"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 6 маусым N 125

      "Бюджет жүйесi туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z960052_ (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 402-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      6-баптың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржыландыру" - борыштың негiзгi сомасын өтеудi шегерiп тастағанда бюджетке түсетiн қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi немесе қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi шегерiп тастағанда бюджет профицитiн борыштың негiзгi сомасын өтеуге бөлудi қамтиды";
      9-баптың 1-тармақшасының он бiрiншi абзацы "бюджетке берiлетiн" сөздерiнен кейiн "және Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн жасау үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      18-баптың 3-тармағындағы "мөлшерi, оны жабу көздерi" деген сөздер "бюджет (профицитiнiң) мөлшерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
 
      23-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республикалық бюджет туралы заңда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк борышының лимитi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң лимитi бекiтiледi, сондай-ақ аталған мемлекеттiк борышқа қызмет көрсетуге арналған қаражат көзделедi";
      4-тармақ алынып тасталсын;
      5-тармақ 4-тармақ болып есептелсiн;
      25-баптың 4-тармағы "өзгерiстер енгiзуге" деген сөздерден кейiн "және

 

республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу көздерiн өзгертуге" деген

сөздермен толықтырылсын;

     27-бапта:

     бiрiншi бөлiк "атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "Бюджеттiң

құрастырылу және атқарылу ережелерiне сәйкес" деген сөздермен

толықтырылсын;

     екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:

     "Секвестрлеуге жатпайтын шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан

Республикасының Парламентi мен жергiлiктi өкiлдi органдар тиiстi жылға

арналған бюджеттер туралы заң мен шешiмдерге белгiлейдi";

     үшiншi бөлiк алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады