ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 32-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы "тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен" деген сөздер "тұрғынжайға, үй-жайға басып кірумен, не тұрғынжайға, үй-жайға өрт қоюмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 147-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы "өңдеу" деген сөзден кейін "(таратуды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы "мақсатында жасаған" деген сөздерден кейін ", сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз тарату не өзге де дербес деректердi заңсыз тарату нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру –
үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, оның ішінде Интернет арқылы, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасау –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
3) 286-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "атыс қаруын," деген сөздерден кейін "газды пистолетті және револьверді, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, үрлемелі қуаты 7,5 Джоульдан жоғары пневматикалық қаруды, оқсыз атылатын, белгі беретін және лақтырылатын қаруды, олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін," деген сөздермен толықтырылсын;
4) 288-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жинақтаушы бөлшектерiн" деген сөздер "негізгі (құрамдас) бөліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 291-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "жинақтаушы бөлшектерiн" деген сөздер "негізгі (құрамдас) бөліктерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 370-1 және 370-2-баптармен толықтырылсын:
"370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі
Құқық қорғау органында немесе арнаулы мемлекеттік органда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе, –
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта:
құқық қорғау органының өзге басшысы деп құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген органының не оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі;
арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысы деп арнаулы мемлекеттік орган ведомствосының, аумақтық органының, мемлекеттік мекемесінің, оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі.
370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрықты орындаудан қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бас тартуы, сол сияқты құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзiне қандай да бiр зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтiру немесе жалған құжат жасау немесе өзге де алдау жолымен жасалған, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы –
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) төтенше ахуал немесе жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған;
2) күзетілетін адамдардың немесе объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-әрекеттер –
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде жасалған немесе ауыр салдарға алып келген іс-әрекеттер –
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта күзетілетін адамдар мен объектілер деп "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілер түсініледі.";
7) 379 және 380-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"379-бап. Билік өкіліне бағынбау
1. Төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында, сол сияқты төтенше ахуал жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған іс-әрекет –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
1. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту –
екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
2) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –
үш мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген:
1) екi немесе одан көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңiлдету мақсатымен;
5) бірнеше рет;
6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
7) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;
8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездікпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
8) 380-1-баптың екінші бөлігі 10) тармағындағы "аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет –" деген сөздер "аймағында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
"11) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған дәл сол іс-әрекет –";
9) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"409-бап. Сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
1. Iстердiң немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтiрумен, денсаулыққа зиян келтiрумен, мүлкiн бүлдiрумен немесе жоюмен қорқыту –
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, iстiң немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкiмінiң, шешiмiнің немесе өзге де сот актiсiнің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
2) төтенше ахуал кезiнде немесе жаппай тәртiпсiздiктер барысында;
3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет –
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
5) бірнеше рет;
6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
7) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану –
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездікпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет –
он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
10) мынадай мазмұндағы 452-1-баппен толықтырылсын:
"452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі
Бастықтың өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе,
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 187-бапта:
4-3-бөлік "кодексiнiң" деген сөзден кейін "370-1, 370-2 (екінші және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік "444," деген цифрлардан кейін "452-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 191-баптың 19-1-бөлігі "363," деген цифрлардан кейін "370-2 (бірінші бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.".
4. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет – қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;";
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) криминалистикалық талаптар – азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);
5) қару – конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар.
Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі – конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;
6) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;";
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) қаруды коллекциялау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;
6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау – қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;
6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері – атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгi беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;
6-4) қаруды экспонаттау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);";
11) тармақшадағы "қаруды", "патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару;" деген сөздер тиісінше "қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін", "патрондар жасап шығару;" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) лақтырылатын қару – нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған, адамның бұлшық етінің күші пайдаланыла отырып лақтырылатын қару (лақтырылатын серпінді қару), сондай-ақ механикалық энергия пайдаланыла отырып, лақтырылатын снарядтармен нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған қару (лақтырылатын атыс қаруы);";
мынадай мазмұндағы 12-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) лақтырылатын снаряд – зақымдайтын, салмақ түсіретін және тұрақтандыратын элементтерден тұратын құрылғы немесе лақтырылатын атыс қаруынан лақтыру нәтижесінде қашықтықта орналасқан нысананы механикалық зақымдауға арналған зақымдау қасиеттері бар зат;";
"13-1) оқсыз атылатын қару – мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) суық қару – нысананы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен тікелей зақымдауға арналған қару;";
2) 5-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары коллекциялау, экспонаттау, өзін-өзі қорғау, спортпен, аң аулаумен шұғылдану мақсатында, сондай-ақ білім беру және мәдениет ұйымдары білім беру және мәдени мақсаттарда пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы (оқсыз атылатын қаруды қоспағанда) оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс.";
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) оқсыз атылатын қару.";
3) 7-бапта:
1-тармақтың 5), 6) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, лақтырылатын серпінді қарудың, ұрып-уататын қару мен ұрып-уату және лақтырылатын әсері бар қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген заттардың;
6) 90 миллиметрден астам ұштары батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан автоматты түрде шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және бекітілетін пышақтардың;";
"10) криминалистикалық талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың;";
1) тармақшадағы "лақтырылатын" деген сөз "лақтыратын снарядтарды, лақтырылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6-3) елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда атыс, газды, электрлі, пневматикалық, лақтырылатын және оқсыз атылатын қаруды (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда) қолдануға;";
7) тармақшадағы "тағынуға тыйым салынады." деген сөздер "тағынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) Қазақстан Республикасының аумағында атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макеттердің айналымына;
9) тиісті тіркеусіз 90 миллиметрден астам сұқпа суық қарудың айналымына тыйым салынады.";
4) 9-баптың бірінші бөлігі "үлгiлерiнiң" деген сөзден кейін ", сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарының (кинематографиялық ұйымдардың, театрлардың, цирктердің, музейлердің);";
6) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды иемденіп алуға құқығы бар.";
"Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштер, аэрозольды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қару тіркеуге жатпайды.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Белгі беретін, оқсыз атылатын қаруды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштерді, аэрозольды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қаруды Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай өнім беруші заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.";
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көрсетілген тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
Аңшы куәлігі бар, жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға құқығы бар.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаруды иемденіп алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтінішті, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген қаруды иеленуге қарсы көрсетілімдерінің жоқ екені туралы медициналық қорытынды мен азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын азаматтық және қызметтік қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын білуге даярлау және қайта даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы салаларындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін, медициналық қарап-тексеруден өту тәртібін, сондай-ақ оның мерзімділігін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.";
7) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қаруды пайдаланушылар – заңды тұлғалар:
1) қаруды арнайы жабдықталған қоймаларда (қару-жарақ бөлмелерінде) атуға жарамсыз күйде сақтауға;
2) оқ атуға тікелей қатысатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін жеке сейфтерде сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауындағы объектілердің аумағына және қару сақталатын орындарға ішкі істер органдары қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге, танысу үшін оларға қажетті құжаттаманы ұсынуға міндетті.";
8) 18-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Атыс қаруын қолданып аң аулау қағидаларын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Спортпен шұғылдану кезінде және жаттығу мақсаттарында қару қолдану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
9) 19-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ішкі істер органдары алдын ала тоқтата тұрмай азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттардың қолданысын тоқтатуды:";
4), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 462, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 73-1, 73-2, 453, 461, 476, 477, 478 және 488-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған;";
"8) азаматтық және қызметтiк қару азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың айналымы саласындағы техникалық регламентке және криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеген;";
9) тармақшадағы "есепте тұрған жағдайларда тоқтатады." деген сөздер "есепте тұрған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) тіркелген қаруды қайтадан жоғалтқан;
11) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
12) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша қорғау нұсқамасы шығарылған;
13) егер қаруды иеленуге медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мен қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл, оның ішінде қару иелері туралы, ресімделген медициналық қорытындылар, сондай-ақ болған кезінде қаруды иеленуге болмайтын қару иесінде анықталған аурулар туралы мәліметтер алмасу мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.";
екінші бөліктегі "қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге арналған" деген сөздер "азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ішкі істер органдары осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларда, сол сияқты қарудың, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты ауыр, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін алып тасталған немесе өтелген сотталғандығы бар адамдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы рұқсаттар беруден бас тартады.";
10) 20-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы "рұқсат" деген сөзден кейін "немесе қаруды иесіне тіркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 21-баптың бірінші бөлігі "негізгі" деген сөзден кейін "(құрамдас)" деген сөзбен толықтырылсын;
12) 22-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына, арнайы жабдықталған қоймаға (қару-жарақ бөлмелерінде) қоюға тыйым салынады.";
13) 29-баптың 1-тармағының 8) және 8-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн әзiрлейдi;";
"8-2) криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдiстерiн бекiтедi;".
5. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан; жекелеген жергілікті жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды ұйымдастырудан және олардың қызметінен туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдар кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында құрылған республикалық және (немесе) өңірлік жедел штабтармен келісілгеннен кейін қабылданады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төтенше жағдай режимі кезінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келісілгеннен кейін қабылданады.";
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Жедел штабтың басшысы:
1) терроризмге қарсы операцияның жүргізілу аймағының шекарасын, басталу және аяқталу уақытын айқындайды, берілген күштер мен құралдарды пайдалану бағыттары мен шектері туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте терроризм актісінің қоғамдық қауіптілігінің ауқымдары мен дәрежесіне, күтілетін теріс салдарына қарай, көрсетілген шешімдерді – әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою мақсатында құрылған республикалық немесе өңірлік жедел штабпен, төтенше жағдай режимі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиямен немесе жергілікті жердің комендантымен келіседі;
2) бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өкілдерімен байланыста болу үшін жауапты жедел штабтың өкілін айқындайды;
3) терроризмге қарсы операцияны жүргізу туралы шешім қабылдайды және жауынгерлік өкім (жауынгерлік бұйрық) береді.
7. Осы баптың 2, 3-тармақтарында және 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген, терроризмге қарсы операцияны жүргізуді келісу жөніндегі міндеттер күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі терроризмге қарсы операцияларға қолданылмайды.".
6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын.
7. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуал – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамасының қолданылу, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін ахуал;
1-2) дағдарыстық ахуал – адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қалпына келтіру үшін уақытша шектеулер қолдану, ал ерекше жағдайларда төтенше ахуал немесе төтенше жағдай режимін енгізу және осы Заңда көзделген негізгі және қосымша шараларды қолдану талап етілетін ахуал;";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай және әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мақсатында:
1) дағдарыстық ахуалды оқшаулау және жою кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірлескен іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітеді;
2) республикалық және өңірлік жедел штабтар туралы ережені бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
3) 3-1-баптың 1, 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді және жеке және заңды тұлғаларға қосымша міндеттер жүктей отырып, олардың құқықтары мен бостандықтарына жекелеген уақытша шектеулерді белгілеуге жол береді.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың мән-жайлары төтенше жағдай енгізуге негіз болып табылуы мүмкін.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне қатер төнген және оны оқшаулау мен жоюды төтенше жағдай енгізілген кезде қолданылатын негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізбестен, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың күшімен және құралдарымен жүзеге асыру мүмкін болатын жағдайда енгізіледі.
2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жедел штаб басшысының шешімімен енгізіледі.";
"6. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимінің қолданылу мерзімі оны енгізуге негіз болған мән-жайларды жою мерзімінен аспауға тиіс.
Осы жергілікті жерде немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың құқықтық режимінің күші жойылды деп есептеледі.";
4) 3-2 және 3-3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2-бап. Мемлекеттік органдардың әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі құзыреті
1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп ұстап тұруға бағытталған әрекеттерден; диверсиялардан; қарулы бүліктен туындаған төтенше ахуалдарды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктерден; ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жерлерді, аса маңызды және стратегиялық объектілерді қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдардың ұйымдасуынан және қызметінен туындаған төтенше ахуалдардың алдын алады және оларды жоюды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алуға және оларды жоюға қатысады.
4. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық органдарының басшылары осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
3-3-бап. Жедел штабтар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жедел штабтар құрылады.
2. Жедел штабтар басшыдан, басшының орынбасарларынан, оның ішінде бір бірінші орынбасарынан және штаб мүшелерінен тұрады.
Жедел штабтардың құрамына әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуалдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың басшылары немесе өкілдері жедел штаб басшысының орынбасарлары ретінде, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
3. Республикалық және өңірлік жедел штабтардың шешімдері орындау үшін міндетті болып табылады.
4. Жедел штабтар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылады.
Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал енгізілген жергілікті жерде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары өткізілген жағдайда, күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрекет етеді.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүддесінде басқа да мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша тартылуы мүмкін.";
5) 3-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "жеке" деген сөз "мемлекеттік органдарды қоспағанда, жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 1-1-тарау мынадай мазмұндағы 3-5-баппен толықтырылсын:
"3-5-бап. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар
1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал режимін қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның және басқа да мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары пайдаланылады.
2. Қажет болған жағдайларда "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мынадай міндеттерді орындау үшін:
1) жергілікті жерге кірудің және одан шығудың ерекше режимін қолдауға;
2) ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерді, халықтың тыныс-тіршілігін және көліктің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіретін объектілерді күзетуге;
3) арнаулы құралдарды, қаруды қолдану, сондай-ақ әскери және басқа да техниканы пайдалану арқылы күш көрсету әрекеттері орын алған жанжалдарға қатысқан тайталасушы тараптарды айыруға;
4) заңсыз қарулы құралымдар әрекетінің жолын кесуге қатысуға;
5) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген міндеттерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп орындайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының дене күшін, арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шектеріне қатысты бөлігіндегі ережелері қолданылады.";
7) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi және оларды оқшаулау мен жою үшін негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізу қажет.";
8) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен құрылады.";
9) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Президентіне төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, осы Заңда көзделген қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді қолдану қажеттігі туралы ұсыныстармен жүгінеді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
8) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, аумақтық ішкі істер органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (орналасатын) әскери құралымдардың және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.";
10) 12-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Заңның 3-2-бабының 2-тармағына сәйкес негіздер бойынша төтенше жағдай режимі енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Президенті ахуалдың өршуін талдауды негізге ала отырып, өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін Мемлекеттік комиссияның төрағасы етіп тағайындауға құқылы.";
бірінші сөйлемдегі "жарлықтар мен өкімдердің тиісті" деген сөздер "тиісті ұсыныстарды, жарлықтар мен өкімдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің тиісті" деген сөздер "тиісті ұсыныстарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министрі өкімдерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті төтенше жағдай енгізілген жергілікті жердегі ахуалдың өршуін талдауды негізге ала отырып, өз қалауы бойынша кез келген мемлекеттік органның өкілін жергілікті жердің коменданты етіп тағайындауға құқылы.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұйымдардың басшыларын өз мiндеттерiн, коменданттың бұйрықтары мен өкiмдерiн тиiсiнше орындамауына байланысты төтенше жағдайдың қолданысы кезеңiнде жұмысынан шеттетедi, бұл жөнінде Мемлекеттік комиссияға хабарлайды;";
5) тармақша "жергілікті жерде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде орналасқан (орналасатын) әскери құралымдардың және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін қосымша тартылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;";
12) 14-бапта:
бірінші абзацтағы ", сондай-ақ төтенше жағдай енгізілмей" деген сөздер алып тасталсын.
5) тармақшадағы "қатысуға қолданылуы мүмкiн." деген сөздер "қатысуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) ішкі істер органдарымен бірлесіп патрульдеуге және жаппай тәртіпсіздіктерді оқшаулауға қолданылуы мүмкiн.";
3-тармақ "шекарасын" деген сөзден кейін ", сондай-ақ халықаралық әуежайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 14-1-баптың 1-тармағындағы "үкіметтік" деген сөз "президенттік және үкіметтік" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:
"14-2-бап. Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері
1. Төтенше жағдай енгізілген жергілікті жерде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын өткізу қажет болған жағдайда "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтар әрекет етеді.
2. Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүддесінде басқа да мемлекеттік органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша тартылуы мүмкін.";
15) 15-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ереуілдерге тыйым салу;";
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі іс-шараларға тартылған басқа да мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) президенттік және үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді.";
16) 16-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрiні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрiмен және улы заттармен қатар әскери және жауынгерлiк оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивтi заттарды да уақытша алып қою көзделедi.";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін күзетуді күшейту жөніндегі іс-шараларды өткізу;";
17) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Коменданттық сағат қағидаларын бұзған жеке тұлғаларды ішкі істер органдарының қызметкерлері (полиция) немесе төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатарындағы патрульдер – коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал жеке басын куәландыратын құжаттары өзімен бірге болмағандарды – жеке басын анықтағанға дейін, бірақ ішкі істер органы бастығының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұстайды. Ұсталған адамдар және олардың өздерiмен бiрге болған заттары мен көлiк құралдары тексерiп-қаралуы мүмкiн.".
8. "Соғыс жағдайы туралы" 2003 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңдерінде Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін, күзетілетін объектілердің күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету мүдделерінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қажетті күштері мен құралдарын пайдалануға құқылы.
Күзету іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле басталғаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған барлық әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.".
9. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
33-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "он сегіз" деген сөздер "жиырма бір" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешiм қабылдайды;";
2) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Табиғи және техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал кезінде, төтенше жағдай кезеңінде, бірлескен операциялар мен оқу-жаттығуларды жүргізу кезінде тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді олар уақытша орналасқан объектілердегі сол Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жүзеге асыруы мүмкін.";
3) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда әскери, арнаулы техника, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады.
Қарулы Күштер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларына тартылуы мүмкін.".
11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші сөйлемі "қабылдау" деген сөздерден кейін ", осы баптың 8-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім беру гранты беріле отырып, олардың өтініші негізінде конкурстан тыс жүзеге асырылады.".
12. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы "бірінші рет" деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақшадағы "не біліктілік сыныбы белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
10-2) тармақша алып тасталсын;
12-3), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12-3) тәлімгер – құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамға бекітіліп берілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін құқық қорғау органының қызметкері;";
"16) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;
17) ұйымдық-штаттық іс-шаралар – құқық қорғау органының, құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының штаттары мен құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешені (құқық қорғау органын құру; қайта ұйымдастыру; тарату; оның қызметкерлерінің санын немесе штатын ұлғайту немесе қысқарту; құқық қорғау органының және (немесе) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері лауазымын өзгерту);";
2) 5-1-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлердің және қызметке кандидаттардың тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;";
8) тармақша алып тасталсын;
3) 6-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды.";
мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"7. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының күші, денсаулық жағдайы бойынша, аттестаттау қорытындыларымен анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша, теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, бұрын құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болған, шығарылған күндерінен бастап бес жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын қызметкерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне ауысу тәртібімен қабылданатын әскери қызметшілерге қолданылмайды.";
4) 7-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, осы баптың 3-тармағында және осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде не құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметіне іріктеу кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші және оның кәсіптік құзыреттерге сәйкестік дәрежесі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды қызметке қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.";
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс мыналар:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар – оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;
2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар – кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;
4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.";
6-тармақ алып тасталсын;
5) мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-баптармен толықтырылсын:
"7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс
1. Құқық қорғау қызметіне конкурстық негізде кіру, қатардағы, кіші және орта басшы құрамдар лауазымдарын және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының бос және уақытша бос лауазымдарына жүзеге асырылады.
2. Конкурстық негізде кіретін кандидаттарды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзінің (ішкі) қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.
3. Алдын ала зерделеу құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын кандидаттардың осы Заңның 6 және 10-баптарының талаптарына сай келуін тексеруді қамтиды.
4. Конкурс тиісті санаттағы бос лауазымға орналасуға арналған резервте кандидаттар болмаған жағдайда өткізіледі.
5. Кандидаттарды конкурстық негізде іріктеуді құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша құрылатын құқық қорғау органының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
6. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс мынадай бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;
4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;
5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру;
6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;
7) конкурстық комиссияның қорытындысы.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Егер конкурс құқық қорғау органының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
8. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға кандидатты бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсыным жасауға құқылы.
9. Конкурстық комиссияның бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсынымдары әрбір бос лауазымға үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты жасалады.
Кандидаттың бос лауазымға орналасуға арналған резервте болу мерзімі ол алынған күннен бастап бір жылды құрайды.
Кандидаттың ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы оны бос лауазымға орналасуға арналған резервтен шығару үшін негіз болып табылады.
10. Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат міндетті арнаулы тексеруден өтеді.
Міндетті арнаулы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін кандидат бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.
Міндетті арнаулы тексеру жүргізу кезеңінде кандидатқа осы Заңның қызметкерлердің міндеттері мен жауаптылығы, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.
Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.
11. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
7-2-бап. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс қабылдау
1. Құқық қорғау қызметіне осы Заңның 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдар құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша конкурстық іріктеуден тыс қабылдануы мүмкін.
2. Конкурстық іріктеуден тыс кіретін кандидаттарды зерделеуді, олардың біліктілік талаптарына және осы Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Адамды құқық қорғау органдарына лауазымға конкурстық іріктеуден тыс тағайындау біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.";
6) 9-бапта:
2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен оқу ақысы төлене отырып, құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар білім беру ұйымдарындағы оқу мерзіміне және бір мезгілде білім беру ұйымдарында оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында орта және аға басшы құрамдар лауазымдарында қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.";
"5. Құқық қорғау органдарының жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын бітірген қызметкерлер – құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бойынша оқуын бітірген қызметкерлер кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.";
7 және 10-тармақтардағы "білім беретін кәсіптік оқу" деген сөздер "білімнің білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтағы "кәсіптік білім" деген сөздер "және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бапта:
тақырыптағы "бірінші рет" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы "бірінші рет" деген сөздер алып тасталсын;
2 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқытуды және тағылымдаманы қамтиды.
Оқыту құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттардың тағылымдамасын тиісті құқық қорғау органы өткізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті әрбір құқық қорғау органы кадрлық болжам негізінде дербес айқындайды.";
"8. Құқық қорғау қызметіне кіретін және аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына, сондай-ақ конкурстық іріктеуден тыс тағайындалатын адамдар алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпейді.";
8) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру";
2-тармақтағы ", біліктілік сыныбы белгіленбейді" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға құқық қорғау органының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіліп беріледі.
Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына бірінші рет кіретін адамдарға қолданылмайды.
Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.";
9) 13-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар – арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";
10) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптары (бұдан әрі – заңды талаптар) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.";
11) 16-баптың 1-тармағының 7) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;";
"15) қызметкердің не оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы жүгінген күні өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.";
12) 21-бапта:
1-тармақтағы "атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары" деген сөздер "атақтары немесе сыныптық шендері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "атақтар, сыныптық шендер берілген немесе біліктілік сыныптар белгіленген" деген сөздер "атақтар немесе сыныптық шендер берілген" деген сөздер ауыстырылсын;
13) 4-тараудың тақырыбындағы ", біліктілік сыныптары" деген сөздер алып тасталсын;
14) 22-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – "сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет";
10) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне – "экономикалық тергеп-тексеру қызметі.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерiнде бар арнаулы, әскери атақпен немесе сыныптық шенмен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады).
Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының, 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, өзі қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды тiкелей орындайтын лауазымды адамдарға олар сол қызметке орналасқан жағдайда арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беруге құқық беретiн лауазымдар тiзбесiн, олардың өкiлеттiктерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
15) 22-1-бап алып тасталсын;
16) 23-бапта:
тақырыптағы ", сыныптық шендерді және біліктілік сыныптарын" деген сөздер "немесе сыныптық шендерді" деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "білім беретін кәсіптік оқу" және "білім берудің кәсіптік оқу" деген сөздер "білімнің білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "кәсіптік оқу", "орта білімнен және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік оқу" деген сөздер тиісінше "білімнің білім беру", "орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "және біліктілік сыныптары" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы ", біліктілік сыныбы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы ", 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы", ", 1-санатты біліктілік сыныбында" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "немесе біліктілік сыныбы" деген сөздер алып тасталсын;
17) 24-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "және қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі" деген сөздер алып тасталсын;
18) 25-бапта:
тақырыптағы ", сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында" деген сөздер "немесе сыныптық шендерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын" деген сөздер "немесе сыныптық шендер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(белгіленбейді)" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы ", сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа, сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына кезекті атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы сәйкес болған кезде, оларды беру (белгілеу) мерзiмi басталған кезден бастап берiледi (белгіленеді)." деген сөздер "немесе сыныптық шен атқаратын штат лауазымы бойынша атаққа немесе сыныптық шенге кезекті атақ немесе сыныптық шен сәйкес болған кезде, оны беру мерзiмi басталған кезден бастап берiледi." деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 26-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру
1. Қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін көтермелеу тәртібімен полковникті қоса алғанға дейінгі басшы құрамның кезекті арнаулы атағы немесе сыныптық шені мерзімінен бұрын (өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткенге дейін) не атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары берілуі мүмкін.
Кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер құқық қорғау органдарындағы ұзақ және мінсіз қызметі, аса күрделі тапсырмаларды орындауға байланысты қызмет бойынша жоғары нәтижелері үшін көтермелеу тәртібімен беріледі.";
", сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптары" деген сөздер "немесе сыныптық шендер" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі (белгіленеді)" деген сөздер "немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімдерінің кемінде жартысы өткенде беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы", ", сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында", ", сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан" деген сөздер тиісінше "немесе сыныптық шен", "немесе сыныптық шенде", "немесе сыныптық шеннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(белгіленуі)" деген сөз алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген жылдарының белгіленген мерзiмi өткен соң берiледi.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Кезектен тыс арнаулы атақ немесе сыныптық шен өзінде бар арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімі өткен соң, бірақ өзіндегі арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен бір сатыдан асырмай және атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге қарамастан беріледі.";
", сыныптық шендерді немесе біліктілік сыныптарын" деген сөздер "немесе сыныптық шендерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мерзiмiнен бұрын" деген сөздер "кезектен тыс, мерзiмiнен бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(белгілейді)" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Кезектен тыс, мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер қызметкерге:
1) алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) өзіне қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңінде берілмейді.
7. Кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын не бір саты жоғары арнаулы атақтармен немесе сыныптық шендермен көтермелеу барлық негіздер бойынша құқық қорғау қызметінің бүкіл кезеңі ішінде екі реттен артық жүргізілмейді.";
20) 27 және 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендетудi:
1) кiшi және орта басшы құрамдар атағындағы қызметкерлерге – уәкiлеттi басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – құқық қорғау органының басшысы тәртiптiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
2. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртiптiк жазалау шарасы ретiнде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшiнi қоса алғанға дейін – құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамға Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен – Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық шендегi еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты немесе сыныптық шендi төмендету түрiнде тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және арнаулы атақты немесе сыныптық шендi қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атағы немесе сыныптық шенi төмендетiлген қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шенiне құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығымен, бiрақ арнаулы атақ немесе сыныптық шен төмендетiлген күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн ғана қалпына келтiрiледi.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шенi қайта қалпына келтiрiлгенге және оған кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен берiлгенге дейiн арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен қайта төмендету жүргізiлмейдi.
28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiн орындауды:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса алғанда – уәкілетті басшы;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда – құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырған жағдайда соттың шешіміне сәйкес бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін қалпына келтiру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қабылдайды.
3. Арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сiңiрген мерзiмге кiредi. Арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледi.";
21) 29-бапта:
2-тармақтағы ", біліктілік сыныбы белгіленгенге" деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөліктің екінші сөйлемі алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдарының штаттық лауазымдарына қызметкерлерді тағайындау мүмкін болмаған кезде құқық қорғау органы басшысының шешімімен осы лауазымдарға еңбек шарты бойынша аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін өзге де адамдар, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.
Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.";
6-тармақтағы "құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен" деген сөздер алып тасталсын;
22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Құқық қорғау қызметiнiң жоғары тұрған, тең дәрежелi немесе төмен тұрған лауазымдары
1. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шенiне қарағанда неғұрлым жоғары шектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендерi тең дәрежелі болғанда – құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген болса, жоғары тұрған лауазым болып есептеледi.
2. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi лауазымы бойынша арнаулы атағы немесе сыныптық шенi және айлықақысы құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе сыныптық шенiне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелi лауазым болып есептеледi.
3. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына немесе, сыныптық шенiне қарағанда неғұрлым төмен шектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері тең дәрежелі болғанда – құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, төмен тұрған лауазым болып есептеледi.";
23) 33-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ iскерлiк және жеке қасиеттерi, қызметтік жұмыс нәтижелері ескерiле отырып жүргiзiледi.
Қызметкерлерді басшы лауазымдарға өсіру кадр резервінде тұрған қызметкерлер қатарынан не конкурстық негізде жүргізіледі.";
2-тармақ алып тасталсын;
24) 33-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер болжанған басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби дағдыларды, басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру үшін прокуратураның білім беру ұйымында кәсіби қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.";
25) 34-бапта:
2-тармақ "бос" деген сөзден кейін "жоғары тұрған" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қызметкер өрескел тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған жағдайда, ол кадр резервінен алып тасталады. Қызметкер өзін кадр резервінен алып тастау туралы шешіммен келіспеген кезде ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағым жасауға құқылы.";
26) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің дәйектілігі негізінде қамтамасыз етіледі.";
27) 38-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі ", біліктілік сыныбы" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "атағын, сыныптық шенін немесе біліктілік сыныбын" деген сөздер "арнаулы атағын немесе сыныптық шенін" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 44-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жалақысы сақталмайтын демалыста не осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған;";
29) 46-1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу мерзімінің аяқталуы;";
6) тармақшадағы "комиссияның қорытындысы қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады." деген сөздер "комиссияның қорытындысы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) негізгі қызметкердің қызметке шығуына байланысты қызметкерді атқарып отырған уақытша бос лауазымнан босату қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.";
3-тармақтың төртінші бөлігінде:
"әскери-дәрігерлік" деген сөздер "оның ішінде әскери-дәрігерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша" деген сөздер "қашықтан оқыту бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау органының басшысы не уәкілетті басшы құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге құқық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған құқық қорғау органының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы.
Құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге бекітіліп берілген құрылымдық бөлімшенің басшысы одан уақытша қызметтік міндеттер шеңберінде тапсырмаларды тиісінше орындауды, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібін толық көлемде сақтауды талап етеді.
Құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы қарамағына қабылдаған қызметкердің қызметтік және еңбек тәртібін сақтауы үшін жауапты болады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда тәртіптік жазалар қолданылады.";
7-тармақтың екінші абзацындағы "атағы, біліктілік сыныбы" деген сөздер "арнаулы атағы, сыныптық шені" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 46-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"46-2-бап. Қызметті бағалау
1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне бағалау жүргізіледі.
2. Қызметті бағалау жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталған соң жүргізіледі.
3. Қызметкердің қызметін бағалауды тікелей басшысы жүргізеді.
Тікелей басшы лауазымында алты айдан аз уақыт болған жағдайда бағалауды жоғары тұрған басшы жүргізеді.
4. Қызметті бағалау:
1) сынақ мерзімі кезеңінде жүрген адамға;
2) осы Заңның 44-бабына сәйкес қызметін құқық қорғау органының лауазымдарында өткермейтін қызметкерлерге;
3) егер жаңа лауазымға тағайындалуы лауазымдық міндеттерінің өзгеруіне алып келсе, атқарып отырған лауазымында алты айдан аз болған қызметкерлерге;
4) құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге қатысты жүргізілмейді.
Құқық қорғау органы басшысының және оның орынбасарларының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті адам (орган) жүргізеді.
5. Қызметкердің қызметін бағалау қызметкердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін бағалаудан құралады.
6. Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері мынадай: "тиімділігі жоғары", "тиімді", "тиімділігі төмен" және "тиімсіз" мәндері бар шәкіл бойынша қойылады.
7. Қызметті бағалау нәтижелері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілетін нысан бойынша бағалау парағына енгізіледі.
Бағалау парағы лауазымдық міндеттер ескеріле отырып қалыптастырылған және нақты учаскедегі (қызмет бағытындағы) жұмыстың тиімділігін көрсететін іс-шаралар атауын қамтиды.
Басшыны бағалаған кезде оған бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелерінің орташа көрсеткіші ескеріледі.
8. Бағалау жүргізген адам қызметін бағалау нәтижелерінің мәні "тиімділігі төмен" және "тиімсіз" болған қызметкерлерге қатысты кәсіби дамудың жеке жоспарын жасайды.
Қызметкердің кәсіби дамуының жеке жоспары қызметкердің тиімділігін арттыруға және белгілі бір уақыт кезеңіне (қызметті келесі бағалауға дейін) оның кәсіби және жеке басының өсуіне бағытталған басым бағыттар мен ұсынымдарды айқындайды.
9. Қызметкердің қызметін бағалаудың нәтижелері:
1) қызметкер "тиімсіз" деген баға алған;
2) қызметкер екі жыл қатарынан "тиімділігі төмен" деген баға алған жағдайларда аттестаттау жүргізуге негіз болып табылады.
Мұндай қызметкерлерді аттестаттау қызметіне бағалау жүргізілген күннен бастап алты ай ішінде өткізіледі.
Бұл ретте аттестаттауды өткізу мерзімі қызметті бағалау нәтижелеріне шағым жасау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
10. Бағалау жүргізген адам бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкерді бағалау нәтижелерімен, сондай-ақ кәсіби дамудың жеке жоспарымен жазбаша таныстырады.
11. Қызметкер бағалау нәтижелеріне танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.";
31) 47-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтік жұмыс нәтижелерін бағалау ескеріле отырып, оның атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.";
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң не қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған не қызметті бағалау жүргізілген күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, қызметін бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.";
мынадай мазмұндағы 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
"3-2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында білім алатын қызметкер оқуды аяқтаған соң, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындалғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымнан оралғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға орналасқаннан кейін бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
3-3. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберуге байланысты ауысуларды қоспағанда, аттестаттау өткізу кезеңінде қызметкерлерді аттестаттау аяқталғанға дейін лауазымға тағайындауға не қызмет бойынша ауыстыруға болмайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер жүктілігі және осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде бір жылдан соң аттестатталады.";
5-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
32) 48-бапта:
8-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметкердің қосымша ақпараты бар қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы жазбаша өтініші аттестаттау комиссиясы төрағасының атына беріледі және аттестаттау комиссиясының отырысына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей кадр қызметіне ұсынылады.";
33) 50-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 6-1-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды отырыс барысында зерделейді, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды.
Аттестатталатын қызметкерге қойылатын сұрақтар оның кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындауға бағытталуға тиіс.
Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу кезінде аттестатталатын қызметкердің лауазымдық міндеттерін негізге алады. Қажет болған кезде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік жұмысын регламенттейтін өзге де құжаттарды білу деңгейі айқындалады.
Әңгімелесу сыпайылық пен ізгілік жағдайында өтуге тиіс.
Әрбір қатысушымен әңгімелесу техникалық жазба (аудио-, бейнежазба) құралдарының көмегімен тіркеледі.
Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркелген материалдар кадр қызметінде үш жыл бойы сақталады.";
"6-1. Қызметті бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге қатысты аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан шығару ұсынылады.";
34) 54-бапта:
3-тармақтағы "курсанттарына" деген сөзден кейін ", магистранттары мен докторанттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
35) 54-1 және 55-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"54-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс
1. Құқық қорғау органдарында жеке құраммен тәрбиелік, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыс ұйымдастырылады.
2. Тәрбиелік жұмыс:
1) жеке құрамның құқықтық тұрғыдан хабардар болу, сауаттылық, мәдениет пен адамгершілік дәрежесін арттыруға;
2) қызметкерлерге құқық қорғау органдары туралы түсінікті және оның мақсатын, олардың жұмыс істеу және алдында тұрған міндеттерді орындау ерекшеліктерін ұғындыруға;
3) мемлекеттік саясаттың негіздеріне сәйкес қызметкерлердің құқық қорғау органдарына қатыстылығы үшін жауапкершілікті қалыптастыруға және олардың мемлекет мүдделерін қорғауға әзірлігін қолдауға бағытталған.
3. Әлеуметтік-құқықтық жұмыс құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған.
4. Психологиялық жұмыс:
1) жеке құрамның құқық қорғау органының міндеттерін орындауға, оның ішінде соғыс жағдайы және төтенше жағдай, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңіндегі психологиялық әзірлікте болуын қолдауға;
2) қызметкердің психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерінің атқарып отырған лауазымына сәйкестігін айқындауға;
3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу жолымен зерделеуге бағытталған.
5. Идеологиялық жұмыс:
1) құқық қорғау органдары қызметкерлерінде патриоттық сана-сезімді, Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілікті, антқа адалдықты, лауазымдық міндеттерін мінсіз орындауға ұмтылысты қалыптастыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен ұлттық мүдделеріне адалдығын қалыптастыруға;
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқық қорғау органдарының жағымды имиджін қалыптастыруға;
4) идеологиялық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға бағытталған.
6. Жеке құраммен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтану мониторингін жүргізу тәртібі мен әдістемесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Басшы лауазымдарды атқарып отырған қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жауапты болады.
55-бап. Қызметкерлерге көтермелеу қолдану тәртібі
1. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қызметкерлерге және құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына мынадай көтермелеу түрлері көзделеді:
1) алғыс жариялау;
2) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
3) бағалы сыйлықпен наградтау;
4) грамотамен наградтау;
5) құрмет грамотасымен наградтау;
6) ведомстволық наградамен және құқық қорғау органының үздігі төсбелгісімен наградтау;
7) арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді мерзімінен бұрын немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен бір саты жоғары, сондай-ақ кезектен тыс арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру;
8) құрмет тақтасына енгізу;
9) құрметті атақ беру;
10) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезектен тыс сейілдеуге жіберуді ұсыну;
11) бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлері.
Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы магистратурада және докторантурада күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 8) және 11) тармақшаларында көзделген көтермелеу түрлерін қолдана алады.
2. Тәртіптік жазасы бар қызметкер бұрын қолданылған жазаны алып тастау арқылы көтермеленеді. Тәртіптік жазаны алып тастау құқығы құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тиесілі. Қызметкердің елеулі теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар олар қолданылған күннен бастап үш айдан кейін алып тасталуы мүмкін.
Өрескел тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жазалар көтермелеу тәртібімен мерзімінен бұрын алып тасталуға жатпайды.
Болмашы тәртіптік теріс қылықтар үшін тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі белгіленбейді.
Құқық қорғау органының басшысымен келісу бойынша қызметкердің өмірі мен денсаулығын тәуекелге тігумен, адам өмірін құтқарумен ұштасқан ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ қоғамдық резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарды ашқаны және тергеп-тексергені үшін қызметкерлерді көтермелеу кезінде тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мерзімі ескерілмейді.
3. Бір мезгілде көтермелеу түрінде бір ғана тәртіптік жаза алып тасталуы мүмкін, бұл ретте көтермелеудің осы түрімен бірге көтермелеудің басқа түрлері қолданылмайды.
4. Қызметкерді көтермелеу туралы ұсынуға тікелей басшысы бастама жасайды және ол комиссияда қарау үшін кадр қызметіне енгізіледі.
5. Комиссияны құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы қызметкерлерді көтермелеу кезінде объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде құрады.
Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
6. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде қабылдайды. Егер шешімге комиссия мүшелерінің жалпы дауыс санының көпшілігі дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
7. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көтермелеу туралы ұсынуды қанағаттандыру;
2) көтермелеу туралы ұсынудан бас тарту.
8. Құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының шешімі бойынша қызметкерді көтермелеу тікелей басшының ұсынуы негізінде комиссияда қаралмастан жүргізілуі мүмкін.
9. Көтермелеу құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрықтарымен ресімделеді.";
36) 56-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) арнаулы атағын немесе сыныптық шенiн бiр сатыға төмендету;";
9) тармақшадағы "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздер "осы Заңның" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымының басшысы күндізгі нысан бойынша магистратура мен докторантурада оқитын қызметкерлерге тәртіптік жазалаудың мынадай түрлерін қолдануы мүмкін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығару.
5. Қызметкердің қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны немесе құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін құқық қорғау органының білім беру ұйымынан шығарып жіберу түріндегі тәртіптік жазаны қолдану қызметкерді осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген теріс себептер бойынша қызметтен шығаруға негіз болып табылады.
6. Тәртіптік теріс қылықтар мынадай түрлерге бөлінеді:
осы баптың 2-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық болмашы теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 4) немесе 6) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады;
осы баптың 2-тармағының 5), 7), 8) немесе 9) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза қолданылған теріс қылық өрескел теріс қылық болып табылады.";
37) 57-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тәртіптік жаза қолдану және оның түрін айқындау кезінде мынадай өлшемшарттар ескеріледі:
1) жасалған теріс қылықтың мазмұны мен сипаты;
2) жасалған теріс қылықтың ауырлығы мен мән-жайлары;
3) қызметкердің жеке басын және оның қызметке қатынасын сипаттайтын деректер;
4) қызметкердің уәжі және кінәсінің дәрежесі (қасақана, абайсызда);
5) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар;
6) қызметкердің тәртіптік жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Тәртіптік жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) теріс қылық жасаған қызметкердің өкінуі;
2) қызметкердің теріс қылық жасағаны туралы басшыға ерікті түрде хабарлауы;
3) теріс қылықты бірінші рет жасау және теріс қылықты жасау фактісімен келісуінің болуы;
4) жеке немесе отбасылық ауыр мән-жайлар болған кезде теріс қылық жасау;
5) мәжбүрлеу салдарынан теріс қылық жасау;
6) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болмауы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілмеуі.
Қызметкерге жаза қолданатын құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы не тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу кезінде өзге де мән-жайларды жеңілдететін деп тануы мүмкін.
2-2. Тәртіптік жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп мыналар танылады:
1) егер бірінші теріс қылығы үшін қызметкерге жаза қолданылған және ол белгіленген тәртіппен алынбаса, дәл сондай теріс қылықты қайталап жасау;
2) қарамағындағы адамды теріс қылық жасауға тарту;
3) төтенше жағдай немесе өзге де шектеу шаралары енгізілген кезеңде теріс қылық жасау;
4) алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде теріс қылық жасау;
5) тәртіптік теріс қылық жасау салдарынан жағымсыз әсердің болуы және құқық қорғау органының имиджіне нұқсан келтірілуі;
6) өзіне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты лауазымды адамға немесе оның жақын туыстарына ықпал ету арқылы теріс қылық жасау.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығару және босату түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері мен тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі жаза қызметтік тергеп-тексеру жүргізілмей және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдарынсыз, алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысының жанындағы жедел кеңестің шешімі және қызметкердің өзі жасаған тәртіптік теріс қылық фактісімен келісетіні туралы жазбаша түсініктемесінің болуы, сондай-ақ оны жасау мән-жайларының толық және объективті анықталуын растайтын материалдар негізінде қолданылуы мүмкін.";
екінші бөліктегі "бір айлық" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Заңда көзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдары осы Заңның 56-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіптік жазаны қолданған жағдайда, жаза қолдану туралы бұйрық тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкер кадрында тұрған құқық қорғау органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қызметкерге тәртіптік жазаны:
1) еңбекке уақытша жарамсыздық;
2) осы Заңның 75-бабының 9-тармағында көзделген демалысты қоспағанда, демалыста болу;
3) іссапарға жіберу оны тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, іссапарда болу кезеңінде қолдануға болмайды.";
38) 58-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қызметтік тергеп-тексеру барысында оны жүргізу тапсырылған уәкілетті лауазымды адамның:
1) өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерден, сондай-ақ басқа да адамдардан жазбаша түсініктеме алуға;
2) тәртіптік теріс қылық жасаудың мән-жайына қатысты материалдар мен мәліметтер жинауға;
3) тиісті құжаттармен танысуға, қажет болған жағдайда олардың көшірмелерін қызметтік тергеп-тексеру материалдарына қосып тігуге;
4) арнаулы білімді талап ететін мәселелер бойынша мамандардан қорытындылар, түсініктер және консультациялар алуға;
5) өздеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлерге полиграфологиялық зерттеу жүргізуге бастама жасауға құқығы бар.
Полиграфологиялық зерттеу қызметкердің келісімімен жүргізіледі.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адам қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген қызметкерді, егер бұл мемлекеттік құпияларды және өзге де қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу талаптарына қайшы келмесе, қорытындымен жеке өзін не оның көшірмесін курьерлік пошта байланысы, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы немесе қызметкердің авторизациялануын, сәйкестендірілуін қамтамасыз ете отырып, электрондық түрде жіберу арқылы қызметтік тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таныстыруға міндетті.";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тәртіптік жаза түрі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі.";
10-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында оқитын курсанттар мен қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеп-тексеруді құқық қорғау органы білім беру ұйымының тиісті бөлімшесі жүргізеді.";
39) 7-тарау мынадай мазмұндағы 58-1-баппен толықтырылсын:
"58-1-бап. Тәртіптік комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі
1. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тәртіптік комиссияның құрамын бекітеді.
2. Тәртіптік комиссияның құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
3. Тәртіптік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай және оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде өткізіледі.
4. Тәртіптік комиссияның отырысы өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның қатысуымен, оның ішінде бейнеконференция байланысы арқылы өткізіледі.
5. Егер өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам отырыстың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілсе және дәлелсіз себеппен келмесе не тәртіптік комиссияның отырысына қатысудан жазбаша бас тартса, қызметтік тергеп-тексеру материалдарын оның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
6. Өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адам тәртіптік комиссия отырысының өтетін уақыты мен орны туралы, бірақ ол өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
7. Тәртіптік комиссия қызметтік тергеп-тексеру материалдарын қарайды және теріс қылыққа қатысты фактілерді зерттейді, жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің нәтижелері туралы баяндамашыны (қызметтік тергеп-тексеру жүргізген адамды), өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамның түсініктемелерін, сондай-ақ басқа да адамдардың түсініктерін тыңдайды.
8. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша тәртіптік комиссия мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға өзіне қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген адамға тәртіптік жазаның тиісті шарасын қолдануды ұсыну;
2) құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсыну.
9. Тәртіптік комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған тәртіптік комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған кезде тәртіптік комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
10. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешім құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының бұйрығымен ресімделеді.
11. Қызметкер өзіне қолданылған тәртіптік жазаға жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа шағым жасауға құқылы. Тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.";
40) 62-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі ", біліктілік сыныбы" деген сөздер алып тасталсын;
41) 64-бапта:
бірінші бөлік "үстемеақыларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ басқа да үстемеақыларды, қосымша ақыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік "үстемеақылар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы ", сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы" деген сөздер "немесе сыныптық шені" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
"5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерден кезектен тыс орындар береді.
6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін арттыру республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген мөлшерде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.";
42) 65-баптың 2-тармағындағы "жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне" деген сөздер "мертiгуiне (жаралануына, контузия алуына, жарақаттануына)" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 66-бапта:
1-тармақтағы "мертiккен" деген сөз "мертiккен (жараланған, контузия алған, жарақаттанған)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "жарақат" деген сөз "науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "жарақаттануы, жаралануы (контузия алуы), мертігуі, науқастануы" деген сөздер "науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарынан шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.";
6-тармақтағы "жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы" деген сөздер "науқастануы, мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде, асырап алған балаларға, бірге тұратын өгей балаларға) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.";
44) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлері, сондай-ақ қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерлердің отбасы мүшелері басқа бағасы тең болатын тұрғын үй-жай берілмей қызметтiк тұрғынжайдан шығарылмайды.";
45) 69-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Қызметкердің денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залал бюджет қаражатынан толық көлемде өтеледі, кейіннен бұл сома залал келтірген адамнан өндіріп алынады.
Залалды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
46) 73-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметкерге құқық қорғау органдарына қызметке тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), сондай-ақ жүктілiгіне және босануына байланысты демалысқа (демалыстан) шыққан, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалысының, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстан шыққан жылындағы ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын он екіге бөлу және алынған күндер санын құқық қорғау қызметіне тұрған (қызметтен шығарылған), оқуға түскен (оқуды аяқтаған), демалысқа шыққан (демалыстан шыққан) жылындағы қызметінің толық айларының санына көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Толық емес күндердің санын дөңгелектеу ұлғайту жағына қарай жүргізіледі.
Бұл ретте ұзақтығы күнтізбелік он және одан көп күнге демалыс алуға құқығы бар қызметкерлерге демалысына қосып, жол жүруіне уақыт беріледі.";
47) 75-бапта:
бірінші абзацтағы "курсанттары мен тыңдаушыларына" деген сөздер "курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) магистратураны, докторантураны қоспағанда, білім беру ұйымын аяқтауына байланысты ұзақтығы күнтізбелік отыз күн.";
2-тармақтағы "курсанттары мен тыңдаушыларына" деген сөздер "курсанттарына, магистранттары мен докторанттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "күндізгі және сырттай оқу нысаны" деген сөздер "күндізгі оқу нысаны, сондай-ақ қашықтан оқыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "сырттай оқу нысаны" деген сөздер "қашықтан оқыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде немесе Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия айқындайтын шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарындағы докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына түскен қызметкерлерге ақшалай ризық сақталмай, атқарып отырған лауазымынан босатыла және құқық қорғау органдарының кадрында қалдыра отырып, оқу демалысы беріледі.";
48) 77-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі "қарамағына" деген сөз "кадрына" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі ", сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу" деген сөздер "немесе сыныптық шен беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Құқық қорғау органында атқарып отырған лауазымының қысқартылуымен не өзгертілуімен ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізілген жағдайда, қызметкерге біліктік талаптарына сәйкес келген кезде осы жергілікті жерде басқа бос лауазымға, бірақ бұрын атқарғанынан төмен емес лауазымға ауысу мүмкіндігі беріледі.";
49) 80-бапта:
11) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты;";
"15) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты;";
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен және 18) тармақшадағы "байланысты жұмыстар шығарылады." деген сөздер "байланысты;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға жүгіну фактісі туралы жүгінген күні тікелей басшысына жазбаша нысанда хабарламағаны үшін;";
"19) қызметкердің бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себеппен қызметте болмауына байланысты жұмыстан шығарылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мынадай әрекеттер, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында құқық қорғау қызметінің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер, атап айтқанда: қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде (құқық қорғау органына тиесілігі айналадағыларға анық белгілі) болуы; есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну; алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқару; қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) психотроптық және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін медициналық куәландырудан бас тартуы; қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің, курсанттарының арасында жарғыға сәйкес келмейтін, жағымсыз қоғамдық резонанс тудырған қарым-қатынастары құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қызметтік тәртіпті өрескел бұзуға қызметкердің қызметтік міндеттерін адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келген тиісінше орындамауы немесе орындамауы, егер бұл әрекеттер (әрекетсіздік) қылмыстық жауаптылыққа алып келмесе; ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу, қызметкердің алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде қызметте болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде осындай масаңдануды тудыратын заттарды тұтынуы, қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызмет мүдделеріне зиян келтірген қызметтік ақпаратты жария етуі жатады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қызметкер осы баптың 1-тармағының 9), 10), 12), 12-1), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыстан шығарылған жағдайда, қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығару туралы баянат беруі жұмыстан шығаруды тоқтата тұрмайды және жұмыстан шығару негіздерінің өзгеруіне алып келмейді.";
50) 81-бапта:
2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқық қорғау органдарында қызметін тоқтатқан қызметкерлер құқық қорғау органдарының кадрынан шығарылады.";
"6. Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2, 4) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметтен шығарылатын қызметкерлер шығарылатыны не қызметте болудың шекті жасына толғаны туралы шығарылғанға немесе шекті жасқа толғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етiледi.
Осы Заңның 80-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметкерді жұмыстан шығаруды қоспағанда, қызметкерлерді демалыстарда және емдеуде болған кезеңінде жұмыстан шығаруға жол берілмейді.";
8-тармақтың екінші бөлігіндегі ", сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы" деген сөздер "немесе сыныптық шенi" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі ", сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары" деген сөздер "немесе сыныптық шендері" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі ", сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары" деген сөздер "немесе сыныптық шендері" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен наградталған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыстан шығарылған кездегі біржолғы жәрдемақы мөлшері айлық ақшалай қамтымның екі есе мөлшеріне ұлғайтылады.";
51) 82-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
52) 84-бапта:
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 4, 5, 9, 33-1, 45-1-баптарын, 60-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 7) және 8) тармақшаларын, 61-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5,) 6) және 8) тармақшаларын, 69-бабының 3) және 3-1) тармақшаларын, 72-бабының 5-тармағын, 75-бабын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне және оның қызметкерлеріне қолданылады.
Осы Заңның 59-бабының, 60-бабы 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 1-1, 1-2 және 2-тармақтарының, 61-бабының 1-тармағы 2), 2-1) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының күші Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауына байланысты қолданылады.
Осы Заңның күші, осы Заңның 3, 5, 45-1, 59, 60, 61, 62-баптарын, 69-бабының 3 және 3-1-тармақтарын, 80-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасын, 83-бабын қоспағанда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын азаматтық қорғау органдарына және олардың қызметкерлеріне қолданылады.";
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы, азаматтық қорғау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған қатардағы және кiшi басшы құрамдардағы қызметкерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.".
13. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 77-бап мынадай мазмұндағы 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:
"11. Қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша қызметтен шығарылған курсанттарға, тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
12. Курсант, тыңдаушы қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) курсанттың, тыңдаушының отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.";
2) 78-бап мынадай мазмұндағы 11 тармақпен толықтырылсын:
"11. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.";
3) 80-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша шығарылған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.".
14. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 51-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.";
2) 52-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші, мерзімді қызметтің әскери қызметшісі, курсант, кадет, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.".
15. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған;
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты не құқық қорғау органы таратылған кезде шығарылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.";
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не өз еркі бойынша не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуiне байланысты шығарылған;
3) жиырма бес және одан көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жыл және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және штаттың қысқартылуына, құқық қорғау органының таратылуына не жұмысын жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты шығарылған не арнаулы атақтарға немесе сыныптық шендерге ие болу, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған кезде тіркелген арнаулы атағы немесе сыныптық шені бойынша құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына сәйкес келетін жасқа толған, арнаулы атақтарға және сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.".
16. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 2-тармағында:
3-1) тармақшадағы "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақстан Республикасының Президентіне Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымдарына тағайындауға ұсыну енгізеді;";".
2) 11-баптың 25) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын;";
бесінші абзац алып тасталсын;
отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистік талаптары мен әдістері, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары;";
3) 17-баптың 2-тармағындағы "тұрақты орналасқан пунктінен тыс жерде" деген сөздер алып тасталсын;
4) 21-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Осы баптың 2-тармағында ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы); білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедектік белгіленген мүгедектігі бар балалар (асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылықтағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.
Ішкі істер органдары қызметкерінің асырауындағы адамдар деп оның кірісі есебінен өмір сүретін және дербес кіріс көзі жоқ отбасы мүшелері танылады.";
5) 22-бапта:
2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
ескерту алып тасталсын.
17. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бапта:
1-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірлескен шешімдерінде айқындалатын тәртіппен шекаралық іздестірулерге және операцияларға қатысуға құқылы;";
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға;";
26) тармақша алып тасталсын;
2) 6-баптың 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұлттық ұланның Комитет құқығындағы Бас қолбасшылығы Ұлттық ұланды әскери басқарудың жедел-стратегиялық органы болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы басқарады.";
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысына тікелей бағынатын құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының құрамына кіреді.";
3) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы";
1-тармақ "босататын" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары –" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары –Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы:";
4) 12-баптың 7) тармақшасы "Президентіне" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары –" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың 1) тармақшасындағы "Ұлттық" деген сөз "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің осы Заңда арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды, әскери және арнаулы техниканы қолдану рұқсат етілген барлық жағдайда дене күшін қолдануға құқығы бар.";
7) 23-бапта:
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке тұлғаларға жасалған шабуылды тойтару;";
"6) әскери қалашықтарға, уақытша орналасу пункттеріне, әскери эшелондарға (көлікке) және көлік колонналарына, Ұлттық ұлан күзететін объектілерге жасалған шабуылдарды тойтару;";
9) тармақшадағы "тоқтату үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар." деген сөздер "тоқтату;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"10) Ұлттық ұлан әскерлері күзететін объектілерді, құрылысжайларды қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау;
11) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін арнаулы құралдарды қолдануға құқығы бар.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қолданатын арнаулы құралдар ретінде:
1) осы баптың 1-тармағының 1) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда – арнаулы таяқтар;
2) осы баптың 1-тармағының 1) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда – көзден жас ағызатын (тітіркендіретін) әсері бар құралдар;
3) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) 5) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қол кісендері қолданылуы мүмкін. Қол кісендері болмаған кезде әскери қызметшілер байлау үшін қолда бар құралдарды пайдалануға құқылы;
4) осы баптың 1-тармағының 1), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – назар аударту әсері бар жарық-дыбыс құралдары;
5) осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тосқауылдарды бұзу құралдары;
6) осы баптың 1-тармағының 6), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда – көлікті мәжбүрлеп тоқтату құралдары;
7) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда – Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күзететін объектілерді (аумақтарды) қорғау, құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын топтардың қозғалысын бұғаттау құралдары;
8) осы баптың 1-тармағының 6), 7), 8) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда – жарық және акустикалық арнаулы құралдар;
9) осы баптың 1-тармағының 6), 8) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда – пилотсыз ұшу аппараттарына қарсы іс-қимылдың арнаулы техникалық құралдары қолданылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қызметтік иттер осы баптың 1-тармағының 1) – 10) тармақшаларында көзделген жағдайда қолданылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Арнаулы құралдардың барлық түрі және қызметтік иттер осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда да қолданылуы мүмкін.";
5-тармақ "құралдарды" деген сөзден кейін "және қызметтік иттерді" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 24-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы "азаматтарды" деген сөз "жеке тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "түрмелердегі," деген сөз алып тасталсын;
5) және 7) тармақшалардағы "азаматтардың" деген сөз "жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы "азаматтарға немесе Ұлттық ұланның және құқық қорғау органдарының" деген сөздер "жеке тұлғаларға немесе Ұлттық ұланның" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада:
"қалашықтарға," деген сөзден кейін "уақытша орналасу пункттеріне," деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтардың тұрғын үй-жайларына" деген сөздер "жеке тұлғалардың тұрғынжайларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы "Ұлттық ұланның әскери қызметшісінің және (немесе) ішкі істер органдары қызметкерінің, өзге де адамдардың" деген сөздер "жеке тұлғалардың немесе Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) және 13) тармақшалардағы "азаматтарды", "азаматтардың" деген сөздер тиісінше "жеке тұлғаларды", "жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "жолын кесу үшін қару қолдануға құқығы бар." деген сөздер "жолын кесу;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында, егер олардың әуе кеңістігінде болуын өзге құралдармен тоқтату мүмкін болмаса, пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін қару қолдануға құқығы бар.";
9) 25-бапта:
1) тармақшадағы ", әскери техниканы" деген сөздер "және әскери мүлікті" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "азаматтардың" деген сөз "жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "төтенше жағдай режимі кезінде" деген сөздер "Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындау кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
"қалашықтарға," деген сөзден кейін "уақытша орналасу пункттеріне," деген сөздермен ауыстырылсын;
"азаматтардың тұрғын үй-жайларына" деген сөздер "жеке тұлғалардың тұрғынжайларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "басу үшін қолданылады." деген сөздер "басу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
6) әскери бөлімдер, мемлекеттік күзетуге жататын объектілер аумағының үстінен, сондай-ақ Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің міндеттерді орындау аудандарында, егер олардың әуе кеңістігінде болуын өзге құралдармен тоқтату мүмкін болмаса, пилотсыз ұшу аппараттарының әуе кеңістігін бұзуының жолын кесу үшін қолданылады.
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4), 5) 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, әскери бөлім (бөлімше) командирінің немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша әскери және арнаулы техника қолданылуы мүмкін.".
18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтар, мыналарды:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін;
2) қатардағы және кіші басшы құрамдар лауазымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін;
3) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 8-тармағында, 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдарды қоспағанда, уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.
Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібі мен бағдарламаларын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды.".
19. "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекітеді;";
2) 6-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын әзірлейді";".
1. Осы Заң:
1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 43) тармақшасының бірінші және үшінші абзацтарын;
2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 43) тармақшасының бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 13 және 14-тармақтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының сегізінші – он алтыншы абзацтарын, 6), 8), 10) және 11) тармақшаларын, 10-тармағының 3) тармақшасын, 11-тармағын, 12-тармағы 14) тармақшасының бірінші – төртінші абзацтарын, 15) тармақшасын, 41) тармақшасының бірінші – төртінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 42) тармақшасын, 43) тармақшасының екінші, төртінші және жетінші абзацтарын, 44) және 45) тармақшаларын, 47) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 48) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 50) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 52) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 15-тармағын, 16-тармағының 3) тармақшасын;
4) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 41) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белгіленген біліктілік сыныптарында болу мерзімі тиісті арнаулы атақтардағы немесе сыныптық шендердегі еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |