Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 158-VIII ҚРЗ

      Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 260 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулер ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма

№ 260 ҚАУЛЫ

ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ 12-БАБЫНЫҢ 1-ТАРМАҒЫНА ЖАЙ ОПЕРАЦИЯЛАРҒА ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ШЕКТЕУДІҢ КҮШІН ЖОЮ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТҮЗЕТУЛЕРДІ ЕНГІЗУ

      БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІ

      көпжақты даму банктерінің (КДБ) көптеген өзекті әлемдік проблемаларды шешудегі бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып;

      Келісім 1991 жылғы 28 наурызда күшіне енген кезден бастап қаржы секторында капиталды басқару практикасында елеулі өзгерістер болғанын атап көрсете отырып;

      Банктің алушы елдерде барынша әлеуетті әсерге қол жеткізуі кезінде капиталдық мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану үшін жағдай жасауға ниет білдіре отырып;

      "Жиырмалық тобының" капитал жеткіліктілігі нормативтеріне жүргізген Тәуелсіз шолу қорытындылары бойынша жасалған ұсынымды және оларды Банктің мұқият қарауын, атап айтқанда, КДБ арасындағы өзара келісім бойынша кредиттік тіреудің нақты шекті мәндерін КДБ-ның жарғылық құжаттарынан КДБ-ның капитал жеткіліктілігі нормативтеріне көшіру арқылы КДБ-ның капитал жеткіліктілігін реттеуге көзқарасын жаңғырту ұсынымын құптай отырып;

      Директорлар кеңесінің "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 12-бабының 1-тармағына жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатындағы түзетулерді енгізу туралы" баяндамасын және оның жай операцияларға жарғылық капиталды шектеудің күшін жою мақсатында Келісімнің 12-бабының 1-тармағына түзетулер енгізуді мақұлдау жөніндегі ұсынымын қарап және олармен келісе отырып; және Директорлар кеңесі өзінің Банктің қаржылық салауаттылығы мен орнықтылығын қорғау міндеті шеңберінде Банк капиталының жеткіліктілігі нормативтерінде капиталдың тиісті өлшемдері ескеріле отырып белгіленген жай операциялар кезінде кредиттік тіреудің тиісті номиналды шектеулерін сақтайтынын негізге ала отырып,

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келісімнің 12-бабының 1-тармағына оның қолданыстағы редакциясын алып тастау және мынадай жаңа редакцияда енгізу арқылы түзетулер енгізіледі:

      "1. Директорлар кеңесі Банктің қаржылық салауаттылығы мен орнықтылығын қорғау үшін капиталдың жеткіліктілігі өлшемдеріне қатысты тиісті шектеулерді белгілейді және оларды ұстанады".

      2. Банк мүшелерінің көрсетілген түзетулерді енгізуге келісім беру туралы сұраққа а) өзінің заңнамасына сәйкес көрсетілген түзетулерді енгізуге осындай мүшенің келісімі туралы өтініші бар құжатты ресімдеу және Банкте депонирлеу және b) Банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша түзетулерді енгізуге келісімнің алынғаны және келісім туралы құжат осы мүшенің заңнамасына сәйкес ресімделгені және депонирленгені туралы дәлелдемелерді ұсыну арқылы жауап беруі қажет болады.

      3. Көрсетілген түзетулер Банк өз мүшелеріне Келісімнің 56-бабында көзделген осы көрсетілген түзетулерді енгізуге келісу талаптарының орындалғанын ресми түрде растаған күннен кейін 3 (үш) айдан соң күшіне енеді.

      (2023 жылғы 18 мамырда қабылданған)

      Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
Д. Кеңбеил

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады