2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма | |
Ресми Куәландырылған мәтін |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты басшылыққа ала отырып және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 99-бабын назарға ала отырып,
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында ақпаратпен және мәліметтермен уақтылы алмасу қажеттігін мойындай отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын негізге ала отырып,
мүше мемлекеттер қолданатын, ақпараттың құпиялылығын қорғауға арналған шаралардың баламалы және барабар екенін мойындай отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартта айқындалған мәндерде қолданылады.
2-бап
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу (бұдан әрі - өткізу) кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында мүше мемлекеттер өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды (бұдан әрі - ақпараттық өзара іс-қимыл) жүзеге асырады.
2. Ақпараттық өзара іс-қимыл қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде жеке тұлға жолаушы кедендік декларациясында және тауарларға арналған декларацияда мәлімдеген мәліметтерді ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
3-бап
Мүше мемлекет қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша құралдарының өткізілуі туралы деректер базасын қалыптастыруға жауапты органды, сондай-ақ көрсетілген деректер базасында қамтылған мәліметтерді ұсынуға жауапты органды (органдарды) (бұдан әрі - жауапты орган) айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы жазбаша хабарлама жіберумен бір мезгілде дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық комиссияны осындай органдар туралы, мүше мемлекеттің ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын уәкілетті органы, құқық қорғау және кеден органдары туралы хабардар етеді.
Көрсетілген органдар өзгерген жағдайда, мүше мемлекет 10 күндік мерзімде бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия хабарламаны алған күннен бастап 5 күн мерзімде тиісінше осы баптың бірінші немесе екінші абзацында көрсетілген ақпаратты екінші мүше мемлекеттерге жолдайды.
4-бап
1. Ақпараттық өзара іс-қимыл бір мүше мемлекеттің уәкілетті, құқық қорғау және кеден органдарынын (бұдан әрі - сұрау салушы орган) екінші мүше мемлекеттің жауапты органына (бұдан әрі - сұрау салынатын орган) орыс тілінде не мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (орыс тіліне аудармасы қоса беріле отырып), жазбаша нысанда жодайтын сұрау салулары бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Келісімнің 2-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді алу үшін сұрау салуға сұрау салушы органның басшысы немесе басшының орынбасары қол қояды және онда:
а) сұрау салушы органның атауы;
б) сұрау салынатын органның атауы;
в) осы Келісімге сілтеме;
г) сұрау салуды жолдаудың негіздері мен мақсаттары;
д) сұрау салу мәнінің қысқаша баяндалуы;
е) оған қатысты сұрау салу жолданатын адамды сәйкестендіру үшін қажетті ақпарат;
ж) акпарат сұратылатын кезең немесе күн (күндер);
з) сұрау салуды орындауға қажетті өзге де мәліметтер қамтылады.
3. Сұрау салуды орындау мерзімі оны сұрау салынатын орган алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды. Сұрау салуды неғұрлым қысқа мерзімде орындау қажет болған кезде, сұрау салуда сұрау салуды орындаудын негізі мен қаланатын мерзімі көрсетіле отырып, тиісті ескерту жасалады.
Шұғыл сұрау салуды орындау мерзімі сұрау салынатын орган оны алған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайды.
Егер сұрау салуды орындау үшін сұрау салынатын органға сұрау салушы органнан қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, сұрау салуды орындау мерзімі қосымша ақпарат алуға кажетті кезеңге ұзартылады.
Сұрау салуды осы тармақта көзделген мерзімде ішінара немесе толық орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынатын орган сұрау салушы органды сұрау салуды орындаудың болжамды мерзімі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
4. Мүше мемлекеттің қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу туралы деректер базасын қалыптастыруға жауапты органы мен жауапты органдардың өзара іс-қимылы осы мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Осы Келісімнің шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл Одақтың интеграцияланған ақпараттык жүйесі осы Келісімнің 6-бабында көзделген ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз еткен жағдайда көрсетілген акпараттык жүйе пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
5-бап
1. Егер:
а) сұрау салу осы Келісімнің 4-бабы 2-тармағында көрсетілген талаптарға сай келмесе;
б) сұрау салушы орган өзінің атына сұрау салуды орындау үшін қажетті қосымша ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күннен бастап 2 ай ішінде сұрау салынатын органға қажетті ақпаратты ұсынбаса;
в) сұрау салу сұрау салынатын органға байланысты емес себептер бойынша объективті түрде орындалмайтын болса;
г) сұрау салуды орындау сұрау салынатын органның мүше мемлекетінің егемендігіне және (немесе) ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін болса, осы Келісімнің 4-бабында көрсетілген сұрау салуды орындаудан бас тартылады.
2. Осы баптың 1-тармағының "а", "в", және "г" тармақшаларында көзделген сұрау салуды орындаудан бас тартылған жағдайларда, сұрау салынатын орган сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде сұрау салушы органды бас тартудың себептері туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
6-бап
1. Осы Келісім шеңберінде алынған ақпарат құпия болып табылады және оны мұндай ақпаратты берген органның жазбаша келісімінсіз ол сұратылған және ұсынылған мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.
Мүше мемлекеттің ақпараттық өзара іс-қимылға қатысатын органдары өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы Келісім шеңберінде алынған ақпаратты қорғау, сақтау және жою жөнінде шаралар кабылдайды. Көрсетілген ақпарат ол берілген мақсат талап ететін мерзімнен ұзақ сақталмайды.
Осы Келісім шеңберінде алынған ақпарат санкцияланбай таратылған, оны жоғалтқан, жойған немесе тиісінше пайдаланбаған жағдайда, акпаратты сұратқан мүше мемлекеттің құзыретті органы ақпарат берген мүше мемлекеттің құзыретті органына дереу хабарлайды және тиісті тергеп тексеру жүргізеді. Қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттердің құзыретті органдары тергеп тексеру жүргізу кезінде бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
Осы Келісімнің осы Келісім шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді көздейтін ережелері осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған немесе мүше мемлекет оған қатысушылардың құрамынан шыққан жағдайда да күшінде қалады.
2. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік құпиясын (мемлекеттік құпияларын) құрайтын мәліметтерді алмасу тәртібі, оларды қорғау жөніндегі шарттар мен шаралар мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарда қолданылатын жеке халықаралық шарттарда айқындалады.
7-бап
Нысанасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) ақша құралдары болып табылатын әкімшілік және қылмыстық істер туралы ақпарат алмасу мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарда қолданылатын халықаралық шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.
8-бап
Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
9-бап
Мүше мемлекеттердің өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
10-бап
Осы Келісім осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы мүше мемлекеттердің соңғы жазбаша хабарламасын депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.
2021 жылғы "20" шілдеде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Осымен 2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу туралы келісімнің толық және аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.В.Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Т.Т. Мамытов;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин.
Төлнұсқа данасы Еуразиялык экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы Құқықтық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |
Орысшадан қазақ тіліне аудармасы сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры Ғ.М. Аманов___________
2022 ж. 3 мамыр