Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 U952475_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
"Мiндеттi сақтандыру ерекшелiктерi, осы Жарлықта көзделгеннен басқа жағдайларда, арнайы заңдармен реттеледi";
2) 5-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда
жазылсын: "Мiндеттi сақтандыру түрлерi, осы Жарлықта көзделгеннен
басқа жағдайларда, заң актiлерiмен белгiленедi";
3) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егіндi, көп жылдық өсiмдiктердi, ауылшаруашылық жануарларын,
қозғалатын және қозғалмайтын мүлiктi, ауылшаруашылық өндiрiсiнiң
өнiмдерi мен тауарларын қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан,
эпизоотиядан және басқа дүлей зiлзаладан мiндеттi сақтандыру
белгiленсiн".
Қазақстан Республикасының
Президентi