Америка Құрама Штаттарының Колумбия округiнде қол қойылған,
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкi
арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22
тамыздағы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
мен
Халықаралық Қайта құру және даму банкi
арасындағы Заем туралы
Келісім
(Қазынашылықты жаңғырту жобасы)
1996 жылдың 22 тамызы
ЗАЕМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
1996 жылғы тамыздың 22-iндегi Қазақстан Республикасы
(заем алушы) мен Халықаралық Қайта құру және даму
банкi (банк) арасындағы келiсiм
Осы Келiсiмнiң 2 қосымшасында жазылған Жобаның басым бағыты мен жүзеге асатынына көзiн жеткiзуiне сәйкес заем алушы (А) осы Жобаны қаржыландыруға ықпал етуге Банкiге өтiнiш жасады: және Банк жоғарыда баяндалған өзгелерден басқа қорытындыларға сәйкес осы Келiсiмде көрсетiлген шарт негiзiнде заем алушыға заем беруге келiстi.
Осы Келiсiмдi жасаушы тараптар төмендегi мыналар туралы келiстi:
I-БАП
Жалпы шарт, айқын даму
1.01 Бөлiм. Осы Келiсiмнiң бөлiнбес бөлiгiн 1985 жылғы 1 қаңтардағы Банкiнiң "Заем және кепiлдiк туралы Келiсiмге Жалпы шартты қолдану" (Жалпы шарт) төменде баяндалған өзгерiстер құрайды.
(a) 3.02 бөлiмнiң соңғы сөйлемi алып тасталады.
(d) 5.01 бөлiмнiң соңғы сөйлемi ауыстырылып және былай оқылады:
"Егер Банкi және Заем алушы басқа мәселелер туралы келiсе алмаған жағдайда қаражат өзге елде өндiрiлетiн тауарларды алу мақсатында, немесе өзге елдiң территориясында көрсетiлетiн қызметке ақы төлеу, немесе (d) заңды немесе жеке тұлғаларға келген төлемдердi төлеу мақсатында немесе кез-келген тауарларды импортқа шығару, егер Банкiге осындай төлемдер немесе Бiрiккен Ұлттар Ұйымдары Жарлығының VII Бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының хауiпсiздiгi Кеңесiнiң шешiмiмен импортқа тиым салынса немесе Банк мүшесi болып табылмайтын кез-келген елдiң территориясында жүзеге асырылатын шығындардың есебiне (a) алынбайды".
(c) 6.02. Бөлiмнiң (k) тармағы (i) тармағына ауыстырылады және Бөлiмге (k) тармағы мына редакциямен толықтырылады:
"(k) Төтенше жағдай туғанда Заем қаражатын қандай да болмасын кезектегi алу Банкi Келiсiмi Бабының III бабының 3 бөлiмдегi шартқа қарама қайшы".
1.02. Бөлiм. Егер контекст осы Келiсiмнiң Кiрiспесiнде және Жалпы шартта айқындалған бiрқатар терминдердi қажет етпесе онда ол осы құжатта баяндалған орасан маңызға ие, ал келесi қосымша терминдердiң мынадай маңызы бар:
(a) "ҚМ" - Заем алушының Қаржы министрлiгiн көрсетедi;
(h) "Жобаны дайындауға аванс алу" Заем алушы мен Банкi
арасындағы 1994 жылдың 23 шiлдедегi және 1994 жылғы 14 шiлдедегi
өзара алмасқан хаттарға сәйкес Заем алушыға жобаға дайындалуға берген
авансты көрсетедi.
(c) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (d) бөлiмiнде айтылған
шотты көрсетедi.
(d) "Жұмысшы тобы" осы Келiсiмнiң 01 (d) (i) бөлiмiнде сiлтемесi
бар топты көрсетедi.
II БАП
Заем
2.01. Бөлiм. Банкi Заем алушыға заемды заем туралы Келiсiмге сiлтеме жасай отырып немесе сонда көрсетiлген шарт негiзiнде жалпы сомасы эквивалентi он бес миллион 800 мың АҚШ долларына (15.800.000) тең әртүрлi валютада беруге келiстi, ол заем бойынша алынатын қаржының сомасын көрсетедi ондағы әрбiр алынатын қаржы банкiсiмен осы алынатын күнмен бағаланады.
2.02. Бөлiм. (a) Жобаны жүзеге асыру үшiн ыңғайлы бағамен сатып алынған тауарлар мен қызметтердi төлеу мақсатында және осы Келiсiмнiң 2 қосымшасында жазылған Займ қаржысы есебiнен қаржыландыруға жатқызуға жұмсалатын шығындарды (немесе Банкiмен өзара Келiсiм арқылы жүзеге асырылады) жабу осы Келiсiмнiң I қосымшасының ережесiне сәйкес заем сомасы Займ шотында алынуы мүмкiн.
(d) Жобаны жүзеге асыру мақсатында заем алушы коммерциялық банкiден конфискация, кездейсоқ қойылатын талаптан немесе шотты тұтқындау сияқты құралдардан қорғанудың тиiстi шараларын Банкi үшiн қоса ескерген жағдайда доллармен арнаулы депозит шот ашуына және жүргiзуiне болады. Арнаулы шотқа төлемдердi салуға және Арнаулы шоттан төлеу осы Келiсiмнiң 5 Қосымшасындағы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
(c) Келiсiм өз күшiне енген күннен кейiн тез Банк Заем алушы атынан Заем шотынан осы Күн мерзiмiне алынған және өтелмеген жобаны дайындауға арада Аванстың негiзгi және олар бойынша барлық есептелген алымдарды төлейдi Жобаны дайындауға Аванс ретiнде бекiтiлген соманың алынбаған қалдығы одан кейiн күшiн жояды.
2.03. Бөлiм. Заем шотының жабу күнi 2000 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банкi белгiлеген одан әрi күн болып табылады. Осы мерзiм туралы Банкi Заем алушыға уақытылы хабарлайды.
2.04. Бөлiм. Заем туралы Банкiге жыл сайын бiр проценттiң үштен бiрiн құрайтын (1%-тен 3/4) ставка бойынша шоттың уақыт аралығында алынбаған заемның негiзгi сомасы бойынша мiндеттемелер бойынша комиссиялық салымдар төлейдi.
2.05. Бөлiм. (а) Заем алушы Заемның негiзгi уақытынан алынған және өтелмеген сомасынан проценттер төлейдi, өткен жарты жылдық бойынша айқындалған құнына тең ставка бойынша проценттердi есептеудiң әрбiр кезеңi үшiн, оған бiр проценттiң жартысын қосып (1%-тен 1/2) есептеп төлейдi. Осы әрбiр күн осы Келiсiмнiң 2.06 бөлiмiнде көрсетiлген Заем алушы осы мерзiм iшiнде қолданылған ставка бойынша өткен мезгiлде есептелiнген проценттер өтелмеген жағдайда Заемның негiзгi сомасына есептелiнген проценттердi төлейдi.
(d) Әрбiр Жартыжылдық аяқталғаннан кейiн банк қысқа мерзiмде Заем алушыны осы жартыжылдыққа қатысты айқындалған өзара бiлiктiлiк құны бойынша хабардар етедi.
(c) Осы Бөлiм мақсаттары үшiн:
(i) "Проценттердi есептеу мерзiмi" алты айлық мерзiмдi көрсетедi, осы Келiсiмдегi 2.06 Бөлiмде көрсетiлген өткендегi әрбiр күн тiкелей осы күнге аяқталады, Осы Келiсiмге қол қойылған араласқан проценттер есептелген мезгiлден басталады.
(ii) "бiлiктiлiк құны" Банкi белгiленген негiзгi құнды көрсетедi және 1982 жылғы маусымның 30-нан кейiнгi пайдаланған өтелмеген Банкiнiң қарыздарынан жылдық процент түрiнде сипатталады, сол қағаздарды қоспағанда немесе қаржыландыру үшiн Банк берген олардың бөлшектерi: (A) Банк инвестициясы және (B) Банкi 1989 жылдың 1 шiлдесiнен кейiн белгiленген процент ставкалары негiзiнде беретiн заемдар, ол осы Бөлiмнiң (a) тармағында көрсетiлген.
(iii) "Жартыжылдық" алғашқы алты айды немесе көлемаралық жылдың екiншi алты айын көрсетедi.
(d) Банкi ең көп дегенде алты айдың iшiнде Заем алушыға жiберiлетiн ескертпеге күндi көрсете алады, осы Бөлiмнiң (а), (d) және (c) (iii) тармақтарына мынадай редакцияда түзетулер енгiзiледi:
(a) Заем алушы өткен тоқсан негiзiне қоса бiр проценттiң жартысына (1%-тен 1/2) есептелген қарыз алушы құны негiзiнде әрбiр тоқсан сайын Заемның өтелмеген қаржысын алғандағы негiзгi сома бойынша мерзiмдi түрде процент төлейдi. Осы Келiсiмнiң 2.06. Бөлiмде көрсетiлген әрбiр күн сайын Заем алушы өткен мерзiм iшiнде сол мезгiлде процент есептеуге тиiстi ставка бойынша жүгiнген есептелген проценттi төлейдi";
(d) Әрбiр тоқсан соңында Банк Заем алушыны қысқа мерзiмде осындай тоқсанға қатысты айқындалған қарыз алушы құны туралы хабарлайды".
(c) "Тоқсан календарлық жылдың қаңтарының 1-iнен сәуiрiнiң, шiлдесiнiң 1-iнен, және қазанының 1-iнен басталатын үш айдың аралығының жалғасын көрсетедi.
2.06. Бөлiм. Проценттер мен басқа да алымдар жартыжылдықта бiр рет төленедi:
Әрбiр жылдың 1 қаңтары мен 1 шiлдесiнде.
2.07 Бөлiм. Заем алушы осы Келiсiмдегi 3 Қосымшасында көрсетiлген өтеу кестесiне сәйкес Заемның негiзгi сомасын қайтарады.
III БАП
Жобаны орындау
3.01. Бөлiм. (a) Заем алушы өзiнiң осы Келiсiмнiң 2 Қосымшасында айқындалған Жобаның бағытына ұстамды екендiгiн жариялайды және осы мақсатпен Қаржы министрлiгi арқылы Жобаны әкiмшiлiк, қаржы ретiмен және ақпараттық технология тәжiрибесiне сәйкес және жобаны орындау үшiн қажеттi басқа да ресурстарды және жабдықтарды, қызметтердi, құралдарды уақытылы беру кезiнде адал ниетпен тиiмдi орындауды жүзеге асырады.
(d) Осы бөлiмдегi (a) параграфаларындағы шартпен шектелмей басқа жағдайда, Банк және Заем алушы өзгеше келiсетiн болса Заем алушы: (i) Жобаны жүзеге асырғанша Қаржы министрлiгiнiң iшiнде жұмысшы тобын сақтайды және жұмысшы тобы шартты қамтамасыз ету үшiн тиiстi процедураға және Банкiнiң талаптарына сәйкес Жобаның өз мақсатына жетуiне барлық қажеттi шараларды орындауға тиiс және (d) Банкiге Заем алушымен еске алынған жоспарға қатысты тиiстi дәрежеде пiкiр алысуға мүмкiндiк бередi.
3.04. Бөлiм. Заем алушы: (a) Жобаны жүзеге асыру барысымен үзiлiссiз қадағалауға оған мүмкiндiк беретiн принциптер мен процедураға және онда қойылған мақсаттарға жету жолында Банкi үшiн қолайлы критерий және мақсатты көрсеткiштердi пайдалануға сүйенедi.
(d) Банкi үшiн қолайлы өкiлдiктер айналасына сәйкес және осы Бөлiмнiң (a) параграфына қатысты Банкiге 1998 жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей Жобаны жүзеге асыруды қадағалау қорытындыларын көрсету есебiн әзiрлеп ұсынады және өткен күнге мерзiм iшiнде қол жеткен тексерулерге баға жоғарыдағы есепте ұсынылады және осындай күн мерзiмiнен алдағы мерзiм аралығында Жобаның мақсатына жету және Жобаны жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатымен ұсынылатын шараларды баяндау: және
(c) Банкiнiң талап етуiмен осы Бөлiмнiң (d) параграфасында айтылған мерзiмiнен кейiн берiлген есептi немесе 1998 жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей Банкiмен талқылайды, содан соң жобаны ойдағыдай аяқтауды қамтамасыз ету және ойлаған есепте жазылған қорытындылар мен ұсыныстар негiзiнде оның мақсатына жету үшiн қажеттi барлық шараларды қабылдайды және осы мәселе бойынша Банкi өзiнiң көзқарасын (ii) заем алушының қызметкерлерiн оқыту үшiн таңдау мерзiмiн және процедурасын, шартты қабылдайды. Бұл Банкi үшiн өте қолайлы және Жобаның А.В және С бөлiгiн жүзеге асыруға жауап бередi және қажеттi.
IV БАП
Қаржы-қаражат шарттары
4.01. Бөлiм. (a) Жалпы қабылданған бухгалтерлiк есепшот жүргiзудiң әдiстемелiк принциптерiне сәйкес Жобаны немесе оның құрамдас бөлiгiн жүзеге асыруға жауап беретiн Заем алушының мемлекеттiк органдары мен мекемелерiнiң шығындары мен операциялар жүргiзуге қажеттi нұсқауы үшiн есеп-шот жүргiзудi заем алушы қамтамасыз етедi немесе жүргiзедi.
(d) Заем алушы:
(i) аудиттың қолданып жүрген тиiстi және жүйелi принциптерiне сәйкес Банкiге қолайлы тәуелсiз аудиторлар жүргiзгенi әрбiр финанс жылы үшiн Арнаулы шот бойынша құжаттарды қосқанда осы Бөлiмдегi (a) тармағында айтылған есеп құжаттары мен шоттарды аудиторлық тексерудi жүргiзудi қамтамасыз етедi.
(ii) Банкiге түскен мүмкiндiгiне қарай бiрақ, әрбiр осындай жылдың аяқталғанынан кейiн ең кем дегенде алты (6) ай iшiнде кез-келген жағдайда айтылған аудиттардың кең көлемде жүргiзгенi туралы есептiң куәландырылған көшiрмесiн тапсырады және осындай дәрежеде Банкiнiң өзi аудиторлық есептi талап етуi мүмкiн; және
(iii) Банкiге жоғарыда айтылған есеп құжаттарға, шарттарға және олардың аудиторлық тексерулерiне қаржы бар басқа да ақпараттарды ұсынады, мүмкiндiгiне қарай Банкi кез-келген уақытта құжаттарды талап етуi ықтимал.
(c) шығындар ведомосi негiзiнде барлық шығындар бойынша заем шотынан қаржы алу жүргiзiлдi. Заем алушы:
(i) осы Бөлiмнiң (a) параграфына сәйкес есеп құжаттарын және осындай шығындар көрсетiлген шоттарды жүргiзудi қамтамасыз етедi немесе жүргiзедi;
(ii) осындай шығындарды куәландыратын барлық есеп құжаттарын (келiсiм-шарт, нұсқаулықтар, шот-фактура, төлеуге жұмсалған шот, квитанция және басқа да құжаттар) ең кем дегенде Заем шотынан соңғы алынған немесе осы шотқа соңғы рет ақша аудару жүргiзген кездегi финанс жылында аудиторлық тексеру туралы Банк есеп алғаннан кейiн (i) жалға сақталады;
(iii) Осындай есеп құжаттармен түбегейлi танысуына Банк өкiлдерiне мүмкiндiк бередi және
(IV) осы Бөлiмнiң (d) параграфында айтылған жыл сайын аудиторлық тексерулердi жүргiзуге осындай есептi құжаттардың қосылуын қамтамасыз етедi және осындай аудиторлық тексеруде жоғарыда айтылған аудиторлардың жеке пiкiрлерi атап айтқанда жыл iшiнде ұсынған шығын ведомостары, сондай-ақ оларды жасау кезiнде пайдаланған iшкi тәртiптiң ережелерiн және процедураны, тиiстi алынған қаржы туралы дұрыс ақпараттарды қамтыса.
V БАП
Iс-қимылдың тоқтатылуы
5.01. Бөлiм. 12.04. Бөлiмнiң мақсаты үшiн Жалпы ереженiң мерзiмi осы Келiсiмге қол қойған күннен кейiнгi тоқсан күнде (90) келiсiледi.
VI БАП
Заем алушының өкiлдерi, мекен-жайы
6.01. Бөлiм. Жалпы ереженiң 11.013 бөлiмiнiң мақсаты үшiн Қаржы
министрлiгi Заем алушыны Заем алушының өкiлi етiп тағайындайды.
6.02. Бөлiм. Жалпы ереженiң 11.01. Бөлiмiнiң мақсаты үшiн мына
мекен-жай көрсетiледi:
Заем алушы үшiн:
Қаржы министрлiгi
Абылай хан даңғылы, 97
Алматы, 480091
Қазақстан Республикасы
телекс
251245 FILIN
Банкi үшiн:
Intematona fnk Foc
Reconstrn
Осы Келiсiмнiң тараптары өзiнiң өкiлеттi өкiлдерi арқылы қызмет
ете отырып, осы Келiсiмге қол қоюды жоғарыда көрсетiлген құжаттардың
күнi мен жылы, Америка Құрама Штаттары, Колумбия округi арқылы
қамтамасыз етудi куәландырды.
Қазақстан Республикасы
қол қойды
өкiлеттi өкiл
Халықаралық қайта құру және даму банкiсi
Қол қойды
Европа және Орта Азия
жөнiндегi аймақтық
Вице-Президентi
1 ҚОСЫМША
Заем қаржысын алу
1. Мына төменгi кестеде заем қаржысынан қаржыландыруға жататын
баптардың категориялары; әрбiр категория бойынша бөлiнген заем
қаржысы және әрбiр категория аумағында жататын қаржыландыруға жататын
баптар бойынша шығындар проценттердi келтiрген:
Бөлiнген Заем сомасы (АҚШ долларында көрсетiлген)
Категория Қаржыландырылатын
шығындар процентi
(1) тауарлар 11400000
100% шетел валютасында
100% жергiлiктi валютада
(франко-зауыт құны) және
75% iшкi елдiң iшiнде
өндiрiлген басқа тауарлар
мен қызметтерде жергiлiктi
валютада шығындар
(2) Консультанттардың
қызметi және оқыту 2500000 100%
(3) Жобаны займдарға
Авансты қайтару 1000000 Осы Келiсiмнiң (c) 202
Бөлiмiне сәйкес тиесiлi
сома
(4) Бөлiнбейтiн сома 900000
Барлығы 15800000
2. Осы Қосымша мақсаты үшiн:
(a) "шетел валютасындағы шығындар" терминi Заем алушыдан басқа кез келген елдiң аумағынан берiлетiн тауарлар мен қызметтердiң шетел валютасындағы шығындарды көрсетедi.
(в) "жергiлiктi валютадағы шығындар" терминi Заем алушы аумағынан берiлетiн тауарлар мен қызметтерге Заем алушы валютасындағы шығындарды көрсетедi.
3. Жоғарыдағы 1 параграфтың ережелерiне қарамастан осы келiсiмге қол қоюға дейiнгi орын алғаш шығындарды жабу жолындағы төлемдер үшiн қаржы алу жүргiзiлмейдi, егер қаржы алу сомасын жалпы сомасы, 400000 АҚШ долларының эквивалентiнен аспаған жағдайда айтылған күнге дейiн орын алған шығындарды жабу үшiн шот есебiнен төлеу (2) категорияға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн, бiрақ, 1996 жылдың 5 сәуiрiнен кейiн.
4. Банк Заем шотынан қаржыны алуды контракт аумағында төленген тауарлар мен қызметтердiң шығындары үшiн шығын ведомос негiзiнде жүзеге асырылуын талап ете алады, сомасы 50000 АҚШ доллары эквивалентiнен аспауға тиiс, Заем алушыға арнайы ескертiлген Банкiнiң белгiлеген шартты негiзiнде.
2 ҚОСЫМША
Жобаны түсiндiру
Жобаның мақсаты мемлекеттiк шығындарды басқаруды тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн және қаржы қызметiн басқару үшiн қажеттi толық және шынайы ақпаратты уақытылы беруге мүмкiншiлiгi бар Заем алушының қазынашылық жүйесiн жетiлдiру процесiне ықпал ету болып табылады.
Жоба құранды үш бөлiктен тұрады, ол өзгеруi де мүмкiн, соған
сәйкес Заем алушы және Банк Жобаның мақсаты үшiн үнемi келiсiп
отырады.
А бөлiгi. Автоматтандырылған қазынашылық жүйенi жасау
Автоматтандырылған қазынашылық жүйенi қызмет көрсету жолымен
жасаудағы жұмысты аяқтауда техникалық қызмет көрсету
В бөлiгi. Автоматтандырылған қазынашылық жүйенi осыған қажеттi
тауарлар мен қызмет көрсету жолымен қою және алғашқы рет сынау.
С бөлiгi. Автоматтандырылған қазынашылық
жүйенi толық қою және сынау
Автоматтандырылған қазынашылық жүйенi ағымдағы тауарлар мен
қызметтердi беру жолымен толық қою және сынау
***
Жоба 2000 жылдың 30 маусымында аяқтауға негiзделiнген.
3 ҚОСЫМША
Заемды өтеу кестесi
Төлем мерзiмi Өтелетiн соманың
негiзгi бөлiгiн төленуi
(АҚШ долларында)
Бағанда көрсетiлген цифрлар қаржыны алу күнiне есептелген
долларлық эквивалентiн көрсетедi. Қараңыз:
Жалпы ереже 3.04 және 4.03 Бөлiм:
Мерзiмiнен бұрын өтелгендiгi үшiн сыйлық
Жалпы ереженiң 3.04 (d) Бөлiмiне сәйкес кез-келген мерзiмде
өтеумен Заемның негiзгi сомасын алдын ала төленетiн сыйлық тиiстi
алдын ала төлеуге негiзделiнген өзiндiк процентi көрсетедi, төменде
көрсетiлген:
алдын ала төлеу мерзiмi сыйлық
мерзiмiнен бұрын өтелген
сом күнгi Заемның сомасына
қолданылған проценттiк
ставка (жылға процент
есебiмен) көбейтiледi
Өтеу мерзiмiне дейiнгi үш жылдан
кем емес 0,15
Үш жылдан артық, бiрақ өтеу
мерзiмiне дейiн ең кем дегенде
алты жыл 0,30
Алты жылдан артық, бiрақ өтеу
мерзiмiне дейiн-ең кем дегенде
11 жыл он бiр жылдан артық, 0,55
бiрақ өтеу
мерзiмiне дейiнгi ең кем дегенде
16 жыл 0,80
он алты жылдан артық бiрақ
өтеу мерзiмi ең кем дегенде 18 жыл 0,90
өтеу мерзiмiне дейiн 18 жылдан артық 1,00
4 ҚОСЫМША
Сатып алу және консультанттарға қызмет
1 Бөлiм: Тауарларды сатып алу
А бөлiгi: Жалпы ереже
Тауарлар 1995 жылғы қаңтарда Әлем Банкiсi (Басшылық) жариялаған "Сатып алуды Халықаралық қайта құру және даму банкiсiнiң заемдары және МАР несиелер дәрежесiнде жүзеге асыру жөнiндегi Басшылықтың" I Бөлiгi ережелерiне сәйкес сатып алынады және осы бөлiмнiң мына параграфалары, егер олар қолданылса.
В бөлiгi: Халықаралық конкурстық сауда осы бөлiмнiң С бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда ғана тауарлар Басшылықтағы I Қосымшасының 5 параграфына және Басшылықтағы II бөлiмнiң ережелерiне тиiстi жасалынған контрактарға сәйкес сатып алынады.
С бөлiгi: Сатып алудың басқа процедурасы
1. Еркiн саудадағы Халықаралық сатып алу
Әрбiр контракт бойынша тауардың бағаланған құны ең көп дегенде 300 000 АҚШ долларының эквивалентiн құрайды және жиынтығында 1000 000 АҚШ долларынан аспайды. Басшылықтың 3.6 және 3.5 параграф ережелерiне сәйкес еркiн сауда халықаралық сатып алу процедурасын қолдану арқылы жасалынған контракт көлемiнде сатып алынады.
2. Жергiлiктi сатып алу
Әрбiр контракт бойынша тауардың бағаланған құны 50000 АҚШ доллары эквивалентiнен аспаса және жиынтық құны 500 000 АҚШ долларынан аспаса Басшылықтың 3.6 және 3.5 параграф ережелерiне сәйкес еркiн саудада жергiлiктi сатып алу процедурасын қолдану арқылы жасалынған контракт көлемiнде сатып алынады.
3. Тiкелей контракт жасау
Тауарлар бiрге жабдықтары бар алғашқы қоюшыдан сатып алынуы тиiс және жиынтық құны ең көп дегенде 500 000 АҚШ доллары болатын патенталынған тауарлар Басшылықтың 3.7 параграфасының ережелерiне сәйкес сатып алуына болады, егер ол алдын ала Банкiнiң келiсiмiн алса.
Д бөлiгi: Банкiнiң сатып алу жөнiндегi шешiмдi қарауы
1. Сатып алуды жоспарлау
Жоба бойынша сатып алудың ұсынылған жоспары саудаға қатысуға арналған шақыруды жiбергенге дейiн Басшылықтың 1 Қосымшасының 1 параграфасындағы тармағына сәйкес тексеру және мақұлдау үшiн Банкiге берiледi. Барлық тауарларды сатып алу Банкi мақұлдағаннан кейiн және жоғарыда айтылған 1 параграфтың ережесiне сай осы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Алдын ала баға
Бағаланған құн 300 000 АҚШ долларының эквивалентiне тең тауарларды сатып алудың барлық контракттарына қатысты немесе алғашқы үлкен екi контрактiнiң тауарларды сатып алуға ең кем дегенде 100 000 АҚШ долларының эквивалентiне немесе контрактарды жасаудағы процедураны қолдана отырып сатып алынатын тауарларға Басшылықтың 3 Қосымшасы және 2 параграфында белгiленген ереже қолданылады.
3. Фактi бойынша тексеру
Осы Бөлiктiң 2 параграфына сәйкес емес әрбiр контрактыға Басшылықтың 1 қосымшаның 4 параграфына белгiленген ереже қолданылады.
II Бөлiм. Консультанттарды жалдау
1. Консультант қызметтерi 1981 жылы тамызда Әлем банкi жарияланған (консультанттарды пайдалану бойынша Басшылық) Атқару органы ретiнде Әлем банкiсi мен Әлем Банкiсiнiң Заем алушылары консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылыққа тиiстi ережелерге сәйкес контракт бойынша төленедi. Тапсырма уақытын комплекстi шектеу үшiн осындай контрактор Әлем банкiсi жарияланған консультант қызметтерiмен стандарты үлгiдегi контрактыға негiзделедi, өзгерiстер Банкiмен келiсiледi. Банк шығарған типтiк контракт құжаттарының болмау жағдайында Банкi үшiн қолайлы басқа стандарттағы үлгiлер қолданылады.
2. Осы Бөлiмнiң 1 параграфындағы ережеге қарамастан консультанттарды пайдалану жөнiндегi Басшылық тармақтары алдын ала Банкiнiң қарауына берiледi және бюджет ретiнде бекiтiлуге ұсынылады, консультанттарды тарату жөнiндегi контрактiнiң бағаланған құны әрқайсысы 50000 АҚШ долларының эквивалентiнен артық болмауы керек. Әйтпесе контракт таратылмайды. Алайда, алдын ала банкiмен бекiтiлген ерекшелiктер (а) келiсiлген барлық контрактiге таратылмайды; бiр ұсыныспен консалтингтiк фирманы таңдау Банкi айқындаған негiздегi ең маңызды тапсырма мыналар ретiнде есептеледi және (d) консультанттарды жұмысқа алудағы контрактiге түзетулер енгiзу, оның нәтижесiнде контракт құны 50 000 АҚШ долларының эквивалентiне және одан әрiге дейiн асады.
5 ҚОСЫМША
Арнаулы шот
1. Қосымша мақсаты үшiн:
(a) "мүмкiндiгi мол категория" терминi осы Келiсiмнiң 1 Қосымшасындағы 1 параграфасының кестесiнде белгiленген (1) және (4) Категорияны көрсетедi.
(d) "мүмкiндiгi мол шығындар" терминi жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң қонымды бағасы бойынша сатып алу және осы Келiсiмнiң 1 Қосымшасындағы ережеге сәйкес мүдделi категорияға бөлiнген заем қаражатынан төленетiн шығындарын бiлдiредi; және
(c) рұқсат етiлген "ассигнования" терминi осы Қосымшаның 3 (a) тармағына сәйкес Арнаулы шотқа және Заем шотына жататын 500 000 АҚШ долларының эквивалентiнiң сомасын бiлдiредi бiрақ, мына жағдайда ғана, егер Банкiмен 100 000 АҚШ доллары эквивалентiнiң сомасы рұқсат етiлген ассигнованиямен шектелетiнi туралы әңгiме болмаса, онда заем шотынан алынған қаржының барлық жиынтығы оған қоса жалпы ереже 5.02 Бөлiмiн тиiстi Банкi қабылдаған барлық орындалмаған ереже мiндеттемелерiнiң жалпы сомасы 1000 000 АҚШ долларының эквивалентiне тепе-тең немесе асып кетпейдi.
2. Арнаулы шотты төлеу осы Қосымшадағы ережелерге сәйкес мүмкiндiк шығындарды жабу үшiн жүргiзiледi.
3. Банкi өзiне тиiстi қаржыны алғаннан кейiн белгiленген тәртiппен Арнаулы шоттың ашылғаны, рұқсат етiлген ассигнованияның алынуы туралы анықталған соң Арнайы шотты толықтыру үшiн мына жағдайда кезектi алу жүргiзiледi:
а) Заем алушы рұқсат етiлген ассигнованияны алу үшiн Банкiге сауал қояды немесе қаржыны Арнаулы шотқа аудару жөнiнде сауал жiбередi немесе ол сома рұқсат етiлген ассигнованияның жалпы сомасынан аспауы керек. Осындай сауалдың Заем алушы өзiнiң атынан және Банк сауалы негiзiнде шоттан Заемды алады және ақшаны Арнаулы шотқа немесе Заем алушы сұраған соманы орналастырады.
(d) (I) Арнаулы шотты толтыру үшiн Заем алушы Банкiге Арнаулы шотқа қаржыны аударуға сауал жiбередi, оның мерзiмiн Банкi айқындайды.
(II) Әрбiр осындай сауалдан осыған дейiнгi немесе сол уақыт iшiнде Заем алушы Банкiге шотын толтыруға қажеттi төлемдердi немесе төлеу үшiн осы Қосымшаның 4 параграфының тармағына сәйкес басқа да қажеттi құжаттар мен дәлелдемелердi ұсынады. Осындай әрбiр сауал негiзiнде Банк Заем алушының атынан Шоттан Заемды алады және Заем алушы сұраған соманы Арнаулы шотқа орналастырады және Арнаулы шоттың құжаттармен басқа да дәлелдемелерде көрсетiлген мүмкiн шығындарды жабуға қаржы берiледi.
Осындай Заем шотынан аударуды тиiстi мүмкiн категория шеңберiнде және жоғарыда көрсетiлген құжаттардың және басқа ақпараттарға негiзделiнген тиiстi эквивалент сомасын Банкi жүргiзедi.
4. Заем алушының Арнаулы шоттың әрбiр төлем бойынша жүргiзген мерзiмiн Банкiмен негiзделiнген, Заем алушы Банкiге осы төленетiн ақша мүмкiн шығындарды жабуға тiкелей жұмсалғаны жөнiнде құжаттар мен басқа да дәлелдемелердi ұсынады.
5. Осы Қосымшаның 3 тармағының ережесiне қарамай Банк Арнаулы шотқа қаржы аударуды жалғастыруға мiндеттi емес:
(a) Егер қайсыбiр сәтте Банк осы Келiсiмнiң 2.02 Бөлiмi (a) параграфы және жалпы ереженiң Ү бабының ережесiне сәйкес Заем алушының тiкелей Заем шотынан алғандарын анықтаса;
немесе
(d) егер Заем алушы осы Келiсiмнiң 4.01 (1)
(ii) бөлiмiнде көрсетiлген мерзiмде Банкiге аудиторлық тексерулер жөнiнде кез-келген есептi тапсырмаса, онда Арнаулы шот бойынша құжаттар мен есеп берудiң аудитқа қатысты Бөлiмде көрсетiлген мәлiметiн Банкiге мiндеттi түрде тапсыруы қажет.
(e) егер қайсыбiр сәтте Банк Заем алушыны өзiнiң Жалпы ереженiң
6.02 Бөлiмдегi ережеге сәйкес Заем шотынан алуды жүргiзу жөнiндегi Заем алушының толық немесе жартылай құқын тоқтатуға мүдделi екендiгiн ескертедi.
(a) егер мүмкiн категориялар арасында бөлiнген алынбаған Заем қаржысының жалпы сомасы осы Жобаға қатысты жалпы ереженiң 5.02 Бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық төленбеген арнаулы мiндеттемелердiң минус сомасы рұқсат етiлген ассигнования сомасынан екi есе артық. Осыдан кейiнгi мүмкiн категорияларға берiлген алынбаған Заем сомасы Заем шотынан алу тиiстi процедурамен жүргiзiледi, оны Банк Заем алушыға тағайындайды ол туралы ескертедi. Алда осындай алулар Арнаулы шоттың төлемдi сомалар сомасымен банк қанағаттанғаннан кейiн барып жүргiзiледi, ескерту мерзiмi мүмкiн шығындарды жабуға пайдаланылады.
6. (a) Егер қайсыбiр сәтте Банк Арнаулы шоттан соң немесе басқа төлемдердiң шығындарды жабу немесе осы Қосымшаның 2 тармағына сәйкес емес мөлшерде жүргiзгенi (I); немесе (ii) Заем алушы Банкiге тапсырған құжаттарды негiзi болмағаны жөнiнде тез арада ескертпе алса; (A) Банк Қосымша дәлелдердi қажет етiп қалғанда беру; немесе (B) Арнаулы шотқа осындай төлемдердiң немесе Банкi төлем етуiмен Банкiге қайтарылады) тең сомасын немесе бекiтiлген немесе негiз болып саналмайтын болып табылатын бөлiмiн депозициялайды. Егер банкiмен басқаша қаралмаса онда Банкi тарабынан Арнаулы шотқа Заем алушы дәлелдемелердi тапсырмайынша ешқандай төлемдер жүргiзiлмейдi немесе төлем жүргiзiлмейдi немесе нақты жағдайға байланысты қаржы қайтарылмайды.
(d) Егер Банк қайсы бiр сәтте арнаулы шоттағы қалған кейбiр соманың мүдделi шығындарды одан әрi жабуға қажет етiлмегенiн анықтайды, Заем алушы Банкiден ескертпе алғаннан кейiн осы қалған соманы Банкiге өтейдi.
(c) Заем алушы Банкiден ескертпе алғаннан кейiн Арнаулы шотта қалған барлық соманы немесе қаржының бiр бөлiгiн Банкiге өтейдi.
(d) Осы Қосымшаның d (a) (в) және (c) тармақтарына сәйкес жүзеге асырылатын Банкiнiң қаражаты Банкiге қайтару алды алыну үшiн Заем шотына немесе Жалпы Ереженi қоса есептегенде осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес күшi жойылады.