Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 сәуірде № 26-VII ҚРЗ.

      2021 жылғы 1 сәуірде Мемлекет басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге, қауіпті объектілерде мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін реттеуге, сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы заңнамалық олқылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Заңмен мынадай оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар көзделеді:

      - азаматтардың қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен қорғалу деңгейін арттыру;

      - қауіпті өндірістік объектілерде жарақаттану деңгейін төмендету;

      - авария салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтіру ықтималдығын азайту.

      Теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар болжанбайды.

      Заң алғашқы жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз