Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi мен жергiлiктi өкiлдi органдары депутаттарының сайлауы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 8 желтоқсан N 3700. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 12 Заңымен (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi: 
      Мемлекеттiң тұрақты жұмыс iстейтiн бiрден-бiр заң шығарушы және жоғары өкiлдi органы ретiндегi бiрiншi сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi депутаттарының және Қазақстан Республикасының облыстық, аудандық және қалалық өкiлдi органдары депутаттарының сайлауы 1994 жылғы 7 наурызға тағайындалсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады