Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-VIII ҚРЗ

      2023 жылғы 17 мамырда Сианьда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

      Тараптар арасында ақпарат алмасуға одан әрі жәрдемдесу мақсатында,

      өзара құрмет және теңқұқықты консультациялар негізінде,

      ақпарат берудің тиісті тетігін құру туралы келісімге қол жеткізіп,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар осы Келісім шеңберінде мынадай негізгі бағыттар:

      1. Тараптар мемлекеттерінің аумағында болу мақсаттары бойынша. Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына визасыз келулер, сондай-ақ берілген визалар саны.

      2. Бір Тараптың өз мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе азаматтығы қалпына келтірілген екінші Тараптың азаматтары туралы мәліметтер беруі бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Тараптар мемлекеттерінің азаматтығына қабылдау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес келуге тиіс.

      3. Екі Тарап мемлекеттері азаматтарының мүдделерін қорғау үшін Тараптар мемлекеттерінің осы Келісім күшіне енгенге дейін өз азаматтығын ауыстырған азаматтары туралы мәліметтермен өзара алмасу бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Тараптардың құзыретті органдары мұндай мәліметтерді осы Келісім күшіне енгеннен кейін 6 (алты) ай ішінде дипломатиялық арналар арқылы жібереді. Тараптар азаматтардың тізімдерін алған кезде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өзінің бұрынғы азаматтығының болуы не тоқтатылуы туралы адамдар бойынша ақпаратты 2 (екі) ай ішінде жібереді.

      4. Тараптар келу, болу және кету қағидаларын бұзған екінші Тарап мемлекетінің азаматтарына қатысты бір-біріне хабарлайды.

2-бап

      Мыналар:

      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      Қытай Тарапынан - Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Көші-қон істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы осы Келісімді іске асыру жөніндегі құзыретті органдар болып табылады.

      Тараптар жоғарыда аталған құзыретті органдардың ресми атауы мен функциялары өзгерген жағдайда, бұл туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.

3-бап

      1. Тараптар алмасатын азаматтар туралы ақпарат: тегін, атын, әкесінің атын (орыс және латын тілдерінде жазылған), жынысын, туған күнін, туған жерін, азаматтығын, тиісті құжаттың сериясын, нөмірін, берілген күнін, оны берген органды, ұлтын, фотосуретін қамтиды.

      2. Осы Келісімнің 1-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында көрсетілген мәліметтер тоқсан сайын беріледі.

      Тараптардың әрқайсысының мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халықтың денсаулығын қорғау мақсатында осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара уақытша тоқтата тұруға құқығы бар.

      Тараптар мұндай шараларды қабылдағаны туралы немесе олардың күшін жойғаны туралы алдын ала, бірақ мұндай шешімді қабылдаған кезден бастап 72 сағаттан кешіктірмей бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайтын болады.

      Тараптар осы Келісімнің кейбір немесе барлық ережелерін уақытша қалпына келтіру күні туралы дипломатиялық арналар арқылы уағдаласады.

5-бап

      Осы Келісімді орындауға немесе түсіндіруге байланысты Тараптар арасындағы барлық даулы мәселелер өзара консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

6-бап

      Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мүдделі Тараптың жәрдем көрсету туралы жекелеген сұрау салулары (бұдан әрі - сұрау салу) бойынша жүзеге асырылады.

      Сұрау салу және сұрау салуға жауап жазбаша нысанда, оның ішінде қорғалған электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберіледі.

      Сұрау салуға Тарап мемлекетінің құзыретті органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам қол қояды.

      Тараптар осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде сұрау салулардың үлгілерімен алмасады.

      Сұрау салуды орындау мерзімі келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

      Тараптар осы Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде ағылшын тілін пайдаланады.

7-бап

      Тараптар сұрау салудың келіп түсу фактілерінің, оның мазмұны мен оған ілеспе құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жәрдем көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

      Егер сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындау егемендікке, қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, басқа да елеулі мүдделерге нұқсан келтіруі мүмкін деп не оның мемлекетінің заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп пайымдаса, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартылады. Сұрау салушы Тарап бас тарту себептері көрсетіле отырып, сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тарту туралы жазбаша хабардар етіледі.

      Осы Келісімнің негізінде бір Тарап алған мәліметтерді үшінші тарапқа беру үшін осындай мәліметтерді ұсынған Тараптың алдын ала келісімі талап етіледі.

8-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кейін күшіне енеді.

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы тиісті жазбаша хабарламаны екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жіберу жолымен осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осы Келісімнің қолданысы осындай хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кейін тоқтатылады.

      2023 жылғы "17" мамырда Сиань қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Мәтіндер арасында алшақтық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.

      Қазақстан Республикасының      Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады