"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2021 жылғы 24 мамырдағы № 41-VII ҚРЗ.

      1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-бапта:

      "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "депутаттарының" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 1-тармағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-бапта:

      2-тармақ "депутаты" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 2) тармақшасы "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 5-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сайлаушылар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлауға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.";

      5) 6-бап "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 8-бап "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі.";

      8) 12-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Президенттi және Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеннiң нысаны мен мәтiнiн, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң нысанын, оларды дайындау тәртiбiн, сондай-ақ қорғалу дәрежесiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктердiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн белгiлейдi; Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi;";

      15) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-6) тармақша "депутаттарының" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 13-бапта:

      2-тармақтың 1) тармақшасы "депутаттарының" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн – он күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      10) 14-бапта:

      2) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды, шығып қалғандардың орнына аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды тағайындайды және өткізуді ұйымдастырады; аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жариялайды;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерiн белгiлейдi, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркейді және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабарды жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшiн жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын ұсынады;";

      10) тармақша "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 17-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөнiндегi учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейiн – он бес күннен кешiктiрiлмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.";

      12) 18-баптың 1) тармақшасы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 20-баптың 12-тармағының бірінші бөлігінде:

      1) тармақша "депутаттары" деген сөзден кейін ", аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 21-бапта:

      1-тармақ "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақ "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) 24-баптың 1-тармағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 28-баптың 3-тармағында:

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар телевизиядағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.";

      бесінші бөліктің үшінші сөйлемі "мәслихаттар депутаттарын" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 29-баптың бірінші бөлігі "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      18) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-1. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы мақсаттарға арналған бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.";

      "2-1. Жергілікті бюджет қаражатынан:

      1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттардың, сарапшылардың, электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне;

      3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес өткізілетін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;

      4) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көліктік шығыстарына;

      5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.

      Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттарға бөлінетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      19) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар және "Бәріне қарсымын" деген жол енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары және "Бәріне қарсымын" деген жол енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды жүргiзудiң тәртiбiн Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.";

      20) 38-баптың 1-тармағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 39-баптың 1-тармағы "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 40-баптың 1-тармағы "мәслихаттардың депутаттарын" деген сөздерден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 42-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі, 3-тармағындағы "кез келген белгі" деген сөздер "не "Бәріне қарсымын" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 43-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте бюллетеньдер әрбiр кандидат, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады.";

      3-тармақтың бірінші сөйлемі "партия" деген сөзден кейін ", "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) "Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер санын;";

      25) 44-бапта:

      2-тармақ "депутаттарын" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы хабарды тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап төрт күннен кешiктiрмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "кандидаттар үшін берілген дауыстар саны;" деген сөздерден кейін ""Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мәслихаттардың депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты," деген сөздер "мәслихаттардың депутаттары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса)," деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "берілген дауыс саны;" деген сөздерден кейін ""Бәріне қарсымын" деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мәслихаттар депутаттығына сайланған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, атқаратын қызметі (жұмысы), тұрғылықты жері," деген сөздер "сайланған мәслихаттар депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмысы), тұрғылықты жері," деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу

      Тиiстi сайлау комиссиялары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен, сайланған Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тiркеуді олардан жетi күн мерзiм iшiнде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттiң, Парламент, мәслихат депутатының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiш алынғаннан кейiн жүргізедi.";

      27) 46-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-бап. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлiгi мен төсбелгiсi, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің және өзге де жергiлiктi өзi-өзi басқару органы мүшесiнiң куәлiгi";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне – олардың әрқайсысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi куәлiгiн бередi.";

      28) 47-баптың 1 және 2-тармақтары "депутаттығына" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне" деген сөздермен толықтырылсын;

      29) 88-бапта:

      2-тармақтағы "жеті және одан да көп процентін" деген сөздер "бес және одан да көп пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      бірінші бөліктегі "бестен жетіге дейінгі процентін" деген сөздер "үштен беске дейінгі пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "үштен беске дейінгі процентін" деген сөздер "бірден үшке дейінгі пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "жеті процентін" деген сөздер "бес пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 97-1-бапта:

      1-тармақтағы "жеті және одан да көп процентін", "Жеті проценттік" деген сөздер тиісінше "бес және одан да көп пайызын", "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жеті процентін" деген сөздер "бес пайызын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөліктегі "Жеті проценттік" деген сөздер "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Жеті проценттік" деген сөздер "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеті проценттік" деген сөздер "бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 104-баптың 1-тармағында:

      үшінші бөліктегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "бестен жетіге" деген сөздер "үштен беске" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші бөліктегі "үштен беске" деген сөздер "бірден үшке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      алтыншы бөліктегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      32) 111-1-бапта:

      1-тармақтағы "жеті", "Жеті пайыздық" деген сөздер тиісінше "бес", "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақта:

      екінші бөліктегі "Жеті пайыздық" деген сөздер "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "Жеті пайыздық" деген сөздер "Бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігіндегі "жеті пайыздық" деген сөздер "бес пайыздық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) мынадай мазмұндағы 13-1-тараумен толықтырылсын:

      "13-1-тарау. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау

      113-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тағайындау

      1. Мыналар:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуы;

      2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе заңда белгіленген жағдайларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қайта ұйымдастырылуы сайлауды тағайындауға негіз болып табылады.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

      3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік қайта ұйымдастырылған күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және олар тағайындалған күннен бастап отыз күн ішінде өткізіледі.

      4. Сайлау күні туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      113-2-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне қойылатын талаптар

      Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат тізбесін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгілейтін қажетті құжаттарды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.

      113-3-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі жүргізеді.

      Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы.

      2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

      3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

      1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

      2) кандидаттың дауысқа түсуге келісуі туралы өтінішімен бірге тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.

      4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды.

      5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

      6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

      Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы.

      113-4-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатты қолдап қол жинау

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз дауысымен қолдау табуға тиіс.

      2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады.

      3. Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді.

      4. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер:

      1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

      2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;

      3) туған күні, айы және жылы;

      4) тұрғылықты жерінің мекенжайы;

      5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.

      5. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.

      6. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.

      7. Толтырылған қол қою парақтары тиісінше аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күндік мерзімде паспорт қызметтерінің жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.

      8. Қойылған қолдардың анықтығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатқа қажеттi мөлшерде қолдардың анықтығы белгіленгенге дейiн жүргізiледi.

      113-5-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу

      1. Кандидаттарды тіркеуді аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

      2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      Кандидатты ұсынған саяси партия ұсынылған әрбір кандидат үшін өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

      3. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

      Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде тексереді.

      Бұл ретте кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынуы туралы мемлекеттік кіріс органдарының талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде ұсынуға міндетті.

      4. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап кандидаттың құжаттарын арнаулы тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

      Арнаулы тексерудің нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан құжаттарды алған кезден бастап отыз күн ішінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.

      Бұл ретте арнаулы тексеру барысында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтерді ұсыну туралы талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде ұсынуға міндетті.

      5. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

      2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

      5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнаулы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      6. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнаулы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      7. Осы Конституциялық заңның 113-3-бабының 6-тармағында көзделген тәртіппен аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуы;

      2) азаматтың аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініші;

      3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

      4) кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

      5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнаулы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

      8. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.

      9. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің мекенжайын, ұсынылу тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға тиесілілігі мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабарды жариялайды.

      10. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді.

      11. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

      1) кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

      2) кандидат өзіне осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

      3) кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

      4) кандидат, сондай-ақ кандидатты ұсынатын саяси партия сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні не оның алдындағы күні жүргізген;

      5) сот кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

      6) сот кандидаттың және оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

      7) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларацияны беру кезінде кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;

      8) арнаулы тексерудің теріс нәтижелері алынған;

      9) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      12. Дауыс беру күніне екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

      13. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидаттарды ұсынған саяси партия, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі немесе кандидат үш күндік мерзімде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады. Шағым бойынша шешімді сот немесе жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шағым берілген күннен бастап үш күндік мерзімде шығарады.

      14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

      113-6-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

      1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беруге дейін екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне саяси партия немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге дейін екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімін хабардар етеді.

      2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі тіркеуге дейін екі күн бұрын кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      113-7-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну

      1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күнге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспайды.

      2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат қалған жағдайда, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспайды.

      3. Бұл жағдайларда кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      113-8-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау кезінде дауыстарды санау

      1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына жеткізіледі.

      2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-9-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қайта сайлау

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол тізімі бойынша жүргізіледі.

      Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.

      113-10-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау

      1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күндік мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

      Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      2. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып сайланды деп есептеледі.

      3. Сайлау қорытындыларын белгілеудің және жариялаудың өзге де мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

      113-11-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркеу

      1. Тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайланған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде тіркейді.

      2. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзушылық орын алса, тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың жолданымдары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын жарамсыз деп тани алады және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте кандидаттар аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының осы шешіміне қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күн мерзімде шешім қабылдайды.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады