Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" заң күшi бар Жарлығына инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысын әзiрлеу мен өткiзу мәселесi бойынша толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 159

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 U952255_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      65-бапта:
      1) 1-тармақтың оныншы азатжолы "барлық акционерлер даусының" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң дауыс беруге қатысқан санының кемiнде үштен екi даусымен қабылданған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерi жалпы жиналыстарының шешiмдерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-тармақтың екiншi азатжолы "жай акциялардың" деген сөздердiң алдынан "инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнен өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 6-тармақтың бiрiншi азатжолы "дауыстың он процентiнен" деген сөздердiң алдынан "акционерлердiң дауыс беруге қатысқан кез келген мөлшерi жағдайында құқылы деп танылған инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналыстарынан өзге" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      "6. Инвестициялық жекешелендiру қорлары акционерлерiнiң жалпы жиналысында дауыс беру - сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жiберу (тарату), оларды акционерлер немесе олардың заңды өкiлдерi толтырып, инвестициялық жекешелендiру қорының атына жiберу жолымен

 

сырттай немесе аралас (сырттай дауыс берумен толықтырып, көзбе-көз)

дауыс беру нысанында өткiзiледi.

     Сырттай және аралас дауыс берудi өткiзу тәртiбiн Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлейдi".


     Қазақстан Республикасының

           Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады