Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 114-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 44-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы 11) тармақшасындағы "сомасының пайызымен көрсетiледi." деген сөздер "сомасының;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12) төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының;

      13) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының пайызымен көрсетiледi.";

      2) 233-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе" деген сөздер "әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің бірінші абзацындағы "іс-әрекет жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе" деген сөздер "әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 238-бапта:

      бірінші бөлікте:

      1) тармақшадағы "есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса" деген сөздер "есепке алуды жүргізуден жалтару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;";

      екінші абзацтағы "елу" деген сөз "бір жүз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 239-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "есеп жүргізуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса" деген сөздер "есепке алуды жүргізуден жалтару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 545-баптың бірінші абзацы "өткізу" деген сөзден кейін ", егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 549-баптың бірінші абзацы "беру" деген сөзден кейін ", егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 550-баптың бірінші абзацы "пайдалану" деген сөзден кейін ", егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 551-бапта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі" деген сөздерден кейін ", егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса," деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "төленбеген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленуге жататын сомалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.";

      9) 684-баптың бірінші бөлігі "550," деген цифрлардан кейін "551 (үшінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 720-баптың бірінші бөлігі "551" деген цифрлардан кейін "(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 804-баптың бірінші бөлігінің 31) тармақшасы "550," деген цифрлардан кейін "551 (үшінші бөлігі)," деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады