Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 1 сәуірде № 28-VII ҚРЗ.

      2020 жылғы 3 ақпанда Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы ШАРТ

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер атынан олардың үкіметтері,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың, атап айтқанда Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғау туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 26 қосымша) ережелерін негізге ала отырып,

      мүше мемлекеттер аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

I тарау Жалпы ережелер

1-бап Қолданылу аясы

      1. Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

      2. Осы Шарт сертификатталған және кепілдік берілген белгілерге, сондай-ақ графика түрінде беріле алмайтын белгілемелерге қатысты қолданылмайды.

      3. Одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу әрбір мүше мемлекеттің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауар шығарылған жердің атауын ұлттық тіркеу күшіне ие.

2-бап Анықтамалар

      Осы Шарттың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізілімі" - ұлттық бөлімдерден тұратын (мүше мемлекеттер бойынша) және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылатын Одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атаулары туралы мәліметтер жиынтығы;

      "Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі" - ұлттық бөлімдерден тұратын (мүше мемлекеттер бойынша) және "Интернет" ақпараттық- телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтында орналастырылатын Одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері туралы мәліметтер жиынтығы;

      "өтінім беруші" - мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосына Одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне өтінім не Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім берген заңды немесе жеке тұлға;

      "Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім" - Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру үшін немесе Одақтың тіркелген тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын құжат болып табылатын, Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеуге және оны пайдалану қүқығын беруге немесе Одақтың тіркелген тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтінім;

      "Одақтың тауар белгісіне өтінім" - Одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеу үшін қажетті мәліметтер жиынтығын қамтитын құжат болып табылатын, Одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге өтінім;

      "Нұсқаулық" - Одақтың тауар белгісіне өтінім және Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім беруге, оларды қарауға, Одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және оларды құқықтық қорғауға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін қағидаларды белгілейтін құжат;

      "Одақтың ұжымдық белгісі" - құрылуы және қызметі аумағында өздері құрылған мүше мемлекет заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қауымдастықтың, одақтың немесе өзге де бірлестіктің осындай бірлестіктің құрамына кіретін тұлғалар өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларды белгілеуге арналған тауар белгісі;

      "ұлттық патенттік ведомство" - өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы Шарттың іске асырылуына жауапты мүше мемлекеттің уәкілетті органы (ұйымы). Осы Шартта Одақтың тауар белгісіне немесе Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім берілген ұлттық патенттік ведомство өтінім беру ведомствосы деп аталады;

      "Одақтың тауары шығарылған жердің атауы" - барлық мүше мемлекет аумағында бір мезгілде қорғалатын, елдің, қалалық немесе ауылдық қоныстың, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі заманғы немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не қамтитын белгілеме немесе осындай атаудан туындайтын және ерекше қасиеті осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айрықша немесе басты түрде айқындалатын, тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме;

      "ресми сайт" - Одақтың "Интернет" ақпараттық- телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайты;

      "баж" - осы Шартта көзделген заңды маңызы бар әрекеттерді жүзеге асыру үшін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аударылатын төлемақы;

      "құқық иеленуші" - Одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқыққа немесе Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына ие тұлға;

      "Одақтың тауар белгісіне куәлік" - Одақтың тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің басымдығын және онда көрсетілген тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге қатысты мүше мемлекеттердің аумағында Одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқығын куәландыратын құжат;

      "Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік" - мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын куәландыратын құжат;

      "Одақтың тауар белгісі" - тауарларды, жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - тауарларды) дараландыру қызметін атқаратын және барлық мүше мемлекеттің аумақтарында бір мезгілде қорғалатын белгілемені білдіретін Одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі.

II тарау Одақтың тауар белгілері

3-бап Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық

      1. Құқық иеленушінің мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалануға және осы айрықша құқыққа иелік етуге айрықша құқығы бар, сондай-ақ Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салуға құқығы бар.

      Мүше мемлекеттердің аумақтарында қорғалатын Одақтың тауар белгісін немесе біртекті тауарларға қатысты онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілерді құқық иеленушінің рұқсатынсыз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ.

      2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркелген күнінен бастап 10 жыл өткенге дейін қолданыста болады, бұл Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннен бастап есептеледі.

      Айрықша құқықтың қолданылу мерзімін өтінім беру ведомствосы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құқық иеленушінің осы құқық қолданысының соңғы жылы ішінде берілген өтініші бойынша 10 жылға ұзартуы мүмкін.

      3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі шектеусіз мәрте ұзартылуы мүмкін.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту үшін баждар мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде төленеді.

      Құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша оған Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша баж төленген жағдайда, осы баптың 2-тармағының екінші абзацында аталған өтінішті беру үшін 6 ай беріледі.

      4. Мүше мемлекеттің аумағында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзуға қатысты даулар осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес шешіледі.

      5. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін мүше мемлекеттің заңнамасында мүше мемлекетте тіркелген тауар белгісіне айрықша құқықты бұзғаны үшін көзделетін дәл сондай жауаптылық көзделеді.

4-бап Одақтың тауар белгісіне өтінім

      1. Одақтың тауар белгісіне өтінімді өтінім беруші Нұсқаулықта белгіленетін нысан бойынша және тәртіппен ұлттық патенттік ведомствоға береді.

      2. Одақтың тауар белгісіне өтінімде мыналар қамтылуға тиіс:

      1) өтінім берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы бар болса) және орналасқан жерінің (тұрғылықты жерінің) мекенжайы, сондай-ақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің аумағында хат жазысу үшін мекенжай;

      2) мәлімделетін белгілеме;

      3) Одақтың тауар белгісін тіркеу сұратылатын және 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімінде көзделген (бұдан әрі - Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы) сыныптар бойынша топтастырылған тауарлар тізбесі.

      3. Одақтың тауар белгісіне өтінімде мыналар қамтылуы мүмкін:

      1) Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннен бастап 1 ай ішінде ұсынылуы мүмкін өтінім берілген күннен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеуге нұсқама;

      2) белгілеме мәлімделетін түске немесе түстер үйлесіміне нұсқама;

      3) Одақтың тауар белгісі өтінім беру ведомствосы қолданатын стандартты рәміздерді пайдаланыла отырып, тіркелуге және жариялануға тиіс екендігіне нұсқама;

      4) мәлімделетін сөздік белгілеменің кириллица пайдаланылған транслитерациясы;

      5) мәлімделетін сөздік белгілеменің мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдеріндегі аудармасы;

      6) мәлімделетін белгілеменің сипаттамасы;

      7) өтінім берушінің өкілі туралы мәліметтер және оның мекенжайы.

      4. Одақтың тауар белгісіне өтінім беру кезінде немесе осындай өтінім түскен күннен бастап 1 айдан кешіктірмей өтінім беруші Одақтың тауар белгісіне өтінім бергені үшін баж төленгенін растайтын қүжатты береді.

      Одақтың тауар белгісіне өтінім беру үшін баж өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде төленеді.

      5. Осы Шарттың 5-бабының 2-тармағына сәйкес конвенциялық басымдықты белгілеу үшін талаптардың сақталуы шартымен ұлттық патенттік ведомствоға тауар белгісін тіркеуге берілген өтінім Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгертілуі мүмкін.

      Тауар белгісін тіркеуге өтінімді Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерту тәртібі Нұсқаулықта белгіленеді.

      6. Одақтың тауар белгісіне өтінім орыс тілінде жасалады.

      Одақтың тауар белгісіне өтінім мүндай өтінімнің орыс тіліндегі аудармасы қоса беріле отырып, өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында көзделген тілде жасалуы мүмкін.

      Мұндай жағдайда Одақтың тауар белгісіне өтінімнің мазмұнын түсіндіру мәселесі бойынша келіспеушіліктер туындаған кезде өтінімнің орыс тіліндегі мәтіні басым күшке ие болады.

      Ұлттық патенттік ведомстволар арасындағы хат жазысу орыс тілінде жүргізіледі.

      7. Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша іс жүргізуді халықаралық шарттарға және өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасына сәйкес өтінім беруші дербес немесе өкіл арқылы, оның ішінде өтінім беру ведомствосында тіркелген, патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асыра алады.

5-бап Одақтың тауар белгісінің басымдығы

      1. Осы Шарттың мақсаттары үшін Одақтың тауар белгісінің басымдығы Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні бойынша белгіленеді.

      2. Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім корсетілген күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына берілген болса, 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына (бұдан әрі - Париж конвенциясы) қатысушы мемлекетте (конвенциялық басымдық) тауар белгісіне алғашқы өтінім беру күні бойынша белгіленуі мүмкін.

      3. Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми танылған халықаралық көрмелердің экспонаттарында орналастырылған Одақтың тауар белгісінің басымдығы, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім беру ведомствосына көрсетілген күннен бастап 6 ай ішінде берілген болса, экспонатты көрмеде (көрмелік басымдық) ашық көрсету басталған күні бойынша белгіленуі мүмкін.

      4. Мэлімделген тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісінің көптеген басымдығы Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттерде осы өтінім берушінің Одақтың тауар белгісіне берілген өтінімде көрсетілген әртүрлі тауарларға қатысты бір белгілемеге берілген тауар белгісіне бірнеше өтінім болған кезде өтінім берушінің өтінішхаты бойынша белгіленеді.

      5. Егер Одақтың тауар белгісіне өтінімде ол берілген күннен неғұрлым ертерек басымдықты белгілеу туралы нұсқама қамтылған болса, онда Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген кезде немесе өтінім берілген күннен бастап өтінім беруші 3 айдан кешіктірмей, осындай талаптың құқыққа сыйымдылйғын растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.

      6. Одақтың тауар белгісіне бөлінген өтінімдер бастапқы өтінім беру күнін және оның басымдығын (осындай болған кезде) сақтайды.

      7. Одақтың тауар белгісінің басымдығы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және 1989 жылғы 27 маусымдағы Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға сәйкес халықаралық тіркелген күні, аумақтық кеңейту туралы жазба енгізілген күні бойынша белгіленуі мүмкін.

6-бап Одақтың тауар белгісіне өтінімге алдын ала сараптама. Одақтың тауар белгісіне өтінімді жариялау

      1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім түскен күннен бастап 1 ай ішінде осы Шарттың 4-бабының талаптарына және Нұсқаулыққа сәйкес ұсынылған өтінімнің дұрыс ресімделуін және баж төленгенін, сондай-ақ Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күнді белгілеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің болуын, оның ішінде тауарлар тізбесінің және олардың сыныптамаларының дұрыс жасалуын тексереді.

      2. Өтінімде осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген элементтердің қандай да бірі болмаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарау үшін қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      3. Осы Шарттың 4-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген өтінімнің материалдары дұрыс ресімделмеген не осы Шарттың 4-бабының 4-тармағында көрсетілген құжат немесе Нұсқаулықта көзделген өзге де құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда, өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсыну туралы және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап 3 ай мерзімде аталған кемшіліктерді жою туралы сұрау салу жібереді.

      Өтінім беруші көрсетілген мерзім өткенге дейін өтінім беру ведомствосына сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтінішхат беруге құқылы.

      Өтінім беру ведомствосы сұрау салуға жауапты ұсыну мерзімін өтінім берушінің өтінішхатында көрсетілген, бірақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда, сұрау салуға жауап беру мерзімі өткен күннен бастап 3 айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      Өтінім беру ведомствосының құжаттарды қарау мерзімін есептеу осы баптың 1-тармағына сәйкес осы тармақтың үшінші абзацында көзделген талаптар ескеріле отырып, өтінім берушіге сұрау салуға жауап беру үшін қажетті уақытқа тоқтатыла тұрады.

      Егер осы тармақта белгіленген мерзімде сұрау салуда көрсетілген жетіспейтін құжаттар ұсынылмаса және (немесе) кемшіліктер жойылмаса, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде шешім шығарылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жіберіледі.

      Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданған осы өтінім бойынша заңдық маңызы бар әрекеттер жүзеге асырылмайды.

      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген жағдайларда, Одақтың тауар белгісіне өтінімді қарау мерзімі ұзартылады, бірақ бұл мерзім сұрау салуға жауап алынған немесе жетіспеген құжаттар ұсынылған күннен бастап 1 айдан аспайды.

      4. Одақтың тауар белгісіне өтінім беру күні өтінім беру ведомствосына осы Шарттың 4-бабының 2-тармағында көрсетілген барлық элементті қамтитын Одақтың тауар белгісіне өтінім ұсынылған күн бойынша белгіленеді.

      5. Одақтың тауар белгісіне өтінім, оның ішінде өзгертілген өтінім осы Шарттың 4-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, өтінім беру ведомствосы өтінімді ресми сайтта жариялау туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіні Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күннің белгіленуі туралы хабардар етеді, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж сомасын және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін көрсете отырып, құжатты ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.

      Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта жариялау көрсетілген хабарлама өтінім берушіге жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Одақтың тауар белгісіне өтінімді ресми сайтта орналастыру күні оны жариялау күні болып табылады.

      6. Әр ұлттық патенттік ведомство сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж сомасын және көрсетілген бажды төлеу үшін төлем деректемелерін көрсете отырып, құжатты өтінім беру ведомствосына жібереді.

      Мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін (оның ішінде, егер Одақтың тауар белгісін тіркеу Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасына сәйкес бір сыныптан көп тауарларға қатысты сұратылса) баждар мөлшерлері мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.

      7. Өтінім беру ведомствосы осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге құжаттарды қоса бере отырып, мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баждар сомаларын және оларды төлеу үшін төлем деректемелерін көрсете отырып, мұндай баждарды төлеу қажеттігі туралы хабарламаны жібереді.

      8. Өтінім беруші осы баптың 7-тармағында көрсетілген хабарлама жіберілген күннен бастап бір 1 ай ішінде өтінім беру ведомствосына мәлімденген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін белгіленген мөлшерде баж төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, бұл жөнінде өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.

      9. Өтінім беру ведомствосы мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баж төлеуді растайтын құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің ұлттық патенттік ведомстволарына Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімді және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баждарды төлеуді растайтын құжаттарды жібереді.

7-бап Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімге қатысты мүдделі тұлғалардың өтініштері

      1. Одақтың тауар белгісіне өтінім берумен байланысты құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кез келген мүдделі тұлға Одақтың тауар белгісіне өтінім жарияланған күннен бастап 3 ай ішінде осы Шарттың 8-бабында көзделген Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер болуы туралы өзінің өтінішін өтінім беру ведомствосына ұсынуға құқылы.

      2. Өтінім беру ведомствосы мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы өтінім берушіні хабардар етеді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды ресми сайтқа орналастырады.

      Өтінім беруші оған мүдделі тұлғалардың келіп түскен өтініштері туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде өтінім беру ведомствосына мүдделі тұлғалардың өтініштеріне қатысты өзінің дәлелдерін ұсынуға құқылы.

8-бап Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздер

      1. Осы Шартқа сәйкес:

      1) осы Шарттың күші қолданылмайтын;

      2) ажыратылатын реңкі жоқ;

      3) сипаттаушы болып табылатын, атап айтқанда:

      тауарлар түрін, сапасын, санын, қасиетін, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткізілген уақытын, жерін және тәсілін белгілеу үшін пайдаланылатын;

      белгілі бір тауар түрін белгілеу үшін жалпыға ортақ тұтынуға енген;

      жалпыға ортақ қабылданған рәміздер мен терминдер болып табылатын;

      тауар айрықша немесе басты түрде қасиетімен немесе мақсатымен айқындалатын тауар нысанын немесе оның орамасын білдіретін элементтерден ғана тұратын;

      4) қоғамдық мүддеге, жариялы тәртіпке, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы келетін;

      5) тауарға, оның шығарылған жеріне немесе оны дайындаушыға қатысты жалған болып табылатын немесе тұтынушыны жаңылыстыруға алып келетін;

      6) мемлекеттік рәміздерді және белгілерді (туды, елтаңбаны, орденді, ақша белгілерін және сол сияқтыларды), мемлекеттердің қысқартылған немесе толық ресми атауларын, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың атауларын, олардың туын, елтаңбасын, басқа да рәміздерін, белгілері мен олардың элементтерін, ресми бақылау таңбаларын, кепілдік және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградаларды және басқа да айырым белгілерін немесе көрсетілген объектілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді білдіретін белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды. (Мұндай белгілемелер, егер осыған тиісті құзыретті мемлекеттік органның, халықаралық үкіметаралық ұйымның келісімі бар болса, Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын элементтер ретінде енгізілуі мүмкін;

      7) мүше мемлекет халықтарының мәдени мұра объектілерінің не дүниежүзілік мәдени немесе табиғи мұра объектілерінің ресми атауларымен және бейнелерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас;

      8) мүше мемлекеттердің аумақтарында белгіленген тәртіппен тіркелген, сертификатталған белгілермен немесе сәйкестік белгілерімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген белгілемелер, егер олар онда басым жағдайда болмаса, Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын ретінде енгізілуі мүмкін.

      Осы баптың 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген белгілемелер, егер Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген күні мәлімделген белгілеме пайдалану нәтижесінде барлық мүше мемлекеттің аумақтарында айыру қабілетіне ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.

      Осы баптың 1-тармағының 2 және (немесе) 3-тармақшаларында көрсетілген белгілемелер комбинаңиясы, егер ол ажыратылатын қабілетке ие болса, Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін.

      3. Мыналар:

      1) егер басқа тұлғаның тауар белгісін тіркеуге өтінім кері қайтарылмаса немесе ол бойынша қарауға қабылдаудан бас тарту туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданбаса, біртекті тауарларға қатысты мүше мемлекеттердің бірінде басқа тұлғалар тіркеуге мәлімдеген және неғұрлым ертерек басымдығы бар белгілемелермен;

      2) мүше мемлекеттердің бірінде қорғалатын және неғұрлым ертерек басымдығы бар біртекті тауарларға қатысты басқа тұлғалардың тауар белгілерімен;

      3) мәлімделген белгілеменің басымдығы күнінен неғұрлым ерте күннен бастап мүше мемлекеттердің бірінде жалпыға белгілі тауар белгілері деп танылған және осы мүше мемлекетте осындай мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қорғалатын, басқа тұлғалардың тауар белгілерімен бірдей және айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер Одақтың тауар белгілері ретінде тіркеле алмайды.

      4. Егер мүше мемлекеттердің аумақтарында айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгілеріне немесе біртекті тауарларға қатысты неғүрлым ертерек басымдығы бар мәлімделген белгілемелерге қүқықтар әртүрлі тұлғаларға тиесілі болған жағдайда, онда Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беру үшін өтінім беруші отінім беру ведомствосына барлық құқық иеленушінің жазбаша келісімін ұсынуға тиіс.

      Ұжымдық белгілермен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерге қатысты осы тармақтың бірінші абзаңының ережелері қолданылмайды.

      5. Осы Шартқа немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қорғалатын, тауар шығарылған жердің атауымен және Одақтың тауар белгісінің басымдық күніне дейін осындай ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемемен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер, егер Одақтың тауар белгісін осылай тіркеу тауардың шығарылған жеріне және (немесе) өндірушісіне қатысты пайдаланушыны жаңылыстыруы мүмкін болса, кез келген тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді. Мұндай тауар шығарылған жердің атауы немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме, егер Одақтың тауар белгісін тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген сол тауарларға қатысты жүзеге асырылса, мұндай тауар шығарылған жердің атауына құқығы бар тұлғаның атына тіркелетін Одақтың тауар белгісіне қорғалмайтын элемент ретінде енгізілуі мүмкін.

      6. Мүше мемлекеттердің бірінде қорғалатын фирмалық атаумен немесе коммерциялық белгілемемен (мұндай атаудың немесе белгілеменің жекелеген элементтерімен) не мүше мемлекеттің селекциялық жетістік заңнамасына сәйкес тіркелген атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас, мүше мемлекеттің аумағында озге де тұлғаларда оған құқықтар Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған белгілемелер біртекті тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді.

      7. Мынадай объектілермен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер:

      1) мүше мемлекеттердің бірінде белгілі ғылым, әдебиет немесе өнер туындысының атауы, осындай туындылардың кейіпкері немесе одан дәйексөз, өнер туындысы немесе оның фрагменті - егер тиісті туындыға авторлық құқық Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаса, құқық иеленушінің келісімінсіз;

      2) мүше мемлекеттердің бірінде белгілі адамның тегі, аты, бүркеншік аты немесе олардан туындаған белгілеме, портреті немесе факсимилесі - осы адамның немесе оның мұрагерлерінің немесе олардың құқықтық мирасқорларының немесе осы адам қайтыс болғаннан кейін оның абыройы мен қадір-қасиетін қорғауды жүзеге асыратын басқа да мүдделі тұлғалардың келісімінсіз;

      3) құқығы мүше мемлекетте Одақтың тіркелетін тауар белгісіне басымдық берілген күннен бұрын туындаған және өтінім берушіге тиесілі емес өнеркәсіптік үлгі Одақтың тауар белгісі ретінде тіркелмейді.

9-бап

Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама

      1. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне жарияланған өтінімді және мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізгені үшін баждардың төленгенін растайтын құжаттарды жіберген күнінен бастап 6 ай ішінде ұлттық патенттік ведомстволар, оның ішінде өтінім беру ведомствосы сараптама жүргізеді, оның барысында Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін осы Шарттың 8-бабының 1 - 5-тармақтарында көзделген негіздердің болуын тексереді.

      2. Ұлттық патенттік ведомстволар сараптаманың нәтижелері бойынша, егер қарсы қойылатын материалдар анықталған болса, оларды қоса бере отырып, іздеу және тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын қорытындыларды дайындайды. Аталган қорытындылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өтінім беру ведомствосына жіберіледі.

      Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосына ұсынбаған ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгісіне өтінім беруге қатысты осындай негіздердің болуы туралы хабардар ету құқығынан айырылады.

      3. Егер біртекті тауарларға қатысты Одақтың бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгілеріне өтінімдерді әртүрлі өтінім берушілер берсе және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болса, біртекті болып табылатын тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі өтінім берушілердің арасындағы келісіммен айқындалатын олардың біреуінің атына ғана тіркелуі мүмкін.

      4. Егер толық немесе ішінара сәйкес келетін тауарлардың тізбелеріне қатысты Одақтың бірдей тауар белгілеріне өтінімдерді сол бір өтінім беруші берсе және осы өтінімдер сол бір басымдық күніне ие болса, көрсетілген тізбелері сәйкес келетін тауарларға қатысты Одақтың тауар белгісі өтінім беруші таңдап алған өтінімдердің тек біреуі бойынша ғана тіркелуі мүмкін.

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда өтінім беру ведомствосы өтінім берушілерге тиісті хабарламаларды жібереді.

      Өтінім берушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап 6 ай ішінде өтінім беру ведомствосына - өтінімдердің қайсысы бойынша Одақтың тауар белгісін тіркеу сұратылып отырғанын, ал Одақтың бірдей тауар белгілеріне өтінімдер берген өтінім беруші өзінің таңдауы туралы хабарлауға тиіс.

      Көрсетілген хабар белгіленген мерзімде келіп түспеген кезде, өтінімдер кері қайтарылып алынған деп есептеледі, бұл жөнінде өтінім берушілерге осы мерзім өткен күннен бастап 15 жүмыс күні ішінде хабарлама жіберіледі.

      6. Өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге ұлттық патенттік ведомстволардың қорытындылары, оның ішінде өзінің қорытындысы, сондай-ақ осы Шарттың 7-бабында көзделген өтініштер мен дәлелдер негізінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей сараптаманың нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

      Мұндай хабарлама, егер Одақтың тауар белгісіне қорғау берілмейтін немесе өтінім беруші сұратып отырған көлемнен аз көлемде берілуі мүмкін болған жағдайда жіберіледі. Хабарламаға ұлттық патенттік ведомстволардың, оның ішінде отінім беру ведомствосының қорытындылары қоса беріледі.

      7. Өтінім берушінің Одақтың тауар белгісіне өтінім сараптамасының нәтижелері туралы хабарламаға байланысты, оған осындай хабарлама жіберілген күннен бастап 3 ай ішінде мәлімделген тауарлардың барлығына немесе оның бір бөлігіне қатысты өзінің дәлелдері мен ескертулерін (бұдан әрі - дәлелдер және ескертулер) өтінім беру ведомствосына ұсынуға құқығы бар.

      Көрсетілген мерзім өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда өтінім берушінің өтінішхаты бойынша 3 айға дейін қосымша ұзартылуы мүмкін.

      Егер белгіленген мерзім ішінде дәлелдер мен ескертулер ұсынылмаса, өтінім беру ведомствосы осы мерзім өткен күннен бастап 1 ай ішінде Одақтың тауар белгісіне өтінім сараптамасының нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.

      Өтінім беру ведомствосы дәлелдер мен ескертулер, сондай-ақ осы тармақтың екінші абзаңында көрсетілген өтінішхат келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей олар туралы ұлттық патенттік ведомстволарды хабардар етеді.

      Ұлттық патенттік ведомстволар дәлелдер мен ескертулерді ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 1 ай ішінде оларды қарайды және тиісті шешімдерді қабылдайды, олар қабылданған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтінім беру ведомствосына жібереді.

      Өтінім беру ведомствосы көрсетілген шешімдерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды өтінім берушіге жібереді.

      8. Өтінім беру ведомствосының Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы немесе оны тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінім берушінің өтінім беру ведомствосына:

      1) Одақтың тауар белгісіне өтінім берілген тауарлар тізбесін қысқарту туралы;

      2) Одақтың тауар белгісіне өтінімді кері қайтару туралы;

      3) Одақтың тауар белгісіне өтінімді басымдық күнін сақтай отырып, тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге өзгерту туралы;

      4) Одақтың тауар белгісіне бұрын берілген өтінімнен Одақтың тауар белгісіне өтінімді бөлу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.

      9. Өтініш берушінің Одақтың тауар белгісіне өтінімді осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген басымдық күнін сақтай отырып, тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге өзгерту туралы өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша іс жүргізуді тоқтатады және бұл туралы өтінім берушіні хабардар етеді. Өтінішхат пен өтінімнің барлық материалы ұлттық патенттік ведомствоға жіберіледі, оған өтінім беруші Одақтық тауар белгісіне өзінің өтінімін тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге өзгерту рэсімін жүзеге асыру отінішімен жүгінеді.

      Ұлттық патенттік ведомство Одақтың тауар белгісіне өтінімді тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге өзгертуді жүзеге асырады, ол тауар белгісін тіркеуге дұрыс ресімделген ұлттық өтінім деп танылады.

      Көрсетілген өзгерту күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұлттық патенттік ведомство өтінім берушіге осындай өзгерту туралы хабарлама жібереді.

      Тауар белгісіне өзгертілген өтінім бойынша одан әрі іс жүргізуді ұлттық патенттік ведомство басымдық күнін сақтай отырып жүзеге асырады. Тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінім бойынша шешімді әрбір ұлттық патенттік ведомство өзі дайындаған қорытындының негізінде қабылдайды.

      Өтінім берушінің өтінішхатын бергені және қарағаны үшін, сондай-ақ тауар белгісін тіркеуге ұлттық өтінімге сараптама жүргізу үшін баж алынбайды.

      10. Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көзделген Одақтың тауар белгісіне өтінімді бөлу туралы өтінішхатта өтінім беру ведомствосына өтінім берілген күнге Одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінімде көрсетілген тауарлар арасынан тауарлар және Одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінімдегі тауарлар тізбесінен басқа тауарларға қатысты біртекті болып табылмайтын және Одақтың тауар белгісіне бастапқы өтінім күшін сақтап қалатын тауарлар тізбесі қамтылуға тиіс.

10-бап Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу

      1. Өтінім беруші Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылданғанға дейін Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізуге құқылы.

      Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішхат өтінім беру ведомствосына беріледі.

      2. Мәлімделген белгілеме елеулі түрде өзгерген немесе Одақтың тауар белгісіне өтінімде көрсетілген тауарлар тізбесі кеңейтілген жағдайда, өтінішхаттан бас тартылады. Мұндай өзгерістерді өтінім беруші дербес өтінім ретінде ресімдеуі мүмкін.

      Өтінім беру ведомствосы осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзгерістерді Одақтың тауар белгісіне өтінімге енгізеді. Өтінім берушінің, өтінім беруші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы бар болса), орналасқан жерінің (тұрғылықты жерінің) мекенжайы немесе атауы (егер ол бұрынғысынша болса) және (немесе) хат жазысу үшін мекенжай өзгерген жағдайда не Одақтың тауар белгісіне өтінім беру құқығы басқа тұлғаға берілген немесе ауысқан жағдайда, өтінім беруші шешім қабылдағанға дейін өтінім беру ведомствосына өтінімге тиісті өзгерістерді енгізу туралы өтінішхатты беруге міндетті.

      3. Өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні және ұлттық патенттік ведомстволарды хабардар етеді.

      4. Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізгені үшін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленеді.

11-бап Ұлттық патенттік ведомстволардың шешімдеріне шағым жасау

      1. Өтінім беруші осы Шарттың 9-бабы 7-тармағының бесінші абзацына сәйкес қабылданатын ұлттық патенттік ведомствоның шешімімен келіспеген жағдайда, өтінім берушінің өтінім беру ведомствосы көрсетілген шешімді жіберген күнінен бастап 3 ай ішінде ұлттық патенттік ведомствоға осындай шешімге қарсылық (шағым) (бұдан әрі - қарсылық (шағым) жіберуге құқығы бар.

      2. Қарсылық (шағым) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ұлттық патенттік ведомствоға беріледі.

      3. Ұлттық патенттік ведомство келіп түскен қарсылық (шағым) туралы ол түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосын хабардар етеді.

      4. Қарсылық (шағым) ұлттық патенттік ведомствоға келіп түскен күнінен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде қаралады.

      5. Егер өтінім беру ведомствосы осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде ұлттық патенттік ведомстводан қарсылық (шағым) келіп түскені туралы хабарлама алса, өтінім беру ведомствосы осы мерзім өткен күннен бастап 1 ай ішінде мәлімделген тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы немесе Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      6. Өтінім беруші ұлттық патенттік ведомствоның шешіміне шағым жасаған жағдайда, өтінім беру ведомствосы шағым жасаудың мемлекетішілік барлық мүмкіндіктері таусылған жағдайда, Одақтың тауар белгісіне өтінім бойынша шешім қабылдайды.

      7. Ұлттық патенттік ведомство мемлекетішілік шағым жасау рәсімдерін аяқтаудың нәтижелері туралы өтінім беру ведомствосына хабарлайды.

12-бап Одақтың тауар белгісіне өтінім сараптамасының нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер

      1. Ұлттық патенттік ведомстволардың, оның ішінде өтінім беру ведомствосының осы Шарттың 9-бабының ережелеріне сәйкес дайындалған (қабылданған) қорытындылары мен шешімдерінің (егер олар қабылданған болса) негізінде және осы Шарттың 11-бабының ережелеріне сәйкес осындай шешімдерге шағым жасаудың (егер оларға шағым жасалған болса) нәтижелерін ескере отырып, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне өтінім сараптамасының нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін:

      1) мәлімделген барлық тауарға қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылдайды. Егер Одақтың тауар белгісінің тіркелуі сұратылатын тауарлардың барлық тізбесіне қатысты Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды ұсыну мүмкіндігі туралы тұжырым осы Шарттың 9-бабының 1-тармағында көзделген мерзім ішінде дайындалған барлық қорытындыда не осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген барлық қорытындыда (шешімде) қамтылса, осындай шешім қабылданады;

      2) мәлімделген тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім қабылдайды. Егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қорытындылардың (шешімдердің) ең болмағанда бірінде Одақтың тауар белгісінің тіркелуі сұратылатын тауарлардың белгілі бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды ұсыну мүмкін еместігі туралы тұжырым қамтылса, осындай шешім қабылданады. Бұл ретте, Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім мәлімделген тауарлардың осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген барлық қорытындыларда (шешімдерде) Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғауды ұсыну мүмкіндігі туралы тұжырым қамтылған мәлімделген тауарлар бөлігіне қатысты қабылданады;

      3) Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Егер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қорытындылардың (шешімдердің) ең болмағанда бірінде Одақтың тауар белгісінің тіркелуі сұратылатын барлық тауар тізбесіне қатысты Одақтың тауар белгісіне қорғауды ұсыну мүмкін еместігі туралы тұжырым қамтылса, осындай шешім қабылданады.

      2. Мәлімделген тауардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы немесе Одақтың тауар белгісін тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей өтінім берушіге және ұлттық патенттік ведомстволарға жіберіледі.

      Өтінім беруші Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешімді алған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей Одақтың тауар белгісін тіркегені және Одақтың тауар белгісіне куәлік бергені үшін өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төлейді.

      3. Одақтың тауар белгісі тіркелгені және Одақтың тауар белгісіне куәлік берілгені үшін баждың төленгенін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда Одақтың тауар белгісіне өтінім кері қайтарылып алынған деп есептеледі, куәлік беру жүзеге асырылмайды, бұл жөнінде өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіге хабарлама жібереді.

13-бап Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімі

      1. Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешім негізінде өтінім беру ведомствосы өтінім беруші Одақтың тауар белгісі тіркелгені және Одақтың тауар белгісіне куәлік берілгені үшін баж төленгенін растайтын құжатты берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Одақтың тауар белгісін Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде тіркейді және Одақтың тауар белгісіне куәлік береді.

      Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізілетін мәліметтер құрамы, сондай-ақ Одақтың тауар белгісіне куәліктің нысаны және онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы Нұсқаулықта айқындалады.

      2. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдері мәліметтерінің анықтығы мен толықтығы үшін тиісті ақпаратты орналастырған ұлттық патенттік ведомстволар жауапты болады.

      3. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің мәліметтері ұлттық патенттік ведомстволардың Одақтың тауар белгісін тіркеу туралы шешімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген кезде көрсетілген шешімдердегі мәліметтер артықшылыққа ие болады.

      4. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне өзгерістер енгізу өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда жүзеге асырылады.

      5. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімін жүргізетін ұлттық патенттік ведомство осы бөлімнен үзінді көшірмені ұлттық патенттік ведомство бастығының қолын қойып ресімдейді.

      Мұндай үзінді көшірменің барлық мүше мемлекеттің аумақтарында заңдық күші бірдей болады.

14-бап Тауар белгісін ұлттық тіркеуді Одақтың тауар белгісін тіркеумен ауыстыру

      Егер бірдей белгілеме мүше мемлекеттердің әрқайсысында толық немесе ішінара сәйкес келетін тауарлар тізбесіне тауар белгісі ретінде сол бір құқық иеленушінің атына тіркелген болса, онда мұндай тұлға өз таңдауы бойынша кез келген ұлттық патенттік ведомствоға Одақтың тауар белгісіне куәлік беру туралы өтінішхат беруге құқылы.

      Одақтың тауар белгісіне куәлік тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзіміне осы мерзім кешірек аяқталатын мүше мемлекетте, ұлттық патенттік ведомствосына Одақтың тауар белгісіне куәлік беру туралы өтінішхат берілген мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерде, Одақтың тауар белгісіне куәліктің тіркелгені және берілгені үшін баж төлеу шартымен мүше мемлекеттердің әрқайсысының аумағында толық сәйкес келетін тауарларға қатысты осындай тауар белгісінің басымдық күні көрсетіле отырып беріледі.

      Ұлттық патенттік ведомстволар Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде Одақтың тауар белгісінің тіркелгені туралы және оның мүше мемлекеттердің әрқайсысында осы алдыңғы тіркеуге байланысты иемденген құқықтарға нұқсан келтірмей алдыңғы ұлттық тіркеудің осындай тіркеумен ауыстырылғаны туралы тауар белгілерінің ұлттық тізілімінде белгі жасауға міндетті.

15-бап Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беруді жарамсыз деп тану

      Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау беру кез келген мүше мемлекеттің аумағында осы мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосына, апелляциялық органға және (немесе) тікелей сотқа қарсылық (шағым) беру арқылы, егер мұндай жүгіну тәртібі тиісті мүше мемлекеттің заңнамасында көзделсе:

      егер құқықтық қорғау Одақтың тауар белгісіне осы Шарттың 8-бабының 1, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қойылатын талаптар бұза отырып берілсе - Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімі ішінде;

      егер Одақтың тауар белгісіне құқықтық қорғау осы Шарттың 8-бабының 3 және 5-тармақтарында белгіленген негіздер бойынша берілуі мүмкін болмаса - Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі Одақтың тауар белгісі тіркелген күннен бастап 5 жыл ішінде;

      егер Одақтың тауар белгісіне немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас Одақтың басқа тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруге және оны пайдалануға байланысты құқық иеленушінің әрекеттері белгіленген тәртіппен құқықты теріс пайдалану не жосықсыз бәсекелестік деп танылса, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың барлық қолданылу мерзімі ішінде дау айтылуы және жарамсыз деп танылуы мүмкін.

16-бап Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтату

      1. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау:

      1) Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты;

      2) құқық иеленуші Одақтың тауар белгісіне құқықтан бас тартқан жағдайда;

      3) Одақтың ұжымдық белгіні құқықтық қорғауды сапасының бірыңғай сипаттамалары немесе өзге ортақ сипаттамалары жоқ тауарларда осы белгінің пайдаланылуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтату туралы сот шешімі негізінде;

      4) кез келген адамның өтініші бойынша Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұлттық патенттік ведомствоның шешімі немесе сот шешімі негізінде құқықтық мирасқор болмаған кезде мынадай:

      заңды тұлға - Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі таратылған (қызметі тоқтаған);

      жеке тұлға - Одақтың тауар белгісінің құқық иеленушісі қайтыс болған жағдайларда;

      5) Одақтың тауар белгісі белгілі бір тауар түрінің белгілемесі ретінде жалпыға ортақ тұтынуға енгізілген белгілемеге айналдырылған жағдайда, Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мүдделі тұлғаның өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұлттық патенттік ведомствоның шешімі немесе сот шешімі негізінде;

      6) тауарлардың пайдаланылмауы салдарынан олардың барлығына қатысты Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы сот шешімі негізінде тоқтатылады. Егер сот шешімі тауарлардың бір бөлігіне қатысты ғана қабылданса, Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау тауарлардың осы бөлігіне қатысты тоқтатылады.

      2. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау ол Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген күнінен бастап кез келген 3 жыл бойына үздіксіз пайдаланбау салдарынан мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

      Одақтың тауар белгісін пайдаланбау салдарынан оны құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішті мүдделі тұлға тіпті осындай өтініш берілгенге дейін Одақтың тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайда көрсетілген 3 жыл өткеннен кейін сотқа береді.

      Одақтың тауар белгісінің тіркелуін күшінде сақтау үшін Одақтың тауар белгісін пайдаланбау салдарынан оны құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату рәсімін жүзеге асыру кезінде Одақтың тауар белгісін кез келген мүше мемлекеттің аумағында пайдалану ескеріледі.

      Одақтың тауар белгісін пайдаланбау салдарынан оны құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешкен кезде құқық иеленуші Одақтың тауар белгісін пайдаланудың дәлелдерін ұсынады, бұл ретте құқық иеленуші ұсынған Одақтың тауар белгісі өзіне байланысты емес мән-жайлардың салдарынан пайдаланылмады деген дәлелдемелер назарға алынуы мүмкін.

      3. Осы Шарттың мақсаты үшін Одақтың тауар белгісін құқық иеленушінің немесе осындай құқық лицензиялық шарттың негізінде берілген тұлғаның не Одақтың тауар белгісін пайдалануды құқық иеленушінің бақылауымен жүзеге асыратын басқа тұлғаның пайдалануы (тиісті әрекеттер тауарды азаматтық айналымға енгізуге тікелей байланысты емес жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ:

      1) Одақтың тауар белгісін ол тіркелген тауарларда, осы тауарлардың заттаңбаларында және қаптамаларында қолдану;

      2) Одақтың тауар белгісімен белгіленген тауарларды дайындау, сатуға ұсыну, сату, сақтау, әкелу;

      3) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде Одақтың тауар белгісін қолдану;

      4) Одақтың тауар белгісін көрмелер мен жәрмеңкелерде көрсету кезінде, жарнамаларда, баспа басылымдарында, маңдайшаларда, тауарларды азаматтық айналымға енгізуге байланысты құжаттамаларда, "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде, оның ішінде доменді атауда қолдану арқылы Одақтың тауар белгісін оның айырым қабілетіне әсер етпейтін және Одақтың тауар белгісіне берілген құқықтық қорғауды шектемейтін жекелеген элементтерін өзгерте отырып, Одақтың тауар белгісін пайдалану деп танылады.

      4. Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғау осы Шарттың 15-бабына сәйкес жарамсыз деп танылуы немесе осы баптың 1-тармағының 3 - 6-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қарсылық (шағым) немесе арыз берілген тауар белгісіне айрықша құқықты қорғау үшін мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мерзімде құқық иеленушінің өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік берілмей тоқтатылуы мүмкін емес.

17-бап Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жою

      1. Ұлттық патенттік ведомстволар өтінім беру ведомствосын осы Шарттың 15 және 16-баптарына сәйкес қабылданған, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес заңды күшіне енген шешімдер туралы хабардар етеді.

      Көрсетілген шешімдер Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жоюға негіз болып табылады.

      Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды ұсынуды жарамсыз деп тануға немесе Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды тоқтатуға байланысты өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жояды.

      2. Тауарлардың бір бөлігі үшін Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды ұсынуды жарамсыз деп тану туралы шешімнің немесе тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісін құқықтық қорғауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімнің негізінде өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне бастапқы куәліктің күшін жояды және басымдық күнін сақтай отырып, Одақтың тауар белгісіне нақтыланған тауарлар тізбесіне қатысты барлық мүше мемлекеттің аумақтарында Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты куәландыратын жаңа куәлік береді.

      3. Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімінде күші жойылған Одақтың тауар белгісін тіркеу құқық иеленушінің немесе оның құқықтық мирасқорының ұлттық патенттік ведомствоға берген өтінішхаты негізінде Одақтың тауар белгісінің басымдық күні сақтала отырып, ұлттық өтінімге өзгертілуі мүмкін.

18-бап Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік ету

      1. Құқық иеленушінің Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік етуге құқығы бар.

      2. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық құқықты беру (басқаға беру, иеліктен шығару), пайдалануға құқық беру (лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (коммерциялық концессия (субконцессия) шарты), кепілге беру немесе осы мүше мемлекетте тіркелген тауар белгілері үшін мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәсілдермен өзге де иелік ету, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және құқық иеленушінің мүлкін өндіріп алу кезінде ауысу объектісі болуы мүмкін.

      3. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық беру туралы (басқаға беру, иеліктен шығару) шарт бойынша өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен өтінім беру ведомствосында тіркелуге жатады.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделсе және осындай беруді барлық мүше мемлекеттердің аумақтарында бір мезгілде жүзеге асырған жағдайда ғана тауарлардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты берілуі (басқаға берілуі, иеліктен шығарылуы) мүмкін.

      Тауарлардың бір бөлігіне қатысты Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық берілген (басқаға берілген, иеліктен шығарылған) жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгісіне жаңа куәлік береді.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық беру (басқаға беру, иеліктен шығару) туралы шарт мұндай беру (басқаға беру, иеліктен шығару) тіркелуге жататын мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жазбаша нысанда жасалады.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық шартсыз беруді (басқаға беруді, иеліктен шығаруды), басқаға өтуді тіркеу туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

      4. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық заңнамасы тауар белгісіне айрықша құқық кепілін көздейтін мүше мемлекетте (мүше мемлекеттерде) кепіл нысанасы болуы мүмкін.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілі өтінім беру мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен өтінім беру ведомствосында тіркелуге жатады.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілін тіркеу туралы мәліметтерді өтінім беру ведомствосы Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

      5. Лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарт немесе өзге де шарт бойынша Одақтың тауар белгісін пайдалану құқығын беру аумағында Одақтың тауар белгісін пайдалану құқығы берілетін мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосында осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жатады.

      Ұлттық патенттік ведомстволар шарт бойынша (лицензиялық, сублицензиялық және (немесе) өзге де) Одақтың тауар белгісін пайдалануға тіркелген құқықты беру туралы мәліметтерді Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

      6. Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік етуді тіркеу үшін шарт бойынша тіркеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленеді.

      7. Лицензиялық шарт немесе сол арқылы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың тауар белгісін пайдалану құқығы берілетін өзге де шарт, Одақтың тауар белгісіне айрықша құқық кепілі туралы шарт тарапы (тараптары) аумағында шарт бойынша айрықша құқыққа тиісті иелік ету тіркелген мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосын осы мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған тәртіппен осындай шарттардың қолданылуын өзгерту немесе тоқтату туралы хабардар етуге міндетті.

      Одақтың тауар белгісіне айрықша құқыққа иелік етуді Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміне тіркеусіз мұндай иелік ету орындалмаған деп есептеледі. Мәміленің жарамсыз болуының салдары мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалады.

19-бап Одақтың ұжымдық белгісіне иелік етудің ерекшеліктері

      1. Одақтың ұжымдық белгісіне құқықтан айыру мүмкін емес және оны пайдалану құқығы ол арқылы берілетін лицензиялық шарттың немесе өзге де шарттың нысанасы бола алмайды.

      2. Одақтың ұжымдық белгісін тіркеген бірлестікке кіретін тұлға өзінің тауар белгісін Одақтың ұжымдық белгісімен қатар пайдалануға құқылы.

      3. Одақтың ұжымдық белгісінің құқық иеленушісі Одақтың ұжымдық белгісі жарғысындағы (ережесіндегі) өзгерістер туралы өтінім беру ведомствосын хабардар етуге міндетті.

      4. Одақтың ұжымдық белгісі мен Одақтың ұжымдық белгісіне өтінім тиісінше Одақтың тауар белгісіне және Одақтың тауар белгісіне өтінімге және керісінше өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда өзгертілуі мүмкін.

III тарау Одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атаулары

20-бап Одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атауларын тіркеу тәртібі

      1. Өтінім беруші Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімді Нұсқаулықта белгіленетін нысан бойынша және тәртіппен береді.

      Егер өтінім беруші мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы болып табылған жағдайда, онда аумағында атауы (осындай атаудан туындайтын) Одақтың тауары шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуге мәлімделген географиялық объект орналасқан мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы өтінім беру ведомствосы болып табылады. Егер өтінім беруші Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы болып табылса, кез келген мүше мемлекеттің ұлттық патенттік ведомствосы өтінім беру ведомствосы болуы мүмкін.

      2. Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім Одақтың тауары шығарылған бір жердің атауына тиесілі болуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:

      1) өтінім берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы бар болса) және орналасқан жерінің (тұрғылықты жерінің) мекенжайы, сондай-ақ өтінім беру ведомствосы мемлекетінің аумағында хат жазысу үшін мекенжайы;

      2) мәлімделетін белгілеме;

      3) белгіленуі үшін Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру немесе оның өндірілген жерін (географиялық объектінің шекарасын) көрсете отырып, Одақтың тауары шығарылған жердің тіркелген атауын пайдалану құқығын беру сұратылатын тауарын көрсетуді;

      4) тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасы.

      3. Одақтың тауары шығарылған жердің атауына арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) аумағында атауы (осындай атаудан туындайтын) Одақтың тауары шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуге мәлімделетін географиялық объект орналасқан мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы үшін - өтінім берушінің ерекше қасиеттері осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарды өндіретіндігі туралы мүше мемлекеттің уәкілетті органының қорытындысы;

      2) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы үшін - осындай тұлғаның тауар шығарылған мемлекетте Одақтың тауары шығарылған жердің мәлімделген атауын пайдалану құқығын растайтын құжат;

      3) Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім беру және өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде оның сараптамасы үшін баж төленгендігін растайтын құжаттар.

      4. Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім беру ведомствосының сараптама жүргізу тәртібі өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленеді.

      Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім бойынша өтінім беру ведомствосымен іс жүргізуді өтінім беруші дербес немесе өкіл арқылы, оның ішінде тиісті өтінім беру ведомствосында тіркелген патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

      5. Одақтың тауары шығарылған жердің атауы болып белгілі бір географиялық объектінің аумағынан шығарылған тауар ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін және бұл объектінің атауын қамтымаса да, ерекше қасиеті айрықша немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты осы белгілемені пайдалану нәтижесінде мәлім болған белгілеме танылуы мүмкін.

      Географиялық объектінің атауын білдіретін немесе қамтитын, бірақ кез келген мүше мемлекеттің аумағында белгілі бір түрдегі тауарды белгілеу ретінде жалпыға бірдей пайдалануға енген, оны өндіру орнымен байланысты емес белгі Одақтың тауары шығарылған жердің атауы болып танылмайды.

      6. Өтінім беруші Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім сараптамасының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдермен келіспеген кезде, ол шешімді алған күннен бастап 3 ай ішінде оған өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      7. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу және оны пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім немесе құқық беру туралы шешім қабылдаған өтінім беру ведомствосы 5 жұмыс күні ішінде өтінім берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді және ұлттық патенттік ведомстволарға Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркеу және (немесе) беру туралы осындай бажды төлеу үшін төлем деректемелерін, баж сомасын көрсете отырып, құжаттарды ұсыну туралы сұрау салулар жібереді.

      Ұлттық патенттік ведомстволар сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтінім беру ведомствосына Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркеу және (немесе) беру үшін баж сомасын және осындай бажды төлеу үшін төлем деректемелерін көрсете отырып, құжаттарды жібереді.

      Көрсетілген баждардың мөлшерлері мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленеді.

      Өтініш беруші Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін баждарды төлеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 1 ай ішінде өтінім беру ведомствосына Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін баждардың төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі және куәлік беру жүзеге асырылмайды, бұл жөнінде өтінім беру ведомствосы өтінім берушіге 5 жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.

      Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу және оны пайдалану құқығын беру туралы шешім (Одақтың тауары шығарылған жердің тіркелген атауын пайдалану құқығын беру туралы шешім) негізінде өтінім беру ведомствосы өтініш беруші Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті тіркегені және (немесе) бергені үшін баждардың төленгенін растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Одақтың тауары шығарылған жердің атауын Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне тіркейді және (немесе) Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік береді.

      Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне енгізілетін мәліметтер құрамы, сондай-ақ Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің нысаны және онда көрсетілетін мәліметтердің құрамы Нұсқаулықта айқындалады.

      Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміндегі мәліметтерге өзгерістер енгізу өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде баж төленген жағдайда жүзеге асырылады.

      Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлімдері мәліметтерінің анықтығы мен толықтығы үшін тиісті ақпаратты орналастырған ұлттық патенттік ведомстволар жауапты болады.

21-бап Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімі

      1. Осы Шартқа сәйкес тіркелген Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінім берілген күннен бастап 10 жыл бойы қолданыста болады.

      2. Осы Шарттың осы бабының 1-тармағында және 23-бабының 3-тармағында көрсетілген Одақ тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктердің қолданылу мерзімі осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тауар шығарылған мемлекетте Одақ тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы беретін шарттар сақталған кезде, олардың иелерінің өтінім беру ведомствосына тиісті куәлік қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтініштері бойынша 10 жылға ұзартылуы мүмкін.

      Куәліктің қолданылу мерзімі шектеусіз мәрте ұзартылуы мүмкін.

      3. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту осы Шарттың талаптарына сәйкес:

      1) құқық иеленушіде (мүше мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасында) - мүше мемлекеттің уәкілетті органының осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген құқық иеленуші куәлікте көрсетілген ерекше қасиеттерге ие тауарды тиісті географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындыны құқық иеленуші Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылуының соңғы жылы ішінде алуға тиіс;

      2) құқық иеленушіде (Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасында) - Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш берілген күні тауар шығарылған мемлекетте оның Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын растайтын құжат;

      3) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзартқаны үшін баждар төленгенін растайтын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.

      4. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін құқық иеленушінің өтінішхаты бойынша оған өтінім беру ведомствосы мемлекетінің заңнамасында белгіленген мөлшерде қосымша баж төленген жағдайда, осындай куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін 6 ай мерзім беріледі.

22-бап Одақтың тауары шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау

      1. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау өтінім беру ведомствосының осы Шартқа сәйкес Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне оны тіркеуі негізінде барлық мүше мемлекеттің аумақтарында бір мезгілде беріледі.

      2. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлігі жоқ тұлғалардың Одақтың тауары шығарылған жердің тіркелген атауын пайдалануына, тіпті егер бұл ретте тауардың нақты шығарылған жері немесе атауы аудармада, транслитерацияда және транскрипцияда не "түрі", "тұрпаты", "стилі", "тәсілі", "имитация", "әдісі" сияқты және соған ұқсас сөздермен тіркесе пайдаланылса да, сондай-ақ тұтынушыны тауардың шығарылған жеріне және ерекше қасиеттеріне қатысты жаңылыстыруға алып келетін кез келген тауарлар үшін ұқсас белгілемені пайдалануға жол берілмейді.

      3. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған немесе кез келген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Одақтың тауары шығарылған жердің атауын құқықтық қорғауды ұсыну жарамсыз деп танылған жағдайда, өтінім беру ведомствосы Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне тиісті жазбаны енгізуге міндетті.

23-бап Осы Шарт күшіне енгенге дейін тіркелген, тауар шығарылған жердің атауын тіркеу тәртібі

      1. Мүше мемлекеттер осы Шарт күшіне енгенге дейін тіркелген, тиісті ұлттық тізілімдердің мәліметтерін қамтитын, тауарлар шығарылған жерлер атауларының тізбелерін алмасуды жүзеге асырады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбелерді алмасу рәсімі аяқталғаннан кейін ұлттық құқық иеленушінің (құқық иеленушілердің) өтініш хаты бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген мөлшерде баждар төленген жағдайда, өтінім беру ведомствосы тауар шығарылған жердің атауын Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті береді.

      Осы Шарт күшіне енген күніне дейін тіркелген тауары шығарылған жердің атауын Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізіліміне тіркеу тәртібі, сондай-ақ Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану қүқығы туралы куэлікті беру тәртібі Нұсқаулықта айқындалады.

      3. Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік осы Шарт күшіне енген күнге дейін тіркелген мүше мемлекетте тауары шығарылған жердің осы атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзіміне беріледі. Егер тауары шығарылған жердің атауы осы Шарт күшіне енген күнге дейін бірнеше мүше мемлекетте тіркелген болса, Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік осы мерзім кешірек аяқталатын мүше мемлекетте тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзіміне беріледі және мұндай куәліктің қолданылу мерзімі осындай құқықтың қолданылу мерзімі басталған күннен бастап есептеледі.

IV тарау Қорытынды және өтпелі ережелер

24-бап Ақпараттық өзара іс-қимыл

      1. Одақтың тауар белгісіне өтінімдерге және Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімдерге қатысты құжаттар мен мәліметтер алмасу ұлттық патенттік ведомстволар арасындағы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Одақтың тауар белгісіне өтінімдерге және Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімдерге электрондық іс жүргізудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында мүше мемлекеттер осындай әрбір өтінімге бірыңғай электрондық іс және ұлттық патенттік ведомстволардың ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін құру үшін қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

25-бап

Баждар

      1. Мүше мемлекеттер Одақтың тауар белгілерін және Одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану кезінде заңдық маңызы бар әрекеттер түрлерінің және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекітетін, осындай заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны үшін баж мөлшерлемелерінің тізбесін негізге ала отырып, осы Шартқа сәйкес Одақтың тауар белгілерін және Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану кезінде заңдық маңызы бар әрекеттердің түрлерін, сондай-ақ осындай заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны үшін төленетін баждар мөлшерлерін белгілейді.

      2. Одақтың тауар белгілерін және Одақтың тауарлары шығарылған жерлердің атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану кезінде заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау кезінде төленетін баждардың мөлшерлеріне қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасына өзгерістер енгізуді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекітетін баждар мөлшерлерінің өзгерістері негізінде мүше мемлекеттер жүзеге асырады.

26-бап

Нұсқаулық

      1. Осы Шартты іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы Шарт күшіне енген күннен бастап 3 ай ішінде Нұсқаулықты бекітеді.

      2. Нұсқаулық:

      1) Одақтың тауар белгісіне өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды;

      2) Одақтың тауар белгісіне өтінімді беру және осындай өтінімге алдын ала сараптама жүргізу тәртібін;

      3) Одақтың тауар белгісі ретінде тіркеуге мәлімделген белгілемеге сараптама жүргізу тәртібін;

      4) Одақтың тауар белгісіне өтінімге өзгерістер енгізу тәртібін;

      5) Одақтың тауар белгісіне өтінімді Одақтың тауар белгісіне күші жойылған тіркеуді тауар белгісін тіркеудің ұлттық өтініміне, сондай-ақ тауар белгісін тіркеудің ұлттық өтінімді Одақтың тауар белгісі өтініміне өзгерту тәртібін;

      6) Одақтың ұжымдық белгісі мен Одақтың ұжымдық белгісіне өтінімді тиісінше Одақтың тауар белгісі мен Одақтың тауар белгісіне өтінімге және керісінше өзгертудің тәртібін;

      7) Одақтың тауар белгісін тіркеу және Одақтың тауар белгісіне куәлікті беру тәртібін;

      8) Одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін;

      9) Одақтың тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін;

      10) Одақтың тауар белгісін тіркеудің күшін жою тәртібін;

      11) Одақтың тауар белгісіне бұрын берілген өтінімнен тауар белгісіне өтінімді бөлу тәртібін;

      12) Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды;

      13) Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімді беру тәртібін;

      14) Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімге өзгерістер енгізу тәртібін;

      15) Одақтың тауары шығарылған жердің атауын тіркеу және Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлікті беру тәртібін;

      16) Одақтың тауарлары шығарылған жерлер атауларының бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін;

      17) Одақтың тауары шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін;

      18) іске асырылуы Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарын пайдалана отырып қамтамасыз етілетін, ұлттық патенттік ведомстволардың өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен ақпараттық өзара іс-қимылы, сондай-ақ осы Шарттың реттеу саласына жататын мәселелер бөлігінде ресми сайттың жұмыс істеу тәртібін;

      19) құжаттардың үлгілік нысандарын;

      20) осы Шарттың іске асырылуы үшін қажетті өзге де қағидаларды қамтиды.

27-бап Өзгерістер енгізу

      Осы Шартқа жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      Хаттамалар осы Шарттың 29-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.

28-бап Дауларды шешу тәртібі

      Осы Шартты түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес шешіледі.

29-бап

Осы Шарттың күшіне енуі

      1. Осы Шарт Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.

      2. Осы Шарт мүше мемлекеттердің осы Шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.

      Мүше мемлекеттер осы Шартты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар (ұйымдар) туралы дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлайды.

      3. Мүше мемлекеттер осы Шарттың 25-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияны өзінің заңнамасында заңдық маңызы бар әрекеттердің түрлерін және баждар мөлшерлерін белгілегені туралы жазбаша хабардар етеді.

      4. Одақтың тауар белгісіне өтінімдерді және Одақтың тауары шығарылған жердің атауына өтінімдерді қабылдау осы баптың 3-тармағында көзделген соңғы жазбаша хабарламаны Еуразиялық экономикалық комиссияны алған күнінен бастап жүзеге асырылады.

      2020 жылғы "3" ақпанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Шарттың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

      Армения Республикасының Үкіметі үшін
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

      Осымен бұл мәтін 2020 жылғы 3 ақпанда Мәскеу қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шарттың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:

      Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Виңе- премьер-министрі М.Г. Григорян;

      Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер- министрінің орынбасары И.В. Петришенко;

      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі А.Ә. Смайылов;

      Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Ж.П. Разаков;

      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасары - Ресей Федерациясының Қаржы министрі А.Г. Силуанов;

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясының
Құқықтық департамеитінің директоры
В.И.Тараскин

      2020 жылғы 3 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтық тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шарт мәтіні мен орыс тіліндегі мәтінінің теңтүпнұсқалылығын растаймын.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы
департаментінің директоры
М.Тулепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады