Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 259 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулер ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
№ 259 ҚАУЛЫ
ЕУРОПА ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМНІҢ 1-БАБЫНА БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАМТУДЫ САХАРАДАН ОҢТҮСТІККЕ ҚАРАЙ ОРНАЛАСҚАН АФРИКА ЕЛДЕРІ МЕН ИРАКҚА ШЕКТЕУЛІ ТҮРДЕ ЖӘНЕ БІРТІНДЕП ҚОЛДАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ
БАСҚАРУШЫЛАР КЕҢЕСІ
Басқарушылар Кеңесі негізінен Банктің операцияларын географиялық қамтудың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолданылуын мақұлдаған № 248 қаулыға сілтеме жасай отырып;
геосаясат пен даму саласындағы халықаралық қоғамдастықтың басымдықтарына қол жеткізу үшін Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Ирактың, Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африканың көптеген елдері мен Ирактың ЕКДБ операцияларының қазіргі елдерімен өсіп келе жатқан байланыстарының маңыздылығын, сондай-ақ Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Ирактағы Банк мандатының, бизнес-моделінің, жеке секторға бағдарлануы мен құзыреттерінің өзектілігі мен қолданылуын бөліп көрсете отырып;
Банк үшін Украинаны және Украинаға қатысты соғыс қозғаған операциялардың басқа да елдерін қолдау неғұрлым өзекті басымдық болып қала беретінін атап көрсете отырып;
Украинаға қатысты соғыс бір мезгілде Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Ирактағы акционерлердің мақсаттарына одан әрі қол жеткізудің өзектілігін арттыратынын мойындай отырып;
операциялардың жаңа елдерге кез келген ықтимал шектеулі түрде және біртіндеп қолданылуы: Банктің өзінің қазіргі бар операциялар елдерін қолдау қабілетін бәсеңдетпеуге, Банктің ААА деңгейіндегі кредиттік рейтингіне қауіп төндірмеуге, капиталға қосымша жарналарды талап етпеуге; Банктің өтпелі процесті және оны толықтырудың операциялық қағидаттары мен салауатты банк қызметін қолдауға арналған мандатынан ауытқушылыққа жол бермеуге тиіс екенін атап көрсете отырып;
Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракта жұмыс істеп тұрған даму жөніндегі әріптестері арасындағы өзара толықтыру мен ынтымақтастықтың маңыздылығын бөліп көрсете отырып; және Директорлар кеңесінің "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің 1-бабына Банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу туралы" Басқарушылар кеңесіне баяндамасын қарап, онда қамтылған, атап айтқанда:
і. Банктің капиталы мен қаржылық жағдайының салдарын талдау
қызметтің Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа кез келген шектеулі түрде және біртіндеп қолданылуының өзі Банктің қазіргі бар операциялар елдерін қолдау қабілетін төмендетпейтінін, Банктің ААА деңгейіндегі кредиттік рейтингіне қауіп төндірмейтінін және оның капиталына қосымша жарналарды қажет етпейтінін растайтыны;
іі. Банк операцияларын географиялық қамтудың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа осындай шектеулі түрде және біртіндеп қолданылуы Еуропа Қайта Құру және Даму Банкін құру туралы келісімнің ("Келісім") 1-бабына түзетулер енгізумен санкцияланған болуға тиіс екені; және
ііі. бұл кеңейту Банктің Украинаны және Украинаға қатысты соғыс қозғаған операциялардың басқа да елдерін қолдауға арналған қызметіндегі акцентті бәсеңдетпейтіндей етіп жүргізілуге тиіс екені туралы қорытындылармен келісе отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келісімнің 1-бабына түзетулер енгізіліп, ол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕҚДБ мақсаты экономикалық прогреске және реконструкциялауға өз үлесін қоса отырып, көппартиялы демократия, плюрализм мен нарықтық экономика қағидаттарын ұстанған және оларды өмірге енгізетін Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде нарыққа бағдарланған ашық экономикаға өтуге, сондай-ақ жеке және кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Осы шарттардың орындалуын ескере отырып, Банк мүшелері иеленетін дауыстардың жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігін білдіретін басқарушылардың кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданған оның шешіміне сәйкес Банктің мақсатына:
і) Моңғолияда; іі) Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің Банкке мүше елдерінде және ііі) Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай Банкке мүше елдердің шектеулі санында, бұл ретте іі) және ііі) тармақтарда аталған әрбір жағдайда да қол жеткізуге болады. Осыған байланысты осы Келісімдегі және оған қосымшалардағы "Орталық және Шығыс Еуропа елдері", "Орталық және Шығыс Еуропадағы елдер", "алушы ел (немесе алушы елдер)" немесе "алушы ел, Банк мүшесі (немесе алушы елдер, Банк мүшелері)" деген кез келген сілтеме Моңғолияға да және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізінің және Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африканың осындай елдерінің әрқайсысына да қатысты болады".
a. Келісімнің 1-бабында қамтылған "Африка Сахарадан оңтүстікке қарай" деген термин Дүниежүзілік банк тобы қабылдаған анықтамаға сәйкес Сахарадан оңтүстікке қарай Африка өңірін білдіреді деп түсініледі.
b. Банк Келісімнің 1-бабына сәйкес өз міндеттерін орындай алатын Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африкадағы мүше елдердің санына шектеу "Еуропалық қайта құру және даму банкін құру туралы келісімнің 1-бабына Банк операцияларын географиялық қамтуды Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері мен Иракқа шектеулі түрде және біртіндеп қолдануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу туралы" Басқарушылар кеңесінің баяндамасында жазылған өлшемдер мен тетіктерге сәйкес Банк операцияларын географиялық қамтуды шектеулі түрде және біртіндеп кеңейту мүмкіндігін білдіреді деп түсініледі.
c. Ирак Келісімнің мақсаттары үшін Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңіріне кіреді, ендеше Келісімнің 1-бабында қамтылған "Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі" термині Жерорта теңізіне жағалау сызығы бар елдерден тұратын өңірді, сондай-ақ осы өңірге тығыз интеграцияланған Иордания мен Иракты білдіреді деп түсініледі.
2. Мүшелер көрсетілген түзетулерді енгізуге келісім беру туралы сұраққа а) өзінің заңнамасына сәйкес көрсетілген түзетулерді енгізуге осындай мүшенің келісімі туралы өтініші бар құжатты ресімдеу және Банкте депонирлеу; және b) Банкті қанағаттандыратын нысан мен мазмұн бойынша түзетулер енгізуге келісімнің алынғаны және келісім туралы құжаттың осы мүшенің заңнамасына сәйкес ресімделгені және депонирленгені туралы дәлелдемелерді ұсыну арқылы жауап беруі қажет болады.
Көрсетілген түзетулер Банк өз мүшелеріне Келісімнің 56-бабында көзделген осы түзетулерді енгізуге келісу талаптарының орындалғанын ресми түрде растаған күннен кейін 3 (үш) айдан соң күшіне енеді.
(2023 жылғы 18 мамырда қабылданған)
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі |
Д. Кеңбеил |