Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 227-VII ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 01.07.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 62-баптың екінші бөлігінде "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы," деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында, Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 64-бапта:

      бірінші бөліктегі "73, 73-1, 73-2" деген цифрлар "73-1 (бірінші бөлігінде), 73-2 (бірінші бөлігінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-бөлігі:

      "73-1" деген цифрлардан кейін "(1-1-бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "73-2" деген цифрлардан кейін "(1-1-бөлігінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы бөліктің ережелері осы Кодекстің 73-бабы, 73-1-бабының 1-1-бөлігі және 73-2-бабының 1-1-бөлігі бойынша тараптардың татуласуына байланысты бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылықтан босатылған адамдарға қолданылмайды.";

      3) 73-бапта:

      бірінші бөліктегі "бес тәулiкке дейiнгi мерзімге" деген сөздер "бес тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "он тәулiкке дейiнгі мерзімге" деген сөздер "он тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 73-1-бапта:

      1-1-бөліктегі "он бес тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздер "он бес тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "жиырма тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздер "жиырма бес тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 73-2-бапта:

      1-1-бөліктегі "он тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздер "он тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "он бес тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздер "жиырма тәулікке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 84-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" деген сөздер "арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 91-баптың тақырыбындағы, бірінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және оныншы бөліктеріндегі "зейнетақымен қамсыздандыру туралы" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 92-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" деген сөздер "міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 98-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігіндегі "жұмыспен қамту туралы" деген сөздер "жұмыспен қамту саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 461-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

      1. Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу –

      он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

      2. Осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      11) 669-бапта:

      екінші бөліктегі "бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға" деген сөздер "он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "он тәулікке дейінгі мерзімге" деген сөздер "жиырма тәулікке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "үшінші бөлігіне" деген сөздер "екінші және үшінші бөліктеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 826-2-баптың үшінші бөлігіндегі "зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 829-4-баптың екінші бөлігіндегі "зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады