2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 70-VIII ҚРЗ.

      2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкентте жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі

      2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 15-бабының ережелерін негізге ала отырып,

      екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының сапарларын құқықтық реттеу мақсатында,

      бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниеттене отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 2-бабында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер бір Тарап мемлекеті азаматтарының болу кезеңі, осы Хаттамаға № 1 және № 2 қосымшаларда аталған олардың жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттар негізінде уақытша тұруға (уақытша тіркелу) рұқсатты ресімдемей, әрбір кезеңде күнтізбелік 180 (бір жүз сексен) күн ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күнде Тараптар мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын болса, тұрақты тұратын жеріне қарамастан екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіреді, одан шығады, транзитпен өтеді, жүріп-тұрады.";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 күннен артық болған жағдайда аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес болатын Таран мемлекетінің құзыретті органдарында уақытша тұруға рұқсат алуға (уақытша тіркеуге тұруға) міндетті.";

      үшінші және төртінші абзацтар алып тасталсын.

2-бап

      Келісімнің 3-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уақытша тұруға (уақытша тіркеуге) рұқсатты ресімдеу рәсімінен:".

3-бап

      Келісімнің 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан, бір Тараптың мемлекеттік объектілеріне қызмет көрсететін екінші Тарап мемлекетінің аумағына қызметтік міндеттерін орындау үшін келетін, одан кететін және онда болатын Тараптар мемлекеттерінің азаматтарын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу келісілген тізімдер бойынша ұлттық паспорттар мен қызметтік куәліктер негізінде жүзеге асырылатын болады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген объектілердің тізбесі осы Келісімге қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде дипломатиялық арналармен нота алмасу арқылы айқындалатын болады.".

4-бап

      5, 6, 7-баптар алып тасталсын.

5-бап

      Келісімнің 11-бабының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта оның заңнамасын сақтауға міндетті.".

6-бап

      Келісімге №1 және №2 қосымшалар осы Хаттамаға қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

7-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      2022 жылғы 22 желтоқсандағы Ташкент қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады.

      Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Азаматтардың
өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттамаға
№ 1 қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының Өзбекстан Республикасының аумағына кіруіне, одан шығуына және жүріп-тұруына арналған құжаттардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы азаматының дипломатиялық паспорты.

      2. Қазақстан Республикасы азаматының қызметтік паспорты.

      3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

      4. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында жүруі кезінде).

      5. Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана).

      6. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі
арасындағы Азаматтардың
өзара сапарларының
шарттары туралы келісімге
өзгерістер енгізу туралы
хаттамаға
№ 2 қосымша

Өзбекстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне, одан шығуына және жүріп-тұруына арналған құжаттардың тізбесі

      1. Өзбекстан паспорты.

      2. Өзбекстан паспорты.

      3. Өзбекстан Республикасының биометриялық дипломатиялық Республикасы азаматының биометриялық Республикасы азаматының шетелге шығуына арналған биометриялық паспорты.

      4. Өзбекстан Республикасына қайтып оралуға арналған сертификат (Өзбекстан Республикасына қайтып оралу үшін ғана).

      5. Әуе кемесі экипажы мүшесінің куәлігі (экипаж құрамында жүруі кезінде).

      6. Үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады