Мемлекеттiк статистика туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2010.03.19 № 257-IV Заңымен.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстар жоспарын", "статистикалық жұмыстар жоспарында", "статистикалық жұмыстар жоспарына", "статистикалық жұмыстар жоспарларына" деген сөздердегi "статистикалық" деген сөз бас әрiппен жазылды, "орталық атқарушы", "өзге де орталық атқарушы" деген сөздер "мемлекеттiк" деген сөзбен, "заңды және жеке" деген сөздер "жеке және заңды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.
       Ескерту. Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстар жоспарын", "Статистикалық жұмыстар жоспарында", "Статистикалық жұмыстар жоспарына" деген сөздердегi "Статистикалық" деген сөз кіші әрiппен жазылды - ҚР 2004.21.12 N 14 Заңымен.

       Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады.
      Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.

      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар;
      мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары қалыптастыратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi;
      мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;
      статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқаулар жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады;
      ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттiк статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi;
      жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн байқаулар;
      бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзiлген кезде мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi туралы деректер;
      статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат;
      статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесi және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар; V021928
      тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың, осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi;
      статистикалық қызмет - қоғамдағы бұқаралық сипаты бар құбылыстардың сандық деректерiн статистикалық стандарттар негiзiнде жинауға, өңдеуге және таратуға байланысты қызмет;
      мемлекеттiк статистикалық байқаулардың типтерi - мемлекеттiк статистикалық есептiлiк және арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар;
       уәкiлеттi орган - мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын, өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын орталық атқарушы орган.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.01.15 N 280, өзгерту енгізілді - ҚР  2004.12.21 N 14 Заңдарымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының статистика саласындағы
              мемлекеттiк саясаты

      Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты ғылыми әдiстеме және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенi құрылуына, жұмыс iстеуiне және жетiлдiрiлуiне бағытталған.
      Бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйе барлық жеке және заңды тұлғалардың республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен тенденцияларын сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тиiс.
      Қазақстан Республикасының статистика саласындағы мемлекеттiк саясаты әдiснамалық тұтастық және орталықтандыру принциптерiне құрылады. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүйесiнде жетекшi орын алады. Уәкiлеттi органға қарағанда мемлекеттік органдар неғұрлым дұрыс статистикалық көрсеткіштерді әзiрлеудi қамтамасыз ететiн болған жағдайда, мемлекеттiк органдар статистикалық байқаулар өткiзедi.
      Ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.
      Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделi өкiлдерi алдын ала талқылағаннан кейiн статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280, 2004.12.21 N 14 Заңдарымен.

      4-бап. Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын
              мемлекеттiк органдарға қойылатын негiзгi талаптар

      Статистикалық қызмет жүргiзетiн уәкiлеттi орган мен мемлекеттік органдар:
      статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн;
      Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестердiң және олардың даму тенденцияларының жан-жақты және дұрыс зерделенуiн, қорытындылануы мен талдануын;
      статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген шектерде қол жететiндей және ашық болуын;
      қолданылатын әдiстеменiң және есептелген негiзгi көрсеткiштердiң халықаралық тәжiрибеде пайдаланылатын статистикалық стандарттармен салыстырмалылығын қамтамасыз етедi.

      5-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика
              саласындағы заңдары

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген және осы Заң мен соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының заң актiлерiндегiден өзге ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.

      6-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы халықаралық
              ынтымақтастық

      Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы статистика саласындағы өзара қарым-қатынастар екiжақты және көпжақты халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тең құқылық және өзара мүдделер принциптерiнде Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы мен басқа мемлекеттердiң статистика органдары және халықаралық ұйымдар арасында мемлекеттік тiкелей жасасылған шарттар негiзiнде айқындалады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.

2 тарау. Мемлекеттік статистиканы ұйымдастыру

      7-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика
              органдары

      Статистикалық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын қалыптастыратын органдар:
      уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
      статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      8-бап. Уәкiлеттi орган

      Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және жүзеге асырады. Статистикалық есеп жүргiзудiң әдiснамасы мен әдiстемесi мәселелерiнде тәуелсiз болады, өзiнiң аумақтық бөлiмшелерiне басшылық жасауды жүзеге асырады, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi.
      Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Уәкiлеттi орган туралы ережеге сәйкес статистикалық жұмыстар жоспарын басшылыққа алады.
      Уәкiлеттi органның статистиканы ұйымдастыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк статистикалық байқауларда қамтылған жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғалар үшiн мiндеттi.
      Уәкiлеттi орган статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында:
      статистикалық байқаулар бағдарламаларын бекiту негiзiнде мемлекеттік органдардың статистикалық қызметiн үйлестіреді;
      шет елдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады, олармен мемлекеттiк статистиканы дамытуға бағытталған келiсiмдер мен шарттар жасасады;
      мемлекеттік статистика мәселелері жөнiнде нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280, 2004.12.21 N 14 Заңдарымен.

      9-бап. Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм

      Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм статистикалық есеп жүргiзудiң құралы болып табылады және онда статистикалық есеппен қамтылған барлық жеке және заңды тұлғалар туралы қысқаша әкiмшiлiк және экономикалық ақпарат болады. Оны жүргізудi халықаралық стандарттарға сәйкес уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Жеке және заңды тұлғалар туралы тiркелiмдер мен ақпараттық деректер базаларын жасайтын және жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың бағынысындағы ұйымдар мемлекеттiк статистика органдарына бiрыңғай Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмдi қалыптастыруға және оған көкейкестi сипат беруге қажеттi ақпаратты тегiн бередi.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.

      9-1-бап. Елдi мекендерде әр шаруашылық бойынша есеп
                жүргiзу

      Әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзу ауылдық жерлерде тұратын жеке тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жерiне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар жеке тұлғаларды мемлекеттiк статистикалық байқау болып табылады.
      Ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң әкiмi әр шаруашылық бойынша кiтаптарға тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастырады.
      Уәкiлеттi орган әр шаруашылық бойынша есеп жүргiзудi әдiснамалық тұрғыдан басқаруды жүзеге асырады және осы есептiң деректерін тиісті статистикалық көрсеткiштер түзу үшін пайдаланады.
      Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2002.01.15 N 280, өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

3 тарау. Мемлекеттік органдардың статистика саласындағы
құқықтары мен міндеттері

      10-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

      Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз өкiлеттiктерi шегiнде:
       статистикалық жұмыстар жоспарында белгiленген мөлшерде және мерзiмдерде заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнен шынайы мемлекеттiк статистикалық есеп-қисапты тегiн алуға;
       статистикалық жұмыстар жоспарын орындау және ұлттық санақ жүргiзу мақсатында статистикалық жинақтау және талдау үшiн жеке тұлғалардан олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жай-күйi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы дұрыс ақпарат алуға;
       Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұйымдардың лауазымды адамдарын мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу iсiне тартуға;
       мемлекеттiк статистикалық байқаулар бағдарламаларын әзiрлеуге және бекiтуге;
       Мемлекеттiк статистикалық тiркелiм жүргiзу үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдар қалыптастыратын жиынтық статистикалық деректердi қайталамайтын статистикалық деректердi түзу үшiн мемлекеттiк органдардан бастапқы статистикалық ақпаратты, сондай-ақ орындайтын функцияларына қарай оларда болатын басқа да ақпаратты алуға;
      жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды бастапқы және статистикалық есепке қою iсiн бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280, 2004.12.21 N 14, 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

      11-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi

      Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
      халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснама әзiрлеуге;
      әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттiк жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзуге және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен статистикалық және талдау ақпаратымен қамтамасыз етуге;
      жиынтық статистикалық ақпараттың жеке және заңды тұлғалар үшiн ашық болуын қамтамасыз етуге;
      прокурордың талап етуi бойынша сұратылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн беруге;
      қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат беруге, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпарат алмасуға;
      мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат беретiн жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандар мөрқағаздарымен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулармен қамтамасыз етуге;
      республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасының жинақталуын, жүргiзiлуiн және өзектiлiгiн қамтамасыз етуге;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға;
      статистика саласында ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастыруға;
      еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына және қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының өлім-жітімі (мүгедектігі) бойынша статистикалық деректерді жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей табыс етуге міндетті;
      тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280, 2002.08.09 N 346, 2004.12.21 N 14, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк
               органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң
               құқықтары мен мiндеттерi

      Статистикалық қызмет жүргiзетiн мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
      ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзуге;
      ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;
      жеке тұлғалардан статистикалық ақпарат алуға;
      заңды тұлғалардан қаржылық есептiлiк негiзiнде жасалған дұрыс статистикалық ақпарат алуға;
      мемлекеттiк органдардан орындайтын функцияларына қарай оларда болатын ақпаратты статистикалық деректер түзу үшiн алуға;
      ұйымдарда бастапқы есеп пен статистикалық есептiлiктiң жолға қойылуын бақылауды жүзеге асыруға, өздерi алған деректердiң дұрыстығын тексеруге құқылы.
      Статистикалық қызметтi жүргізетін мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi:
      уәкiлеттi органға әдiстемелiк нұсқаулықтардың орындалуы туралы мәлiметтер беруге;
      мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпия болуын сақтау принципiн ұстануға жүргiзiлетiн статистикалық байқаулар бағдарламалары мен әдiстемелiк әзiрлемелер жобаларын уәкiлеттi органның келiсуi мен бекiтуiне табыс етуге;
      тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР 2002.01.15 N 280, 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының
               кепiлдiктерi

      Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:
      мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;
      Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.21 N 14 Заңымен.

      14-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру

      Ескерту. 14-бап алынып тасталды - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

4 тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика
саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика
               саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.01.15 N 280 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

О ГОСУДАРСТВЕННОЙ СТАТИСТИКЕ

Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 года № 98-1. Утратил силу Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 257-IV

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 19.03.2010 № 257-IV.

      Сноска. По всему тексту слова "План", "Плана", "Планом", "Плану" заменены соответственно словами "план", "плана", "планом", "плану" - Закон Республики Казахстан от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 )

      Настоящий Закон регулирует правовые отношения в области статистической деятельности, определяет полномочия и функции уполномоченного органа и иных государственных органов, ведущих статистическую деятельность.

                     Глава 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      Статья 1. Сфера действия настоящего Закона

       Действие настоящего Закона распространяется на физических лиц, а также на юридические лица Республики Казахстан, филиалы и представительства юридических лиц-нерезидентов, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан (далее - юридические лица).
      Настоящий Закон определяет основные принципы сбора, обработки и распространения статистических данных о явлениях и процессах, происходящих в экономической, социальной, демографической и экологической (далее - социально-экономической) сферах Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 1 в редакции Закона РК от 15.01.2002 N 280 .

      Статья 2. Основные понятия, используемые в настоящем
                Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:
      ведомственные статистические наблюдения - наблюдения, проводимые государственными органами Республики Казахстан;
      государственная статистика - единая статистическая информационная система, формируемая органами государственной статистики;
      государственная статистическая отчетность - общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых физические лица, юридические лица и их структурные подразделения представляют органам государственной статистики в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, отчеты за подписями лиц, ответственных за представление и достоверность сообщаемых сведений;
      наблюдение статистическое - планомерный, научно организованный сбор данных о явлениях и процессах социально-экономической жизни путем регистрации по заранее разработанной программе. Государственные статистические наблюдения состоят из общегосударственных и ведомственных статистических наблюдений;
      национальная перепись - общегосударственное статистическое наблюдение всех подлежащих обследованию физических и юридических лиц по всей территории Республики Казахстан по состоянию на определенный момент времени. Проводится уполномоченным органом вне плана статистических работ;
      общегосударственные статистические наблюдения - наблюдения, проводимые уполномоченным органом ;
      первичная статистическая информация - данные о конкретном физическом лице, юридическом лице и его структурном подразделении, представленные при проведении статистического наблюдения органам государственной статистики для использования в статистических целях;
      план статистических работ - документ, содержащий годовой план проведения государственных статистических наблюдений и других статистических работ, связанных со статистическими наблюдениями;
      программа статистического наблюдения - цель и задачи проведения наблюдения, перечень показателей (вопросов), по которым осуществляется сбор данных, методика их исчисления, представленный в виде формы, вопросника, анкеты, переписного листа, бланка учета и других (далее - формы статистические), и инструкции по проведению статистического наблюдения; V021928
      распространение - обеспечение доступа к статистической информации, не являющейся конфиденциальной для пользователей этой информации, независимо от используемых при этом форм и средств;
      специально организованные статистические наблюдения - общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых сбор первичной статистической информации осуществляется не на основе отчетов, а другими способами. По способу сбора первичной статистической информации различаются анкетные, декларационные, корреспондентские и инспекционные наблюдения, учет и перепись;
      статистическая деятельность - это деятельность, связанная со сбором, обработкой и распространением количественных данных массовых явлений в обществе на основе статистических стандартов;
      типы государственных статистических наблюдений - государственная статистическая отчетность и специально организованные статистические наблюдения;
       уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство государственной статистикой, полномочия которого определяются законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 2 в редакции Закона РК от 15.01.2002 N 280 ; с изменениями, внесенными Законом РК от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 ).

       Статья 3. Государственная политика Республики Казахстан
                в области статистики

       Государственная политика Республики Казахстан в области статистики направлена на создание, функционирование и совершенствование единой статистической информационной системы на основе научной методологии и международных стандартов.
      Единая статистическая информационная система должна удовлетворять потребности всех физических и юридических лиц в статистических данных, характеризующих состояние и тенденции социально-экономического развития республики.
      Государственная политика Республики Казахстан в области статистики строится на принципах методологического единства и централизации. Уполномоченный орган осуществляет координацию статистической деятельности государственных органов и занимает ведущее положение в системе государственных статистических наблюдений. Государственные органы проводят статистические наблюдения в тех случаях, когда это обеспечивает разработку более достоверных статистических показателей, чем у уполномоченного органа.
      Предоставление первичной статистической информации при проведении национальных переписей и государственных статистических наблюдений, предусмотренных планом статистических работ, физическими и юридическими лицами, а также их структурными подразделениями является обязательным и осуществляется на безвозмездной основе.
       План статистических работ после предварительного обсуждения с заинтересованными представителями науки и общественных организаций утверждается Правительством Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 3 с изменениями, внесенными законами РК от 15.01.2002 N 280 ; от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 ).

        Статья 4. Основные требования, предъявляемые
               к государственным органам, осуществляющим
               статистическую деятельность

       Уполномоченный орган и государственные органы, ведущие статистическую деятельность, обязаны обеспечивать:
      целостность, достоверность и достаточность статистических показателей;
      всесторонность и объективность изучения, обобщения и анализа происходящих в Республике Казахстан экономических и социальных процессов и тенденций их развития;
      доступность и открытость статистической информации в пределах, установленных законодательством Республики Казахстан;
      сопоставимость применяемой методологии и рассчитываемых основных показателей со статистическими стандартами, используемыми в международной практике.

      Статья 5. Законодательство Республики Казахстан
                в области государственной статистики

       Законодательство Республики Казахстан в области государственной статистики основано на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и принятых в соответствии с ним иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в законодательных актах Республики Казахстан, то применяются правила международного договора.
      Сноска. Статья 5 с изменениями, внесенными Законом РК от 15.01.2002 N 280 .

      Статья 6. Международное сотрудничество в области
                государственной статистики

      Взаимоотношения в области государственной статистики между Республикой Казахстан и другими государствами или международными организациями определяются на основе двусторонних и многосторонних международных договоров, договоров непосредственно между уполномоченным органом Республики Казахстан и органами статистики других государств и международными организациями, заключенных на принципах равноправия и взаимных интересов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 6 с изменениями, внесенными Законом РК от 15.01.2002 N 280 .

          Глава 2. ОРГАНИЗАЦИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СТАТИСТИКИ

      Статья 7. Система органов государственной
               статистики Республики Казахстан

      Статистическую деятельность осуществляют органы, формирующие государственную статистику Республики Казахстан:
      уполномоченный  орган и его территориальные подразделения;
      государственные органы, ведущие статистическую деятельность.

      Статья 8. Уполномоченный орган

      Уполномоченный орган разрабатывает и реализует государственную политику в области статистики, разрабатывает и осуществляет программы по совершенствованию статистики в Республике Казахстан. Обладает независимостью в вопросах методологии и методики статистического учета, осуществляет руководство своими территориальными подразделениями, координирует деятельность подведомственных организаций.
      В своей деятельности уполномоченный орган и его территориальные подразделения руководствуются планом статистических работ в соответствии с Положением об уполномоченном органе, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      Нормативные правовые акты уполномоченного органа по организации статистики обязательны для физических лиц, охваченных государственными статистическими наблюдениями, а также для юридических лиц.
      Уполномоченный орган, в целях реализации государственной политики в области статистики:
      координирует статистическую деятельность государственных органов на основе утверждения программ статистических наблюдений;
      осуществляет сотрудничество в области статистики с зарубежными странами и международными организациями, заключает с ними соглашения и договоры, направленные на развитие государственной статистики;
      издает нормативные правовые акты по вопросам государственной статистики. 
      Сноска. Статья 8 с изменениями, внесенными законами РК от 15.01.2002 N 280 ; от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 ).

         Статья 9. Государственный статистический регистр

       Государственный статистический регистр является инструментом статистического учета и содержит краткую административную и экономическую информацию о всех физических и юридических лицах, охваченных статистическим учетом. Его ведение осуществляется уполномоченным органом и его территориальными подразделениями в соответствии с международными стандартами.
      Государственные органы и их подведомственные организации, которые создают и ведут регистры и информационные базы данных о физических и юридических лицах, бесплатно представляют органам государственной статистики информацию, необходимую для формирования и актуализации единого Государственного статистического регистра.
      Сноска. Статья 9 в редакции Закона РК от 15.01.2002 N 280 .

       Статья 9-1. Похозяйственный учет в населенных пунктах

      Похозяйственный учет является государственным статистическим наблюдением за физическими лицами, проживающими в сельской местности, а также за физическими лицами, имеющими личное домашнее (подсобное) хозяйство, независимо от места проживания.
      Аким аула (села), поселка, аульного (сельского) округа организует ведение регистрационных записей в похозяйственных книгах.
      Уполномоченный орган осуществляет методологическое руководство ведением похозяйственного учета и использует данные этого учета для производства соответствующих статистических показателей.
      Сноска. Закон дополнен статьей 9-1 в соответствии с Законом РК от 15.01.2002 N 280; с изменениями, внесенными Законом РК от 20.12.2004 N 13 (вводится в действие с 01.01.2005).

      Глава 3. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ
                   ОРГАНОВ В ОБЛАСТИ СТАТИСТИКИ

      Статья 10. Права уполномоченного органа

      Уполномоченный орган и его территориальные подразделения в пределах своих полномочий имеют право:
      получать безвозмездно от юридических лиц и их структурных подразделений достоверную государственную статистическую отчетность в объемах и сроки, определенные планом статистических работ;
      получать от физических лиц в целях выполнения плана статистических работ и проведения национальных переписей, для статистического обобщения и анализа достоверную информацию об их экономическом и социально-демографическом положении, а также предпринимательской деятельности;
      привлекать в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, должностных лиц организаций к проведению государственных статистических наблюдений;
      разрабатывать и утверждать программы государственных статистических наблюдений;
      получать от государственных органов первичную статистическую информацию, а также другую информацию, которой они располагают в силу выполняемых функций, для ведения Государственного статистического регистра, а также производства статистических данных, не дублирующих сводные статистические данные, формируемые государственными органами;
      осуществлять контроль за постановкой первичного и статистического учета индивидуальных предпринимателей и юридических лиц.
      Сноска. Статья 10 с изменениями, внесенными законами РК от 15.01.2002 N 280 ; от 20.12.2004 N 13 (вводится в действие с 01.01.2005); от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2).

      Статья 11. Обязанности уполномоченного органа

      Уполномоченный орган и его территориальные подразделения в пределах своей компетенции обязаны:
      разрабатывать статистическую методологию в соответствии с международными статистическими стандартами;
      осуществлять контроль за исполнением методических инструкций;
      проводить согласно плану статистических работ общегосударственные статистические наблюдения и обеспечивать государственные органы в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, статистической и аналитической информацией;
      обеспечивать доступность сводной статистической информации для физических и юридических лиц;
      по требованию прокурора безвозмездно представлять запрашиваемую информацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      предоставлять статистическую информацию в международные организации в соответствии с обязательствами по действующим договорам, а также проводить обмен статистической информацией с зарубежными странами;
      обеспечивать физических и юридических лиц, предоставляющих информацию органам государственной статистики, бланками статистических форм и инструкциями по их заполнению;
      обеспечивать накопление, ведение и актуализацию информационно-статистических баз данных о социально-экономическом положении республики и ее регионов;
      соблюдать сохранность государственных и коммерческих тайн, конфиденциальность первичной статистической информации на основе персональной ответственности работников органов государственной статистики в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      организовывать научно-исследовательские разработки в области статистики;
      ежегодно не позднее 30 апреля представлять в государственный орган Республики Казахстан, осуществляющий реализацию государственной политики в сфере трудовых отношений, и уполномоченный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций в соответствии с законодательством Республики Казахстан статистические данные по смертности (инвалидности) среди населения Республики Казахстан;
      осуществлять государственный контроль в области государственной статистики, за исключением проверок, на предмет соблюдения требований законов Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан в области государственной статистики.
      Сноска. Статья 11 с изменениями, внесенными законами РК от 15.01.2002 N 280 ; от 09.08.2002 N 346 ; от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 ); от 17.07.2009 N 188-IV (порядок введения в действие см. ст.2 ); от 30.12.2009 № 234-IV.

         Статья 12. Права и обязанности государственных органов
                    и их территориальных подразделений, ведущих
                    статистическую деятельность

       Государственные органы и их территориальные подразделения, ведущие статистическую деятельность, в пределах своей компетенции имеют право:
      проводить ведомственные статистические наблюдения;
      разрабатывать программы ведомственных статистических наблюдений;
      получать статистическую информацию от физических лиц;
      получать от юридических лиц достоверную статистическую информацию, составленную на основе финансовой отчетности;
      получать от государственных органов информацию, которой они располагают в силу выполняемых функций для производства ими статистических данных;
      осуществлять контроль за постановкой первичного учета и статистической отчетности в организациях, проверять достоверность полученных ими данных.
      Государственные органы и их территориальные подразделения, ведущие статистическую деятельность, обязаны:
      представлять в уполномоченный орган сведения об исполнении методических инструкций;
      соблюдать принцип сохранности государственных и коммерческих тайн, конфиденциальности первичной статистической информации;
      представлять в уполномоченный орган на согласование и утверждение программы проводимых статистических наблюдений и проекты методических разработок;
      осуществлять государственный контроль в области государственной статистики, за исключением проверок, на предмет соблюдения требований законов Республики Казахстан и постановлений Правительства Республики Казахстан в области государственной статистики.
      Сноска. Статья 12 в редакции Закона РК от 15.01.2002 N 280 ; с изменениями, внесенными Законом РК от 28.02.2007 N 235 (порядок введения в действие см. ст.2 ); от 17.07.2009 N 188-IV (порядок введения в действие см. ст.2 ).

       Статья 13. Гарантии прав физических и юридических лиц

       Физическим и юридическим лицам гарантируются конфиденциальность первичной статистической информации, доступность плана статистических работ. Распространение первичной статистической информации может быть произведено только с согласия физических и юридических лиц, предоставивших информацию, или анонимно. Полученная от других государственных органов информация о физических и юридических лицах подлежит распространению с согласия государственных органов, предоставивших информацию. Иные условия распространения первичной статистической информации определяются нормативными правовыми актами уполномоченного органа в отношении:
      информации о юридических лицах с государственной формой собственности или контрольный пакет акций которых принадлежит государству;
      неконфиденциальной информации из Государственного статистического регистра.
      Сноска. Статья 13 в редакции Закона РК от 21.12.2004 N 14 (порядок введения в действие см. ст.2 ).

      Статья 14. Финансирование статистических работ

      Сноска. Статья 14 исключена Законом РК от 20.12.2004 N 13 (вводится в действие с 01.01.2005).

           Глава 4. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЗА НАРУШЕНИЕ
         ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В ОБЛАСТИ
                 ГОСУДАРСТВЕННОЙ СТАТИСТИКИ

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными Законом РК от 15.01.2002 N 280 .

      Статья 15. Ответственность за нарушение законодательства
                 Республики Казахстан в области государственной
                 статистики

      Лица, виновные в нарушении законодательства Республики Казахстан в области государственной статистики, несут ответственность в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 15 в редакции Закона РК от 15.01.2002 N 280 .

      Президент
      Республики Казахстан