1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 маусымдағы № 124 Заңы.

      1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы 2021 жылғы 4 наурызда жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма
  Ресми куәландырылған мәтін

1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп есептейді.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекеттер басшылары кеңесінің, Үкіметтер басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсімдері қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен орыс тілінде жасалды.

Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін

Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Армения Республикасының
Үкіметі үшін
Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін
К.Расулзода
2021 жылғы 4 наурыз
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
С.Румас
2019 жылғы 1 сәуір
Түркіменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
А. Мамин
2021 жылғы 12 қаңтар
Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін
А.Арипов
2019 жылғы 2 тамыз
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Украина Үкіметі үшін
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттер басшылары кеңесінің, Үкіметтер басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсімдері қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен қол қойылған, 1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманың көшірмесімен сәйкес болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Хаттаманың түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.

      ТМД Атқарушы комитеті
төрағасының орынбасары
Б.М. Жұмаханов

      Орысшадан қазақ тіліне аудармасы сәйкес келеді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры

      Ғ.М. Аманов____________________

  2022 ж. "__"________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады