Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 22 қараша N 44-I

 


     1995 жылғы 23 қарашада Алматы қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия

Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу

және қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Президентi


          ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ

         СОЛТҮСТIК ИРЛАНДИЯ ҚҰРАМА КОРОЛЬДIГIНIҢ ҮКIМЕТI АРАСЫНДАҒЫ

                ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ


                            Келісім


     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлыбритания және Солтүстiк

Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Үкiметi

     бiр мемлекет азаматтары мен компанияларының екiншi мемлекет

аумағындағы инвестицияларын молайту үшiн қолайлы жағдай жасауға тiлек

бiлдiре отырып;

     халықаралық шартқа сәйкес жүзеге асырылатын мұндай

инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау жеке кәсiпорындардың

бастамасын дамытуға жәрдемдесетiнiн және екi мемлекеттiң

тұрмыс-жағдайын көтеретiнiн мойындай отырып;

     мына төмендегiлер туралы келiсiмге келдi:


                             1 - БАП

                           Айқындамалар



     Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында:


 
       а) "инвестиция" терминi кез келген актив түрiн бiлдiредi және оған iшiнара, бiрақ ерекшелiк емес ретiнде мыналар кiредi:
      1. Қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiк және мүлiк салу, борышкердiң мүлкiне тыйым салу құқығы, қардарлық пен кепiлдiк сияқты басқа да кез келген мүлiктiк құқықтар;
      2. Акциялар, бағалы қағаздар, кез келген компанияның борыштық мiндеттемелерi, сондай-ақ компанияға қатысудың басқа да кез келген нысандары;
      3. Ақшалай мiндеттемелер немесе қаржылық құны бар контрактыға сәйкес басқа да кез келген мiндеттемелер;
      4. Интеллектiк меншiк құқықтары, гудвилл, технологиялық процестер және ноу-хау;
      5. Табиғи ресурстарды iздестiру, игеру, өндiру немесе пайдалануды қоса алғанда, заңмен немесе контрактымен сәйкес кәсiпорынға берiлетiн жеңiлдiктер.
      Активтер инвестицияланатын түрдiң өзгеруi олардың инвестиция ретiндегi сипатына ықпал етпейдi, ал "инвестиция" терминi осы Келiсiм күшiне енген күнге дейiн немесе одан кейiн жүзеге асырылған инвестициялардың барлық түрлерi кiредi.
      ә) "табыстар" инвестициялардан алынған сомаларды бiлдiредi, бұған ерекшелiк емес ретiнде, атап айтқанда, пайда, проценттер, капиталдың көбеюi, дивидендтер, роялти және сыйақылар кiредi.
      б) "азаматтар" терминi мыналарды бiлдiредi:
      1. Қазақстан Республикасына қатысты алғанда: Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде мәртебесi бар жеке тұлғалар;
      2. Құрама Корольдiкке қатысты алғанда: Құрама Корольдiктiң қолданыстағы заңдарына сәйкес Құрама Корольдiктiң азаматы ретiнде мәртебесi бар жеке тұлғалар.
      в) "компаниялар" терминi мыналарды бiлдiредi:
      1. Қазақстан Республикасына қатысты алғанда: заңдық нысанына немесе меншiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және осы заңдарға сәйкес заңды тұлға болып табылатын корпорациялар, компаниялар, ассоциациялар, серiктестiктер немесе өзге де ұйымдар;
      2. Құрама Корольдiкке қатысты алғанда: Құрама Корольдiктiң қолданыстағы заңдарына сәйкес немесе 12-баптың ережелерiне сәйкес осы Келiсiмнiң күшi таратылатын кез келген аумақта құрылған немесе жасалған корпорациялар, фирмалар және ассоциациялар.
      г) "аумақ" терминi мыналарды бiлдiредi:
      1. Қазақстан Республикасына қатысты алғанда: халықаралық құқыққа сәйкес Қазақстан Республикасы өзiнiң егемен құқықтары мен заңдарын жүзеге асыратын ерекше экономикалық аймақтарды, су асты жазығы мен жер қойнауларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағы;
      2. Құрама Корольдiкке қатысты алғанда: Құрама Корольдiктiң аумақтық теңiзi және аумақтық теңiз суларын жағалай орналасқан басқа да кез келген аумақтық теңiз қосылады, олар Құрама Корольдiктiң ұлттық заңына және халықаралық құқыққа сәйкес олардың аумағында Құрама Корольдiк теңiз түбi мен оның жер қойнауы, сондай-ақ табиғи ресурстарға қатысты өз құқықтарын жүзеге асыра алатын аумақ ретiнде саналған немесе болашақта санала алатын, сол сияқты 12-баптың ережелерiне сәйкес осы Келiсiм қолданылатын кез келген аумақ.
 
                              2-БАП
                 Инвестицияны көтермелеу және қорғау
 
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында капитал инвестициялау мақсатында екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарын немесе компанияларын көтермелеп, оларға қолайлы жағдайлар жасайды және өзiнiң заң бойынша өкiлеттiгiн жүзеге асыру құқығына сәйкес осындай капиталды қабылдайды.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының инвестицияларына әр уақытта әдiлеттi әрi тең жағдайлар, сондай-ақ екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында толық қорғау мен қауiпсiздiк жасалады.
      Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiреуi екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының өз аумағында инвестицияларға бақылауды сақтауды, қолдануды, пайдалануды немесе иеленудi жүзеге асыруына жосықсыз немесе кемсiтушiлiк шараларын қандай жағдайда да қолдана алмайды. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының инвестицияларына қатысты қабылдануы мүмкiн кез келген мiндеттеменi бұлжытпай сақтайтын болады.
 
                              3-БАП
               Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы
              жағдай туғызу режимi туралы ережелер
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiреуi өз аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының инвестициялары немесе табыстары бойынша кез келген үшiншi мемлекеттiң азаматтарының немесе компанияларының инвестицияларына яки табыстарына қарағанда қолайлығы кем режим туғызылуына жол бермейтiн болады.
      2. Уағдаласушы Тараптардың бiрде-бiреуi өз аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына немесе компанияларына олардың инвестицияларын басқару, сақтау, пайдалану, иелену немесе оларға билiк ету жөнiнде өздерiнiң төл азаматтарына яки компанияларына қарағанда қолайлылығы кем режим туғызылуына жол бермейтiн болады.
      3. Күдiк тумауы үшiн осы Келiсiм: жоғарыда аталған 1 және 2-параграфтарда қамтамасыз етiлген режим осы Келiсiмнiң 1-ден 11-ге дейiнгi баптарының ережелерiне сай келетiнiн растайды.
 
                              4-БАП
                         Шығындарды өтеу
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматтары немесе компаниялары, олардың инвестициялары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында соғыс немесе өзге де қарулы жанжал, революция, төтенше жағдай, көтерiлiс, бүлiк немесе жаппай тәртiпсiздiк туа қалған жағдайда зиян шеккен болса, шығынның орнын жабу, зиянды қалпына келтiру, өтеу немесе басқа да кез келген реттеушiлiк жөнiнде соңғы Уағдаласушы Тарап жасайтын кез келген үшiншi мемлекеттiң азаматтарына яки компанияларына қарағанда қолайлылығы кем емес режимдi пайдаланатын болады. Түпкiлiктi төлем еркiн аударылуға тиiстi.
      2. Аталған баптың 1-параграфына зиян тигiзбей осы параграфта көрсетiлген жағдайлардың нәтижесiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында зиян шеккен бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары мен компаниялары мынадай жағдайларда зиян шексе:
      а) өз меншiгi күшпен немесе өкiмет органдары арқылы тартып

 

алынса; немесе

     ә) олардың меншiгi күшпен немесе үкiмет органдары арқылы

қиратылған реттерде;

     бұлар соғыс қимылдарының салдары болмаса немесе осы жағдайда

мiндеттi болып табылмаса, шеккен зиянына тиiстi өтем немесе балама

өтем алуы тиiс.

     Түпкiлiктi төлем еркiн аударылуға тиiстi.


                             5-БАП

                         Экспроприация



 
       1. Кез келген Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының инвестициялары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында национализацияланбауға, экспроприацияланбауға тиiс немесе национализациялауға яки экспроприациялауға (осы арада және бұдан былай "экспроприация" дегендi бiлдiретiн) тепе-тең тиiмдiлiгi бар шараларға ұшырамауы керек, бұларға кемсiтпеушiлiк негiзде және нақты, адекватты және тиiмдi өтемге сәйкес сол Тараптың iшкi мұқтажына жататын мемлекеттiк мүдделер тұрғысында жасалған жағдайлар жатпайды. Мұндай өтем бұрынғы қалпына қарамастан белгiленген, экспроприацияланған инвестицияның экспроприация тiкелей iске асырылғанға немесе экспроприациялау қаупi төнгенге дейiнгi толық мәнiндегi құнына сәйкес есептелуге тиiстi, оған төлем жасалғанға дейiнгi қалыпты коммерциялық бағам бойынша төлем күнiне дейiн процент қосылып, уақыт өткiзбей ұтымды сатылуы және еркiн түрде аударылуы керек, Экспроприацияға ұшыраған азаматтың немесе компанияның экспроприацияны жүргiзетiн Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес өз iс-қимылдары және осы параграфта белгiленген принциптерге орай өз инвестицияларының бағаланғаны туралы аталған Тараптың заң орындарының немесе тәуелсiз органдарының қорытындысын алуға құқығы бар.
      2. Кез келген Уағдаласушы Тарап өз аумағының кез келген бөлiгiнде қолданылып жүрген заңға орай компанияның құрылған немесе жасалған кез келген компаниясының активтерiн экспроприацияласа, сол сияқты аталған аумақта екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының да акциялары болса, Уағдаласушы Тарап қажеттi мөлшерде дұрыс, тепе-тең әрi тиiмдi өтем төлеуге кепiлдiк беру жөнiндегi осы баптың 1-тармағындағы ережелердi осындай акцияларды иемденушi екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының жеке компанияларының инвестицияларына да қатысты қамтамасыз етедi.
 
                              6-БАП
               Инвестициялар мен табыстарды репатриациялау
 
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының және компанияларының инвестицияларына қатысты олардың инвестициялары мен табыстарының шектеусiз аударылуына кепiлдiк бередi. Аударымдар кiдiрiссiз, аталған капитал әуел баста инвестицияланған өтiмдi валютада немесе инвестор мен мүдделi Уағдаласушы Тарап арасында келiсiлген кез келген басқа да өтiмдi валютада атқарылуы тиiс. Басқаша келiсiмге тоқтағанша инвестордың аударымдары осы аударым атқарылатын күнге қолданылып отырған айырбас бағамы бойынша қолданылып жүрген айырбас ережелерiне сәйкес жасалуға тиiс.
 
                              7-БАП
                           Ерекшелiктер
 
      Аталған Келiсiмнiң Уағдаласушы Тараптың немесе басқа үшiншi мемлекеттiң азаматтарына яки компанияларына қолданылатын режимнен қолайлығы бiр де кем емес режим жасауға қатысты ережелерi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiн кез келген режимнiң қолайлылығын, қарым-қатынас жағдайын немесе артықшылығын екiншi Тараптың азаматтарына яки компанияларына қолдануға мiндеттейдi деген сөз емес, ол мыналардан:
      а) кез келген Уағдаласушы Тарап қазiргi уақытта бар немесе болашақта құрылатын Кеден одағына немесе осындай халықаралық келiсiмге қатысатын тұлға болып табылатындығынан немесе болуы мүмкiндiгiнен;
      ә) тұтастай немесе басты тұрғыда салық салынуға қатысты кез келген халықаралық келiсiмнен яки шарттан немесе тұтастай немесе басты тұрғыда салық салынуға қатысты кез келген iшкi заңдардан туындайды.
                              8-БАП
                Инвестор мен қабылдаушы тараптың
                   арасындағы дауларды шешу
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматтары немесе компаниялары мен екiншi Уағдаласушы Тараптың арасында соңғысының осы келiсiмге сәйкес мiндеттемелерiне қатысты инвестицияларға байланысты достық негiзде реттелмеген даулары үш айдан кейiн талаптар туралы мәлiмдемеден соң, егер мүдделi азамат немесе компания солай болуын қаласа, халықаралық төрелiк сотқа тапсырылуға тиiс.
      2. Дау төрелiк соттың халықаралық органдарына тапсырылған жағдайларда азамат немесе компания, сондай-ақ мүдделi Уағдаласушы Тарап дауды шешу мақсаттарында мына келесi органдарға өтiнiш жасауға құқықты:
      а) Инвестициялық Дауларды Шешу жөнiндегi Халықаралық Орталық (қолдануға болатын жерде, Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi Вашингтонда 1965 жылғы 18 наурызда қол қою үшiн ашылған Конвенцияның ережелерiне, сондай-ақ мәмiлеге келу, төрелiк және тергеу процедураларына басшылық жөнiндегi Қосымша келiсiмнiң ережелерiне қатысты бола отырып);
      ә) Халықаралық Сауда палатасының Төрелiк Соты;
      б) Халықаралық Аралық Сотқа немесе ЮНСИТРАЛ төрелiк сотының ережелерiне сәйкес (БҰҰ-ның Халықаралық Сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының) арнайы тағайындалған төрелiк соты.
      Талаптар туралы жазбаша мәлiмдеменiң датасынан бастап үш ай мерзiм iшiнде жоғарыда келтiрiлген баламалы процедуралардың кез келгенiне сәйкес келiсiмге қол жетпесе, онда мүдделi азаматтың немесе компанияның жазбаша мәлiмдемесiне сәйкес дау ЮНСИТРАЛ төрелiк сотының қолданыстағы ережелерiне сәйкес төрелiк сотқа берiледi.
      Даудың қатысушылары осы Ережелердi жетiлдiруге жазбаша түрде келiсу құқығына ие.
 
                              9-БАП
              Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар
 
      1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келiсiмдi түсiну немесе қолдануға байланысты даулар мүмкiндiгiнше дипломатиялық арналар арқылы шешiлуi тиiс.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың арасындағы даулар мұндай жолмен шешiлмейтiн болса, онда ол Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша Төрелiк соттың қарауына берiлуi мүмкiн.
      3. Мұндай Төрелiк сот әрбiр жеке жағдай үшiн төмендегiдей тәртiппен құралатын болады. Мәлiмдеме алынған күннен бастап, әрбiр Уағдаласушы Тарап соттың бiр-бiр мүшесiн тағайындауға тиiс. Сосын осы екi мүше үшiншi бiр мемлекеттiң Соттың Төрағасы болып тағайындалатын азаматын, оның кандидатурасын екi Уағдаласушы Тарап мақұлдаған соң, таңдайды. Төраға осы екi мүше тағайындалған соң екi ай iшiнде тағайындалады.
      4. Егер осы баптың 3-параграфында көрсетiлген кезең iшiнде қажеттi тағайындаулар жасалмаған болса, кез келген басқа келiсiм болмағандықтан, Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi қажеттi тағайындаулар жасауға халықаралық Соттың Президентiн шақыра алады. Егер Президент Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң азаматы болып табылса немесе егер жоғарыда айтылған мiндеттердiң орындалуына кедергi келтiретiн болса, ондай жағдайда қажеттi тағайындауларды жасауға Вице-Президент шақырылады. Егер Вице-Президент Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң азаматы болып табылса немесе егер ол да жоғарыда айтылған мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн болса, ондай жағдайда қажеттi тағайындауларды жасау үшiн Халықаралық соттың мәртебесi бойынша одан кейiнгi қызметi жоғары және Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң азаматы болып табылмайтын мүшесi шақырылады.
      5. Төрелiк сот өз шешiмiн көпшiлiк дауыспен қабылдайды. Мұндай шешiмдер Уағдаласушы Тараптардың екеуi үшiн мiндеттi болып табылады. Әрбiр Уағдаласушы Тарап соттағы өз мүшесiнiң шығындарын, сондай-ақ төрелiк процедуралардағы оның өкiлдiк етуiнiң шығындарын өз мойнына алады; Төрағаның шығындары мен қалған шығындардың бағасын Уағдаласушы Тараптардың екеуi тепе-тең бөлiкте төлейдi. Алайда сот Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң шығындарды төлеу үлесiн көбейту туралы өз шешiмiн қабылдауға құқықты және бұл шешiм да Уағдаласушы Тараптардың екеуi үшiн мiндеттi болып табылады. Сот өзiнiң процедураларын өздiгiнше белгiлейдi.
 
                              10-БАП
                            Суброгация
 
      1. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрi немесе оның өкiлеттi Агенттiгi ("бiрiншi Уағдаласушы Тарап") екiншi Уағдаласушы Тараптың ("екiншi Уағдаласушы Тарап") аумағындағы кез келген инвестицияларға қатысты тартқан зияндар бойынша төлемдi жүзеге асырса, онда екiншi Уағдаласушы Тарап:
      а) зиян шеккен Тараптың барлық құқықтары мен талаптарын заңға немесе заңды түрде рәсiмделген операцияларға сәйкес берудi бiрiншi Уағдаласушы Тараптың тағайындалуын;
      ә) бiрiншi Уағдаласушы Тараптың осындай құқықтар мен талаптарды

 

орындауға зиян шеккен Тарап сияқты тап сол дәрежеде суброгация арқылы

жүзеге асыруға өкiлеттi екенiн мойындайды.

     2. Бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа барлық жағдайларда да дәл осындай

режим:

     а) тағайындау арқылы өзi алған құқықтар мен талаптарға, және

     ә) осындай құқықтар мен талаптарды жүзеге асыру себебiнен

алынған кез келген төлемдерге;

     зиян шеккен Тарапқа осы келiсiм арқылы инвестицияларға және

соларға байланысты табыстарды алу ұйғарылған жағдайларда берiледi.

     3. Өзiне алған құқықтар мен талаптарға сәйкес бiрiншi

Уағдаласушы Тараптың өтiмсiз валютада алған кез келген төлемдерi

екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында шеккен кез келген шығындарының

орнын толтыру мақсаттарында бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа еркiн берiлуi

тиiс.


                             11-БАП

                     Басқа ережелердi қолдану



 
       Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң заңдарының ережелерi немесе мiндеттемелерi халықаралық құқыққа сәйкес қазiргi уақытта қолданыста жүрген немесе кейiнiрек Уағдаласушы Тараптардың арасында осы келiсiмге қабылданған қосымшаларда олардың жалпы немесе нақты болғандарынан тәуелсiз екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарының немесе компанияларының инвестицияларына осы келiсiмге сәйкес жасалатын режимнен қолайлырағы болса, мұндай ережелер олардың қолайлырақ дәрежесiнде осы келiсiмнен үстем болады.
 
                              12-БАП
                          Аумақтық тарату
 
      Осы Келiсiмнiң күшiне енуi кезiнде немесе енгеннен кейiнгi кез келген уақытта осы келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың арасындағы ноталар алмасу түрiндегi келiсiм бойынша Құрама Корольдiктiң Үкiметтерi халықаралық қарым-қатынастар үшiн жауап беретiн аумақтарға қолданылуы мүмкiн.
 
                              13-БАП
                           Күшiне енуi
 
      Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Тарапқа осы келiсiмнiң күшiне енуi үшiн оның аумағындағы қажеттi конституциялық нысандылықтардың аяқталғаны туралы жазбаша түрде мәлiмдейдi. Осы келiсiм екi мәлiмдеменiң соңғысы алынған күнi күшiне енедi.
 
                              14-БАП
                    Ұзақтығы және аяқталу мерзiмi
 
      Осы Келiсiм он жыл бойы күшiнде болады. Бұдан соң Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату туралы жазбаша мәлiмдеген датасынан бастап он екi ай iшiнде қолданыла бередi. Осы Келiсiмнiң қолданыста болған кезiнде жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты жағдайда, оның ережелерi осындай инвестицияларға қатысты тоқтатылған соң да жиырма жыл бойы және жалпыға бiрдей халықаралық құқық ережелерiн қолдануға нұқсан

 

келтiрмей қолданыла бередi.

     Осыны куәландыру үшiн, өз Үкiметтерiнен тиiстi түрде өкiлеттiк

алған төменде қол қоюшылар осы Келiсiмге қол қойды.


     Лондон қаласында 1995 жылғы "23" қарашада қазақ және ағылшын

тiлдерiнде екi данада жасалды, сондай-ақ екi мәтiннiң де күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының           Ұлыбритания және Солтүстiк

        Үкiметi үшiн                   Ирландия Құрама Корольдiгiнiң

                                              Үкiметi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады