Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы. 1993 жылғы 12 сәуiр Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2003.01.08. N 374 Заңымен.

      Осы Заң инвестицияларды қайтарымды негiзде қаржыландырудың негiзгi құқылық шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi. Заң инвестициялардың барлық түрiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және инвестициялық процесс ұзақтығын қысқартуға бағытталған.

      1-бап. Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым
             жүйесi ұғымы
      Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесi - мемлекеттiк қаржы ресурстарын пайдалана отырып инвестициялардың барлық түрiн қаржымен қамтамасыз ету формасы, мұның барысында инвестор қаржы шығындарын кредит шартында жазылған жағдайлар бойынша берген банкiге оларды өтеуге кепiлдiк бередi.

      2-бап. Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым
             жүйесiнiң көздерi
      Республикалық бюджеттiң қаражаты;
      банкiлiк несие ресурстары;
      заңды ұйымдар мен жеке адамдардың уақытша бос ресурстары инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесiнiң көздерi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 2-баптан 1-шi абзац алынып тасталды - Қазақстан     Республикасының 1994.12.14. N 250-XIII Заңымен.

      3-бап. Қаржыландырудың қайтарым жүйесi көздерiнiң
             мақсаты және оларды пайдалану
      1. <*>
      2. Басымдық маңызы бар және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын нақты жобалар мен бағдарламалар тiзбесiн Үкiметтiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi республикалық бюджеттi қарап, бекiткен кезде бекiтедi.
      3. Республикалық бюджеттiң инвестицияға жiберiлетiн бөлiгiндегi қаражаты Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiсiнiң арнаулы есебiнде жинақталады және тек объектiлердi қаржыландыруға қайтарымды негiзде жiберiледi, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Бюджет қаражаты кооперативтiк және жеке тәсiлмен тұрғын үй салынатын алаңдарды инженерлiк жағынан оңдауға жiберiледi, кейiннен учаскелер үй салушыларға сатылатын болады.
      Жобалар мен бағдарламалардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды республикалық бюджет қаражаты есебiнен қайтарымсыз негiзде қаржыландырудың абсолюттiк мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жыл сайын тиiстi жылға бюджеттi қараған кезде белгiлейдi.
      4. Банкiлiк ұзақ мерзiмдi кредиттер қаржыландыратын банк пен инвестор арасындағы кредиттiк келiсiмдердiң шарттары бойынша пайдаланылады.
      5. Заңды ұйымдар мен жеке адамдардың уақытша бос қаражаттары осы ұйымдар мен жеке адамдардың және қаржыландырушы банктiң арасындағы өзара уағдаластық бойынша пайдаланылады.
      ЕСКЕРТУ. 3-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1994.12.14. N 250-XIII Заңымен.

      4-бап. Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесiн
            iске асыру механизмi
      1. Қаржыландырудың қайтарым жүйесi кезiнде жобаны iске асыру құрылыстың ұзақтығының нормативтiк мерзiмдерiне сәйкес қаржыландыру көздерiмен қамтамасыз етiлген кезде басталуы мүмкiн.
      2. Үй салушылар әлемдiк практикада (бизнес-жоспар) қабылданған көлемде және түрде жобалар мен бағдарламалар тиiмдiлiгiнiң есеп-қисабын табыс етедi.
      3. Қаржыландырудың қайтарым жүйесi кезiндегi жобалар мен бағдарламаларға Мемлекеттiк сараптама туралы ережеге сәйкес ақылы негiзде жүргiзiлетiн мемлекеттiк сараптама жасалуға тиiс.
      4. Шаруашылық қызмет субъектiлерiне инвестицияларды қаржыландыру үшiн қаражат беру қаржыландырушы банкi мен инвестор арасындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсi белгiлеген түр мен мазмұн бойынша кредит шартын жасай отырып ұзақ мерзiмдiк кредит беру жағдайына қарай жүзеге асырылады.
      5. Қаржыландыруды ресiмдеу және орындалған жұмыс үшiн есеп айырысу Банкiлердiң басқармалары бекiткен Қаржыландыру және кредит беру ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
      6. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1994.12.14. N 250-XIII Заңымен.

      5-бап. Жобалар мен бағдарламаларды сақтандыру
      Қайтарымды негiзде қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламалар сақтандырылуға тиiс. Сақтандыру "Қазақстан Республикасында сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      6-бап. Қаржыландырудың қайтарым жүйесi кезiнде алынған
             қаражатты қайтару тәртiбi
      1. Алынған кредиттердi және олар бойынша сыйақыны (мүдденi) қайтару кредит шартымен белгiленген уақыт iшiнде жүзеге асырылады.
      2. Қаржыландыру көздерiнде өзге қарызға алған қаражат болған кезде бiрiншi кезекте қайтару Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiсiнен берiлген кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1994.12.14. N 250-XIII Заңымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-баптың 1-тармағы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154-I Заңымен.

      7-бап. Инвестициялық қызмет субъектiлерiнiң
             жауаптылығы
      1. Инвестициялық қызмет субъектiлерiнiң өзара жауаптылығы кредит шартымен белгiленедi.
      2. Инвестициялық қызмет тоқтатылған немесе тоқтала тұрған ретте кредит шартының күшiн мерзiмiнен бұрын тоқтату Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледi. Бұл орайда берiлген кредиттер қарызға ақша алушылардан және басқа да инвестициялық қызметке қатысушылардан өндiрiп алуға жатады.

      8-бап. Қаржыландыру көздерiнiң пайдаланылуына
             бақылау жасау
      Қаржыландырудың қайтарым жүйесi кезiнде қаражат пен шарт жағдайларының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасауды Қазақстан Мемлекеттiк даму банкiсi және Қазақстан Республикасының Министрлер  Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының  1994.12.14. N 250-XIII Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады