"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 2 маусымдағы N 115.

      "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр жарлықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат):

      23-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шет ел қатынасын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және қаржылық есептiлiк жасайды.";

      "3. Шет ел қатысатын кәсiпорын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмде және нысандар бойынша меншiк иелерiне, мемлекеттiк статистика, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыретiне сәйкес жылдық қаржылық есептiлiк және аудиторлық қорытынды табыс етедi.".

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Тауар биржалары туралы" 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2170 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 26-құжат):

      29-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Биржа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзедi, қаржы және статистикалық есептiлiктi жасайды.".

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 15, 279-құжат):

      39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Сақтандырушының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi

      Сақтандырушының бухгалтерлiк есебi мен қаржылық есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi".

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады