Қазақстан Республикасы мен Азияның Даму Банкi арасындағы Қарыз
туралы (Жай операциялар) (Жолды қалпына келтiру жобасы) 1996 жылғы 18
қазандағы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қарыз N 1455 Kaz
Қазақстан Республикасы
мен
Азияның даму банкі
арасындағы
Қарыз туралы келісім
(Жай операциялар)
(жолды қалпына келтiру жобасы)
18 қазан 1996 ж.
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
(Жай операциялар)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (осы жерде және бұдан әрi Қарызгер деп аталады) мен АЗИЯНЫҢ ДАМУ БАНКI (осы жерде және бұдан әрi Банк деп аталады) арасындағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ 18 қазан 1996 ж. КЕЛIСIМ.
Мына жәйттi:
(А) Қарыз туралы осы Келiсiмге 1-қосымша сипатталған Жобаның мақсаттарына арнап Қарыз беру туралы Банкке өтiнiш жасағанын;
(В) Қарызгер Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет деп аталады) жол секторын (i) институциялық нығайту және (ii) жолдың таңдап алынған басым учаскелерiн егжей-тегжейлi жобалау (бұдан әрi Жобаны дайындау үшiн техникалық көмек деп аталады) үшiн техникалық көмек беру жөнiнде Банкке өтiнiш жасағанын және Банк осы мақсаттар үшiн Үкiметке жетi
жүз елу мың долларға ($ 750.000) және екi жүз елу мың долларға
(250.000) тең сомада техникалық көмек беруге келiскенiн; және
(С) Банк төменде баяндалған шарттар негiзiнде Қарызгерге жай
күрделi қаржыдан қарыз беруге келiскенiн
ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,
ОСЫМЕН тараптар мынаған келiстi:
I БАП
Қарыз беру ережелерi: Анықтамалар
1.01.-бөлiм. Банктiң жай операциялар қарызы жөнiндегi 1986 жылғы 1 шiлдедегi Ережелерiне енгiзiлген барлық ережелер Қарыз туралы осы Келiсiмге, олар осы құжатта толық баяндалып, мынадай өзгертулер енгiзiлген жағдайда, қолданылады (Жай операциялар қарызы жөнiндегi аталған, осындай жолмен өзгертiлген Ережелер бұдан әрi қарыз Ережелерi деп аталады):
(а) 2.01. (17)-бөлiм түсiрiлiп, мынаумен ауыстырылады: "Доллар" немесе "долларлар" терминi немесе "$" белгiсi Америка Құрама Штаттарының валютасы түрiндегi доллар немесе долларлар дегендi бiлдiредi".
(b) 2.01. (26) және (27)-бөлiмдер түсiрiлiп, мынадай жаңа 2.01. (26)-бөлiмге енгiзiледi: "Долларлық пул" Банк жай күрделi қаржыдан доллар түрiнде берген қарызды қаржыландыру мақсаттары үшiн Банк пайдаланатын төленбеген долларлық несиенiң бiрiккен қоры дегендi бiлдiредi."
(c) 3.02.- бөлiмнiң соңғы сөйлемi түсiрiледi.
(d) 3.02. (b) (ii) - бөлiмi түсiрiлiп, мынаумен ауыстырылады: "(ii) "Жарамды несиелер" қарыз тұрғысынан алғанда Банктiң 1992 жылғы 30 маусымнан кейiн алынған долларлық пулдағы төленбеген несиесi дегендi бiлдiредi."
(e) 3.06.(а)-бөлiмiнiң соңғы сөйлемi түсiрiледi және сөздер 3.06.(b)-бөлiмiндегi Банк үшiн қолайлы күнге түсiрiледi.
(f) 4.06.-бөлiм түсiрiлiп, мынаумен ауыстырылады: "Қаржы қарыз шотынан доллар түрiнде алынады".
(g) 4.03.(а)-бөлiмi түсiрiлiп, мынаумен ауыстырылады: "Қарыздың негiзгi сомасы доллар түрiнде өтеледi".
(h) 4.04. (а)-бөлiмi түсiрiлiп, мынаумен ауыстырылады: "Қарыздың кез-келген бөлiгiне қойылатын процент доллар түрiнде төленуге тиiс".
(i) 4.05.-бөлiмдегi: "және 5.02.-бөлiмге сәйкес кез-келген арнаулы мiндеттемелер бойынша алым" деген сөздер түсiрiледi.
(j) 4.05.-бөлiм түсiрiлiп, мынадай жаңа 4.09.-бөлiм енгiзiлдi:
Осы Ережелердегi қарама-қарсы шарттарға қарамастан қарыз тұрғысынан алғанда шоттан қарыз осындай алу мақсаттары үшiн Банк доллар бөле алмайтынын айқындаған ерекше жағдайда Банк қолдайды деп есептейтiн валюта немесе валюталар түрiнде шығарылады. Қарыздың тиiстi негiзгi сомасы осындай валюта немесе валюталар түрiнде өтелуге тиiс және тиiстi проценттер де осындай валюта немесе валюталар түрiнде төленуге тиiс. Осындай валюта немесе валюталар түрiнде төленген қарыздың негiзгi сомасына қолданылатын проценттiк ставка Банк сатып алған осындай валюта немесе валюталар бойынша құнға негiзделедi, бұған сатып алу мен сату арасындағы айырма қосылады және екеуiн де Банк дүркiн-дүркiн орынды шекте өзгертiп отырады.
1.02.-бөлiм. Қарыз Ережелерiнде анықтамасы берiлген бiрнеше термин, Қарыз туралы осы Келiсiмнiң қай жерiнде кездессе де, контекст бойынша өзгедей талап етiлмесе, бұдан әрi баяндалған тиiстi мәндерi бар, ал мынадай қосымша терминдердiң мынадай мәндерi бар:
(а) "АКД" Көлiкминiнiң Автомобиль көлiгi департаментi, яки оның кез-келген мирасқоры дегендi бiлдiредi;
(b) "ШКПК" Қарызгердiң Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi, яки оның кез-келген мирасқоры дегендi бiлдiредi;
(c) "ЖД" Көлiкминiнiң Автомобиль Жолдары Департаментi, яки оның кез-келген мирасқоры дегендi бiлдiредi;
(d) (ПЖБ) ("MIU") Қарыз туралы осы Келiсiмге 6-қосымшаның 1(b) параграфында жазылғанындай ЖД құрамында құрылған Пайдалану жөнiндегi басқарма дегендi бiлдiредi;
(е) "ЭМ" Қарызгердiң Экономика министрлігi, яки оның кез-келген мирасқоры дегендi бiлдiредi;
(f) "ККМ" Қарызгердiң Көлiк және коммуникация министрлiгi, яки оның кез-келген мирасқоры дегендi бiлдiредi;
(g) "ЖЖАБТ" Қарыз туралы осы Келiсiмге 6-қосымшаның 1(a) -параграфында жазылғанындай, ЖД құрамында құрылған Жобаны жүзеге асыруды басқару тобы дегендi бiлдiредi;
(h) Қарыз мақсаттарына арналған және Қарыз Ережелерiнiң мәнi
шеңберiнде жұмыс iстейтiн "Жобаны орындау жөнiндегi агенттiк" Жобаның
орындалуына жауап беретiн ЖД дегендi бiлдiредi;
(i) "Жоба жабдығы" Жоба шеңберiнде сатып алынып, құрастырылуға
тиiс жабдық дегендi бiлдiредi;
(j) "ЖБК" Қарыз туралы осы Келiсiмге 6-қосымшаның 2-параграфында
жазылғанындай, Жобаны бақылау комитетi дегендi бiлдiредi;
(k) "ЖМЖЖ" ЖД немесе оның кез-келген мирасқоры құрамында Жолдың
мемлекеттiк торабы үшiн жауапты дегендi бiлдiредi.
II БАП
Қарыз
2.01.-бөлiм. Банк Қарызгерге Банктiң Жай күрделi қаржысынан елу
миллион доллар ($50.000.000) беруге келiстi.
2.02.-бөлiм. Қарызгер Банкке, қарыз Ережелерiнiң 3.02.-бөлiмiне
сәйкес айқындалғанындай, процент төлейдi.
2.03.-бөлiм. (а) Қарызгер жылына бiр проценттiң төрттен үш бөлiгi (0,75%) мөлшерiнде комиссиялық алым төлейдi. Қарыз туралы осы Келiсiм жасасылған күннен кейiн алпыс (60) күн өткен соң басталатын кейiнгi кезең бойына қарыз сомасында (дүркiн-дүркiн алынатын сома шегерiп тасталады) жиналады, одан әрi:
он екi айдан тұратын бiрiншi кезең бойына - $ 7.500.000 сомасында;
он екi айдан тұратын екiншi кезең бойына - $ 22.500.000 сомасында;
он екi айдан тұратын үшiншi кезең бойына - $ 42.500.000 сомасында;
бұдан кейiн қарыздың толық сомасында жиналады.
(b) Егер Қарыздың әлдебiр сомасының күшi жойылса, онда осы Бөлiмнiң (а) параграфында көрсетiлген әрбiр бөлiгiнiң сомасы жойылған бөлiктiң осындай күшi жойылғанға дейiн Қарыздың толық сомасына қатысы қандай болса, сондай үйлесiмде азайтылады.
2.04.-бөлiм. Қарыз бойынша проценттер мен басқа да алымдар алты айда бiр рет әр жылдың 1 наурыз және 1 қыркүйекте төленiп тұрады.
2.05.-бөлiм. Қарызгер қарыз шотынан алынған қарыздың негiзгi сомасын Қарыз туралы осы Келісiмге 2-қосымшада келтірiлген амортизациялық кестеге сәйкес төлеп тұрады.
III БАП
Қарыз қаржысын пайдалану
3.01-бөлiм. Қарызгер Қарыз қаржысының Қарыз туралы осы Келiсiмiнiң ережелерiне сәйкес Жоба бойынша жұмсалатын шығындарды қаржыландыруға пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
3.02.-бөлiм. Қарыз қаржысынан қаржыландыруға тиiс тауарлар, қызметтер және басқа шығыс баптары, Қарыз сомасына осындай тауарлардың, қызметтердiң түрлi санаттары және басқа шығыс баптары арасында бөлу Қарыз туралы осы Келiсiмге 3-қосымшаның ережелерiне сай келедi және мұндай Қосымша Қарызгер мен Банк арасында келiсе отырып оқтын-оқтын толықтырылуы мүмкiн.
3.03. Қарызгер мен Банк өзгеше уағдаласатын реттерден басқа жағдайда Қарыз Қаржысынан қаржыландыруға тиiс барлық тауарлар мен қызметтер Қарыз туралы осы Келiсiмге 4-қосымша мен 5-қосымшаның ережелерiне сәйкес сатып алынады. Банк Қарызгер мен Банк арасында келiсiлген ережелерге сай сатып алынбаған тауарларды немесе қызметтер жөнiндегi контрактiнi немесе контракт шарты Банктi қанағаттандырмайтын жерде қаржыландырудан бас тарта алады.
3.04. Қарызгер мен Банк өзгедей уағдаласуы мүмкiн реттерден басқа жағдайда Қарызгер Қарыз қаржысынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен қызметтердiң тек қана Жобаның орындалуы үшiн пайдаланылуы жолында барлық шараларды қолданады.
3.05. Қарыз ережелерiнiң 8.03-бөлiмнiң мақсаттары үшiн Қарыз шотынан қаржы алу үшiн соңғы күн 2000 жылдың 30 қарашасы болып табылады немесе Қарызгер мен Банк арасында оқтын-оқтын келiсiлетiн басқа күн болып табылады.
IV БАП
Ерекше шарттар
4.01.-бөлiм (a) Қарызгер Жобаның тиiстi iждағаттылықпен және тиiмдiлiкпен, орынды әкiмшiлiк, қаржы, инженерлiк және жол практикасына сәйкес, айналадағы орта жағдайларын ескере отырып орындалуы үшiн барлық шараларды қолданады.
(b) Жобаны орындау және Жоба жабдығын пайдалану кезiнде Қарызгер Қарыз туралы осы Келiсiмге 6-қосымшаның ережелерiнде баяндалған барлық мiндеттемелердi орындайды немесе орындауға жәрдемдеседi.
4.02.-бөлiм. Қарызгер қажеттiгiне қарай Жобаны орындау үшiн және Жобаның жабдығын күтiп, пайдалану үшiн Қарыз қаржысына қосымша түрде талап етiлетiн қаражат, жабдық, қызметтер мен өзге де ресурстар бередi.
4.03.-бөлiм. (а) Жобаны орындау кезiнде Қарызгер Қарызгер мен Банк үшiн қолайлы бiлiктi кеңесшiлер мен мердiгерлердi Қарызгер мен Банктi қанағаттандыратын шек пен шартта жалдауды қамтамасыз етуге тиiс.
(b) Қарызгер Жобаның қарызгер мен Банк үшiн қолайлы жоспарларға, жобалау нормаларына, жұмыстардың ерекшелiктерiне, кестелерiне және құрылыс әдiстерiне сай орындалуын қамтамасыз етедi. Қарызгер олар дайын болғаннан кейiн бiрден осындай жоспарларды, жобалау нормаларын, жұмыстардың ерекшелiктерiн, кестелерiн және олардың кез-келген елеулi материалдық үлгiлерiн Банк орынды шекте сұратуы мүмкiн егжей-тегжейлерiмен бiрге Банкке беруге немесе берiлуiн қамтамасыз етуге тиiс.
4.04. Қарызгер өзiнiң бөлiмшелерi мен агенттiктерiнiң Жобаны орындау және Жоба жабдығын пайдалану жөнiндегi қызметi орынды әкiмшiлiк саясат пен қағидаларға сай жүзеге асырылуын және үйлестiрiлуiн қамтамасыз етедi.
4.05.-бөлiм (a) Қарызгер Жоба жабдығын тиiстi дәрежеде, қауiп-қатерге қарсы және орынды практикамен үйлесетiн сомада сақтандыру үшiн Банктi қанағаттандыратын шараларды әзiрлейдi.
(b) Жоғарыда баяндалғанның жалпы мәнiн шектеместен Қарызгер Жоба үшiн шеттен әкелiнетiн және Қарыз қаржысынан қаржыландырылуға тиiс тауарларды сатып алуға, тасымалдауға және пайдаланылатын жерiне жеткiзуге немесе орнатуға байланысты қауiп-қатерге қарсы сақтандыру үшiн кепiлдiк бередi немесе шаралар қолданады және осындай сақтандыру үшiн кез-келген сома осындай тауарларды ауыстыру немесе жөндеу үшiн еркiн пайдаланылатын валюта түрiнде төленедi.
4.06.-бөлiм (a) Қарызгер Қарыз қаржысынан қаржыландырылатын тауарларды, қызметтер мен басқа да шығыс баптарын бiр iзге келтiру үшiн және оларды Жобада пайдалануға ашу үшiн, Жоба барысындағы прогрестi тiркеу үшiн (оның құнын қоса), Жобаны орындауға және Жоба жабдығын немесе оның кез-келген бөлiгiн пайдалануға жауапты Жол департаментi мен Қарызгердiң басқа да агенттiктерiнiң операциялары мен қаржы жағдайын бухгалтерлiк есептiк қазiр қолданылып жүрген принциптерiне сәйкес көрсету үшiн жеткiлiктi жазбалар мен шоттарды жүргiзедi немесе оларды жүргiзуге шаралар қолданады.
(b) Қарызгер (i) Жоба үшiн бөлек шоттар жүргiзедi немесе ол үшiн шаралар қолданады; (ii) бiлiктiлiгi, тәжiрибесi мен шарт талаптары банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар арқылы шоттарды және оларға қатысы бар қаржы есептерiн тиiстi нормаларға сәйкес жыл сайын аудиттен өткiзiп отырады; (iii) мүмкiндiгiне қарай, бiрақ кез-келген жағдайда әрбiр тиiстi қазыналық жыл аяқталғаннан кейiн тоғыз (9) айдан кешiктiрмей, Банкке осындай тексерiлген шоттар мен қаржы есептерiнiң және тексеру нәтижелерi туралы аудиторлар есептерiнiң (Қарыз қаржысының пайдаланылуы және Қарыз туралы осы Келiсiмнiң шарттарына сай келуi жайында аудиторлардың қорытындысын қоса) расталған көшiрмелерiн ағылшын тiлiнде табыс етедi; (iv) осындай шоттарға, қаржы есептерiне және олардың аудитiне қатысты Банк оқтын-оқтын сұратуы мүмкiн өзге де ақпаратты Банкке табыс етедi.
(c) Қарызгер, Банктiң өтiнiшi бойынша, Қарызгердiң Жоба жөнiндегi қаржы есептерiн және оның Жобаға қатысты қаржы операцияларын Банктiң оқтын-оқтын Қарызгердiң аудиторларымен бiрге талқылауына, егер Қарызгер өзгедей келiспейтiн болса, мұндай кез-келген талқылау Қарызгердiң уәкiлеттi өкiлiнiң қатысуымен өткiзiлетiн жағдайда ғана, Банктiң өтiнiшi бойынша, кез-келген талқылауға осындай аудиторлардың қатысуына уәкiлдiк беруiне және олардың өкiлдерiнiң қатысуын талап етуiне мүмкiндiк бередi.
4.07.-бөлiм. (а) Қарызгер (i) Қарыз, қаржының жұмсалуы және тиiстi iс-қимылдардың орындалуы; (ii) Қарыз қаржысынан қаржыландырылатын тауарлар, қызметтер мен басқа да шығыс баптары; (iii) Жоба; (iv) ЖД-ның және Қарызгердiң Жобаны орындауға және Жоба жабдығын немесе оның кез-келген бөлiгiн пайдалануға жауапты басқа да агенттiктерiнiң басқаруы, операциялары мен қаржы жағдайы; (v) Қарызгер аумағындағы қаржы және экономикалық жағдай; (vi) Қарыз мақсаттарымен байланысты басқа да кез-келген мәселелер жөнiнде Банк жеткiлiктi негiздемемен сұрататын барлық осындай есептер мен ақпаратты табыс етедi немесе табыс ету үшiн шаралар қолданады.
(b) Жоғарыда баяндалғанның жалпы мәнiн шектеместен Қарызгер Банкке Жобаның орындалуы туралы, iс-қимыл және Жоба жабдығын басқару туралы тоқсан сайын есептер бередi немесе оларды табыс ету үшiн шаралар қолданады. Мұндай есептер Банк жеткiлiктi негiзде сұрататын нысанда, егжей-тегжейде, тиiстi уақыт ішiнде берiледi және сонымен қатар қол жеткен табыс және қаралып отырған тоқсанда тап болған проблемалар, осы проблемаларды шешу үшiн қолданылған және болжамды шаралар, iс-қимылдардың ұсынылатын бағдарламасы және келесi тоқсан iшiнде болатын болжамды прогресс көрсетiледi.
(c) Жоба нақты аяқталғаннан кейiн көп ұзамай, бiрақ кез-келген жағдайда осыдан кейiн үш (3) айдан кешiктiрмей немесе осы мақсаттар үшiн Қарызгер мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн кешiрек мерзiмде Қарызгер Банк жеткiлiктi негiзде сұратуы мүмкiн нысанда және егжей-тегжейде Жобаның орындалуы және бастапқы iс-қимылдары туралы, оны құнын қоса, Қарызгердiң Қарыз туралы Келiсiм бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы және Жобаның мақсаттарын жүзеге асыруы туралы Банкке есеп дайындап, табыс етедi.
4.08-бөлiм. Қарызгер Банк өкiлдерiнiң Жобаны, Қарыз қаржысынан қаржыландырылатын тауарлары және кез-келген тиiстi жазбалар мен құжаттарды тексеруiне мүмкiндiк бередi.
4.09.-бөлiм. Қарызгер Жоба жабдығының орынды әкiмшiлiк, қаржы, инженерлiк, жол, пайдалану және операциялық практикаға сәйкес, айналадағы орта жағдайларын ескере отырып жұмыс iстеуi, пайдаланылуын, жөнделуiн қамтамасыз етедi.
4.10.-бөлiм. (а) Банктен бөлек кредитордың басқа ешқандай сыртқы бойынша борыш үшiн Қарызгердiң активтерiн ұстау арқылы Қарыздан басым бола алмайтыны Қарызгер мен Банктiң ортақ ниетi болып табылады. Осы мақсатпен Қарызгер (i) Банктiң басқаша уағдаласуы мүмкiн реттерден басқа жағдайда, қандайда болсын сыртқы борышқа кепiлдiк ретiнде борыш үшiн Қарызгердiң қандайда болсын активтерiнен әлдебiр ұстап қалу қолданылса, онда мұндай құқықтың, айқындығына қарай, оңтайлы болуы және Қарыз бойынша негiзгi соманы, проценттi және басқа алымдарды төлеуге кепiлдiк болуы; (ii) Қарызгердiң кез-келген осындай құқық жасау немесе оны жасауға жәрдемдесу кезiнде осыған қатысты шұғыл сақтық амалдарын дереу қолдануы үшiн шаралар қолданады.
(b) Осы Бөлiмнiң (а) параграфының ережелерi (i) мүлiктi сатып алу кезiнде мұндай мүлiктiң сатып алу бағасын төлеудiң айрықша кепiлдiгi ретiнде борыш үшiн оны қандайда болсын ұстап қалу құқығына; немесе (ii) борыш немесе өтеу күнi осы күннен кейiн әрi кеткенде бiр жыл өткен соң басталатын борыш кепiлдiгi үшiн мүлiктi ұстап қалудың банк операцияларының дағдылы барысында пайда болған қандайда болсын құқығына қолданылмайды.
(c) "Қарызгердiң активтерi" деген терминге, оның осы бөлiмнiң (a) параграфында қолданылғанындай, Қарызгердiң кез-келген бөлiмшесiнiң немесе кез-келген агенттiгiнiң активтерi және Қазақстан Ұлттық Банкiн және қарызгер үшiн орталық банк мiндетiн атқаратын
кез-келген басқа мекеменi қоса кез-келген осындай агенттiктiң
кез-келген агенттiгiнiң активтерi кiредi.
V БАП
Күшiне енуi
5.01.-бөлiм. Қарыз туралы Келiсiм күшiне енуi үшiн Қарызгер
ережелерiнiң 9.04.-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Қарыз туралы осы Келiсiм
жасасылған күннен кейiн тоқсан (90) күндiк мерзiм белгiлендi.
VI БАП
Басқа мәселелер
6.01.-бөлiм. Қарызгердiң Қаржы министрлiгi Қарыз ережелерiнiң
11.02.-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн өкiл ретiнде тағайындалады.
6.02.-бөлiм. Қарыз ережелерiнiң 11.01.-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн
мынадай мекен-жайлар көрсетiледi:
Қарызгер үшiн
-------------
Қаржы министрлiгi
Абылай хан даңғылы, 97
Алматы 480091
Қазақстан Республикасы
Факс:
(7-3272) 636-984
(7-3272) 622-770
Банк үшiн
Азияның даму банкi
П/я 789
0980 Манила, Филиффин
Телеграфтық мекен-жай
ASIANBANK
MANILA
Телекс:
29066 ADBPH (RCA)
42205 ADB PM (ITT)
63587 ADB PN (ETPI)
Факс:
(63-2) 741-7961
(63-2) 632-6816
(63-2) 631-7961
ОСЫНЫ ҚУАТТАУ ҮШIН өздерiнiң тиiстi тәртiппен уәкiлдiк берiлген
өкiлдерi арқылы әрекет ететiн тараптар осы Келiсiмге өздерiнiң тиiстi
есiмдерiн көрсетiп қолдарын қойды және оның Банктiң басты кеңсесiне
жоғарыда көрсетiлген күнi мен жылы жеткiзiлуiн қамтамасыз еттi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
_________________________
Уәкiлеттi өкiл
АЗИЯНЫҢ ДАМУ БАНКI
________________________
Уәкiлеттi өкiл
1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
Мақсаттары
___________
1. Жобаның мақсаттары: (i) Алматы-Ақмола бағытындағы Гүлшат пен
Ақшатау арасындағы жол учаскесiн қалпына келтiру; (ii) Алматы-Ақмола
бағытындағы жолды күту мен пайдалануды жетiлдiру; (iii) тұрақты
пайдалану жүйесiн негiздеу.
Жұмыстардың көлемi
__________________
2. Жоба бойынша жұмыстардың-көлемiне мыналар кiредi:
А бөлiгi
Алматы-Ақмола бағытындағы Гүлшат пен Ақшатау арасындағы 192
километрге жуық жол учаскесiн қалпына келтiру жөнiндегi жол салу
жұмыстары;
B бөлiгi
Алматы-Ақмола бағытындағы, жолға күтiм жасау үшiн жабдықпен
қамтамасыз етудi қоса, таңдап алынған жол учаскелерiне жол
күтiмiн жасау; жолға күтiм жасау жүйесiн негiздеу.
3. Жобаға консультациялық қызметтер көрсету де кiредi. Жоба 2000
жылдың 30 мамырына дейiн аяқталады деп болжанып отыр.
2-ҚОСЫМША
Амортизациялық кесте
(Жолды қалпына келтiру жобасы)
Төлем мерзiмi Негiзгi соманы төлеу
(доллармен)
01 Наурыз 2001 US $ 413.900
01 Қыркүйек 2001 434.600
01 Наурыз 2002 456.300
01 Қыркүйек 2002 479.300
01 Наурыз 2003 503.100
01 Қыркүйек 2003 528.300
01 Наурыз 2004 554.700
01 Қыркүйек 2004 582.400
01 Наурыз 2005 611.500
01 Қыркүйек 2005 642.100
01 Наурыз 2006 674.200
01 Қыркүйек 2006 707.900
01 Наурыз 2007 743.300
01 Қыркүйек 2007 780.500
01 Наурыз 2008 819.500
01 Қыркүйек 2008 860.500
01 Наурыз 2009 903.500
01 Қыркүйек 2009 948.700
01 Наурыз 2010 996.100
01 Қыркүйек 2010 1.045.900
01 Наурыз 2011 1.098.200
01 Қыркүйек 2011 1.153.100
01 Наурыз 2012 1.210.800
01 Қыркүйек 2012 1.274.300
01 Наурыз 2013 1.334.900
01 Қыркүйек 2013 1.401.600
01 Наурыз 2014 1.471.700
01 Қыркүйек 2014 1.545.300
01 Наурыз 2015 1.622.600
01 Қыркүйек 2015 1.703.700
01 Наурыз 2016 1.788.900
01 Қыркүйек 2016 1.878.300
01 Наурыз 2017 1.972.200
01 Қыркүйек 2017 2.070.900
01 Наурыз 2018 2.174.400
01 Қыркүйек 2018 2.283.100
01 Наурыз 2019 2.397.300
01 Қыркүйек 2019 2.517.100
01 Наурыз 2020 2.643.000
01 Қыркүйек 2020 2.775.300
Барлығы: US $ 50.000.000
АЛДЫН АЛА ТӨЛЕГЕНI ҮШIН СЫЙЛЫҚАҚЫ
Мынадай проценттер Қарыз ережелерiнiң 3.06.(b)-бөлiмiне сәйкес
Қарыздың негiзгi сомасының кез келген бөлiгiн төлем мерзiмi
басталғанға дейiн аванс түрiнде өтегенi үшiн төленетiн сыйалықақы
ретiнде белгiлендi.
Алдын ала төлеу уақыты Сыйлықақы
Алдын ала төлейтiн күнi
қалған төленбеген Қарыз
сомасына қолданылатын,
мынаған көбейтiлген
проценттiк ставка (бiр
жылғы процент есебiмен):
Төлем мерзiмiне дейiн үш
жылдан аспайтын мерзiм 0.13
Үш жылдан асатын мерзiм,
бiрақ төлем мерзiмi
басталғанға дейiн
6 жылдан аспайтын мерзiм 0.25
6 жылдан асатын мерзiм, бiрақ
төлем мерзімi басталғанға дейiн
11 жылдан аспайтын мерзiм 0.46
11 жылдан асатын мерзiм, бiрақ
төлем мерзiмi басталғанға дейiн
16 жылдан аспайтын мерзiм 0.67
16 жылдан асатын мерзiм, бiрақ
төлем мерзiмi басталғанға дейiн
20 жылдан аспайтын мерзiм 0.83
20 жылдан асатын мерзiм, бiрақ
төлем мерзiмi басталғанға дейiн
22 жылдан аспайтын мерзiм 0.92
Төлем мерзiмi басталғанға дейiн
22 жылдан асатын мерзiм 1.00
3-ҚОСЫМША
Қарыз қаржысын бөлу және алу
Жалпы бөлiм
1. Осы Қосымшаға тiркелiп отырған кестеде қарыз қаржысынан
қаржыландырылуға тиiс тауарлардың, қызметтердiң және басқа баптардың
Санаттары және Қарыз сомасын әрбiр Санат бойынша бөлу жолдары
берiлген (бұдан әрi Кесте деп аталады). (Осы Қосымшада "Санатқа"
немесе "Санаттарға" жасалған сiлтеме Кестенiң Санатына немесе
Санаттарына қатысты).
Салықтар
2. Қандайда болсын жергiлiктi салықтарға Қарыз шотынан ешқандай
қаржы алынбайды.
Банктiң қаржыландыру проценттерi
3. Кестеде келтiрiлген Санаттардың баптары, Банкпен басқаша
келiсiлмеген болса, Кестеде келтiрiлген проценттер негiзiнде Қарыз
қаржысынан қаржыландырылады.
4. Осы Қосымшаның 5-параграфына қарамастан, Қарыз туралы
Келiсiмге 4-Қосымшаның тиiстi ережелерiне сәйкес халықаралық
конкурстық сауда-саттық өткiзiлгеннен кейiн жергiлiктi жеткiзушiге
тиесiлi кез-келген контракт Қарыз қаржысына мынадай негiзде
қаржыландырылады:
(a) егер жергiлiктi жеткiзушiден, жергiлiктi өндiрiстен сатып
алынған бұйымдар жеткiзiлетiн бұйымдардың франко-зауыт
құнының 100%-i қаржыландырылса (қандайда болсын салықты
қоспағанда)
(b) егер жергiлiктi жеткiзушiден сатып алынған бұйымдар түгелдей
шетен әкелiнген болса, онда контрактiлiк бағаны валюталық
құрамы қаржыландырылады.
Жергiлiктi шығындар
5. (а) Қарыздың 8.600.000 долларға баламалы сомасына дейiнгi қаржысы жергiлiктi шығын мақсаттары үшiн Қарыз шотынан шетелдiк валюта түрiнде алынуы мүмкiн.
(b) Егер осы параграфта ерекше көзделмесе және банкпен ерекше
келiсiлмесе, Жоба бойынша қандайда болсын жергiлiктi шығындарға Қарыз
шотынан ешқандай сома алынбайды.
Проценттер мен комиссиялық алым
6. 4-Санатқа бөлiнетiн сома Жобаны жүзеге асыру кезеңiнде Қарыз
бойынша проценттер мен комиссиялық алымды қаржыландыруға арналған.
Банктiң мерзiм басталғанда проценттер мен комиссиялық алымды төлеу
үшiн талап етiлетiн соманы Қарыз шотынан алып, Қарызгердiң атынан
өзiне төлеуге құқығы бар.
Қайта бөлу
7. Қарыз қаржысын және Кестеде келтiрiлген, осы Бөлiмнiң 5-параграфының шарттарына бағынатын алынатын проценттердi бөлуге қарамастан.
(a) егер кез-келген Санат бойынша бөлiнген Қарыз сомасы осы Санат бойынша барлық келiсiлген шығындарды қаржыландыру үшiн жеткiлiксiз болып шықса, Банк Қарызгерге хабарлай отырып, (i) осындай Санат үшiн басқа Санатқа бөлiнген, бiрақ Банктiң пiкiрiнше, басқа шығындарға қажет болмайтын Қарыз сомасын қайта бөлуiне болады; (ii) егер мұндай қайта бөлiнген қаржы есептелген тапшылықты толық өтеу алмаса, осы Санат бойынша барлық шығын жұмсалмайынша, осы Санат бойынша қаржыны алу жалғастырыла беруi үшiн осы шығынға орай алынатын проценттi төмендете алады;
(b) егер кез-келген Санат бойынша бұрын бөлiнген Қарыз сомасы осы Санат бойынша келiсiлген барлық шығындардан асып түсетiн болса, Банк Қарызгерге хабарлай отырып, осы артық соманы кез-келген басқа Санатқа арнап қайта бөле алады.
Ретроактивтi қаржыландыру
8. Келiсiм күшiне енген күнге дейiн, бiрақ әрi кеткенде 1
шiлдеге дейiнгi мерзiмде, кеңесшiлердi iрiктеп, жалдауға байланысты
ең жоғары мөлшерi 1.500.000 доллар сомасына баланған болуы шартымен
Жоба шеңберiнде жұмсалған шектi шығынды өтеу үшiн Қарыз шотынан қаржы
алынуы мүмкiн.
3-Қосымшаға толықтыру
КЕСТЕ
----------------------------------------------------------------------
ҚАРЫЗ ҚАРЖЫСЫН БӨЛУ ЖӘНЕ ШОТТАН АЛУ
(Жолды қалпына келтiру жобасы)
----------------------------------------------------------------------
Санат | | БАНКТIҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮЛЕСI
----------------------------------------------------------------------
Нө| Айқындама | Бөлiнген сома |Процент|Қарыз шотынан қаржы
мiр | (%) | |алу негiздемесi
----------------------------------------------------------------------
1 |Жол салу жұмыс- | 27000000 | 75 | Жалпы шығыннан процент*
|тары | |----------------------------------
| | | | (54%-шетел валютасымен,
| | | | 24%-жергiлiктi валютамен)
-----------------------------------------------------------------------
2 |Жабдық | 55000000 | 100 | шетел валютасымен
-----------------------------------------------------------------------
3 |Консультациялық | 4800000 | 100 | бiр бөлiгi шетел
|қызметтер | | | валютасымен
| | ------------------------------------
| | | 79 | бiр бөлiгi жергiлiктi
| | | | валютамен
-----------------------------------------------------------------------
4 |Проценттер мен | 6200000 | 100 | төленуге тиiс сомадан
|комиссиялық | | | процент
|алым | | |
-----------------------------------------------------------------------
5 |Бөлiнбегенi | 6500000 | |
-----------------------------------------------------------------------
6 |Жиыны |50000000 | |
-----------------------------------------------------------------------
* Жергiлiктi салықтардан босатылады
4-ҚОСЫМША
Сатып алу
1. Егер Банкпен басқаша келiсiлмесе, осы Қосымшаның кейiнгi параграфтарында сiлтеме жасалатын тәртiптер Қарыз қаржысынан қаржыландырылуға тиiс тауарлар мен қызметтердi сатып алу кезiнде қолданылады. "Қызметтер" деген терминге бұл Қосымшада консультациялық қызметтер кiрмейдi.
2. Тауарлар мен қызметтердi сатып алуға оқтын-оқтын толықтырылып отыратын, 1995 жылғы қаңтарда қайта қаралған "Азияның Даму Банкiсiнiң қарызы шеңберiнде сатып алу жөнiндегi басшылық" ережелерiнiң күшi қолданылады, ол Қарызгерге табыс етiлген.
3. Тауарлар мен қызметтердi сатып алу, егер 5-параграфта төменде басқаша көзделмесе, қандайда болсын белгiлi бiр жеткiзушiге немесе мердiгерге, яки жеткiзушiлер мен мердiгерлердiң белгiлi бiр сыныбына орайластықпен немесе артықшылықпен ешбiр шектеусiз жүзеге асырылады.
4. (a) Жолды қалпына келтiру жұмысы жөнiндегi әрбiр контракт және жабдық жеткiзу жөнiндегi контракт, сатып алу жөнiндегi Басшылықтың II тарауында жазылғанындай, халықаралық конкурстық сауда-саттық негiзiнде Қарыз туралы осы Келiсiмнiң шарттарына сәйкес қаралатын болады.
(b) Халықаралық конкурстық сауда-саттық негiзiнде жасалатын контракт бойынша Банкке Сатып алу туралы жалпы хабарлама мүмкiндiгiнше тезiрек және қайткенде де Жоба бойынша конкурстық сауда-саттыққа қатысу жарияланардан немесе алғашқы алдын-ала iрiктеп шақырудан немесе алғашқы шақырудан (оны Банк бөлек жариялайды) кеш дегенде 90 күн бұрын Банк негiздi түрде сұрататын нысанда, егжей-тегжейде, осындай ақпараттық мазмұнда табыс етiледi.
(с) Халықаралық конкурстық сауда-саттық негiзiнде жасалатын контрактiлер бойынша сатып алу жөнiндегi iс-әрекеттi Банк Сатып алу жөнiндегi Басшылықтың IV тарауында баяндалған тәртiптерге сәйкес тексеруге тиiс. Осындай тәртіптерге орай бекiту үшiн Банкке табыс етiлетiн әрбiр алдын-ала iрiктеп шақыру жобасы және халықаралық конкурстық сауда-саттыққа шақыру жобасы әрi кеткенде жарияланардан 42 күн бұрын Банкке түседi және онда Банк осы шақыру туралы жеке Жариялауды ұйымдастыра аларлықтай ақпарат болады.
5. Жергiлiктi конкурстық ұсыныстарды шетелдiк ұсыныстармен салыстыру кезiнде халықаралық конкурстық сауда-саттық жүйесi бойынша Қарызгердiң таңдауына қарай және осы Қосымшаға Толықтырудың ережелерiне сәйкес Қазақстанда өндiрiлген тауарларға, осындай тауарларды ұсынып отырған сауда-саттыққа қатысушы Қарызгер мен Банктi қанағаттандыру, үшiн қосылған құны конкурстық ұсыныста көрсетiлген
осындай тауарлардың франко-зауыт бағасының ең болмағанда 20%-iн
құрайтынын қуаттаған жағдайда, артықшылықтардың шегi көзделедi.
6. Қарызгер қаржыландыруға тиiс, есептi құны 13.500.000 долларға
баланған жол күту жөнiндегi жұмыстарды Жобаны орындау жөнiндегi
агенттiк қолданыстағы шот негiзiнде орындайды.
4-Қосымшаға толықтыру
(1-бет)
Ел iшiнде өндiрiлген тауарлар үшiн артықшылық
1. Тауарларды халықаралық конкурстық сауда-саттық арқылы сатып
алу кезiнде қарызгер елiнде дайындалған тауарларға мынадай ережелерге
сәйкес және сауда-саттыққа қатысушы Қарызгер мен Банктi
қанағаттандыру үшiн қосылған құны конкурстық ұсыныста көрсетiлген
франко-зауыт бағасының ең болмағанда 20%-iн құрайтынын қуаттаған
жағдайда, артықшылықтардың шегi белгiленедi.
(a) ел iшiнде өндiрiлген тауарларға артықшылықты қолдану үшiн
шарттарға сай келетiн барлық конкурстық ұсыныстар әуелi
мынадай үш санат бойынша сыныпталады:
(i) I санат: Қарызгер елiнде дайындалған, ең төмен
қосылған құнға сай келетiн тауарларға конкурстық
ұсыныстар;
(ii) II санат: Қарызгер елiнде дайындалған басқа тауарларға
конкурстық ұсыныстар;
(iii) III санат: шеттен әкелiнген тауарлар ұсынатын
конкурстық ұсыныстар.
(b) Әрбiр санат бойынша бағасы ең төмен конкурстық ұсыныс
кейiннен әрбiр Санат iшiндегi барлық бағаны салыстыра
отырып, кеден бажын және әкелуге байланысты импортқа
салынатын басқа да салықтарды, сатудан алынатын салықты және
конкурстық ұсыныс шарттары бойынша тауарларды сатуға немесе
жеткiзуге байланысты салынатын осындай салықтарды есептемей
айқындалады.
(c) Мұндай бағасы ең төмен конкурстық ұсыныстар одан әрi
бiр-бiрiмен салыстырылады, егер осындай салыстыру
нәтижесiнде I санат II санат бойынша баға ең төмен баға
болса, онда ол контракт жасасу үшiн таңдап алынады.
(d) Егер, қалай дегенмен, (c) тармақшасы бойынша салыстыру
нәтижесiнде ең төмен баға III санат бойынша болып шықса,
онда ол одан әрi I санаттағы ең төмен бағасы бар конкурстық
ұсыныспен салыстырылады. Тек онан әрi салыстыру мақсатымен
ғана III санат бойынша ең төмен бағаға не:
(i) Кеден бажының және төлеуден босатылмаған импортшы III
сынып бойынша ұсынылатын тауарларды әкелгенi үшiн
төлеуге тиiс импортқа салынатын басқа да салықтардың
сомасын; немесе
4-қосымшаға толықтыру
(2-бет)
(ii) егер жоғарыда (i) тармағында айтылған кеден баждары мен
импортқа салынатын салықтар конкурстық ұсыныстың С.I.F.
бағасының 15%-iнен асып түсетiн болса, мұндай тауарларға
конкурстық ұсыныстың С.I.F. бағасының 15%-iн
қосу жолымен көбейту жағына қарай түзету жасалады.
Егер осындай салыстырудан кейiн I санаттан алынған конкурстық
ұсыныстың бағасы барынша төмен болса, онда ол контракт жасасу
үшiн таңдап алынады; әйтпесе контракт III санаттағы, бағасы ең
төмен конкурстық ұсынысқа берiледi.
2. Артықшылық алуға дәмелi сауда-саттыққа қатысушылар артықшылық
алу құқығын белгiлеу үшiн ең төмен қосылған құнды қоса қажеттi
ақпарат табыс етуге тиiс.
3. Сауда-саттыққа арналған құжаттарда берiлетiн артықшылықтардың
айқын сипаттамасы, артықшылыққа осы конкурстық ұсыныстың құқығын
белгiлеу үшiн қажеттi ақпарат, ұсынылып отырған бағаны салыстыру
кезiнде басшылыққа алынуы керек тәртiптер, яғни жоғарыда
жазылғандардың бәрi баяндалуға тиiс.
5-ҚОСЫМША
Кеңесшiлер
1. Кеңесшiлердiң қызметi Жобаны орындау кезiнде, атап айтқанда
мыналарға пайдаланылады:
(a) егжей-тегжейлi жобалауға;
(b) құрылысты бақылауға;
(c) жолға күтiм жасау кезiнде көмек көрсетуге;
(d) пайданы тексеруге және бағалауға.
Кеңесшiлердiң шарттық талаптары қарызгер мен Банк арасындағы
келiсiм бойынша айқындалады.
2. Кеңесшiлердi iрiктеу, жалдау және олардың қызметтерi осы
Қосымшаның ережелерiне және оқтын-оқтын толықтырылып отыратын, 1979
жылғы сәуiрдегi "Азияның Даму Банкiсiнiң және оның қарызгерлерiнiң
кеңесшiлердi пайдалану жөнiндегi басшылығының" ережелерiне
бағындырылады, ол Қарызгерге табыс етiлдi.
3. Қарызгер кеңесшiлердi мынадай тәртiпке сәйкес iрiктеп,
жалдайды.
(a) Ұсыныс беруге шақыру. Ұсыныс беруге шақыруды және барлық
iлеспе құжаттарды Банк олар жарияланғанға дейiн бекiтедi.
Осы мақсатпен ұсыныс енгiзуге шақыру жобасының үш данасы,
шақырылатын кеңесшiлердiң тiзiмi, ұсыныстарды бағалаудың
ұсынылатын өлшемдерi және басқа iлеспе құжаттар Банкке
табыс етiледi. Әрi кеткенде 45 күндiк кезең ұсыныстарды
енгiзу үшiн берiледi. Түпкiлiктi шақырудың көшiрмесi барлық
iлеспе құжаттармен бiрге Банкке шығарылғаннан кейiн дереу
ақпарат алу үшiн Банкке табыс етiледi.
(b) Контракт жобасы. Кеңесшiлермен контракт жобасы мақұлдау үшiн
ұсыныстарды бағалау басталардан көп бұрын Банкке табыс
етiлуге тиiс.
(c) Iрiктеу үшiн ұсыныстар. Алынған ұсыныстар бағаланғаннан
кейiн және келiссөз үшiн iрiктелген кеңесшiлермен келiссөз
басталмастан бұрын Банктен жасалған таңдауды мақұлдау
алынуға тиiс. Осы мақсатпен Банкке ұсыныстар бағаланғаннан
кейiн дереу (i) ұсыныстар бағасының үш данасы (бұрын Банкке
берiлмеген әрбiр ұсыныстың бiр жиынтығымен бiрге); (ii)
таңдаудың негiздемесi табыс етiледi.
(d) Контрактiнiң орындалуы. Келiссөз аяқталғаннан кейiн, бiрақ
контрактiге қол қойылғанға дейiн Банкке (i) бекiту үшiн
уағдаласылған контракт және (ii) ұсыныстардың бағасы табыс
етiледi. Контрактiге қол қойылғаннан кейiн дереу Банкке қол
қойылған контрактiнiң үш данасы табыс етiледi. Егер
контрактiге қандайда бiр елеулi толықтыру оны бекiткеннен
кейiн ұсынылатын болса, ұсынылатын өзгертулер алдын-ала
бекiту үшiн Банкке табыс етiледi.
6-ҚОСЫМША
Жобаны орындау және Жоба жабдығының жұмыс iстеуi;
өзге де мәселелер
I. ОРЫНДАУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР
А. Жобаны орындау
1. (а) Жол департаментiнiң жанынан құрылған Жобаның жүзеге асырылуын басқару тобы (PIU) Жобаның күн сайын орындалуы үшiн жауап бередi және ЖД, мердiгерлер, жеткiзушiлер және Банк арасында қажеттi байланысты қамтамасыз етедi. ЖД тағайындайтын Жоба басқарушысы PIU басшысы ретiнде жұмыс iстейдi және кез келген уақытта саны жеткiлiктi жол инженерлерiнiң, материалдық-техникалық жабдықтау және топырақ жөнiндегi инженерлердiң, көпiр жөнiндегi инженерлердiң, iлеспе қаржы қызметкерлерi мен басқа да қызметкерлердiң қолдауына ие болып отыруы керек.
(b) Қарызгер Жоба шеңберiнде пайдалану жөнiндегi шараларды орындау үшiн және РIU-дiң Жобаны күнделiктi орындауына көмектесу үшiн 1997 жылдың 31 наурызына дейiн тиiстi қызметкерлермен жасақталған Пайдалану жөнiндегi басқарманы (MIU) құруға тиiс, оны Пайдалану жөнiндегi басқарушы басқарады.
(c) Қарызгер PIU мен MIU Жобаны орындаудың бүкiл кезеңi бойына тиiстi қызметкерлермен жасақталуын, егжей-тегжейлі жобалау, құрылысты бақылау, жолды күту мен пайдалануда көмек көрсету үшiн жалдануға тиiс кеңесшiлердiң өздерiне көмектесуiн қамтамасыз етуге тиiс.
В. Жобаны Бақылау Комитетi
2. Көлiкминi құрған Жобаны Бақылау Комитетi (ЖБК) Жобаны орындау кезеңi бойына жұмыс iстеуге тиiс және (i) Жобаны орындауға тартылған агенттiктердiң арасындағы байланысты, Банкпен келiсiлген секторлық реформаны қоса, Жоба жөнiндегi барлық шараларды бақылап, үйлестiредi; (ii) Жобаның орындалуының жай-күйiн қарайды; (iii) қол жеткен табыстарды қадағалап, туындаған қиындықтарды шешедi; (iv) Жобаның аймақтың дамуына ықпалын талқылап, қарау үшiн жиналыс шақырып отырады. ЖБК-iн Көлiк және коммуникациялар министрi немесе оның өкiлi басқарады, оның мүшелерiне ЖД Директорлары, Жобаның басқарушылары және КИИК пен Экономика министрлiгiнiң өкiлдерi кiредi. ЖБК әрi кеткенде жылына ек рет және қажет болса, жиiрек жиналуға тиiс.
II. ӨНДIРIС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ
3. Қарызгер 1998 жылдың 30 маусымына дейiн техникалық көмек жөнiндегi кеңесшiлердiң кеңестерiн ескере отырып, жолды пайдаланушылардың өндiрiс шығынының орнын толтыруды жетiлдiру үшiн тиiстi шаралар қолданады.
III. БАСҚА ДА МӘСЕЛЕЛЕР
А. Пайданы бақылау және оны бағалау
4. Қарызгер Жоба шеңберiнде жалданатын кеңесшiлердiң көмегiмен (a) жол қозғалысы жөнiндегi деректердi, Жоба бойынша, пайданы бақылау үшiн статистикалық деректер жиынтығын қоса, негiзгi деректердi тiркеу үшiн пайданы бақылау және оны бағалау жүйесiн құрады; (b) ЖД-ға Жобадан түскен пайданы бағалауды, Жобаны орындау барысында Жобаның
нақты, қаржы, экономикалық және әлеуметтiк аспектiлерi бойынша
бақылау жүргiзiп, есеп берудi мiндеттейдi.
В. Аралық тексеру
5. Қарызгер мен Банк 1998 жылы Жобаға аралық тексеру жүргiзедi.
Тексерудiң негiзгi мiндеттерi:
(а) секторлық реформаны орындауда Қарызгер қол жеткiзген
прогрестi қарау;
(b) Жобаның орындалуын тексеру және қажеттi стандарттарға сай
келуiн айқындау;
(c) Қарыз туралы осы Келiсiмнiң шарттарына сай келуiн қарау.
С. Айналадағы ортаны қорғау
6. Қарызгер (i) айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi тиiстi шаралар мен қауiпсiздiк шараларының Жобаны әзiрлеуге енгiзiлуiне кепiлдiк жасайды; (ii) Банк қаржыландыратын техникалық көмек шеңберiнде әзiрленген Айналадағы ортаны бастапқы саралауға (Т.П. N 2285-КАZ: Жолды қалпына келтiру бағдарламасын дайындау) және Банктiң "Инфрақұрылымының кейбiр жобалары үшiн айналадағы ортаны қорғау жөнiндегi басшылыққа" сәйкес Жобаны орындайды, Жоба жабдығын қолданып, пайдаланады.
IV. САЯСАТ МӘСЕЛЕЛЕРI
А. Реттеуiш реформалар
7. Қарызгер 1998 жылдың 30 маусымына дейiн Көлiк секторындағы құқықтық реформалар жөнiндегi комитет (КСҚРЖК) құрады, ол Консультациялық техникалық көмек шеңберiнде қаржыландырылатын кеңесшiлердiң жәрдемдесуiмен (i) қолданыстағы заңдарды қазiргi заманғы нормаларға сәйкестендiредi және оны Парламенттiң қарауына табыс етедi; (ii) Жол секторындағы саясат туралы ережеге сәйкес нұсқаулықтар шығарады (ЖССТЕ); (iii) көлiк және жол секторларында қолданылып жүрген заңдарға жан-жақты шолу жасайды, қайта қаралған Жол заңдары мен ЖССТЕ-ге сай келуiн қамтамасыз ету үшiн талап етiлетiн кез-келген толықтырулар жасайды.
8. КСҚРЖК-нi Көлiк және коммуникациялар министрi немесе оның өкiлi басқарады, оның мүшелерiнiң құрамына Әдiлет министрлiгiнiң, АКД-нiң, ЖД-нiң өкiлдерi және Парламенттiң Көлiк және коммуникациялар жөнiндегi тұрақты комиссиясының бiр мүшесi кiредi.
В. Секторлық реформалар
9. Қарызгер 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн Көлiкминiне ЖССТЕ бойынша талап етiлетiн Көлiк жөнiндегi ұлттық консультациялық комитет (КЖҰКК) құруды мiндеттеуге тиiс. КЖҰКК-нi Көлiк және коммуникациялар министрi немесе оның өкiлi басқарады, оның мүшелерiнiң құрамына Экономика министрлiгiнiң, АКД-нiң, ЖД-нiң, мемлекеттiк көлiк кәсiпорындары мен жеке секторлардың өкiлдерi кiредi.