Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 5 наурыз N 80

      Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат), "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1996 жылғы 7 желтоқсандағы N 50-1 Қазақстан Республикасының Заңына ("Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерi, 1996 жылғы 11 желтоқсан) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      129-баптың 2-тармағы "мiндеттемеге" деген сөзден кейiн "сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      135-бапта: 1-тармақтың бiрiншi абзацында "арнайы лицензия алған депозитарий-ұйым эмитентпен жасалған шарт (депозитарлық шарт) бойынша" деген сөздер "арнайы лицензия алған ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтың екiншi абзацында "депозитарий" деген сөз "арнайы лицензия алған ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Құқықтарды жүзеге асыру, өткiзу, беру және шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленуi тиiс. Атаулы немесе ордерлi бағалы қағазбен, соның iшiнде құжатсыз нысанда бекiтiлген, құқықтарды белгiлеуге арнайы лицензия алған бағалы қағаздар рыногына

 

кәсiпқой қатысушылар ресми жазбалардың сақталуына, олардың

құпиялығын қамтамасыз етуге, осындай жазбалар туралы дұрыс деректер

беруге және жүргiзiлген операциялар туралы ресми жазбаларды

жүргiзуге жауапты болады".


     Қазақстан Республикасының

            Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады