ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 31-бапта:
бірінші бөліктегі "арнайы", "жол жүрiсi саласындағы" деген сөздер тиісінше "арнаулы", "көліктегі және жол шаруашылығындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертпеде:
бірінші абзацтағы "жеке тұлғалар" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "жүрісінің жылдамдығы мен бағытын" деген сөздер "жүру жылдамдығы мен бағытын, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 571-бапта:
алтыншы бөліктің бірінші абзацындағы "арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын" деген сөздер "автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің бірінші абзацындағы "арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын" деген сөздер "автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 592-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырықтан алпыс километрге дейінгі шамаға арттыру –";
мынадай мазмұндағы 3-1 және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"3-1. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына алпыс және одан көп километрден астам шамаға арттыру –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
"5. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
4) 602-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ескерту жасауға алып келеді.";
5) 615-баптың ескертпесіндегі "мопедтерді," деген сөз алып тасталсын;
6) 616-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтың 2), 3), 4), 5), 6) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
екінші бөліктің екінші абзацындағы "операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып" деген сөздер "операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "операторларының тiзiлiмiне енгiзген" деген сөздер "операторының қызметіне арналған рұқсатты алған" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "операторларының тiзiлiмiнен алып тастай отырып" деген сөздер "операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне арналған рұқсаттан айыра отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";
7) 620-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"620-бап. Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу
1. Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді бұзу –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.";
8) 630-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
"3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
9) 631-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
"3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
10) 632-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
"3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";
11) 685-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "592 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздер "592 (үшінші, 3-1, төртінші және бесінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 796-баптың үшінші бөлігінің бірінші сөйлемі алып тасталсын;
13) 797-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында" деген сөздер "593, 628-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 802-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) автоматты режимде жұмыс істейтін және көлікте және жол шаруашылығында әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсірілім арқылы, көлік құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, оның салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін, жол жүрісіне басқа да қатысушылардың іс-қимылдарын айқындау арқылы тіркеп-белгілейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен байқау аспаптарының көрсеткіштері;";
15) 822-1-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Электрондық нысанда жасалған, осы Кодекстің 31-бабына сәйкес тіркеп-белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша белгіленген үлгідегі түбіртегі бар айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде автоматты режимде қалыптастырылған жағдайда уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.".
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) және 6) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |