2021 жылғы 30 қарашада "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Президентімен (№ 76-VII тіркелген) қол қойылды.
Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 2022 жылы 2 400 млрд. теңге, 2023 жылы 2 200 млрд. теңге, 2024 жылы 2 000 млрд. теңге соммасында айқындалды. Қаражаттар ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталатын болады.