Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 3 қаңтардағы № 187-VII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 143-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацында:

      "Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн", "өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн" деген сөздер тиісінше "Өсiмдiктер дүниесiн", "өсiмдiктер дүниесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "рұқсат алу" деген сөздер "рұқсат алу немесе хабарлама жіберу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 147-1-баппен толықтырылсын:

      "147-1-бап. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру

      1. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адам жасаған әрекет –

      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      3) 337-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "жиырма" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 339-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсіпкерлік субъектілеріне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 358-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацында:

      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жиырма" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыз бес" деген сөздер "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз қырық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацында:

      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "он жеті" деген сөздер "отыз төрт" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "елу" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз қырық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 367-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "әрекеттер" деген сөз "іс-әрекеттер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 368-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын (материалдарын) дайындаудың белгiленген тәртiбiн бұзу";

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзацта:

      "орман материалдарын" деген сөздер "ағаш ресурстарын (материалдарын)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "алудың" деген сөз "дайындаудың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "Ерекше", "дәл сол әрекет" деген сөздер тиісінше "Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ерекше", "іс-әрекет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацта:

      "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қырық бес" деген сөздер "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "екі жүз елу" деген сөздер "үш жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 369-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "әрекеттер" деген сөз "іс-әрекет" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 370-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацындағы "жиырма" деген сөз "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 372-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктің екінші абзацында:

      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "елу бес" деген сөздер "жетпіс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "бір жүз" деген сөздер "бір жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бес жүз" деген сөздер "жеті жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 373-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 374-бапта:

      13) 378-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "әрекеттер" деген сөз "іс-әрекеттер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 380-бапта:

      бірінші абзацтағы "мемлекеттік табиғи парктердің" деген сөздер "мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "екі" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 380-1-баппен толықтырылсын:

      "380-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимін бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      16) 381-баптың екінші абзацында:

      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "қырық" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "жетпіс" деген сөз "сексен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "үш жүз" деген сөздер "үш жүз елу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 381-1-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "бір жүз" деген сөздер "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "Бір жүз" деген сөздер "Елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18) 382-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші абзацтағы "әрекет" деген сөз "іс-әрекет" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      19) 386-баптың екінші абзацында:

      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "отыз" деген сөз "алпыс" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "елу" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бір жүз елу" деген сөздер "үш жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 387-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      21) 388-бапта:

      бірінші бөліктің екінші абзацы "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне" деген сөздерден кейін "немесе коммерциялық емес ұйымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      22) 434-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –

      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "он бес тәулiкке дейінгі", "әкеп соғады" деген сөздер тиісінше "он бестен отыз тәулікке дейінгі", "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 448-бапта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын тарихи-мәдени мұра объектілерін, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылыққа қиянат жасайтын өзге де әрекеттермен қорлауы –";

      екінші абзацтағы "әкеп соғады" деген сөздер "алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 684-баптың бірінші бөлігі:

      "145," деген цифрлардан кейін "147-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "653," деген цифрлардан кейін "653-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      25) 709-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдар";

      бірінші бөлікте:

      "Орман, балық және аңшылық шаруашылығы" деген сөздер "Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      екінші бөлікте:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:";

      1) тармақшада:

      "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      "орман, балық және аңшылық шаруашылығы" деген сөздер "орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "орман және аңшылық шаруашылығы" деген сөздер "орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақша "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      26) 804-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақша "134," деген цифрлардан кейін "147-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      9) тармақшадағы "орман, балық және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы органдардың" деген сөздер "орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің 2) тармақшасында:

      "орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы" деген сөздер "орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "380," деген цифрлардан кейін "380-1," деген цифрлармен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 24) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады