Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 маусымдағы № 127 Заңы.

      2020 жылғы 16 шілдеде Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі

      2014 жылғы 29 мамырдғы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты басшылыққа ала отырып,

      мұнай өнімдерін беру және еуразиялық экономикалық интеграция жолында ілгерілеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мүдделілігін негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім Армения Республикасына мұнайды, электр энергиясын, табиғи газды және көмірді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 27-тобында сыныпталатын тауарларды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар) беру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың шарттарын айқындайды.

      Тараптар арасындағы ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды беру саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделген және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне зиян тигізбеуге тиіс.

      ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 43-тарауына сәйкес Тараптардың кедендік декларациялауына жатады.

2-бап

      1. Қызметті үйлестіру және осы Келісімнің орындалуын бақылау үшін Тараптар мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:

      Қазақстан тарапынан - көмірсутектерді және ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды өндіру саласындағы құзыретті орган;

      Армения тарапынан - Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрлігі.

      2. Осы Келісімнің шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар тасымалын жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымдар мыналар болып табылады:

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚТЖ" ҰК" АҚ);

      "ҚТЖ-Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ұлттық жүк тасымалдаушы);

      "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ақтау порты);

      "Құрық порты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Құрық порты).

      3. Құзыретті органдар, уәкілетті ұйымдар немесе олардың атаулары өзгерген жағдайда, Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

3-бап

      1. Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 (бірінші) желтоқсанына дейін ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан Армения Республикасына беру көлемдерін қоса алғанда, Армения Республикасының аумағында ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды өндіру, ішкі тұтыну, беру, импорттау және экспорттау балансын (бұдан әрі - индикативтік баланстар) жасайды.

      2. Тараптардың құзыретті органдары қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ратификациялауға жатпайтын және күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап етпейтін ведомствоаралық Хаттама жасасу арқылы ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлардың тізбесін бекітеді.

4-бап

      1. Тараптар осы Келісімге сәйкес уәкілетті ұйымдарды тарта отырып, Тараптардың мемлекеттері шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (резиденттерінің) Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлардың тізбесіне сәйкес беруді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.

      2. Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына индикативтік баланстарда көзделген көлемдерде ішкі тұтыну үшін берілетін, Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларға қатысты Қазақстан тарапы ЕАЭО туралы шарттың 28-бабына сәйкес кедендік әкету баждарын алмайды.

      3. Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды ағымдағы күнтізбелік жылға арналған индикативтік баланстарда көзделген көлемдерден артық беруге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына Тізбеде бекітілмеген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын, сондай-ақ индикативтік баланстарда көзделмеген тауарларды беруге тыйым салынады.

      4. Форс-мажор (Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарындағы және/немесе Қазақстан Республикасының құбыржолы көлігіндегі тоқтау, іркіліс, авариялар) туындаған жағдайларда Қазақстан тарапының құзыретті органы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына әкетуге уақытша шектеулер белгілеуге құқылы.

      Қазақстан тарапының құзыретті органы ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына әкетуге уақытша шектеу енгізгенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жібереді, сондай-ақ Армения тарапының құзыретті органына осы шара туралы ақпарат береді.

5-бап

      Қазақстан тарапының құзыретті органы ай сайын жоспарланған айдың алдындағы айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін мұнай берушілердің өтінімдері және мұнай өнімдерін өндіру мен тұтынудың ішкі балансы негізінде мұнай өнімдерін индикативтік баланстан аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарынан Армения Республикасына өнім беру жоспарын бекітеді.

      Өнім берушілер мәлімдеген көлемдердің арақатынасы Тараптардың индикативтік баланстарында бекітілген көлемдерден асып кеткен кезде өнім беру жоспары мұнай берушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарындағы өңдеу көлемдері шегіндегі өтінімдерге тікелей пропорционалды түрде бөлінеді.

6-бап

      1. Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды тиеп-жөнелту өнім беру жоспарында жөнелту (Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарының) және межелі станцияның атауы, жүк жөнелтушінің, жүктің атауы және тиеп-жөнелту көлемі көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарынан теміржол станциялары/порттар арқылы жүзеге асырылады.

      2. Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды тасымалдау:

      - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігінің Орталық кеңесі жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылға бекітетін Пойыздарды қалыптастыру жоспарына сәйкес мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесінде орналасқан теміржол өткізу пункттері арқылы;

      - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ақтау/Құрық порттары арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына тасымалдау теміржол, теңіз және автомобиль көлігі/ түрлерімен жүзеге асырылады.

      4. Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тасымалдауға арналған өтінімдерін қабылдауды ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды беру жоспары негізінде Қазақстан тарапының ұлттық жүк тасымалдаушысы, сондай-ақ Ақтау және/немесе Құрық порттары атынан уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілер өнім беру жоспарында жоқ және/немесе Тізбеде бекітілмеген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды тасымалдауға арналған өтінімдерді берген жағдайда. уәкілетті ұйымдар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды Армения Республикасына тасымалдауға арналған өтінімдерін қабылдамайды.

      5. Қазақстан тарапының құзыретті органы Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды беру жоспары бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымдарына осы Келісімнің 5-бабында көрсетілген ай сайынғы өнім беру жоспарын жібереді.

      6. Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымдары ай сайынғы өнім беру жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органы бекіткен Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды тасымалдау жоспарын қалыптастырады.

      7. "Оңтүстік-Кавказ теміржолы" мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйеге "ҚТЖ" ҰК" АҚ-дан өздеріне келіп түскен өтінімдерді келісуге сұрау салу келіп түскен кезде Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды тиеп-жөнелту жоспарын келісуді күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жүргізеді. Ұлттық жүк тасымалдаушы жүк тиеп-жөнелтілгеннен кейін Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша қабылдауды және межелі станцияларға дейін жеткізуді жүзеге асырады.

      8. Тараптардың жүк жөнелтушілері мен жүк алушыларының тасымалдау шартын жүру жолынада өзгертуге өтінім беруіне және мәлімделген межелі пунктті/станцияны өзгертуді (басқа мекенжайға жіберуді) жүзеге асыруына тыйым салынады.

      Жүк алушының межелі станцияға жүк келгеннен кейін және межелі елдің аумағында ғана тасымалдау шартын, межелі пунктті/станцияны өзгертуге (басқа мекенжайға жіберуге) өтінім беруге құқығы бар.

      9. Тараптардың жүк жөнелтушілері мен жүк алушылары Тараптар мемлекеттерінің салық заңнамасына сәйкес шот-фактуралар, сондай-ақ ЕАЭО туралы шарттың 18-қосымшасына сәйкес тауарға ілеспе және өзге де құжаттар арқылы жүктің тасымалданғанын/өткізілгенін растайды.

      10. Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымдары есепті айдан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күніне дейін ақпараттың жүйелерді пайдалана отырып, Қазақстан тарапының құзыретті органына Бірыңғай тарифтік-статистикалық жүк номенклатурасының жүк номенклатуралары бойынша өнім беру жоспарына сәйкес тиеп-жөнелту көлемдері туралы есепті ұсынады.

7-бап

      1. Осы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына кедендік әкету баждары алынбай берілетін Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлар Армения Республикасының аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне әкетуге жатпайды.

      2. Қазақстан тарапы Армения Республикасының осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтған жағдайда, Тараптар осы Келісімнің 9-бабына сәйкес келіссөздер мен консультациялар өткізеді.

      Егер Тараптардың келіссөздері мен консультацияларының қорытындылары бойынша Қазақстан тарапы Армения тарапына бұзушылық фактісін анықтау туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы жіберген күнінен бастап күнтізбелік 2 (екі) ай ішінде өзара қолайлы уағдаластыққа қол жеткізілмеген болса, Қазақстан тарапы Армения Республикасына Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын осы Келісімде көзделген тауарлардың бажсыз берілуіне тыйым салу және/немесе оны тоқтата тұру және/немесе қысқарту құқығын өзіне қалдырады, сондай-ақ осы бапқа сәйкес іс-шараларды қолдану құқығын өзіне қалдырады.

      Осы баптың 1-тармағында көзделген бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша Армения тарапы Қазақстан тарапына әкетілген және кері экспортталған тауарларға қатысты бұзушылық фактісі анықталған күнге Қазақстан Республикасында қолданылған кедендік әкету баждарының көлеміне баламалы АҚШ долларымен есептелетін өтемақы сомасын төлейді.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтемақы сомасы Армения тарапының құзыретті органы дипломатиялық арналар арқылы әкету және кері экспорттау фактісін анықтау туралы жазбаша хабарламаны және Қазақстан тарапына әкетілген және кері экспортталатын тауарлар үшін өтемақы сомаларын төлеу талабын алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде Армения тарапы Қазақстан тарапының пайдасына ақшалай нысанда төлеуге тиіс.

      4. Армения тарапы осы баптың 2-тармағында көзделген соманы төлемеген жағдайда, көрсетілген сома Армения Республикасының Қазақстан Республикасының алдындағы мемлекеттік борышы деп танылады.

      Мемлекеттік борыштың көрсетілген сомасына пайыздарды есепке жазудың тиісті кезеңі басталған күнге дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша күн сайынғы негізде пайыздар есептеледі және Армения тарапы тоқсан сайын төлейді. Пайыздарды соңғы төлеу мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу үшін соңғы төлеммен бір мезгілде жүргізіледі. Пайыздар 360 күндік жылда (база - 365/360) өткен күндердің нақты санын негізге ала отырып есептеледі.

8-бап

      1. Армения тарапы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейін Қазақстан тарапына белгіленген тәртіппен 9 (тоғыз) айдағы индикативтік баланстардың орындалуы туралы және ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде олардың күтілетін орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ келесі күнтізбелік жылға арналған индикативтік баланстарды қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды ұсынады.

      2. Тараптардың құзыретті органдары ағымдғы күнтізбелік жылдың 31 (отыз бірінші) қаңтарына дейін Тізбеде бекітілген, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарлардың экспорты мен импорты туралы статистикаға қатысты Армения Республикасының Қазақстан Республикасымен және үшінші мемлекеттермен өзара саудасының статистикасын салыстыруды жүргізеді.

9-бап

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге, Тараптардың бірінің осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындауы үшін кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауына байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.

10-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделеді.

11-бап

      1. Осы Келісім бір Тарап екінші Тараптың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.

      2. Осы Келісім 2024 жылғы 31 (отыз бірінші) желтоқсанға дейін қолданылады, егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапты осы Келісімнің қолданылуының бастапқы мерзімі өткенге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын оның қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабардар етпесе, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 (бес) жылға ұзартылады.

      2020 жылғы "16" шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтіннің күші бірдей.

      Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Армения РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады