"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 169

      "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2-бапта:
      бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңның күшi бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматты болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады.";
      үшiншi бөлiктегi "Қазақстанға" деген сөзден кейiн "және Қазақстаннан" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "балалары" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Елден аластату, тұратын жерлерiнен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жiберу) арнайы қоныс аударуға жiберу түрiндегi саяси қуғын-сүргiндердiң қолданылғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда (олардың жойылып жiберiлуiне байланысты), қуғын-сүргiндердi қолдану фактiсiн тану үшiн негiз адамдардың қуғын-сүргiндер акцияларының салдарынан Қазақстанның

 

аумағында нақты тұрғанын анықтау болып табылады.".

     3. 22-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "психиатриялық мекемелерге

жатқызу" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "арнайы қоныс аударуға

жiберу" деген сөздермен толықтырылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады