Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 145-VIII ҚРЗ.

      2024 жылғы 21 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісім (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма
  ҚАРЫЗ НӨМІРІ L0789A

Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы - 1-кіші

бағдарлама)

      2024 жылғы 21 тамыздағы Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - Қарыз алушы) мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (бұдан әрі - Банк, АИИБ) арасындағы келісім (бұдан әрі - Қарыз туралы келісім).

      Мыналарды назарға ала отырып:

      A. Банк Қарыз алушыдан 2023 жылғы 20 қарашадағы даму саясаты туралы хатты (бұдан әрі - Даму саясаты туралы хат) алды, онда осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада (бұдан әрі - Бағдарлама) сипатталғандай Қарыз алушының қаржы секторын дамытуға бағытталған белгілі бір міндеттері мен саяси іс-қимылдары жазылған;

      B. Қарыз алушы Банкке Бағдарламаның мақсаттары үшін қарыз бөлу туралы өтінішпен жүгінді;

      C. саясатқа негізделген қаржыландыру Қарыз алушыға жалпы бюджеттік қолдауды қамтамасыз етеді, және осылайша, Бағдарлама қаражаты Қарыз алушының қандай да бір нақты саласындағы қандай да бір нақты шығыстарды қаржыландыруға арналмаған; және

      D. Банк, атап айтқанда, жоғарыда жазылғандардың негізінде Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде айқындалған шарттарда және ережелерде Қарыз беруге келісім білдірді.

      Осылайша, Қарыз алушы мен Банк осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

I БАП - ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР

      1.01. Жалпы шарттар (осы Қарыз туралы келісімге қосымшада айқындалғандай) осы Қарыз туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

      1.02. Егер түпмәтінде өзгеше көзделмесе, осы Қарыз туралы келісімде пайдаланылатын бас әріппен жазылған терминдер жалпы шарттарда немесе осы Қарыз туралы келісімге толықтыруда оларға бекітілген мәнге ие болады.

II БАП - ҚАРЫЗ

      2.01. Банк Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде жазылған немесе айтылған шарттарда Бағдарламаны қаржыландыруға жәрдемдесу үшін елу екі миллиард жеті жүз қырық миллион йен (JPY 52 740 000 000) (бұдан әрі - Қарыз) сомасында қарыз беруге келіседі.

      2.02. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның III бөліміне сәйкес Қарыз бойынша қаражатты алуға құқылы.

      2.03. Қарыз алушының төлеуіне жататын біржолғы комиссия Қарыз сомасының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды. Қарыз алушы біржолғы комиссияны күшіне енген күннен кейін 60 күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.

      2.04. Қарыз алушы резервке қойғаны үшін төлеуге тиіс комиссия жылына Қарыздың пайдаланылмаған қалдығының бір пайызының төрттен бірін (0,25%) құрайды.

      2.05. Қарыз алушы әрбір пайыздық кезең үшін төлейтін пайыздар ауыспалы спредті қосқандағы базалық мөлшерлеме немесе пайыздық мөлшерлеме конвертацияланғаннан кейін қолданылуы мүмкін мөлшерлеме болып табылады.

      2.06. Әр жылдың 1 маусымы мен 1 желтоқсаны төлем күндері болып табылады.

      2.07. Қарыздың негізгі сомасы осы Қарыз туралы келісімге 3-қосымшаның ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.

III БАП - БАҒДАРЛАМА

      3.01. Қарыз алушы өзінің Бағдарламаның мақсаттарын ұстанатынын мәлімдейді. Осы мақсатта Қарыз алушы Жалпы шарттардың V бабының ережелеріне сәйкес Бағдарлама бойынша Атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы Бағдарламаны іске асырады.

      3.02. Осы Қарыз туралы келісімнің 3.01-бөлімінің ережелерімен шектелмей, және, Қарыз алушы мен Банк арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімге 2-қосымшаның ережелеріне сәйкес Бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

IV БАП - КҮШІНЕ ЕНУІ

      4.01. Осы Қарыз туралы келісімге қол қойылған күннен кейін тоқсан (90) күн өткен соң басталатын күн осы Қарыз туралы келісім күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

V БАП - ӨКІЛ; МЕКЕНЖАЙЛАР

      5.01. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі жалпы шарттардың 10.02-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының уәкілеттік берілген өкілі болып табылады.

      5.02. Жалпы шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін Қарыз алушының мекенжайы:

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қазақстан Республикасы

      Астана, 010000

      Мәңгілік Ел даңғылы, 8

      Факс: +7-7172-75-03-52

      5.03. Банктің мекенжайы:

      Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі

      А мұнарасы, 1-ғимарат, Тяньчэнь Шығыс жолы № 1

      Чаоян ауданы, Бейжің, 100101 Қытай

      Факс: +86-10-8358-0002

      Жоғарыда көрсетілген күнгі және жылғы жағдай бойынша КЕЛІСІЛДІ.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

      Кім______________________________________

      Уәкілетті өкіл

      Т.А.Ә.:____________________________________

      Лауазымы:________________________________

      АЗИЯ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ

      ИНВЕСТИЦИЯЛАР БАНКІ

      Кім______________________________________

      Уәкілетті өкіл

      Т.А.Ә.:____________________________________

      Лауазымы:________________________________

  1-ҚОСЫМША

Бағдарламаның сипаттамасы

      Бағдарламаның негізгі мақсаты сыртқы күйзелістерге макроэкономикалық және қаржылық осалдықты азайту болып табылады.

      Бағдарлама шеңберіне (а) фискалдық орнықтылықты арттыру, ұйымдастыруды, ашықтықты және басқару қағидаттарын жақсарту; және (ь) банк секторы мен капитал нарықтарын дамытуды қолдау кіреді.

      Бағдарлама дамыту саясаты хатында және СӘМТ барынша толығырақ сипатталған.

      Бағдарлама 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша аяқталды деп есептеледі.

  2-ҚОСЫМША

Бағдарламаны орындау

      I бөлім. Іске асыру тетіктері

      A. Институционалдық тетіктер

      1. Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік мониторинг пен есептілікті қоса алғанда, Бағдарламаны жалпы іске асыру үшін жауапты болады.

      2. Қарыз алушы Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы Бағдарлама шеңберінде күнделікті қызметтің жүзеге асырылуына жауапты болады.

      B. Саяси диалог

      1. Қарыз алушы Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы Бағдарлама шеңберінде қабылданған барлық саяси іс-қимылдар СӘМТ-де көрсетілгендей жұмыс істеуін жалғастыратындай етіп қамтамасыз етуге тиіс.

      2. Қарыз алушы Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы Банкке Бағдарламаны іске асыру үшін салдарлары болуы мүмкін көмек көрсету бойынша басқа көпжақты және екіжақты агенттіктермен саяси талқылаулар туралы хабарлауға және Банкке осыдан туындайтын саяси іс-қимылдар жөнінде ұсыныстарды түсіндіруге мүмкіндік беруге тиіс. Қарыз алушы Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер арқылы кез келген осындай ұсынысты әзірлеу және іске асыру аяқталғанға дейін Банктің көзқарасын ескереді.

      C. Серіктестік қаржыландыруды пайдалану

      Қарыз алушы Бағдарламаның мақсаттарына сәйкес келетін белгілі бір бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруды қаржыландыру үшін серіктестік қаржыландыруды пайдалануды қамтамасыз етеді.

      D. Тыйым салынған практикалар

      Қарыз алушы, Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік және Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктердің әрқайсысы (а) тыйым салынған практикаларға қатысты АИИБ саясатын сақтауға тиіс және АИИБ тікелей немесе өз агенттері арқылы Бағдарламамен байланысты кез келген болжамды тыйым салынған әрекеттерді тергеп-тексеру құқығын өзіне қалдырады; және (б) кез келген осындай тергеп-тексерумен ынтымақтасады және осындай тергеп-тексерудің қанағаттанарлықтай аяқталуы үшін барлық қажетті көмекті көрсетеді.

      II бөлім. Мониторингтеу бойынша есептілік және Бағдарламаны бағалау

      А. Бағдарлама бойынша есептер

      Жалпы шарттардың 5.08(с)-бөліміне сәйкес аяқталғаны туралы есеп Банкке жабылған күннен кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. Аяқталғаны туралы есеп Бағдарламаның іске асырылу мәртебесін және СӘМТ көрсеткіштері негізінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуін бағалауы тиіс.

      III бөлім. Қарыз қаражатын алу

      A. Жалпы ережелер

      1. Қарыз алушы осы бөлімнің жалпы шарттарының II бабының және Банк Қарыз алушыға хабарламада көрсететін қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.

      2. Қарыз сомаларын бөлу. Қарыз Қарыз алушы Қарыз шотынан қаражат ала алатын біржолғы транш түрінде бөлінеді.

      Осы мақсатқа Қарыз сомаларының бөлінуі төменде келтірілген кестеде ұсынылды:

Бөлу

Бөлінген Қарыздың сомасы (йенмен көрсетілген)

Біржолғы транш

52 740 000 000

ЖАЛПЫ СОМА

52 740 000 000

      B. Алу шарттары; Алу кезеңі

      1. Осы бөлімнің А бөлігінің ережелеріне қарамастан:

      а) Банк біржолғы комиссияның толық төлемін алмайынша; және

      б) егер Қарыз алушы Банктің қанағаттандыруға орай қарыз қаражатын алу бойынша саяси іс-қимылдарды орындамаса және осы саяси іс-қимылдар жалғаса берсе, қаражатты алу жүргізілмейді.

      2. Банкпен өзгеше келісілген жағдайларды қоспағанда:

      (a) Қарыз шотынан алынған барлық қаражатты Банк Қарыз алушы көрсеткен және Банк үшін қолайлы депозиттік шотқа аударуға тиіс.

      (b) Қарыз алушы әрбір Қарыз сомасы депозиттік шотқа енгізілген кезде балама сома Қарыз алушының бюджеттік басқару жүйесінде Банк үшін қолайлы тәсілмен ескерілетіндей етіп қамтамасыз етуге тиіс.

      3. Осы 2-қосымшаға 1-толықтыруда көрсетілген атауларды қаржыландыру үшін Қарыздың ешқандай қаражатын алуға болмайды.

      4. Жалпы шарттардың 2.05(с)-бөлімінің мақсаттары үшін 2024 жылғы 31 желтоқсан жабылу күні болып табылады.

      C. Қаржылық есептілік; аудиттер

      1. Қарыз алушы Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес және депозиттік шот бойынша есептілік пен құжаттаманы тиісінше тәртіпте көрсету үшін депозиттік шоттар бойынша жекелеген есептілік пен құжаттаманы жүргізуге немесе олардың жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      2. Қарыз алушы Банктің сұрау салуы бойынша Банк үшін қолайлы дәйектілікпен қолданылатын аудит стандарттарына сәйкес біліктілігі, тәжірибесі және жүргізу ортасы Банк үшін қолайлы тәуелсіз аудиторлармен қаржылық есептілік аудитін жүргізуге тиіс. Қарыз алушы қаржылық есептілік және аудиторлардың қорытындылары дайындалғаннан кейін тез арада, бірақ қандай жағдайда болсын, Банк сұрау салған кезден бастап алты (6) айдан кешіктірмей оларды Банкке ағылшын тілінде ұсынуға тиіс.

  2-қосымшаға
1-толықтыру

Ерекшеліктер тізімі

      Қарыз бойынша қаражатты алу төмендегілерге қатысты жүргізілмейді:

      (i) БҰҰ Халықаралық сауданың стандартты сыныптамасының мынадай топтарына немесе кіші топтарына, 3-басылым (ХССС, 3-басылым) немесе Банктің Қарыз алушыға хабарламасында көрсетілетіндей ХССС-қа одан әрі өзгерістерінде көзделген кез келген топқа немесе кіші топқа енгізілген тауарлармен байланысты шығыстар:

      Кесте: Құқыққа сыйымсыз баптар

Тарау

Тақырыбы

Баптар сипаттамасы

112


Алкогольдік ішімдіктер

121


Өңделмеген темекі; темекі өндірісінің қалдықтары

122


Өңделген темекі (темекі алмастырғыштарды қамтитын немесе қамтымайтын)

525


Радиоактивті және онымен байланысты материалдар

667


Меруерт, өңделмеген және өңделген асыл және жартылай асыл тастар

718

718.7

Ядролық реакторлар және олардың жинақтауыштары; ядролық реакторлар үшін радиация шығармайтын отын элементтері (картридждер)

728

728.43

Темекі дайындауға немесе өңдеуге арналған жабдық

897

897.3

Алтын, күміс немесе платина тобының металдарынан жасалған зергерлік бұйымдар (қол сағаттар мен қол сағаттарға арналған корпустарды қоспағанда) және алтын немесе күміс бұйымдар (асыл тастарды қоса алғанда)

971


Монетарлық емес алтын (алтын кендері мен концентраттарды қоспағанда)

      Дереккөз: Біріккен Ұлттар Ұйымы

      (ii) Банктің кез келген қарызы немесе гранттары шеңберінде қаржыландырылатын кез келген келісімшарттарды қоса алғанда, қаржыландыруға келіскен кез келген ұлттық немесе халықаралық қаржы ұйымы немесе агенттік қаржыландыратын келісімшарт бойынша жеткізілген тауарларға байланысты шығыстар;

      (iii) әскери немесе жартылай әскери мақсаттарға арналған тауарларға немесе сән-салтанат заттарын сатып алуға арналған шығыстар;

      (iv) есірткіге арналған шығыстар;

      (v) өндіру, пайдалану немесе импорты Қарыз алушының заңнамасымен немесе Қарыз алушы тарапы болып табылатын халықаралық келісімдермен тыйым салынған экологиялық қауіпті тауарларға арналған шығыстар; және

      (vi) Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауына сәйкес қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Қарыз алушы тыйым салған төлемдермен байланысты шығыстар.

  3-ҚОСЫМША

Өтеу кестесі

      1. Төмендегі кестеде Қарыздың негізгі борышын өтеу күндері және негізгі борышты өтеудің әрбір күні төленуге жататын Қарыздың жалпы негізгі сомасының пайызы (бұдан әрі - Өтеу үлесі) көрсетілген. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күні толық көлемде игерілетін болса, онда негізгі борышты өтеудің әрбір күні Қарыз алушының төлеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші күні алынған Қарыз сомасын; (ь) негізгі борышты өтеудің әрбір күні Өтеу үлесіне көбейту арқылы айқындайтын болады.

Төлем күні

Төлем үлесі

1 маусым 2027

6%

1 желтоқсан 2027

6%

1 маусым 2028

6%

1 желтоқсан 2028

6%

1 маусым 2029

6%

1 желтоқсан 2029

6%

1 маусым 2030

6%

1 желтоқсан 2030

6%

1 маусым 2031

6%

1 жжелтоқсан 2031

6%

1 маусым 2032

6%

1 желтоқсан 2032

5%

1 маусым 2033

5%

1 желтоқсан 2033

5%

1 маусым 2034

2%

1 желтоқсан 2034

2%

1 маусым 2035

2%

1 желтоқсан 2035

2%

1 маусым 2036

2%

1 желтоқсан 2036

2%

1 маусым 2037

2%

1 желтоқсан 2037

2%

1 маусым 2038

2%

1 желтоқсан 2038

1%

Жиыны

100%
 

      2. Егер Қарыз бойынша қаражат негізгі соманы өтеудің бірінші күніндегі жағдай бойынша толығымен алынбаған болса, онда негізгі соманы өтеудің әрбір күні Қарыз алушының өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасы былайша айқындалады:

      (a) негізгі соманы өтеудің бірінші күні Қарыз бойынша кез келген қаражат алынған шамада Қарыз алушы осы қосымшаның 1-тармағына сәйкес осындай күні алынған Қарыз сомасын өтеуге тиіс.

      (b) негізгі борышты өтеудің бірінші күнінен кейін алынған кез келген сома алымы негізгі борышты өтеудің осы күні үшін осы қосымшаның 1-тармағының кестесінде көрсетілген Өтеу үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын, ал бөлімі осындай күнге немесе одан кейінгі күндерге негізгі борышты өтеу күні төлемді Өтеу үлесінің бастапқы сомаларының барлық қалған сомасы болып табылатын бөлшекке әрбір осындай алу сомасын көбейту арқылы Банк айқындайтын сомаларда осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге тиіс.

      3. (а) негізгі борышты өтеудің кез келген күні төленуге жататын негізгі борыш сомаларын есептеу мақсатында ғана негізгі борышты өтеудің кез келген күнінің алдындағы күнтізбелік екі ай ішінде алынған Қарыз сомалары алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күні алынды және өтелмеді деп есептеледі және алынған күннен кейінгі негізгі борышты өтеудің екінші күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күні өтелуге жататын болады.

      (b) осы тармақтың (а) тармақшасының ережелеріне қарамастан, егер Банк кез келген уақытта осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті күні немесе одан кейін қойылатын төлем мерзімдері негізінде шоттарды қою жүйесін қолданса, бұл тармақшаның ережелері шоттарды қоюдың осындай жүйесі ендірілгеннен кейін қаражатты кез келген алуға қолданылмайтын болады.

ТОЛЫҚТЫРУ

I бөлім. Анықтамалар

      1. АДБ деген Азия даму банкін білдіреді.

      2. Қарыз алушы деген алушыны білдіреді, Жалпы шарттарда анықталған термин.

      3. Күтпеген шығыстар мынаны білдіреді:

      (a) мынадай:

      (i) Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе қандай да бір бөлігін немесе осы Қарызға қатысты ағымдағы пайыздық кезеңнің соңғы күніне дейін төленбеген соманы немесе негізгі сома немесе төленбеген сома өтеудің жоспарланған мерзімінде төленген, төленбеген соманы алған күннен басталған кезең үшін осы Келісімнің шарттарына сәйкес Банк алуға тиіс пайыздары;

      мынадан:

      (ii) Банк өзі алған негізгі сомаға немесе төленбеген сомаға тең соманы алғаннан немесе қайтарғаннан кейінгі жұмыс күнінен басталатын және ағымдағы пайыздық кезеңнің соңғы күні аяқталатын кезеңге тиісті банкаралық нарықтағы жетекші банктегі депозитке орналастыра отырып, алуына болатын пайыз сомасынан асып түсетін сома (егер бар болса); және

      (b) депозиттерді жою немесе пайдалану кезінде келтірілген кез келген залалдар, сыйлықақылар, айыппұлдар, міндеттемелер немесе шығыстар немесе осы Қарыздың барлығын немесе кез келген бір бөлігін беру, оған қызмет көрсету немесе қаржыландыру мақсатында үшінші тұлғадан қарыз алу;

      (c) қандай да бір қаржыландыру тетіктерін тоқтату, жою немесе өзгерту салдарынан Банк шеккен кез келген залалдар, шығындар, ысыраптар білдіреді.

      4. Серіктестік қаржыландыру деген Бағдарлама шеңберінде Қарыз қаражатынан алынатын жергілікті валютадағы ақша қаражатын білдіреді.

      5. Депозиттік шот деген 2-қосымшаның ІІІ.В.2-бөлімінде көрсетілгендей Қарыз шотынан алынған қаражат есепке жазылатын, Қарыз алушы көрсеткен және Банкпен келісілген депозиттік шотты білдіреді.

      6. Жалпы шарттар деген осы қосымшаның II бөлімінде жазылған өзгерістерімен 2021 жылғы 22 қазандағы Тәуелсіз қарыздарға арналған Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің жалпы шарттарын білдіреді.

      7. Йенмен қаржыландыру туралы келісім деген Қарызды қаржыландырумен байланысты қаржылық транзакцияны немесе келісімді білдіреді.

      8. Йенмен қаржыландыруды қайтару күндері деген Қарызға жататын йенмен қаржыландыру туралы келісімнің қолданылу мерзімі өтетін күндерді білдіреді.

      9. Бағдарлама бойынша атқарушы агенттік деген Қарыз алушының Қаржы министрлігін немесе АИИБ үшін қолайлы, Бағдарламаның жүзеге асырылуына жауапты оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.

      10. Бағдарлама бойынша іске асырушы агенттіктер деген Қарыз алушының Ұлттық экономика министрлігін, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, Қаржылық мониторинг агенттігін және Ұлттық Банкін немесе АИИБ үшін қолайлы, Бағдарламаның күнделікті іске асырылуына жауап беретін оның кез келген құқықтық мирасқорын білдіреді.

      11. Даму саясаты туралы хат деген осы Қарыз туралы келісімнің (А) тармағында айтылған даму саясаты туралы хатты білдіреді.

      12. СӘМТ деген саясатты әзірлеу және мониторингтеу тетігінде және матрицасын да біріктіретін және Қарыз алушы мен АДБ келіскен саяси іс-қимылды қамтитын саясатты әзірлеу және мониторингтеу тетігін білдіреді.

      13. СӘМТ көрсеткіштері деген Қарыз алушы мен Банк келіскен Бағдарламаның саясатты әзірлеу және мониторингтеу тетігі шеңберіндегі көрсеткіштерді білдіреді.

      14. Саяси іс-қимылдар деген СӘМТ-де көрсетілгендей Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы орындаған немесе орындау үшін жоспарлаған, Қарыз алушы мен АДБ келіскен Саяси іс-қимылды білдіреді.

      15. Тыйым салынған практикаларға қатысты саясат деген кезен-кезеңімен енгізілетін өзгерістерімен 2016 жылғы 8 желтоқсандағы Банктің тыйым салынған практикаларға қатысты саясатын білдіреді.

II бөлім. Жалпы шарттарға түзетулер

      Жалпы шарттарға мынадай өзгерістер енгізілді:

      1. Жалпы шарттарда "Жоба" деген термин пайдаланылатын жағдайларда бұл термин "Бағдарлама" деген терминмен ауыстырылуға тиіс.

      2. Жалпы алғанда, "жобаны орындаудың жалпы қағидаттары" 5.01-бөлімі жалпы мынадай болып өзгертілді: "5.01-бөлім. Жобаны орындаудың жалпы қағидаттары. Қарыз алушы Бағдарламаның: (і) тиісті қырағылықпен және тиімділікпен және ұтымды әкімшілік, қаржылық, мемлекеттік саясатқа, әлеуметтік практикаға және басқару практикасына сәйкес; және (іі) Қарыз туралы келісімнің ережелеріне сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.".

      3. "Қаржыны басқару; Қаржылық есептілік; Аудит" 5.09-бөлімі алып тасталды.

      4. Жалпы шарттарға қосымшада базалық мөлшерлеменің анықтамасы өзгертілуі және былайша толығымен қайта жазылуға тиіс:

      Базалық мөлшерлеме деген кез келген пайыздық кезең үшін мыналарды білдіреді:

      (a) егер тиісті базалық мөлшерлеме тиісті пайыздық кезеңге қатысты әдеттегі жариялау уақытында әдеттегі ақпарат көздерінен қолжетімді болмаса, Банк базалық мөлшерлемені базалық мөлшерлемені есептеудің баламалы әдістеріне қатысты басым нарықтық практиканы, оның нарықтық репрезентативтілігін және оның активтері мен пассивтерін басқару мақсатында Банк үшін қолайлылығын ескере отырып, осындай базалық мөлшерлемені негізді түрде айқындауға, сондай-ақ Қарыз алушыны тиісті түрде хабардар етуге тиіс деген шартпен; (і) АҚШ доллары үшін - күрделі SOFR; (іі) еуро үшін - EURIBOR; және (ііі) жапон йені үшін - TONA;

      (b) егер қарыз валютасы АҚШ долларынан, еуродан немесе жапон йенінен бөлек валюта болып табылса, онда мұндай валюта үшін нарықтық практиканы көрсететін осындай базалық бағам Қарыз туралы келісімде айқындалуға тиіс;

      (c) егер: (і) Банк базалық мөлшерлеме Қарыз валютасы үшін баға белгілеуін түпкілікті тоқтатты немесе реттеуші орган базистік бағамның әкімшілігі үшін мұндай базистік бағам репрезентативтік немесе жарияланған болып табылды немесе бұдан кейін ондай болмайды деп жариялай отырып, жария мәлімдеме жасаса немесе ақпарат жариялады деп айқындаса; немесе (іі) Банк активтер мен пассивтерді басқару мақсатында осындай базалық мөлшерлемені пайдалануға дәрменсіз немесе ол бұдан кейін Банк үшін коммерциялық қолайлы болып табылмаса, базалық мөлшерлеме "Пайыздар" 3.02-бөлімінің (d) тармағына сәйкес Банк айқындауға және алушыны хабардар етуге тиіс кез келген қолданылатын спредті қоса алғанда, Қарыз валютасы үшін басқа салыстырмалы базалық мөлшерлемені білдірсе деген шарт.

      5. "Ауыспалы спред" деген анықтама жалпы шарттарға қосымшада өзгертілуге және мынандай түрде толығымен қайта жазылу тиіс:

      "Ауыспалы спред" бастапқы пайыздық кезеңге қолданылатын Қарыз бойынша ауыспалы спредті айқындау мақсатында ауыспалы спредті Банк қаражатты алғашқы алу кезінде айқындайтын жағдайларды қоспағанда, алдыңғы пайыздық кезең үшін пайыздарды төлеу күніне дейін бір күн бұрын Бейжің уақытымен 12.01.-де қолданыста болған Қарыздың өзі сияқты орташа өтеу мерзімімен Банк берген Қарыз валютасында номинацияланған және жылына пайыздармен көрсетілген Қарыздар бойынша Банктің әрбір пайыздық кезең үшін ауыспалы спредін білдіреді.

III бөлім. Йенмен Қарыз бойынша басқа да ережелер

      А. Йенмен Қарызға мынадай ережелер қолданылады:

      1. Күтпеген шығыстар

      Егер Банк Қарыз алушының:

      (a) қандай да бір төлемді белгіленген мерзімде жасамауы;

      (b) қаражатты алуға сұрау салуға сәйкес қарызды алмауы;

      (c) алдын ала төлеу туралы хабарламаға сәйкес алдын ала төлемді енгізбеуі;

      (d) өтеу кестесіне өзгерістер енгізуге сұрау салуы; немесе

      (e) Қарызды өтеуді жеделдету нәтижесінде мерзімінен бұрын өтеуді қоса алғанда, барлық Қарыз немесе оның кез келген бөлігі бойынша алдын ала төлем енгізуі нәтижесінде белгілі бір күтпеген шығыстарды көтерсе, бұл жағдайда, Қарыз алушы Банктің талабы бойынша Банк ақылға қонымды егжей-тегжейлі Қарыз алушыны хабардар ететін, Банк шеккен осы күтпеген шығыстар сомасын Банкке төлеуге міндетті.

      2. Қарыз қаражатын алу

      (a) Қарыз алушы алудың болжамды күніне (немесе Банк пен Қарыз алушы келісуі мүмкін осындай басқа күн) дейін он бес (15) жұмыс күнінен кешіктірмей қаражатты алуға сұрау салудың тиісінше толтырылған түпнұсқасын Банкке жібере отырып, Қарыз қаражатын ала алады. Ұсынылып отырған Қарыз сомасы 52740000000 йеннен аспайтын соманы құрауға және ең аз баламасы 500000000 йен сомасын құрауға тиіс.

      (b) Қарыз алушы өтеу күні немесе болжамды өтеу күніне дейін Банк (өз қалауы бойынша) ұсынылып отырған Қарызға қатысты Банктің қажетті қаржылық операцияларды жасағанын анықтаған болса, Қарыз алушы Қарыз қаражатын ала алады.

      3. Йеннің қолжетімді болмауы

      (a) Егер Банк (өз қалауы бойынша әрекет ете отырып) кез келген уақытта йенмен қаржыландыру туралы тиісті келісім жасай алмайды деп анықтаса, Банк Қарыз алу қолжетімділігін беруге міндетті емес. Мұндай мән-жайларда Банк Қарыз алушыны хабардар етеді және осындай хабарламадан кейін қаражатты алуға тиісті сұрау салу кері қайтарылып алынды деп есептеледі және қаражатты алуға тиісті сұрау салуға байланысты Банктен қандай да бір Қарыз беру талап етілмейді. Қарыз алушы Банкпен консультация жасағаннан кейін қаражатты алуға басқа сұрау салуы мүмкін, және мұндай жағдайда Банк Қарыз алушыға Қарыз туралы келісімнің кез келген өзгертілген ережелерін қоса алғанда, Қарыздың қаржылық шарттары туралы хабарлауға міндетті.

      (b) егер Банк Қарыз алушыдан йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеудің қолданылатын күні тиісті қарыз бойынша алдын ала төлем (алдын ала төлемдер үшін қандайда бір айыппұлдарсыз немесе сыйақыларсыз (алдын ала төлемдер үшін комиссияларды қоса алғанда) және күтпеген шығыстарсыз) енгізуді талап ете отырып, йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеу күнінен кейін осы Қарызды қолдау мақсатында йенмен қаржыландыру туралы келісім жасасатын жағдайда емес немесе тиісті йендегі Қарыздың негізгі сомасын АҚШ долларындағы Қарызға қайта номиналдауға Банктің құқығы бар және осындай конвертациялау күнінен бастап қолданылатын Қарыз АҚШ долларындағы Қарыз болып табылады деп айқындаса, Банк Қарыз алушыға Қарызға қатысты кез келген йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеу күніне дейін отыз (30) күннен кешіктірмей хабарлама жіберуге тиіс.

      (c) жоғарыдағы (ь) тармақшаға сәйкес Банктен хабарлама алғаннан кейін йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеу күніне дейін он бес (15) жұмыс күннен кешіктірмей Қарыз алушы алдын ала төлем үшін қандай да бір айыппұл санкцияларынсыз немесе сыйлықақыларсыз (біржолғы комиссияны қоса алғанда) немесе күтпеген шығыстарсыз қолданылатын йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеу күні шеңберінде тиісті Қарыз бойынша алдын ала төлем енгізгісі келетінін Банкке хабарлайды.

      4. Жоғарыдағы (ь) тармақшаға сәйкес Банктен хабарлама алғаннан кейін, егер Қарыз алушы жоғарыдағы (с) тармақшаға сәйкес йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеудің тиісті күні Қарыз бойынша алдын ала төлем енгізбеймін деп шешсе, Қарыз алушы йенмен қаржыландыру мөлшерлемесін қайта есептеу күнінен бастап тиісті Қарыздың АҚШ долларына айырбасталғанын растады деп есептеледі және мұндай жағдайда Банк Қарыз алушыға Қарыз туралы келісімнің кез келген өзгертілген ережелерін қоса алғанда, Қарыздың қаржылық шарттары туралы хабарлайды.

      Осымен 2024 жылғы 21 тамызында Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімнің (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы - 1-кіші бағдарлама) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Құжат айналымы департаментінің
Құжаттарды редакциялау және
лингвистикалық, сараптау
басқармасы басшысы
Н. Шахарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады