Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 7 желтоқсан N 50-I

      Екiншi деңгейдегi банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiне қорғауды күшейту және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат):
      86-бап:
      мынадай мазмұндағы жаңа 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде заңда белгiленген тәртiппен есептелген капиталдың терiс мөлшерi бар болған жағдайда заң актiлерiнде олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемелерi көзделуi мүмкiн";
      6-тармақ 7-тармақ деп есептелсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 U952255_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат):
      57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерi несие берушiлерiнiң мүдделерiне қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында оларға мәжбүрлеу шараларын (санкциялар) қолданудың ерекшелiктерi, банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың терiс мөлшерi бар болған жағдайларда олардың мүлкiнiң құқықтық режимiн өзгертудiң негiздемелерi мен шарттары банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi".
      71-баптың 4-тармағындағы "жыл қорытындысы бойынша" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат):
      1) 8-баптың "е)" тармақшасы "оларға" деген сөзден кейiн: "белгiлi бiр күнге шектi банк капиталы мөлшерiн қоса алғанда пруденциялдық нормативтердi белгiлейдi, сондай-ақ қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолданады. Банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi бар банктердiң акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сатқан жағдайда бұл акцияларды мәжбүрлеп сатып алуға құқылы" деген сөздермен толықтырылсын:
      2) 15-баптың "е)" тармақшасы "жою" деген сөзден кейiн: "қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау, Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капиталының теріс мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiмдер қабылдау" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 62-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы бесiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "- банктерге қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген басқа да санкциялар қолдану туралы шешiмдер қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен жаңа инвесторларға мiндеттi түрде дереу сату тәртiбiн белгiлеудi қоса алғанда капиталының терiс мөлшерi бар банктер мүлкiнiң құқықтық режимiн өзгерту туралы шешiмдер қабылдау".
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат):
      1) 7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша, қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы";
      2) 16-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктiң жарғылық қоры мен капиталы";
      мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Банк капиталы - оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құны, онда активтердiң құны банк активтерiнiң бастапқы құнынан берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша қажеттi резервтер (провизиялар) сомасын шегеру жолымен есептеледi. Банк капиталын, активтерiнiң құнын, берiлген қарыздар мен басқа да активтер бойынша резервтердiң (провизиялардың) мөлшерiн есептеу әдiстемесiн Ұлттық Банк белгiлейдi.
      Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан асып кеткен жағдайда банк капиталы терiс болады.
      8. Банк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң банктiң жарғылық қорындағы үлестерiн (акцияларын) мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына, инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша дереу сатуға құқылы.
      Банк акцияларын Ұлттық Банктiң мәжбүрлеп сатып алуы банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы ол шешiм қабылдаған күнгi оның нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып белгiленетiн баға бойынша жүзеге асырылады. Банктiң сатып алынған акцияларын Ұлттық Банк олар сатып алынған баға бойынша дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн Ұлттық Банк белгiлейдi";
      3) 17-бап:
      мынадай мазмұндағы жаңа 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және республика банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша капиталының терiс мөлшерi болған ретте банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) банктiң қаржы жағдайының қажетiнше жақсартылуына кепiлдiк беретiн жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша кейiннен мiндеттi түрде дереу сату шартымен мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы";
      4-тармақ 5-тармақ деп есептелсiн.
      4) 42-бап:
      мынадай мазмұндағы жаңа 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Банктiң қаржы жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы мәселенi шешу мақсатында Ұлттық Банк белгiлi бiр күнге банк капиталының мөлшерiн белгiлеуге құқылы";
      2-тармақ 3-тармақ деп есептелсiн;
      3-тармақ "әдiстемелерiн" деген сөзден кейiн "белгiлi бiр күнге шектi банк капиталының мөлшерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 47-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы "д)" тармақшасымен толықтырылсын:
      "д) банк капиталы iс жүзiнде болмаған жағдайда және осы Жарлықтың 48-бабы 1-тармағының г) тармақшасында көзделген негiздемелер бар болса, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) Ұлттық Банк белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен міндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы Ұлттық Банк шешiм қабылдаған күнгi банктiң нақты капиталының мөлшерiн негiзге ала отырып шешiм қабылдау".
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 21 сәуiрдегi N 2227 U952227_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 5, 39-құжат; N 23, 141-құжат; N 24, 162-құжат):
      1) 2-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң акцияларын сатып алу мен сатудың қосымша негiздемелерi мен шарттары банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi";
      2) 17-бап:
      мынадай мазмұндағы жаңа оныншы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жаңа инвесторға кейiннен дереу сату мақсатында Ұлттық Банкке қолданылып жүрген заңдармен берiлген өкiлеттiктер шегiнде мәжбүрлеп сатып алған акцияларын иелену құқықтарының өзгеруiне есеп жүргiзiлуi және оларды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының нормативтiк актiлерiмен белгiленедi";
      оныншы және он бiрiншi бөлiктер тиiсiнше он бiрiншi және он

 

екiншi бөлiктер деп есептелсiн;

     3) 25-бап мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:

     "Капиталының терiс мөлшерi бар банктер мен банктiк емес қаржы

мекемелерiнiң бағалы қағаздармен мәмiлелерiнiң ерекшелiгi және оларға

қатысушы тұлғалардың шеңберi банктер мен банктiк емес қаржы

мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi".


     Қазақстан Республикасының

            Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады