1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 U962788_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат) екiншi бөлiмi мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Отанды қорғау кезiнде немесе соғыс қимылдары жүрiп жатқан мемлекеттерде жауынгерлiк борышын өтеу кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе науқастануы салдарынан 1996 жылдың 1 қаңтарынан кейiн алғаш рет I-II топтағы мүгедек болған адамдарға зейнетақының негiзгi мөлшерiн, егер ол бұдан бұрын арттырылмаған болса, 40 процент, аталған себептер салдарынан III топтағы мүгедек болған адамдарға - 30 процент арттыру белгiленсiн".
2-бап. Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi