Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 26 маусымдағы № 56-VII ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнаулы оқу және жеке дамыту бағдарламаларын, оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) диагностика – балалардың ауруының болу немесе болмау фактісін анықтауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;";

      8) тармақшадағы "медициналық психологиялық-педагогикалық" деген сөздер алып тасталсын;

      12) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау – мүмкіндігі шектеулі балаларға тұрмыс-тiршiлiгiндегi шектелудi еңсеру және оның орнын толтыру үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ететiн және оларға басқа азаматтармен бiрдей қоғам өмiрiне қатысу мүмкiндiктерiн жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтiк, медициналық және бiлiм беру қызметтерiн ұсынатын бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметi;";

      14) және 16) тармақшалар алып тасталсын;

      17) тармақшадағы "кемтар", "оларды" деген сөздер тиісінше "мүмкіндігі шектеулі", "оларды психологиялық-педагогикалық қолдау," деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) тармақша алып тасталсын;

      2) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында "қатер" тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және скрининг нәтижелері мен "қатер" тобындағы балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындайды;";

      4) 6-бапта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бiлiм алу үшін арнаулы жағдайлардың бірыңғай қағидаттары мен нормативтерiн айқындайды;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      5) 8-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (объектілерінде), медициналық-санитариялық алғашқы көмек және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында скрининг ұйымдастырады;

      4) скрининг нәтижелерiн және "қатер" тобындағы балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісуімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберудi қамтамасыз етедi;";

      6) 9-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Медициналық қызметтерді профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.";

      3-тармақтағы "Кемтар", "заңдарында", "арнаулы түзеу ұйымдары" деген сөздер тиісінше "Мүмкіндігі шектеулі", "заңнамасында", "білім беру ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне:

      1) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында балаларды тереңдетіп және кешенді зерттеп-қарау;

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау;

      3) арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбие беру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін өзге де қызметтер жатады.";

      7) 10-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы болып табылады.";

      2-тармақтағы "кемтар балаларды арнаулы түзеу" деген сөздер "мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 11-бапта:

      1-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Арнаулы білім беру ұйымдары ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да балама қаріптерді және қарым-қатынас әдістерін пайдалана отырып, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көруі және (немесе) естуі және (немесе) сөйлеуі бұзылған балалардың білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасайды.";

      9) 14-баптың 3-тармағындағы "Кемтар", ", арнаулы түзеу ұйымдарында жүзеге асырылады" деген сөздер тиісінше "Мүмкіндігі шектеулі", "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 15-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшадағы "мемлекеттiк медициналық ұйымдарда", "заңдарында", "тексерілуге" деген сөздер тиісінше "денсаулық сақтау субъектілерінде", "заңнамасында", "зерттеп-қаралуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында" деген сөздер "білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "оқу орындарында" деген сөздер "білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      15-баптың 3-тармағындағы "Арнаулы", "кемтар", "береді" деген сөздер тиісінше "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес арнаулы", "мүмкіндігі шектеулі", "бөлінеді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 9-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 29-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

      4. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      7-4), 19-2) және 19-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-4) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;";

      "19-2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);

      19-3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 19-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-4) ерекше мәртебе – Қазақстан Республикасының Президенті жеке адамды тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін беретін, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының мәртебесі;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жалпы білім беретін мектеп – білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, арнаулы оқу мен жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;";

      42-1) тармақша "бағдарламаларын" деген сөзден кейін ", жеке дамыту бағдарламаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      45) тармақша "орта білім беру," деген сөздерден кейін "мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 45-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "45-3) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілеттерін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған көрсетілетін қызметтер мен іс-шаралар кешені;";

      49-2) тармақша "бастауыш" деген сөздің алдынан "мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың," деген сөздермен толықтырылсын;

      50-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-3) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет;";

      мынадай мазмұндағы 50-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-4) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;";

      2) 5-бапта:

      бірінші бөлікте:

      11) тармақша "бастауыш" деген сөздің алдынан "мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-3) және 11-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-3) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      11-4) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      19-1) тармақшадағы "мектепке дейінгі" деген сөздер "мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту бағдарламаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) тармақшадағы "конкурстық" деген сөз алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 43-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "43-4) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      екінші бөлік:

      "11-1)," деген цифрлардан кейін "11-3), 11-4)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "43-2)," деген цифрлардан кейін "43-4)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 6-бапта:

      2-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;";

      24-11) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-5) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді және орналастырады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, мемлекеттік құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";

      4) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Мемлекет ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру жүйесі ұсынған шекте білім алу нысанын таңдау құқығын беруді қоса алғанда, олардың өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің барлық деңгейлерінде өмір бойы оқуын жалғастыруына, өздерінің қабілеттерін еркін дамытуына жағдайлар жасайды.";

      5) 11-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау болып табылады.";

      6) 14-бапта:

      2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы оқу бағдарламалары әзірленеді.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Білім беру ұйымдары ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқыту үшін білім беру бағдарламаларын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдейді.";

      7) 19-бапта:

      1-тармақта:

      "мектепке дейінгі" деген сөздерден кейін "тәрбие беру мен оқытудың" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды (балаларды)" деген сөздер "мүмкіндігі шектеулі балаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "арнайы білім беру ұйымдарында" деген сөздер "арнаулы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі ұйымдарда," деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бiлiм беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балаларды, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi ұйымдарға және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында айқындалады.";

      9) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.

      Мүмкіндігі шектеулі балалар орта білім алу үшін алты – он жастан білім беру ұйымдарына қабылдана алады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте білім беру бағдарламаларына сәйкес бастауыш және негізгі орта білім алудың ұзақтығы он жылдан кем болмауға тиіс.";

      10) 43-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;

      2-4) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;";

      "13-1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасау;";

      мынадай мазмұндағы 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеп-қарау және консультация беру бағдарламаларын іске асырады.

      6-3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтары түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.";

      11) 44-бапта:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау олардың кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу мерзімдері мен шарттары мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында айқындалады.";

      9-3-тармақ алып тасталсын;

      12) 45-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны;";

      13) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-3-тармақпен толықтырылсын:

      "6-3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.";

      14) 64-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, білім беру ұйымдарын иеліктен шығару";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен мемлекет жүз пайыз қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары иеліктен шығаруға жатпайды.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 10) және 12) тармақшаларын;

      2) 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын және 13) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады