Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 182-VII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағындағы жер учаскелерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін резервте қалдыру;";

      2) 43-баптың 2-тармағының алтыншы бөлігі 4) тармақшасындағы "өкілдері кіреді." деген сөздер "өкілдері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жергілікті агломерация кеңесінің өкілдері (болған кезде) кіреді.";

      3) 110-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер қала маңындағы аймақтар шекараларының өзгеруі агломерация аумағын қозғаса, мұндай өзгерістер жергілікті агломерация кеңесімен келісілуге жатады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі "атқарушы органдармен" деген сөздерден кейін "және жергілікті агломерация кеңесімен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

      1) 3-баптың 1-тармағында:

      41) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы қарыз алуын қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      68) тармақша "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ішкі және сыртқы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталатын бюджет қаражаты қарыздарды өтеу болып табылады.";

      3) 42-баптың 3-тармағы "өткізілген жағдайларда," деген сөздерден кейін "сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 89-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ұлттық валютада ашылатын Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы сыртқы қарызының арнайы шоты;";

      5) 201-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 209-баптың 1-тармағында:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      "белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алуы түрінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 212-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында айналысқа түсетін ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      8) 44-тарау мынадай мазмұндағы 212-1-баппен толықтырылсын:

      "212-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының сыртқы мемлекеттік қарыздарының шарттары, көлемі мен нысаналы мақсаты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындалады.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимиті шегінде орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымымен қарыз шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарыз шарттары бойынша борышын өтеу міндетті түрде қарыз шарттарында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.".

      3. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      мынадай мазмұндағы 4-2-баппен толықтырылсын:

      "4-2-бап. Алматы қаласының бюджеті

      Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арттыру коэффициенті қолданылады.".

      4. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 17-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;";

      "17-12) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын астананың немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігіне келісуге енгізу;";

      3) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қала маңындағы аймақ шегінде жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретіне:

      1) қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын мемлекеттік қала құрылысы саясатын тұжырымдауға қатысу;

      2) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу;

      3) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын:

      елді мекен халқының жобалық санын айқындау;

      халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

      халықты ауызсу көздерімен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлігінде келісу жатады.";

      4) 26-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;";

      5) 43-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Агломерацияларды аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленеді және жергілікті агломерациялар кеңестерімен келісілуге жатады.".

      5. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      2-тарау мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Астана бюджеті

      Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арттыру коэффициенті қолданылады.".

      6. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын, агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын талқылау;";

      2) тармақшадағы "стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік бағдарламалардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының, агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады