Қазақстан Республикасы Президентiнiң тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау мәселелерi жөнiндегi Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 30 маусымдағы N 139

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 заң күшi бар Жарлығына Z952368_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 367-құжат; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      149-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтарды, шикiзат пен материалдарды (спирттi, алкогольдi және темекi өнiмдерiн, сондай-ақ өңдемей өткiзуге арналған тауарлар импортын қоспағанда) импорттау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес кеден бажын салудан толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.".
      2-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар жарлығына U952717_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде инвесторға Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес берiледi.";
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы жаңа 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес жер учаскелерi мемлекеттiк заттай гранттар түрiнде берiлетiн инвестициялық қызметтi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;";
      4) тармақша 5) тармақша болып есептелсiн:
      3-тармақтың бiрiншi азатжолы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес мемлекеттiк заттай гранттарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
      3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына U952721_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      3-бапта:
      2-тармақта "жекешелендiру жөнiндегi басқа заң актiлерiнде" деген сөздер "өзге де заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Осы Жарлық "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен бекiтiлген инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартты iске асыру процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарды реттемейдi.".
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады