2022 жылғы 17 маусымда Женевада жасалған Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма | |
Жоба |
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ МАРРАКЕШ КЕЛІСІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
БАЛЫҚ АУЛАУ СУБСИДИЯЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері
Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің ("ДСҰ келісімі") X бабының 1-тармағына сәйкес қабылданған WT/MIN(22)/33-WT/L/1144 құжатындағы Министрлік конференциясының шешімін назарға ала отырып;
Осымен төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Хаттама 4-тармаққа сәйкес күшіне енгеннен кейін ДСҰ Келісіміне 1А қосымшаға осы Хаттамаға қосымшада көрсетілгендей Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісімді және Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісімнен кейін оның орналасқан жерін енгізу арқылы өзгерістер енгізіледі.
2. Осы Хаттаманың кез келген ережесіне қатысты ешқандай ескертпелер жасалмайды.
3. Осы Хаттама мүшелердің қабылдауы үшін ашық.
4. Осы Хаттама ДСҰ келісімінің1 X бабының 3-тармағына сәйкес күшіне енеді.
5. Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол әрбір мүшеге осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін және 3-тармаққа сәйкес оның әр қабылданғаны туралы хабарламаны жедел түрде ұсынады.
1. ДСҰ келісімінің Х:3-бабына сәйкес қабылдау туралы құжаттардың санын есептеу мақсатында Еуропа Одағының өзіне қатысты және оған мүше мемлекеттерге қатысты қабылдау туралы құжат ДСҰ мүшелері болып табылатын Еуропа Одағына мүше мемлекеттер санына тең мүшелер санын қабылдау туралы құжат болып есептеледі.
6. Осы Хаттама Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабының ережелеріне сәйкес тіркелуге жатады.
Женевада 2022 жылғы 17 маусымда ағылшын, француз және испан тілдерінде бір данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей.
ҚОСЫМША
БАЛЫҚ АУЛАУ СУБСИДИЯЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕЛІСІМ
Осы Келісім теңіз балығын аулау кәсіпшілігіне және теңізде жүзеге асырылатын кәсіпшілікпен 2’3’4 байланысты қызметке қатысты аталған Келісімнің 2-бабын түсіндіруде ерекше болып табылатын Субсидиялар мен өтемақы шаралары жөніндегі келісімнің (СӨШ жөніндегі келісім) 1.1-бабының мәніндегі субсидияларға қолданылады.
Осы Келісімнің мақсаты үшін:
(a) "балық" өңделгеніне немесе өңделмегеніне қарамастан, теңіз ресурстарының барлық түрлерін білдіреді;
(b) "кәсіпшілік" балықты іздеуді, тартуды, табуды, аулауды, алуды немесе ұстауды немесе ақылға қонымды күтулерге сәйкес балықты тартуға, табуға, аулауға, алуға немесе аулап ұстауға мүмкін кез келген әрекетті білдіреді;
(c) "кәсіпшілікке байланысты қызмет" портта бұрын тасымалданбаған балықты түсіруді, буып-түюді, өңдеуді, шамадан тыс тиеуді немесе тасымалдауды, сондай-ақ теңізде персоналмен, отынмен, аулау құралдарымен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, балық аулауды қолдауға немесе оған дайындалуға арналған кез келген әрекетті білдіреді;
2. Неғұрлым түсінікті болу үшін ішкі су айдындарындағы акваөсіру мен балық аулау осы Келісімнің қолданылу аясынан алып тасталды.
3. Неғұрлым түсінікті болу үшін балық ресурстарына қол жеткізу туралы келісімдер шеңберіндегі мемлекетаралық төлемдер осы Келісім шеңберінде субсидиялар ретінде қарастырылмайды.
4. Осы Келісімнің мақсатында неғұрлым түсінікті болу үшін субсидия кез келген тартылған кеменің туына немесе тіркелуіне не субсидия алушының ұлттық тиесілілігіне қарамастан, оны ұсынатын мүшеге жатады.
(d) "кеме" кәсіпшілікте немесе кәсіпшілікпен байланысты қызметте қолдану үшін пайдаланылатын, жабдықталған немесе пайдалануға арналған кез келген типтегі кез келген кемені немесе жүзу құралын білдіреді;
(e) "оператор" кеменің иесін немесе кемеге жауапты, оны басқаратын не бақылайтын кез келген адамды білдіреді.
3-бап: ЗАҢСЫЗ, ХАБАРЛАНБАЙТЫН ЖӘНЕ РЕТТЕЛМЕЙТІН КӘСІПШІЛІККЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН СУБСИДИЯЛАР5
3.1. Бірде-бір мүше заңсыз, хабарланбаған және реттелмеген (ЗХР) кәсіпшілікпен айналысатын кемеге немесе операторға6 немесе кәсіпшілік ЗХР кәсіпшілігін қолдаумен байланысты қызметке қандай да бір субсидия бермейді және сақтамайды.
3.2. 3.1-баптың мақсаты үшін кеме немесе оператор, егер бұл туралы оң шешім мыналардың кез келгені 7,8:
(a) оның юрисдикциясындағы аудандардағы қызметке қатысты жағалаудағы мүшесі; немесе
(b) мүше мемлекеттің туы астында қызметін жүзеге асыратын кемелерге қатысты осы мүше мемлекет туы; немесе
5. "Заңсыз, хабарланбаған және реттелмеген кәсіпшілік" 2001 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) қабылдаған заңсыз, хабарланбаған және реттелмеген кәсіпшіліктің алдын алу, тежеу және жою жөніндегі халықаралық іс-қимыл жоспарының 3-тармағында баяндалған қызмет түрлеріне жатады.
6. 3-баптың мақсаты үшін "оператор" термині ЗХР кәсіпшілік түріндегі құқық бұзушылықты жүзеге асыру кезінде 2 (е)-бапты түсінуде операторды білдіреді. Неғұрлым түсінікті болу үшін ЗХР кәсіпшілікпен айналысатын операторларға субсидиялар беруге немесе сақтауға тыйым салу теңізде жүзеге асырылатын кәсіпшілікке және кәсіпшілікпен байланысты қызметке берілетін субсидияларға қолданылады.
7. Осы мақалада ештеңе де мүшелердің тергеуге бастама жасау немесе ЗХР кәсіпшілікке қатысты шешім қабылдау міндеттемесі сияқты түсіндірілмеуге тиіс.
8. Осы бапта ештеңе де тиісті халықаралық құралдар шеңберінде субъектілер тізбесіне енгізілген субъектілердің құзыретіне әсер ететін немесе ЗХР кәсіпшілік туралы шешім шығарған кезде тізбеге енгізілген субъектілерге жаңа құқықтар беретіндей түсіндірілмеуге тиіс.
(c) тиісті өңірлік ұйым немесе балық аулауды реттеу жөніндегі уағдаластық (РФМО/А) РФМО/А қағидалары мен рәсімдеріне және халықаралық құқыққа сәйкес, оның ішінде уақтылы хабарлама беру және тиісті ақпарат беру арқылы, сол аудандар үшін және оның құзыретіндегі түрлер үшін шығарса, ЗХР кәсіпшілікпен айналысады деп есептеледі
3.3. (а) 3.2-баптың шеңберіндегі оң шешім9 мүшенің түпкілікті шешімін және/немесе кеменің немесе оператордың ЗХР кәсіпшілікпен айналысқанын білдіретін РФМО/А тізіміне түпкілікті енгізілуін білдіреді.
(b) 3.2. (а) баптың мақсаты үшін 3.1-бапта көзделген тыйым салу, егер жағалау мүшесінің шешімі тиісті нақты ақпаратқа негізделсе және жағалау мүшесі туы көтерілген мүше мемлекет пен субсидиялаушы мүшеге, егер ол белгілі болса, мыналарды ұсынса қолданылады:
(i) тиісті арналармен кеменің немесе оператордың ЗХР кәсішпілікке қатысып, одан әрі тергеп-тексеруді күту үшін уақытша ұсталғаны туралы немесе жағалаудағы мүшенің кез келген тиісті нақты ақпаратқа, қолданылатын заңдарға, қағидаларға, әкімшілік рәсімдерге сілтемені немесе басқа да тиісті шараларды қоса алғанда, ЗХР кәсіпшілікті жүзеге асыру туралы тергеп-тексеруді бастағаны туралы уақтылы хабардар ету;
(ii) түпкілікті шешім шығару кезінде ақпарат алмасудың ескерілуі үшін шешім шығарылғанға дейін тиісті осындай тиісті ақпарат10 алмасу мүмкіндігі. Жағалау мүшесі мұндай ақпарат алмасуды жүзеге асыру әдісі мен уақыт кезеңін көрсете алады; және
(iii) түпкілікті шешім және кез келген қолданылатын жазалар, оның ішінде, егер бұл мүмкін болса, олардың ұзақтығы туралы хабардар ету.
9. Бұл мақалада ештеңе де ЗХР туралы шешімнің негізділігіне және орындалуына ықпал етуші немесе кідіртуші ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
10. Мысалы, бұл туы көтерілген мүше мемлекеттің немесе субсидиялаушы мүшенің сұранымы бойынша диалог жүргізу немесе жазбаша түрде ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтуы мүмкін.
Жағалау мүшесі оң шешім туралы 9.1-бапта көзделген Комитетті хабардар етеді (осы Келісімде "Комитет" деп аталады).
3.4. Субсидиялаушы мүше 3.1-баптың аясында тыйым салуды қолданудың мерзімі белгіленген кезде кеме немесе оператор жасайтын ЗХР кәсіпшілік сипатын, ауыртпалығын және жиілігін назарға алады. 3.1-бап аясында тыйым қайсысы ұзағырақ болатынына байланысты тыйым салуға бастама болатын шешімнің нәтижесі болып табылатын жаза11 күшінде болғанға дейін немесе кеме РФМО/А оператор тізіміне енгенге дейін қолданылады.
3.5. Субсидиялаушы мүше Комитетті 8.3-бапқа сәйкес 3.1-бапқа сай қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
3.6. Егер порт мүше мемлекеті субсидиялаушы мүшеге оның порттарының бірінде орналасқан кеме ЗХР кәсіпшілікпен айналысқан деп пайымдауға айқын негіздері бар екенін хабардар етсе, субсидиялаушы мүше тиісті түрде алынған ақпаратты ескереді және өзінің қажетті деп санайтын субсидияларына қатысты осындай әрекеттер жасайды.
3.7. Әрбір мүшеде осы Келісім күшіне енген кезде қолданыстағы субсидияларды қоса алғанда, 3.1-бапта көрсетілген субсидиялардың берілмеуін және сақталмауын қамтамасыз ету үшін заңдар, қағидалар және/немесе әкімшілік рәсімдер болады.
3.8. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде ең аз дамыған мүше елдерді (ЕДЕ) қоса алғанда, дамушы мүше елдер беретін немесе сақтайтын субсидиялар ерекше экономикалық аймаққа (ЕЭА) дейін және оның шегінде осы Келісімнің 3.1 және 10-баптарына негізделген әрекеттерден босатылады.
4-бап: АРТЫҚ АУЛАНАТЫН ҚОРЛАРҒА ҚАТЫСТЫ СУБСИДИЯЛАР
11. Жазалардың қолданылу мерзімі 3.2-бапта көрсетілген шешім шығарған органның заңнамасына немесе рәсімдеріне сәйкес тоқтатылады.
4.1. Бірде-бір мүше артық ауланатын қорға қатысты кәсіпшілікке немесе кәсіпшілікпен байланысты қызметке субсидия бермейді және сақтамайды.
4.2. Осы баптың мақсаты үшін балық қоры артық ауланған болып табылады, егер оны жағалау мүшесі юрисдикцияда кәсіпшілік немесе тиісті РФМО/А сол аудандар үшін және оның құзыретіндегі түрлер үшін жүргізілетін, жағалау мүшесінде немесе РФМО/А-да бар неғұрлым сенімді ғылыми деректер негізінде артық ауланған деп таныса.
4.3. 4.1-бапқа қарамастан, егер мұндай субсидиялар немесе басқа да шаралар қорды биологиялық тұрақты деңгейге11 дейін қалпына келтіру үшін қолданылса, мүше 4.1-бапта көрсетілген субсидияларды бере алады немесе сақтай алады.
4.4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде ЕДЕ мүшелерін қоса алғанда, дамушы мүше елдер беретін немесе сақтайтын субсидиялар ЕЭА-ға дейін және соның шегінде осы Келісімнің 4.1 және 10-баптарына негізделген әрекеттерден босатылады.
5.1. Бірде-бір мүше жағалау мүшесінің немесе мүше болып табылмайтын жағалау мемлекетінің юрисдикциядан тыс немесе тиісті РФМО/А құзыретінен тыс кәсіпшілікке немесе кәсіпшілікпен байланысты қызметке субсидия бермейді және сақтамайды.
5.2. Мүше осы мүшенің туын көтеріп жүзбейтін кемелерге субсидиялар беру кезінде ерекше назар аударады және тиісті ұстамдылық танытады.
5.3. Мүше мәртебесі белгісіз қорларға қатысты кәсіпшілікке немесе кәсіпшілікпен байланысты қызметке субсидиялар беру кезінде ерекше назар аударады және тиісті ұстамдылық танытады.
12. Осы параграфтың мақсаты үшін биологиялық тұрақты деңгей - бұл ең тұрақты аулау (БТА) сияқты тірек өлшемшарттарын немесе кәсіпшілік үшін қолжетімді деректермен өлшемдес өзге де тірек өлшемшарттарын пайдалана отырып, кәсіпшілік немесе кәсіпшілікке байланысты қызмет жүзеге асырылатын ауданда юрисдикциясы бар жағалау мүшесі айқындайтын; немесе тиісті РФМО/А сол аудандар үшін және оның құзыретіндегі түрлер үшін айқындайтын деңгей.
6-бап: ЕДЕ МҮШЕЛЕРІ ҮШІН ЕРЕКШЕ ЕРЕЖЕЛЕР
Мүше ЕДЕ мүшелеріне қатысты мәселелерді және зерттелетін шешім жолдарын қарауға шығарған кезде тиісті ұстамдылық танытады, тиісті ЕДЕ мүшесінің ерекше жағдайын ескереді, егер мұндай бар болса.
7-бап: ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ
ЕДЕ мүшелерін қоса алғанда, дамушы мүше елдер үшін әлеуетті арттыруда нысаналы техникалық көмек және қолдау осы Келісімде көзделген ережелерді сақтау мақсатында ұсынылады. Біріккен Ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы Ұйымы (ФАО) және Халықаралық Ауыл шаруашылығын дамыту қоры сияқты тиісті халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта осындай көмекті қолдау үшін ДСҰ шеңберінде қаржыландырудың ерікті тетігі құрылады. ДСҰ мүшелерінің осы тетікке арналған жарналары тек ерікті негізде жасалады және тұрақты бюджет ресурстарын пайдаланбайды.
8.1. ӨШС бойынша Келісімнің 25-бабына нұқсан келтірмей және балық аулау субсидиялары бойынша хабарламаларды күшейту және жақсарту мақсатында, сондай-ақ балық аулау субсидиялары бойынша міндеттемелердің орындалуын неғұрлым тиімді қадағалауды қамтамасыз ету үшін әрбір мүше
(a) ӨШС бойынша Келісімнің 25-бабына сәйкес балық аулау субсидиялары бойынша тұрақты хабарлама шеңберінде мынадай ақпаратты ұсынады13, 14: субсидия берілетін кәсіптік қызметтің түрі немесе көрінісі;
(b) мүмкіндігінше ӨШС бойынша Келісімнің 25-бабына сәйкес балық аулау субсидиялары бойынша тұрақты хабарлама аясында мынадай ақпаратты ұсынады12,13;
i) кәсіпшілік аймағындағы балық қорының мәртебесі, ол үшін субсидия беріледі (мысалы, артық аулау, ең тұрақты аулау немесе жоспарланған межеде ауламау), пайдаланылатын тірек өлшемшарттары және мұндай қорлар кез келген басқа мүшемен15 бірлескен болып табыла ма, әлде оларды РФМО/А басқара ма;
ii) тиісті балық қорына қатысты сақтау және басқару бойынша қабылданған шаралар;
iii) субсидия берілетін кәсіпшілік ауданындағы флоттың қуаты;
iv) балық аулау кемесінің немесе субсидия алатын кемелердің атауы және сәйкестендіру нөмірі, және
v) субсидия берілетін кәсіпшілік ауданындағы түрлер немесе түрлер топтары бойынша аулау туралы деректер15.
13. 8.1-баптың мақсаттары үшін мүшелер бұл ақпаратты ӨШС келісімінің 25-бабына сәйкес, сондай-ақ G/SCM/6/Rev сияқты ӨШС комитеті пайдаланатын кез келген сауалнамаға сәйкес талап етілетін барлық ақпаратқа қосымша ұсынады. 1.
14. ДСҰ Хатшылығы тарататын ФАО - ның ең соңғы жарияланған деректеріне сәйкес, теңіз кәсіпшілігі өнімдерінің жалпы әлемдік көлеміндегі жылдық үлесі 0,8% - дан аспайтын ЕДЕ мүшелері мен дамушы мүше елдер үшін осы тармақшадағы қосымша ақпарат туралы хабарлама әр төрт жыл сайын жүзеге асырылуы мүмкін.
15. "Бірлескен қорлар" термині ЕЭА-да екі немесе одан да көп жағалау мүшелерде не ЕЭА шегінде және одан тыс және оған іргелес ауданда кездесетін қорларды білдіреді.
16. Оның орнына көп түрді кәсіпшілік үшін мүше басқа тиісті және қол жетімді аулау туралы деректерді ұсына алады.
8.2. Әрбір мүше жыл сайын Комитетті соттар мен операторлардың тізімі туралы жазбаша нысанда хабардар етеді, оларға қатысты ол ЗХР кәсіпшілікпен айналысу туралы оң шешім шығарды.
8.3. Әрбір мүше осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде 3,4 және 5-баптарда көзделген тыйымдарды жүзеге асыру үшін қабылданған қадамдарды қоса алғанда, осы Келісімнің орындалуын және әкімшілендірілуін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы немесе қабылданған шаралар туралы Комитетті хабардар етеді. Бұдан басқа, әрбір мүше осындай шаралардың кез келген кейінгі өзгерістері туралы және 3-бапта көзделген тыйымдарды жүзеге асыру үшін қабылданған жаңа шаралар туралы Комитетті жедел хабардар етеді.
8.4. Әрбір мүше осы Келісім күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде Комитетке өзінің осы Келісімге қатысты заңдарына, ережелері мен әкімшілік рәсімдеріне сілтемелері бар өзінің балық аулау режимінің сипаттамасын ұсынады және одан кейінгі кез келген өзгерістер туралы Комитетті жедел хабардар етеді. Мүше бұл міндеттемені Комитетке берілген мүшенің ресми веб-парақшасын немесе осы ақпаратты қамтитын басқа да тиісті ресми веб-парақшаға өзекті электрондық сілтеме беру арқылы орындай алады.
8.5. Мүше хабарламаны ұсынатын мүшеден осы бапқа сәйкес берілген хабарламалар мен ақпаратқа қатысты қосымша ақпарат сұрай алады. Хабарламаны ұсынатын мүше мұндай сұрауға мүмкіндігінше тезірек жазбаша түрде және жан-жақты жауап береді. Егер мүше осы бапқа сәйкес хабарлама немесе ақпарат берілмеген деп санаса, ол бұл мәселені осындай басқа мүшенің немесе Комитеттің назарына жеткізе алады.
8.6. Мүшелер өздері тараптары болып табылатын кез келген РФМО/А туралы осы Келісім күшіне енгеннен кейін Комитетті жазбаша нысанда хабардар етеді. Мұндай хабарламада, ең болмағанда, РФМО/А құратын құқықтық құжаттың мәтіні, оның құзыретіндегі аудан мен түрлер, басқарылатын балық қорының мәртебесі туралы ақпарат, оны сақтау және басқару жөніндегі шаралардың сипаттамасы, ЗХР кәсіпшілікпен айналысу туралы шешімдерді реттейтін ережелер мен рәсімдер және оның шешімдеріне сәйкес ЗХР кәсіпшілікпен айналысқан кемелердің және/немесе операторлардың жаңартылған тізімдері болуы керек. Бұл хабарлама жеке немесе мүшелер тобымен ұсынылуы мүмкін17. Осы ақпараттағы кез келген өзгерістер туралы Комитетке жедел хабарланады. Комитет хатшылығы осы бапқа сәйкес хабарламалар келіп түскен РФМО/А тізімін жүргізеді.
8.7. Мүшелер шара туралы хабарлама (а) ТСБК 1994, СӨШ Келісімі немесе осы Келісім бойынша оның құқықтық мәртебесін; (b) СӨШ Келісімі бойынша шараның салдарын; немесе (с) шараның сипатын алдын-ала шешпейтінін мойындайды.
8.8. Бұл бапта ешнәрсе құпия ақпарат беруді талап етпейді.
17. Бұл міндеттеме хабарлама беруші мүшенің тиісті ресми веб-парақшасына немесе осы ақпарат көрсетілген басқа тиісті ресми веб-парақшаға тиісті электрондық сілтеме беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
9-бап: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР
9.1. Осы арқылы әрбір мүшенің өкілдерінен тұратын Балық аулау субсидиялары жөніндегі комитет құрылады. Комитет өз төрағасын сайлайды және жылына кемінде екі рет немесе осы Келісімнің тиісті ережелерінде көзделгендей кез келген мүшенің сұранымы бойынша отырыстар өткізеді. Комитет өзіне осы Келісіммен немесе мүшелермен жүктелген міндеттерді орындайды және мүшелерге осы Келісімнің қолданылуына немесе оның мақсаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге байланысты кез келген мәселелер бойынша консультация алуға мүмкіндік береді. ДСҰ Хатшылығы Комитет хатшылығының функцияларын жүзеге асырады.
9.2. Комитет 3 және 8-баптарға, сондай-ақ осы бапқа сәйкес берілген барлық ақпаратты кемінде екі жылда бір рет зерделейді.
9.3. Комитет осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, жыл сайын оның іске асырылуы мен қолданылуын қарауды жүргізеді. Комитет жыл сайын Тауарлар саудасы жөніндегі кеңесті осындай шолулармен қамтылған кезеңдегі оқиғалардың дамуы туралы хабардар етеді.
9.4. Осы Келісім күшіне енген күннен кейін бес жылдан кешіктірмей және одан кейін әрбір үш жыл сайын Комитет осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, оның қолданылуын жақсарту үшін барлық қажетті өзгерістерді анықтау мақсатында осы Келісімнің қолданылуына шолу жүргізеді. Тиісті жағдайларда Комитет Тауарларды сату жөніндегі кеңеске осы Келісімнің мәтініне түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар бере алады, бұл ретте, атап айтқанда, оны өткізу кезеңінде жинақталған тәжірибеге назар аудара алады.
9.5. Комитет ФАО-мен және тиісті РФМО/А-ны қоса отырып, балық шаруашылығын басқару саласындағы басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста болады.
10.1. ТСБК 1994 XXII және XXIII баптарының ережелері әзірленген түрінде және дауларды шешуді реттейтін қағидалар мен рәсімдер туралы Уағдаластықта қолданылады, осы Келісімде18 арнайы көзделген жағдайларды қоспағанда осы Келісім шеңберінде консультациялар мен дауларды реттеуге қолданылады.
10.2. 1-тармаққа нұқсан келтірмей, СӨШ бойынша Келісімнің19 4-бабының ережелері осы Келісімнің 3, 4 және 5-баптарын орындауға қатысты консультацияларға және дауларды реттеуге қолданылады.
11.1. 3 және 4-баптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімде мүшеге апаттар20 кезінде көмек көрсетуге, егер субсидия:
a) белгілі бір апат болған жағдайда көмек көрсетумен шектелген;
b) зардап шеккен географиялық облыспен шектелген;
c) уақыт бойынша шектелген; және
d) реконструкциялауға субсидиялар берілген жағдайда, тек зардап шеккен кәсіпшілік ауданын және/немесе зардап шеккен флотты апатқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіруге бағытталған жағдайда субсидия беруге ештеңе кедергі болмайды.
11.2. (а) Осы Келісімге қатысты кез келген қорытындыларды, ұсынымдарды және шешімдерді қоса алғанда, осы Келісімнің аумақтық талаптарға немесе теңіз шекараларын делимитациялауға қатысты қандай да бір құқықтық салдары болмайды.
(b) Осы Келісімнің 10-бабына сәйкес құрылған аралық топ кез келген шағымға қатысты қандай да бір қорытынды жасамайды, ол өз тұжырымдарын кез-келген мәлімделген аумақтық талаптарға немесе теңіз шекараларын делимитациялауға негіздеуді талап етеді.21
18. ТСБК 1994 XXIII бабының 1(b) және 1(c) тармақшалары және ДРК 26-бабы Осы Келісім бойынша дауларды реттеуге қолданылмайды.
19. Осы баптың мақсаты үшін СӨШ бойынша Келісімнің 4-бабындағы "тыйым салынған субсидия" термині осы Келісімнің 3-бабында, 4-бабында немесе 5-бабында тыйым салуға жататын субсидияларға жатады.
20. Нақтырақ болу үшін бұл ереже экономикалық немесе қаржылық дағдарыстарға қолданылмайды.
11.3. Осы Келісімдегі ешнәрсе халықаралық құқыққа, соның ішінде теңіз құқығына сәйкес22 туындайтын мүшелердің юрисдикциясына, құқықтары мен міндеттеріне нұқсан келтіретіндей түсіндірілмеуі немесе қолданылмауы тиіс.
11.4. осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімде ешнәрсе мүшенің шаралармен немесе шешімдермен байланысты болатынын немесе ол РФМО/а қатысушысы болып табылмайтын Тарап немесе ынтымақтасушы тарап болып табылмайтын кез келген РФМО/А танитынын білдірмейді.
11.5. Осы Келісім СӨШ бойынша Келісімде көзделген кез келген құқықтар мен міндеттерді өзгертпейді және жоймайды.
12-бап: ЕГЕР ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАМТЫЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР ҚАБЫЛДАНБАСА, КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ
Егер жан-жақты қамтылған қағидалар осы Келісім күшіне енгеннен кейін төрт жыл ішінде қабылданбаса және егер Бас Кеңес өзгеше шешім қабылдамаса, онда осы Келісім дереу қолданысын тоқтатады.
21. Бұл шектеу Дауларды шешуді реттейтін қағидалар мен рәсімдер туралы уағдаластықтың 25-бабына сәйкес тағайындалған төрешіге де қолданылады.
22. РФМО/А қағидалары мен рәсімдерін қоса алғанда.
Осымен мен жоғарыда көрсетілген мәтін түпнұсқасы Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорына сақтауға берілген Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың, 2022 жылғы 17 маусымда Женева қаласында қабылданған Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісімнің төлнұсқа көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Қолы |
Нгози Оконджо-Ивеала |
Бас директор |
Осымен мен жоғарыда көрсетілген мәтіннің нұсқасы 2022 жылғы 17 маусымда Женева қаласында қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманның ағылшын тілдегі түпнұсқаның көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
А. Бердалин |