Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтырулар енгiзу жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 14 шiлде N 157-1

      Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша); N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987 ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар: N 15, 281-құжат; 1997 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы: 1997 жылғы 24 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы 167-1-баппен толықтырылсын:
      "167-1-бап. Бюджет қаражатын мерзiмiнде есептемеу немесе мақсатқа сай пайдаланбау
      Мемлекеттiк бюджеттiң және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың кiрiсiне түсетiн қаражатты немесе мемлекеттiк бюджеттен немесе бюджеттен тыс мемлекеттiк қорлардан тиiстi банкiлердегi немесе банкiлiк емес қаржы мекемелерiндегi алушылардың шотына аударылатын қаражатты уақтылы есепке алмау -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Мемлекеттiк бюджеттiң және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорлардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан алпысқа дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (немесе әрекетсiздiк) -
      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      207-баптың 6) тармақшасы "мемлекеттік инспекция органдары" деген сөздерден кейiн "Қазынашылық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
      Мынадай мазмұндағы 237-8-баппен толықтырылсын:
      "237-8-бап. Қазынашылық органдары
      Қазынашылық органдары осы Кодекстiң 167-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қазынашылық бастығының және оның орынбасарларының, Қазынашылықтың облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық басқармалары мен бөлiмшелерi бастықтарының және олардың орынбасарларының құқықтары бар.";
      248-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi 1) тармақшаның жиырма сегiзiншi азатжолы "(165, 165-1, 169-171-баптар)" деген сөздерден кейiн "Қазынашылық органдарының (167-1-бап)" деген сөздермен толықтырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады