"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 24 маусымдағы № 53-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):

      1) мазмұны алып тасталсын;

      2) 13-баптың 2-тармағындағы "жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 67-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы ", мына құжаттардың бірінің" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшасындағы "келісімнің негізінде жүзеге асырылады." деген сөздер "келісімнің;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда – арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне ауысқан кезде онда көрсетілген келісімнің негізінде жүзеге асырылады.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын және осындай қосымшада кірісті жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есептелген және төленген соңғы ай күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде көрсетпеген;";

      2) тармақшадағы "2) тармақшасында көзделген негіз бойынша" деген сөздер "2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің төртінші абзацы "1)" деген цифрдан кейін ", 1-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "1)" деген цифрдан кейін ", 1-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      4) 79-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарлама арнаулы мобильді қосымша арқылы жіберілуі мүмкін.";

      5) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасында:

      "веб-қосымшаға" деген сөздер "веб-қосымшаға және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "іс-қимыл жасайтын" деген сөздер "іс-қимыл жасайтын және (немесе) арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 118-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салықтық берешегін өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасын салық төлеушінің (салық агентінің) өтеуі екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осындай салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастауы үшін негіз болып табылады.

      Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салықтық берешек өтелген күні банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің күші жойылғанға дейін қайта бастайды.";

      7) 166-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасындағы "ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды." деген сөздер "ақшалай есеп айырысуларына;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) арнаулы мобильді қосымша арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларға қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының талап етуі бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірін де қамтуға тиіс.";

      8) 190-баптың 7-тармағындағы "Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде" деген сөздер "Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 213-баптың 7-тармағының 1) тармақшасы "субъектілері үшін" деген сөздерден кейін "немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      14) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры жүзеге асырылған кепілдік төлемдер жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;";

      11) 242-баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында аталған тұлғалардан құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және азаматтық-құқықтық мәміле жасау күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын осындай мәміле бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезде оларға байланысты шығыстар бойынша шегерімдер осы баптың 3-тармағының ережелері сақталған және электрондық нысандағы шот-фактура немесе деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі қамтылған чегі болған жағдайда жүргізіледі, бұл ретте бұған:";

      12) 246-баптың 4-тармағында:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзац "Д" деген әріптен кейін "+Е" деген әріппен толықтырылсын;

      үшінші абзац "Д" деген әріптен кейін ", Е" деген әріппен толықтырылсын;

      төртінші абзацтағы "Д көрсеткішіне" деген сөздер "Д және Е көрсеткіштеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Е – мынадай:

      ұстаушылары бас компания болып табылатын еншілес ұйымдардың борыштық бағалы қағаздары бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан сыйлықақыны есепке ала отырып) түріндегі;

      еншілес ұйымдардың бас компаниядан алған қарыздары бойынша сыйақы сомасы;";

      екінші бөлік "Д" деген әріптен кейін ", Е" деген әріппен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін жалғыз қатысушысы ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын ұлттық компания, әрбір еншілес ұйымдағы акциялардың (қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық компанияға тиесілі болатын жағдайда, бас компания болып табылады.";

      13) 256-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

      14) 257-баптың 2-тармағы "10)" деген цифрлардан кейін ", 10-2)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      15) 266-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес салық салынатын кірісті азайту жүргізілген активтер.";

      16) 274-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі 6) тармақшасындағы "болып табылмаса, преференциялар объектілеріне жатқызылады." деген сөздер "болып табылмаса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес салық салынатын кірісті азайту жүргізілген активтер болып табылмаса, преференциялар объектілеріне жатқызылады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігіндегі "Преференцияларды қолдану мақсаттары үшін," деген сөздер "Осы баптың мақсаттарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 288-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері – мүгедек; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа да заңды өкілдер; зейнеткерлер мен зейнеткерлік жас алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде); жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар; қандас болып табылатын жұмыскерлерді кәсібін игеру бойынша оқытуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға ақы төлеуге жұмсалған шығыстар, бірақ салықтық кезең үшін бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген жұмыскердің мәртебесі өзгерген кезде салық салынатын кіріс мөлшерінің азаюы жұмыскер мүгедек; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана және басқа заңды өкіл; зейнеткер мен зейнеткерлік жас алдындағы азамат (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде); жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушісі және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлегі; босатылғаннан кейін он екі ай ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адам; қандас болған салықтық кезеңдегі айлардың үлес салмағы негізге алына отырып жүргізіледі.

      Жұмыскерге қатысты салықтық кезеңде салық салынатын кірісті азайту қолданылған кезде келесі салықтық кезеңдерге мұндай азайту қолданылмайды;";

      "7) осы Кодекстің 274-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды сатып алу немесе салу шығыстарын азайтуға құқығы бар.

      Осы тармақшаның ережелерін қызметін өңдеу өнеркәсібінде жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес есепті салықтық кезең үшін салық салынатын кіріс сомасынан аспайтын сомада қолданады.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген активтер осы Кодекстің 7-бөлімінің 3-параграфына сәйкес тіркелген активтер деп танылмайды және осы Кодекстің 7-бөлімінің 4-параграфын қолдану мақсатында преференциялар объектісі болып табылмайды.";

      18) 319-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізуге байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);";

      19) 341-баптың 1-тармағының 23) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;";

      20) 350-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-2) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

      21) 399-баптың 1-тармағы 15) тармақшасының төртінші абзацы "еркін қойма" деген сөздерден кейін "немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 411-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша – құрылған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелген кезден бастап екі жыл ішінде.

      Бұл ретте өндірілген өнім жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталуға тиіс.

      Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімге қолданылады.

      Индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган тиісті уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін не Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппайтын өнімнің тізбесін 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021 жылғы 20 шілдеден кешіктірмей және кейіннен жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша тиісті жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей жариялайды.

      Осы тармақшаның ережелері өңдеу өнеркәсібінде (металлургия өнеркәсібін қоспағанда) өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін ғимараттарды, құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға беретін заңды тұлғаларға қолданылады.";

      3-тармақта:

      "Егер заңды" деген сөздер "Егер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "1) және 3)" деген сөздер "1), 3) және 4)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 412-бапта:

      13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2), 5) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактура жазып беру:

      1) сатып алынған тауарды жеке, отбасылық, үй ішінде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де пайдалану (түпкілікті тұтыну) мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларға;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке немесе заңды тұлғаларға өткізген кезде талап етілмейді.";

      14-тармақтың бірінші бөлігіндегі "13-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "13-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 444-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сатып алынған тауарлардың құнын айқындау үшін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бағалардың ең төмен деңгейі қолданылады.

      Бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      25) 451-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацы "еркін қойма" деген сөздерден кейін "немесе "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағының еркін кедендік аймағы" деген сөздермен толықтырылсын;

      26) 482-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданатындар;";

      27) 521-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Егер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының бірнеше ережесіне сәйкес келсе, онда осы бапта белгіленген ең төмен мөлшерлемелердің бірі қолданылады.";

      28) 554-баптың 4-тармағының кестесіндегі 1.36-жол алып тасталсын;

      29) 69-тарау мынадай мазмұндағы 11-параграфпен толықтырылсын:

      "11-параграф. Цифрлық майнинг үшін төлемақы

      606-1-бап. Жалпы ережелер

      1. Цифрлық майнинг үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – төлемақы) цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін алынады.

      2. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға төлемақы төлеушілер туралы мәліметтерді ұсынады.

      606-2-бап. Төлемақы төлеушілер

      Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

      606-3-бап. Төлемақы мөлшерлемесі

      Төлемақы мөлшерлемесі цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады.

      606-4-бап. Салықтық кезең

      Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.

      606-5-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

      1. Төлемақы сомасын төлемақы төлеушілер цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемдерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.

      2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді.";

      30) 678-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы төртінші абзацындағы "режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;" деген сөздер "режимін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;";

      31) 679-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен, патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерінен – оңайлатылған декларация негізінде;";

      32) 680-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданған кезде – жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді;";

      2-тармақтың екінші бөлігі "негізінде" деген сөзден кейін "немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      33) 681-бапта:

      тақырыптағы "Патенттің немесе оңайлатылған декларацияның негізінде" деген сөздер "Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "Салық төлеушінің патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын" деген сөздер "Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "патент немесе оңайлатылған декларация негізінде" деген сөздер "патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасының екінші абзацында:

      "2-параграфына" деген сөздер "2 және 2-1-параграфтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "негізінде" деген сөзден кейін "немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      34) 683-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы бірінші бөлігінің екінші абзацы "негізінде" деген сөзден кейін "немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "немесе оңайлатылған декларация негізінде" деген сөздер ", оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 684-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Күнтізбелік жыл патент негізінде тіркелген шегерім немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең болып табылады.

      Күнтізбелік ай арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеу жүргізілетін кезең болып табылады.";

      36) 77-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:

      "2-1-параграф. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі

      686-1-бап. Арнаулы мобильді қосымша

      1. Арнаулы мобильді қосымша – осы параграфта белгіленген арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың оңайлатылған тәртібін қолдану, салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою (осындай тіркеу есебінен шығару) мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша.

      Арнаулы салық режимдерін қолдану кезінде салықтық міндеттемелерді және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындау мақсаттары үшін арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      2. Арнаулы мобильді қосымшада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы (клиент), алушы арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.

      3. Арнаулы мобильді қосымшаның чегі мынадай ақпаратты:

      1) салық төлеушінің атауын;

      2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;

      3) арнаулы мобильді қосымша чегінің реттік нөмірін;

      4) жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауын, оның сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

      Осы тармақшада көрсетілген ақпарат жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның талап етуі бойынша, белгілі бір шығыстарға шегерімдерді растау мақсатында толтырылады;

      5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;

      6) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);

      7) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;

      8) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);

      9) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;

      10) арнаулы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-кодты қамтиды.

      4. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, олардың мобильді қосымшасын пайдаланған кезде электрондық алаңдардың операторына арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.

      Осы бапта электрондық алаң операторы деп Интернетте орналастырылған, электрондық форматта делдалдық қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған ақпараттық жүйелердің операторы түсініледі.

      5. Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.

      6. Арнаулы мобильді қосымшаның чегін салық төлеуші қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені (құрылғыны) пайдаланып есеп айырысу кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына беруге тиіс.

      Қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысулардың өзге нысандары кезінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі есеп айырысулар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қалыптастырылуға және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына берілуге тиіс.

      7. Арнаулы мобильді қосымша арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде кірістер тізілімін қалыптастырады.

      8. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.

      686-2-бап. Қолдану тәртібі

      1. Осы Кодекстің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:

      1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

      2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;

      3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:

      сылақ жұмыстарын;

      ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;

      еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;

      бояу және шынылау жұмыстарын;

      такси қызметін;

      автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

      сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;

      фотография саласындағы қызметті;

      аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

      мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);

      бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;

      өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);

      ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;

      спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;

      өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

      қосалқы білім беру қызметтерін;

      өнер саласындағы қызметті;

      компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;

      коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

      жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;

      шаштараз қызметтерін;

      маникюрді және педикюрді;

      ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;

      жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;

      музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;

      үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын;

      4) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.

      2. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.

      3. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.

      686-3-бап. Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібі және оларды төлеу

      1. Жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

      2. Әлеуметтік төлемдерді есептеу "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      3. Жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеу арнаулы мобильді қосымша арқылы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.";

      37) 696-1-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлерінің тек біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, қолдануға құқылы.";

      3-тармақтағы "3 пайыз" деген сөздер "6 пайыз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін:

      заңды тұлға – осы Кодекстің 225240-баптарына сәйкес;

      дара кәсіпкер – осы Кодекстің 226240-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтық кезең үшін жиынтық түрде айқындайтын, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алған (алынуға жататын) кіріс салық салу объектісі болып табылады.".

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 30-2-баптың екінші абзацы "10)" деген цифрлардан кейін ", 10-1)" деген цифрлармен толықтырылсын;

      2) 33-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы қырқыншы, бес жүз он бесінші және алты жүз жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "10-1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуіне байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);";

      "Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;";

      "Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;";

      жеті жүз алпыс сегізінші абзацтағы "немесе оңайлатылған декларация негізінде" деген сөздер ", оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      сегіз жүз он екінші абзацтағы "немесе оңайлатылған декларация негізінде" деген сөздер ", оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 57-7-баптың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында:

      "жыл" деген сөз "және 2020 жылдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2020" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының редакциясында жазылған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 351-бабы 3-тармағының ережесіне қарамастан, салық агенті төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей жүргізеді деп белгіленсін.

      Осы баптың ережелері 2021 жылғы 1 шілдеге бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.

      3-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 487-бабы 1-тармағының ережелеріне қарамастан, төлеуші төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын әлеуметтік салықты төлеуді 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей жүргізеді деп белгіленсін.

      Осы баптың ережелері 2021 жылғы 1 шілдеге бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.

      4-бап. Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын;

      2) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 14) және 22) тармақшаларын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші – жетінші абзацтарын;

      3) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бесінші – жетінші абзацтарын, 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 23), 24), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшаларын, 2-тармағы 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;

      4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағының 37) тармақшасын;

      5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 18), 19) және 20) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады