгеріске осыған ұқсас түрде қолданылады.

      7 Осы баптың ережелерін сақтай отырып және тіркелген меншік иелерінің қаржылық жауапкершілігіне қатысты Ұйым қабылдаған кез келген нүсқаулықты ескере келе, кеме тіркелген мемлекет куәлікті беру және қолдану шарттарын айқындайды.

      8 Осы Конвенциядағы ешнәрсе қатысушы мемлекеттің осы Конвенцияның мақсаттары үшін сақтандырушылардың немесе қаржылық қамтамасыз етуді ұсынған басқа тұлғалардың қаржылық жағдайына қатысты басқа мемлекеттерден немесе Ұйымнан немесе өзге халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратқа сүйенуіне кедергі келтіруші ретінде түсіндірілмейді. Мұндай жағдайларда осындай ақпаратқа сүйенетін қатысушы мемлекет 2-тармақта талап етілетін, куәлік беруші мемлекет ретінде өз жауапкершілігінен босатылмайды.

      9 Қатысушы мемлекеттің құзыреті шегінде берілген немесе куәландырылған куәліктерді осы Конвенцияның максаттары үшін басқа қатысушы мемлекеттер мойындайды және басқа қатысушы мемлекеттер өздері берген немесе куәландырған куәліктер сияқты, тіпті, егер олар қатысушы мемлекетте тіркелмеген кемеге қатысты берілген немесе куәландырылған болса да, дәл сондай күшке ие деп қарастырады. Қатысушы мемлекет, егер ол куәлікте көрсетілген сақтандырушы немесе кепіл осы Конвенцияда жүктелген міндеттемелерді қаржылық жағынан орындауға қабілетсіз деп есептесе, кез келген сәтте куәлікті берген немесе куәландырған мемлекетке консультация туралы өтініш жасай алады.

      10 Осы Конвенцияның негізінде туындайтын шығындарды өтеу туралы кез келген талап тікелей тіркелген меншік иесінің жауаптылығын сақтандырушыға немесе қаржылық қамтамасыз етуді ұсынған өзге тұлғаға қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда жауапкер тіркелген меншік иесінің сілтеме жасауға құқығы болатын (тіркелген меншік иесі кәсіпорнының банкроттығына немесе таратылуына сілтеме жасаудан басқа) қарсылықтарды, оған қоса кез келген қолданыстағы ұлттық немесе халықаралық режимге сәйкес жауапкершіліктің шектелуін ұсына алады. Бұдан бөлек, тіпті, егер тіркелген меншік иесінің өз жауапкершілігін шектеуге құқығы болмаса да, жауапкер жауапкершілікті 1-тармаққа сәйкес жүзеге асырылуға немесе берілуге тиіс сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету сомасына тең сомаға дейін шектей алады. Сонымен қатар, жауапкер өзін қорғау үшін теңіз авариясы тіркелген меншік иесінің пиғылы салдарынан туындады деген қарсылықты пайдалана алады, бірақ ол өзіне қарсы тіркелген меншік иесі қозғаған істе сілтеме жасауға құқығы болатын ешқандай басқа қорғау құралдарын пайдалана алмайды. Жауапкердің барлық жағдайда да тіркелген меншік иесін тең жауап беруші ретінде іске қатыстыруды талап етуге құқығы бар.

      11 Қатысушы мемлекет, егер осы бап қолданылатын, өзінің туының астында жүзуге құқығы бар кеменің 2 немесе 14-тармаққа сәйкес берілген куәлігі болмаса, оны пайдалануға рұқсат бермейді.

      12 Әрбір қатысушы мемлекет осы баптың ережелерін сақтай отырып, өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес, тіркелу орнына қарамастан, өзінің аумағындағы портқа кіретін немесе одан шығатын не өзінің аумақтық теңізіндегі жағалау құрылысжайына келетін немесе одан кететін, жалпы сыйымдылығы 300 және одан да коп болатын әрбір кемеге қатысты l-тармақтың талаптарына сәйкес келетін сақтандырудың немесе өзгеше қамтамасыз етудің болуын қамтамасыз етеді.

      13 2-тармақта талап етілетін куәлікті беретін қатысушы мемлекет Бас хатшыны өзінің куәліктің бар екенін куәландыратын және қатысушы мемлекеттердің 12-тармаққа сәйкес өз міндеттемелерін орындауына мүмкіндік беретін, барлық қатысушы мемлекетке қолжетімді тіркеуді электрондық нысанда жүргізетіні туралы хабар дар еткен жағдайда, 5-тармақтың ережелеріне қарамастан, қатысушы мемлекет Бас хатшыны өз аумағындагы портқа кіретін немесе одан шығатын не өзінің аумақтық теңізіндегі жағалау құрылысжайына келетін немесе одан кететін кемелер 12-тармақтың мақсаттары үшін өз бортында 2-тармақ талап ететін куәліктің болуына немесе оны көрсетуге міндетті емес екені туралы хабар дар етеді.

      14 Егер қатысушы мемлекетке тиесілі кемеге қатысты сақтандыру немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз ету ұсынылмаса, мұндай кемеге осы баптың оған қатысты ережелері қолданылмайды, бірақ бұл кеменің кеме тіркелген мемлекеттің тиісті органы берген, кеменің осы мемлекеттің меншігі болып табылатынын және кеменің жауапкершілігі 1-тармақта жазылған шектерде қамтамасыз етілгенін куәландыратын куәлігі болуға тиіс. Мұндай куәлік мүмкін болғанша, 2-тармақта көзделген үлгіге сәйкес келуге тиіс.

13-бап Талап қоюдың ескіруі

      Осы Конвенцияда көзделген шығыстарды өтету құқығы, егер талап осы Конвенцияға сәйкес қауіп анықталған күнінен бастап үш жыл ішінде оның ережелері негізінде қойылмаса, өтеледі. Алайда ешбір жағдайда да талап өз нәтижесінде кеме суға батып кеткен теңіз авариясы болған күннен бастап алты жыл еткен соң қойыла алмайды. Егер бұл теңіз авариясы бірқатар оқиғалардан тұратын болса, онда алты жылдық мерзім осы оқиғалардың біріншісінің күнінен бастап есептеледі.

14-бап Түзетулер туралы ережелер

      1 Ұйым қатысушы мемлекеттердің кемінде үштен бірінің өтініші бойынша осы Конвенцияны қайта қарау немесе оған түзетулер енгізу мақсатында қатысушы мемлекеттердің конференциясын шақырады.

      2 Осы Конвенцияға түзетулер күшіне енген күннен кейін осы Конвенцияның міндетті екеніне білдірілген кез келген келісім осындай түзетуі бар осы Конвенцияға қатысты болып есептеледі.

15-бап Дауларды реттеу

      1 Егер екі немесе одан көп қатысушы мемлекеттің арасында осы Конвенцияны түсіндіруге немесе қолдануға қатысты дау туындаса, олар бұл дауды, ең алдымен, келіссөздер, сұрау салулар, делдалдық, келісу рәсімі, төрелік, сот реттеуі, өңірлік органдарға немесе уағдаластықтарға жүгіну жолымен не өздерінің таңдауы бойынша басқа да бейбіт құралдармен реттеуге ұмтылады.

      2 Егер, бір қатысушы мемлекет екінші қатысушы мемлекетті өздерінің арасында даудың бар екені туралы хабардар еткеннен кейін он екі айдан аспайтын ақылға қонымды уақыт кезеңі ішінде дауды реттеу мүмкін болмаса, даудағы тараптар-мемлекеттердің 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының қатысушы мемлекеттері болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, mutatis mutandis 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының XV бөлігінде келтірілген, дауларды реттеуге қатысты ережелер қолданылады.

      3 Егер қатысушы мемлекет осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде немесе содан кейін кез келген уақытта осы Конвенциядан туындайтын дауларды реттеу мақсаты үшін 287-бапқа сәйкес өзге рәсімді таңдамаса, осы Конвенцияның және 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының қатысушы мемлекеті соңғысының 287-бабына сәйкес таңдаған кез келген рәсім осы бапқа сәйкес дауларды реттеуге қолданылады.

      4 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі - конвенциясының қатысушысы болып табылмайтын осы Конвенцияның қатысушы мемлекеті осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе оған қосылу кезінде не содан кейін кез келген уақытта осы бапқа сәйкес дауларды реттеу мақсаты үшін 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы 287-бабының 1-тармағында көрсетілген құралдардың бірін немесе көбісін жазбаша өтініш беру арқылы таңдай алады. 287-бап осындай өтінішке, сондай-ақ мұндай мемлекет қолданыстағы өтініште қамтылмаған тарап болып табылатын дауға қолданылады. 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының V және VII қосымшаларына сәйкес келісу рәсімі мен төреліктің мақсаты үшін мұндай мемлекеттің осы Конвенциядан туындайтын дауларды реттеу үшін V қосымшаның 2-бабында және VII қосымшаның 2-бабында аталған тізімге қосу үшін делдалдар мен төрешілерді тағайындауға құқығы бар.

      5 3 және 4-тармақтарға сәйкес жасалған мәлімдеме Бас хатшыға сақтауға тапсырылады, ол оның көшірмелерін қатысушы мемлекеттерге береді.

16-бап Басқа конвенциялар мен халықаралық келісімдерге қатысы

      Осы Конвенциядағы ешнәрсе кез келген мемлекеттің 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы және әдеттегі халықаралық теңіз құқығы негізіндегі құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

17-бап Қол қою, ратификациялау, қабылдау, бекіту және қосылу

      1 Осы Конвенция 2007 жылғы 19 қарашадан бастап 2008 жылғы 18 қарашаға дейін Ұйымның штаб-пәтерінде қол қою үшін ашық және содан кейін қосылу үшін ашық болады.

      a) Мемлекеттер:

      i) ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесіз қол қою; немесе

      ii) кейіннен ратификациялау, қабылдау немесе бекіту арқылы ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесімен қол қою; немесе

      iii) қосылу арқылы осы Конвенцияның өздері үшін міндетті екеніне өз келісімін білдіре алады.

      b) Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу Бас хатшыға тиісті құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

18-бап Күшіне енуі

      1 Осы Конвенция он мемлекет не оған ратификациялауға, қабылдауға немесе бекітуге қатысты ескертпесіз қол қойған, не ратификациялау грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты Бас хатшыға сақтауға тапсырған күннен кейін он екі айдан соң күшіне енеді.

      2 Осы Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оның күшіне енуі үшін 1-тармақта көрсетілген шарттарды орындағаннан кейін оған қосылған кез келген мемлекет үшін осы Конвенция мұндай мемлекеттің тиісті құжатты сақтауға тапсырған күнінен кейін үш ай өткен соң, бірақ 1-тармаққа сәйкес осы Конвенция күшіне енгеннен кейін күшіне енеді.

19-бап Денонсация

      1 Осы Конвенцияны кез келген қатысушы мемлекет осы мемлекет үшін ол күшіне енген күннен кейін бір жыл өткен соң кез келген уақытта денонсациялай алады.

      2 Денонсация Бас хатшыға денонсациялау туралы құжатты сақтауға тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

      3 Денонсация Бас хатшы денонсациялау туралы құжатты алғаннан кейін бір жыл өткен соң немесе осы құжатта көрсетілуі мүмкін осындай ұзақ мерзім өткен соң күшіне енеді.

20-бап Депозитарий

      1 Осы Конвенция Бас хатшыға сақтауға тапсырылады.

      2 Бас хатшы:

      а) осы Конвенцияға қол қойған және оған қосылған барлық мемлекетке:

      i) күндерін корсете отырып, әрбір жацадан қол қою немесе ратификациялау грамотасының немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттың сақтауға тапсырылғаны;

      ii) осы Конвенцияның күшіне енген күні;

      iii) сақтауға тапсырылу күнін және денонсацияның күшіне ену күнін көрсете отырып, осы Конвенцияны денонсациялау туралы кез келген құжаттың сақтауға тапсырылғаны; және

      iv) осы Конвенцияның негізінде алынған басқа да мәлімдемелер мен хабарламалар туралы хабарлайды;

      b) осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық мемлекетке осы Конвенцияның куәландырылған көшірмелерін жібереді.

      3 Осы Конвенция күшіне енген бойда Бас хатшы мәтіннің куәландырылған көшірмесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тіркеу және жариялау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жібереді.

21-бап Тілдер

      Осы Конвенция ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тілдерінде бір төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Екі мың жетінші жылғы он сегізінші мамырда НАЙРОБИДЕ жасалды.

      Осыны КУӘЛАНДЫРУ үшін бұған өздерінің тиісті үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төмендегі қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

  ҚОСЫМША

СУҒА БАТЫП КЕТКЕН КЕМЕЛЕРДІ ЖОЮ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ САҚТАНДЫРУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕШЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының 12-бабының ережелеріне сәйкес берілді

Кеменің атауы

Жалпы сыйымдылығы

Шақыру сигналы

Кеменің ИМО берген айырым нөмірі

Тіркеу порты

Тіркелген меншік иесінің негізгі коммерциялық кәсіпорнының атауы және толық мекенжайы







      Осы арқылы жоғарыда аталған кеменің Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясының 12-бабының талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру полисі немесе өзгеше қаржылық қамтамасыз етуі бар екені куәландырылады.

      Қамтамасыз ету түрі…………………………………………………………………………

      Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі…………………………………………………….

      Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) атауы және мекенжайы……………………………………………………………………………………….

      Атауы……………………………………………………………………………………………

      Мекенжайы……………………………………………………………………………………..

      Осы куәлік……………………………………………………………………..дейін жарамды

      ………………………………………………………Үкіметі берді және куәландырды.

      (мемлекеттің толық атауы)

      НЕМЕСЕ

      Егер қатысушы мемлекет 12-баптың 3-тармағының ережелерін пайдалануды қаласа, мынадай мәтін пайдаланылуға тиіс:

      Осы куәлікті…………………….(мемлекеттің толық атауы) Үкіметінің уәкілеттік беруі бойынша………………………………….(мекеменің немесе ұйымның толық атауы) берді

      ……………………. ………………………..

      (орны) (күні)

  ..............................................................................................
  (куәлікті берген немесе куәландырылған ресми адамның қолы және лауазымы)

      Ескерту:

      1 Мемлекеттің атауын көрсеткен кезде қалауы бойынша куәлік берілген елдің мемлекеттік билігінің құзыретті органын атауға болады.

      2 Егер қамтамасыз етудің жалпы сомасы бірнеше көзден ұсынылған қамтамасыз етуден тұрса, олардың әрқайсысының сомасын көрсету керек.

      3 Егер ұсынылған қамтамасыз ету біркелкі болмаса, онда олар санамалануға тиіс.

      4 "Қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі" жазбасында осы қамтамасыз ету күшіне енетін күн болуға тиіс.

      5 Сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) "мекенжайы"      жазбасы сақтандырушының (сақтандырушылардың) және/немесе кепілдің (кепілдердің) негізгі коммерциялық кәсіпорнының орналасқан жерін көрсетуге тиіс. Тиісті жағдайларда сақтандыруды жүзеге асырған немесе басқа қамтамасыз етуді ұсынған кәсіпорынның орналасқан жері көрсетілуге тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады