2022 жылғы 11 қарашада Самарқандта жасалған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім мынадай ескертпемен ратификациялансын: "Қазақстан Республикасына қатысты осы Келісімнің 4-бабының 4-тармағында көзделген мәселелер осы Келісімге қатысушы мемлекеттер қол қойған автомобиль көлігі саласындағы екіжақты келісімдер шеңберінде реттелетін болады.".
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім
Бұдан әрі "Уағдаласушы тараптар" деп аталатын Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, Түркия Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі
халықаралық жүк тасымалын жеңілдетуге ниет білдіре отырып,
халықаралық құрамдастырылған тасымалдар саласындағы ынтымақтастық Уағдаласушы тараптар мемлекеттері арасындағы сауданы дамыту үшін маңызды алғышарт болып табылатынын назарға ала отырып,
әлеуметтік, экономикалық және экологиялық пайдасы бар балама шешімдерді ұсыну мақсатында автомобиль жолдарына қосымша қазіргі заманғы теміржол және су көлігі жүйелерін дамыту қажеттілігін түсіне отырып,
құрамдастырылған көлік жүйесі жоғары әлеуетке және халықаралық жүк тасымалын жеңілдету қабілетіне ие екендігін пайымдай отырып,
құрамдастырылған жүк тасымалдарына қатысты халықаралық келісімдерге сілтеме жасай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекетінде тіркелген көлік құралымен Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында немесе Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен жүзеге асырылатын теміржол, су және/немесе автомобиль көлігімен халықаралық құрамдастырылған жүктердің тасымалын қамтиды.
2. Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың басқа халықаралық келісімдерден туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды және осы халықаралық келісімдермен қамтамасыз етілетін транзиттік және көлік қызметіне кедергі келтіретіндей түсіндірілмеуге тиіс.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде келтірілген терминдердің мынадай мағынасы бар:
а) құрамдастырылған жүк тасымалдары - ауысымдық режимдерде жүктердің өзін өңдемей екі немесе одан да көп түрі көлік ретпен пайдаланылатын, жүктерді сол бір жүк бірлігімен немесе оларды жол көлік құралымен тасымалдау.
б) рұқсат - Уағдаласушы тараптардың бірінің Құзыретті органдары/берген, басқа Уағдаласушы тараптардың бірі мемлекетінің аумағында тіркелген жол көлік құралын екінші Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтары арқылы кіруге/шығуға және транзитті жүзеге асыруға рұқсат беретін (оның ішінде электрондық) құжат.
с) бірлескен комитет - осы Келісімнің 6-бабының ережелеріне сәйкес құрылған "Халықаралық құрамдастырылған тасымалдар жөніндегі бірлескен комитет".
д) тасымалдаушы - Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүктерді тасымалдауға уәкілеттік берілген кез келген жеке немесе заңды тұлға.
1. Осы Келісімде:
Әзербайжан Республикасында - Цифрлық даму және көлік министрлігі;
Қазақстан Республикасында - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қырғыз Республикасында - Көлік және коммуникация министрлігі;
Түркия Республикасында - Көлік және инфрақұрылым министрлігі;
Өзбекстан Республикасында - Көлік министрлігі Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдары болып табылады.
2. Уағдаласушы тараптардың бірінің құзыретті органдары немесе олардың атаулары өзгерген жағдайда басқа Уағдаласушы тараптар дипломатиялық арналар арқылы хабардар етілуге тиіс.
Халықаралық құрамдастырылған тасымалдарды оңайлату
1. Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтарын қосатын теміржол желілерінде тоғысу және транзиттік көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз ету үшін, атап айтқанда "РО-ЛА" халықаралық блок-контейнерлік поездары (теміржол платформаларында жол көлік құралдарын контрейлерлік тасымалдау), "РО-РО" (кемеде автомобиль көлік құралдарын тасымалдау), фидерлік кемелер және теміржол-паромдық операциялар үшін Уағдаласушы тараптар күш-жігерін жұмсайды.
2. Уағдаласушы тараптар өз мемлекеттерінің аумағына пойыздар үшін кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында алдын ала алмасуды қамтамасыз етеді. Мұндай алдын ала алмасудың шарттары рәсімін Бірлескен комитет айқындауға тиіс.
3. Уағдаласушы тараптар пойыздарды шекара арқылы өткізу кезінде өзара іс-қимыл жағдайларын жеделдету үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту тиісті құралдарды және олармен байланысты құрылысжайларды ұсынады.
4. Осы Келісімнің мақсаттары үшін құрамдастырылған тасымалдарды жеңілдету және көтермелеу мақсатында Бірлескен комитет айқындайтын шарттарда Каспий теңізі арқылы құрамдастырылған тасымалға қатысатын жол көлік құралдары үшін транзитке арнайы рұқсат берілуі мүмкін.
5. Уағдаласушы тараптар, егер Каспий теңізі арқылы құрамдастырылған тасымалдарға Уағдаласушы тараптардың автомобиль көлік құралдары пайдаланылса, халықаралық кедендік транзит рәсімдерін жеделдетуге және жеңілдетуге ұмтылатын болады.
6. Уағдаласушы тараптар халықаралық құрамдастырылған тасымалдарға қатысатын көлік құралдарының жүргізушілеріне визалар беруді жеңілдету мақсатында Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес көп мәртелік кіру визаларын оңайлатып беруді жүзеге асырады.
7. Уағдаласушы тараптар жүктерді тасымалдау кезіндегі рәсімдерге қатысты цифрлық технологияларды көтермелейді және оларды енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. Мұндай шараларды Бірлескен комитет әзірлеуге тиіс.
Халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдарына жәрдемдесу
1. Уағдаласушы тараптар құрамдастырылған тасымалдар операцияларының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру үшін интермодальдылықтың салыстырмалы артықшылықтарын назарға ала отырып, құрамдастырылған жүк тасымалдарын ынталандырады. Халықаралық құрамдастырылған тасымалдарды ынталандыру және қолдау жөніндегі шаралар туралы шешімдер Бірлескен комитеттің отырыстарында қабылданады.
2. Уағдаласушы тараптар құрамдастырылған жүк тасымалдары үшін инфрақұрылымды дамыту мақсатында өздерінің теміржол компанияларына, кеме қатынасы компанияларына және порттарына көмек көрсете алады.
3. Уағдаласушы тараптар құрамдастырылған жүк терминалдарында/ терминалдарынан орындалатын құрамдастырылған жүк тасымалдары үшін демалыс және мереке күндері қозғалысқа шектеулерді алып тастау үшін қажетті күш-жігер жұмсайтын болады.
4. Уағдаласушы тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында айқындалған операцияларды құрамдастырылған жүк тасымалдарының операцияларына қатысты құжаттарды бақылауды жеделдету мақсатында жүзеге асырады.
5. Уағдаласушы тараптар өзара ынтымақтастықты жүзеге асырады және құрамдастырылған жүк тасымалдарын ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасауда бір-біріне көмек көрсетеді. Олар Уағдаласушы тараптардың тасымалдаушылары әдетте пайдаланатын маршруттарды дайындау кезінде де бірлесіп жұмыс істейтін болады.
Ынтымақтастық және Бірлескен комитет
1. Уағдаласушы тараптар осы Келісімді жүзеге асыру үшін құзыретті органдар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
2. Осы Келісімді жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді шешу үшін Уағдаласушы тараптардың өкілдерінен тұратын Бірлескен комитет құрылуға тиіс. Бірлескен комитеттің құрамына Уағдаласушы тараптардың лауазымды адамдары, сондай-ақ құрамдастырылған тасымалдар секторының өкілдері кіреді. Бірлескен комитеттің шешімдері Уағдаласушы тараптардың консенсусы негізінде қабылданады. Түркі мемлекеттер ұйымының хатшылығы Бірлескен комитет хатшылығының рөлі мен функцияларын орындайды.
3. Бірлескен комитеттің бірінші отырысы Келісім күшіне енгеннен кейін келесі 3 ай ішінде өткізілуі тиіс. Бірлескен комитет кез келген құзыретті органның өтініш бойынша Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында кезектесіп жиналады. Бірлескен комитеттің отырыстарында талқылануға жататын күн тәртібі отырысқа дейін кемінде 2 апта бұрын басқа Уағдаласушы тараптардың назарына жеткізіледі.
4. Бірлескен комитет осы Келісімді орындаудан және имплементтеуден басқа, құрамдастырылған тасымалдар саласындағы проблемаларды талқылауға және шешуге жауапты болады. Бірлескен комитет осы Келісімнің кез келген баптарына консенсус арқылы түзетулер немесе толықтырулар ұсына алады.
Уағдаласушы тараптар ресми статистикалық деректер мен есептерді қоспағанда, осы Келісімде реттелетін барлық деректер мен ақпарат өздерінің ұлттық заңнамасына және өздері қатысушылары болып табылатын халықаралық келісімдерге сәйкес қорғалуға тиіс және рұқсатсыз үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс деп мәлімдейді. Осы Келісімде реттелетін деректер мен ақпаратты беру Уағдаласушы тараптардың құзыретті органдарының алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.
Уағдаласушы тараптар төтенше мән-жайларда немесе, егер құрамдастырылған жүк тасымалдары ақылға қонымсыз себеппен тоқтатылса, кез келген төтенше бірлескен іс-қимылдарды орындау туралы уағдаласуға тиіс.
1. Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көлік операцияларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар мен көлік экипаждары аумағында осындай операциялар жүзеге асырылатын мемлекеттің ұлттық заңнамасын сақтауға тиіс.
2. Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында орналасқан жүк терминалдарынан/терминалдарына дейін құрамдастырылған көлік бірлігін тасымалдауды осы Уағдаласушы тараптың мемлекетінде тіркелген көлік құралдары ғана жүзеге асыруға тиіс.
Осы Келісімді жүзеге асыруға және түсіндіруге қатысты Уағдаласушы тараптардың арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктер достық қарым-қатынаста консультациялар мен келіссөздер арқылы реттелуге тиіс.
Осы Келісімге Уағдаласушы тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттама нысанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығы осы Келісімнің депозитарийі болып табылады.
Жарамдылық, күшіне ену, қосылу және кері қайтарып алу
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді аяқтағаны туралы депозитарийдің соңғы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Келісім Уағдаласушы тараптардың жазбаша келісуімен кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық. Осындай қосылатын мемлекетке қатысты осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күннен бастап күшіне енеді.
3. Уағдаласушы тараптардың кез келгені басқа Уағдаласушы тараптарды дипломатиялық арналар бойынша депозитарий арқылы өзінің осындай шығу ниеті туралы шығу күшіне енген күнге дейін кемінде алты (6) ай бұрын хабардар ете отырып, осы Келісімнен шыға алады.
Самарканд қаласында 2022 жылғы 11 қарашада әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік, өзбек және ағылшын тілдерінде бір ғана төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Келісімді түсіндіруде қандай да бір алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін пайдаланылады.
Әзербайжан Республикасының |
Үкіметі атынан |
Қазақстан Республикасының |
Үкіметі атынан |
Қырғыз Республикасының |
Министрлер Кабинеті атынан |
Түркия Республикасының |
Үкіметі атынан |
Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі атынан |
Түркі Мемлекеттері Ұйымына Мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің ескертпесі
"Қазақстан Республикасына қатысты осы Келісімнің 4-бабының 4-тармағында көзделген мәселелер осы Келісімге қатысушы Тараптар қол қойған автомобиль көлігі саласындағы екіжақты келісімдер шеңберінде реттелетін болады.".