Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 95-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 73-3-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 80-1-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 91-баптың тоғызыншы бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 150-баптың екінші абзацындағы "бұқаралық ақпарат құралының" деген сөздер "масс-медианың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 172-баптың бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 211-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 213-баптың он бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 228-баптың он жетінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 409-баптың 7-6-бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 424-баптың төртінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 451-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "451-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу

      1. Есепке қоймай не шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп тану туралы шешім шығарылғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату –

      бұқаралық ақпарат құралының өнімі тәркілене отырып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген, сондай-ақ теле-, радиоарнаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайларда, қайта есепке алынбай бұқаралық ақпарат құралының өнімін жасап шығару, дайындау, таралымын көбейту және (немесе) тарату –

      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға алып келеді.

      4. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, масс-медиада ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмаған адамның дербес және биометриялық деректерін, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты тарату –

      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      6. Телерадиокомпаниялардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:

      1) отандық теле-, радиоарналардың отандық теле-, радио бағдарламаларды белгіленген пайыздық нормадан кем таратуы;

      2) телеарнада жаңалық сипатындағы телебағдарламаларды сурдоаудармамен немесе субтитр түріндегі аудармамен қамтамасыз етпей тарату;

      3) телеарнада кадр алаңының жиырма бес пайызынан асатын және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзатын коммерциялық жарнама сипатындағы қосымша ақпаратты тарату;

      4) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу, телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын беру сапасын қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзушылығы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      8. Жергілікті уақытпен нөл сағаттан бастап есептелетін әрбір алты сағат сайынғы уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көлемін теле-, радиобағдарламалардың Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасында белгіленгеннен жалпы көлемінен кем тарату –

      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      9. Осы баптың сегізінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      телевизия және (немесе) радиохабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке арналған лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      10. Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің он пайызынан асатын шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялау –

      лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

      11. Осы баптың оныншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      12. Телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:

      1) телерадио хабарларын тарату операторларының міндетті теле-, радиоарналарды таратпауы;

      2) телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиоарнаны ретрансляциялау шарттарын бұзуы түрінде жасаған бұзушылығы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      14. Телерадиокомпаниялардың және телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын:

      1) ғимараттың және (немесе) ғимараттардың меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз коммерциялық мақсатты көздемейтін ұжымдық қабылдау жүйесін ұйымдастыру;

      2) телерадио хабарларын тарату операторларының және телерадиокомпаниялардың адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қатер мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты құлақтандыру сигналын, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде сигналды уақтылы таратпауы;

      3) телерадио хабарларын таратудың сәйкестікті растау рәсімінен өтпеген техникалық құралдарын пайдалану;

      4) радиотаратқыш және (немесе) радиоқабылдағыш байланыс құралдарына жерүсті спутниктік дара қабылдау құрылғылары арқылы бөгеуіл жасау;

      5) телерадио хабарларын тарату операторларының уәкілетті органда есепке, қайта есепке қойылмаған теле-, радиоарналарды таратуы түрінде жасаған бұзушылығы –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      15. Осы баптың он төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      12) 452-бап алып тасталсын;

      13) 453-баптағы "Бұқаралық ақпарат құралдарының", "бұқаралық ақпарат құралдары", "бұқаралық ақпарат құралдарының", "бұқаралық ақпарат құралдарына" деген сөздер тиісінше "Масс-медиа", "масс-медиа", "масс-медиа", "масс-медиаға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 455-баптың төртінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 456-2-баптың бірінші бөлігіндегі "Бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "Масс-медиада" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 476-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 477-баптың 2-1) тармақшасындағы "бұқаралық ақпарат құралдары" деген сөздер "масс-медиа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 684-баптың бірінші бөлігінде:

      "451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздер "451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "452 (үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздер алып тасталсын;

      19) 692-1-бапта:

      тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "692-1-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган

      1. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 451 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде), 454, 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында, төртінші және бесінші бөліктерінде), 456 және 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.";

      20) 802-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар" деген сөздер "хабарлары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 804-баптың бірінші бөлігінің 62) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) масс-медиа саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші, үшінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 462, 463-баптар);

      22) 805-баптың бірінші бөлігіндегі "452," деген цифрлар алып тасталсын;

      23) 909-баптың екінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын" деген сөздер "масс-медианы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады