Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 30 қазандағы N 178

 


     1959 жылғы 1 шiлдеде қабылданған Атом энергиясы жөнiндегi

халықаралық агенттiктiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы

келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


          Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiктiң

               артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы

                               КЕЛIСIМ



 
       Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк Жарғысының ХV бабы С тармағына сәйкес осы бапта аталған құқықтық қабiлет, артықшылықтар мен иммунитеттер Басқарушылар кеңесiнiң нұсқаулықтары бойынша әрекет ететiн Бас директордың осы мақсат үшiн ұсынатын, Агенттiк пен Агенттiк мүшелерiнiң арасындағы жеке келiсiмде немесе жекелеген келiсiмдерде белгiленетiнiн еске ала отырып;
 
      Жарғының XVI бабына сәйкес Агенттiк пен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы өздерiнiң арасында байланыстар орнату туралы Келiсiм жасалғанын ескере отырып;
 
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен оған кiрген әр түрi мекемелер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттердiң мейлiнше бiркелкiлiгiн қамтамасыз етудi көздей отырып, Мамандандырылған мекемелердiң артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы конвенцияны қабылдағанын, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының кейбiр мүшелерi осы Конвенцияны қабыл алғанын назарда ұстай отырып;
 

 

     Басқарушылар Кеңесi,


     1. Негiзiнен Мамандандырылған мекемелердiң артықшылықтары мен

иммунитеттерi туралы конвенцияға сәйкес жасалған, Үкiмет Кеңесiнде

ұсынылған мiндеттемелердi жүктеусiз төменде келтiрiлген мәтiндi

бекiтедi; және

     2. Агенттiк мүшелерiн осы Келiсiмдi, егер ол олар үшiн қолайлы

болып табылса, қарауға және оны қабылдауға шақырады.


                                1-бап


                             Анықтамалар


     1-тарау

     Осы Келiсiмдегi:

     I) "Агенттiк" ұғымы Атом Энергиясы жөнiндегi халықаралық

агенттiктi бiлдiредi;


 
       II) III баптағы "мүлiк пен активтер" ұғымы Агенттiктiң қарауында тұрған немесе оның Жарғысында белгiленген функцияларды орындау барысында Агенттiк басқаратын мүлiк пен қорларды қамтиды;
      III) V және VIII баптарындағы "мүшелердiң өкiлдерi" ұғымы барлық басқарушыларды, өкiлдердi, орынбасарларды, кеңесшiлердi, техникалық сарапшыларды және делегациялардың хатшыларын қамтиды;
      IV) 12, 13, 14 және 27 тараулардағы "Агенттiк шақыратын мәжiлiстер" ұғымы:
      1) Агенттiктiң және Агенттiктiң Басқарушылар Кеңесiнiң Бас конференциясының;
      2) Агенттiк шақыратын кез келген халықаралық конференциялардың,

 

симпозиумдардың, семинарлардың немесе сарапшылар тобының; және

     3) аталған органдардың бiрi құрған кез келген комитеттердiң

мәжiлiстерiн бiлдiредi.


     г) VI және IХ баптардағы "Агенттiктiң лауазымы иелерi" ұғымы

Агенттiктiң Бас директорын, барған жерде жұмысқа қабылданған және

сағатына қарап ақы алатын адамдарды қоспағанда, және оның

Хатшылығының барлық қызметкерлерiн қамтиды.


                               II бап


                           Құқықтық статус


     2-тарау


     Агенттiк заңды тұлға статусына ие. Оның құқықтық қабiлетi бар:

а) контрактiлер жасасу; б) жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып

алу және осындайларға ие болу және с) қылмыстық iстердi қозғау.


                               III бап


                     Мүлiк, қорлар және активтер


     3-тарау



 
       Агенттiк, оның мүлкi және активтерi олардың қайда және кiмнiң иелiгiнде екенiне қарамастан сот араласуының кез келген нысанынан иммунитетпен пайдаланады, тек Агенттiк қана белгiлi бiр түрде қандай да бiр жеке жағдайда иммунитеттен бас тартады. Бiрақ иммунитеттен бас тартудың ешқайсысының сот шешiмдерiн орындау шараларына күшi

 

жүрмейдi.


     4-тарау


     Агенттiктiң үй-жайларына ешкiм тиiспейдi. Агенттiктiң мүлкi мен

активтерiн қай жерде тұрғанына және кiмнiң иелiгiнде болғанына

қарамастан тiнтуге, реквизициялауға, тәркiлеуге, экспроприациялауға

және араласудың атқарушылық, әкiмшiлiк, соттық немесе заң шығарушылық

iс-қимылдар нысанының қайсысын болса да қолдануға болмайды.


     5-тарау



 
       Агенттiктiң архивiне және оған тиесiлi немесе оның сақтауындағы жалпы барлық құжаттарға, олар қай жерде тұрса да, ешкiм тиiспейдi.
 
      6-тарау
 
      Қаржылық бақылаумен, ережелермен немесе мораторийдiң қандай түрiмен болса да шектелмеген:
      а) Агенттiкте қорлар, алтын немесе кез келген түрдегi валюта болады және кез келген валютада операция жүргiзе алады;
      б) Агенттiк өз қорларын, алтынын немесе валютасын бiр елден екiншiсiне немесе кез келген елдiң шегiнде еркiн аударады және оның иелігiнде тұрған кез келген валютаны кез келген басқа валюта айналдыра алады.
 
      7-тарау
 
      6-тарауға сәйкес өз құқықтарын пайдалануда Агенттiк осы Келiсiмнiң кез келген қатысушы-мемлекетi үкiметiнiң тарапынан кез келген ұсыныстармен санасуға тиiс, өйткенi мұндай ұсыныстар Агенттiк мүдделерiне нұсқан келтiрмей қанағаттандырыла алады.
 
      8-тарау
 
      Агенттiк, оның активтерi, табыстары және басқа да меншiгi:
      а) Тiкелей салықтардан бәрiнен босатылады; бiрақ iс жүзiнде ол коммуналдық қызметтiң төлемi ғана болып табылатын салықтардан босатуды талап етпейдi деп көзделедi.
      б) Қызметтiк мақсатта пайдалану үшiн Агенттiк әкелетiн немесе әкететiн заттар кедендiк алымдардан, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. Бiрақ осындай алып тастауларға сәйкес әкелiнген заттар олар әкелiнген елде осы елдiң үкiметiмен келiсiлген шарттардан басқаша шарттарда сатылмайтын болады деп көзделедi;
      с) Жеке меншiк басылымдарды әкелу және әкету барысында кедендiк алымдардан және импорт пен экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады.
 
      9-тарау
 
      Жалпы ережелер ретiнде Агенттiк жылжымалы және жылжымалы емес

 

мүлiктi сату барысында сатып алу бағасына енгiзiлген акциздiк алымдар

мен салықтардан босатуды талап етпейтiн болса да Агенттiк осындай

алымдар мен салықтар салынған немесе салынуға тиiстi мүлiктiң едәуiр

санын ресми мақсаттар үшiн сатып алатын болған жағдайда осы Келiсiмге

қатысушы-мемлекеттер, бұл мүмкiн болмағанда, алымдар немесе

салықтарды төлеуден босату немесе төленiп қойылған соманы қайтару

үшiн тиiстi әкiмшiлiк iс-шараларды қабылдайтын болады.


                               IV бап


                         Байланыс құралдары


     10-тарау



 
       Өзiнiң ресми байланыстары үшiн Агенттiк осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттiң әрқайсысының аумағында, өйткенi бұл осы мемлекет тараптардың бiрi болып табылатын қандай да бiр халықаралық конвенцияларға, ережелер мен келiсiмдерге қайшы келмейдi, осы мемлекеттiң үкiметi кез келген басқа үкiметке, соңғының дипломатиялық өкiлдiгiн қоса алғанда, почталық жөнелтулерге және электр байланысы құралдарын пайдаланудағы артықшылықтарға, тарифтерге және ставкаларға қатысты, сондай-ақ баспасөзге және радиоға берiлетiн ақпарат үшiн азайтылған ставкаларға қатысты жасайтын қолайлы жағдайлардан қолайлылығы кем болмайтын жағдайлармен пайдаланады.
 

 

     11-тарау


     Агенттiктiң ресми хат-хабары мен басқа да ресми хабарлары

цензураға жатпайды.

     Агенттiк шифрдi пайдалануға және дипломатиялық курьерлер мен

визаларға қолданылатын иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланатын

курьерлер немесе вализалар арқылы хат-хабарды және басқа да ресми

хабарларды алуға және жөнелтуге құқылы.

     Осы тараудағы ешнәрсе де қауiпсiздiктiң осы Келiсiмге

қатысушы-мемлекет пен Агенттiктiң арасындағы келiсiммен белгiленетiн

тиiстi iс-шараларын қабылдауды ешқандай да жоққа шығармайды.


                                V бап


               Агенттiкке мүше-мемлекеттердiң өкiлдерi


     12-тарау



 
       Агенттiк шақыратын мәжiлiстерге қатысушы мүше-мемлекеттiң өкiлдерi өз мiндеттерiн орындау барысында және мәжiлiс болатын жерге барғанда және керi қарай жол жүргенде келесi артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады:
      а) Жеке басын қамау немесе ұстау және жеке жүгiне тыйым салу иммунитетi, сондай-ақ лауазым иелерi ретiнде айтқандардың, жазғандарының немесе жасағандарының бәрiне қатысты сот-процессуалдық иммунитеттiң барлық түрi;
      b) Барлық қағаздар мен құжаттарға ешкiмнiң тиiспеушiлiгi;
      c) Шифрдi пайдалану және курьерлер немесе вализалар арқылы қағаздарды немесе хат-хабарды алу;
      d) Олардың өздерiн және олардың жұбайларын иммиграция бойынша шектеулерден, өз мiндеттерiн атқара жүрiп, олар уақытша жүрген немесе олар жүрiп өтетiн елдегi шетелдiктердi тiркеуден және мемлекеттiк қызмет борыштарынан босату;
      е) Валюталық шектеулерге немесе ақша айырбастаудағы шектеулерге қатысты уақытша қызметтiк iссапарларда жүрген шетелдiк үкiметтердiң өкiлдерiне жасалатындай жеңiлдiктер;
      f) Олардың жеке жүгiне қатысты тиiстi дәрежедегi дипломатиялық өкiлдерге жасалатындай иммунитеттер мен жеңiлдiктер.
 
      13-тарау
 
      Агенттiк шақыратын мәжiлiстерге қатысушы Агенттiк мүшелерiнiң өкiлдерiне өз мiндеттерiн орындау барысында толық сөз бостандығы мен толық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету үшiн олардың айтқандарының немесе жазғандарының бәрiне қатысты, сондай-ақ олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында, тiптi осы аталған адамдар мұндай мiндеттердi атқаруды тоқтатқаннан кейiн де жасаған барлық iс-қимылына қатысты сот-процессуалдық иммунитет берiле бередi.
 
      14-тарау
 
      Салықтың қандай да бiр нысанын қолдану аталған бiр елде тұруына байланысты болғанда, Агенттiк шақыратын мәжiлiстерге қатысушы Агенттiк мүшелерiнiң өкiлдерi өз мiндеттерiн атқару үшiн мүше-мемлекеттiң шегiнде болатын мерзiмдер осы елде тұрған мерзiмдер ретiнде қаралмайды.
 
      15-тарау
 
      Агенттiк мүшелерiнiң өкiлдерiне артықшылықтар мен иммунитеттер жекелеген адамдардың жеке басының пайда сы үшiн емес, Агенттiктiң жұмысына байланысты олардың өз функцияларын тәуелсiз орындауын қамтамасыз ету үшiн берiледi. Сондықтан Агенттiктiң мүшесi болып табылатын ел әрбiр жағдайда өз өкiлдерiнiң иммунитетiнен бас тартуға

 

құқықты ғана емес, сондай-ақ оның пiкiрi бойынша, бұл иммунитет сот

iсiн жүргiзуге кедергi келтiретiн және одан бас тарту иммунитет

берiлген мақсатқа нұсқанын тигiзбейдi деген жағдайда мiндеттi де.


     16-тарау


     12, 13 және 14 тараулардың ережелерi осы адам азаматы немесе

өкiлi болып табылатын немесе болған мемлекеттiң өкiмет орындарында

қатысты қолданылмайды.


                               VI бап


                           Лауазым иелерi


     17-тарау



 
       Агенттiк мезгiл-мезгiл осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң бәрiнiң үкiметтерiне осы баптың және IХ баптың ережелерi қолданылуға тиiс лауазым иелерiнiң фамилияларын хабарлап отырады.
 
      18-тарау
 
      а) Агенттiктiң лауазым иелерi:
      I) Олардың лауазым иелерi ретiндегi айтқандары немесе жазғандары және барлық iс-қимылдары үшiн сот алдында жауап бермейдi;
      II) Олар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының лауазым иелерiне жасалатын жағдайларда Агенттiк төлейтiн окладтар мен сыйақыларға салық салуды алып тастаулармен пайдаланады;
      III) Олардың қарауындағы әйелдерi және туысқандарымен бiрге иммиграция жөнiндегi шектеулерден және шетелдiктердi тiркеуден босатылады.
      IV) Валютаны айырбастау жөнiнде дипломатиялық миссиялардың құрамына кiретiн тиiстi дәрежедегi лауазым иелерiне жасалатын артықшылықтарды пайдаланады;
      V) олардың қарауындағы әйелдерiмен және туысқандарымен бiрге дипломатиялық миссиялардың құрамына кiретiн тиiстi дәрежедегi лауазым иелерiнiң халықаралық дағдарыстар кезiнде елге оралу жөнiндегi пайдаланатын жеңiлдiктерiн пайдаланады;
      VI) Тиiстi елде бастапқы кезде өз қызметiне кiрiскен кезде өзiнiң жиhазы мен мүлкiн баж салығынсыз әкелуге құқылы.
      b) Агенттiк Жарғысының ХХII бабына сәйкес инспекторлардың мiндетiн немесе Жарғының ХI бабына сәйкес жобаларды қарау жөнiндегi мiндеттердi атқаратын және баратын жерлерiне лауазым иелерi ретiнде жол жүретiн және өз функцияларын орындайтын Агенттiктiң лауазым иелерi осы Келiсiмнiң VII бабында белгiленген қосымша артықшылықтар мен иммунитеттердiң бәрiн пайдаланады, өйткенi бұл мұндай функцияларды тиiмдi орындау үшiн қажет.
 
      19-тарау
 
      Өздерi азаматы болып табылатын мемлекетке қатысты Агенттiктiң бас директоры жасаған және тиiстi мемлекет бекiткен тiзiмге олардың атқаратын мiндеттерiне қарай фамилиялары кiргiзiлген Агенттiктiң лауазым иелерi ғана алып тастаулармен пайдаланатын жағдайда Агенттiктiң лауазым иелерi мемлекеттiк борыштардан босатылады.
      Агенттiктiң басқа да лауазым иелерiн тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк борыштарын орындау үшiн Агенттiктiң өтiнiшi бойынша шақырған жағдайда осы лауазым иелерiн шақыруға қатысты негiзгi жұмысты жалғастырудағы үзiлiстi болдырмау үшiн қажет болатын уақытша кейiнге қалдыру жағдайын жасайды.
 
      20-тарау
 
      18 және 19 тарауларда аталған артықшылықтар мен иммунитеттерден басқа Агенттiктiң Бас директоры, сондай-ақ ол жоқ кезде оның мiндеттерiн атқарушы кез келген лауазым иелерi халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық өкiлдердiң өздерiне, өздерiнiң әйелдерiне және жасы толмаған балаларға қатысты жасалатын артықшылықтар мен иммунитеттердi, алып қоюлар мен жеңiлдiктердi өзiне, өзiнiң әйелдерiне және жасы толмаған балаларына қатысты пайдаланады. Дәл мұндай артықшылықтар мен иммунитеттер, алып қоюлар мен жеңiлдiктер, бұдан басқа, Агенттiк Бас Директорының баламалы дәрежесi бар орынбасарларына немесе лауазым иелерiне берiледi.
 
      21-тарау
 
      Артықшылықтар мен иммунитеттер лауазым иелерiне олардың жеке басының пайдасы үшiн емес Агенттiктiң мүдделерi үшiн ғана берiледi. Агенттiк лауазым иесiнiң пiкiрi бойынша иммунитет сот iсiн атқаруға кедергi келтiредi және иммунитеттен бас тарту Агенттiктiң мүдделерi үшiн нұсқан келтiрмей жасалуы мүмкiн деген жағдайларда кез келген лауазым иесiне жасалған иммунитеттен бас тартуға құқылы және

 

мiндеттi.


     22-тарау


     Агенттiк тиiстi сот iсiн атқаруды жеңiлдету, полицияның

нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету және осы бапта аталған

артықшылықтарға, иммунитеттерге және жеңiлдiктерге байланысты қандай

да бiр теріс пайдаланушылықты болдырмау мақсатында мүше-мемлекеттердiң

тиiстi өкiмет органдарымен тұрақты түрде бiрлесiп iс-қимыл жасайды.


                               VII бап


               Агенттiк iссапарға жiберген сарапшылар


     23-тарау



 
       Агенттiктiң комитеттерiнде жұмыс iстеп жатқан немесе Агенттiктiң атынан iссапарда жүрген, сонымен бiрге Агенттiк Жарғысының ХII бабына сәйкес инспекторлар тұрғысында жүрген және Жарғының ХI бабына сәйкес жобаны зерттеу жөнiндегi инспекторлар ретiндегi сарапшылар (VI бапта көрсетiлген лауазым иелерiнен басқа) келесi артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын болады (аталған комитеттердегi немесе iссапар кезiндегi жұмысқа байланысты iссапарлар кезiнде өткен уақытты қоса алғанда өйткенi бұл мiндеттердi атқару үшiн қажет):
      а) Жеке басын қамауға алу немесе ұстау және тұтқынға алу иммунитетi;
      b) Өздерiнiң ресми функцияларын орындау кезiнде айтқандарының, жазғандарының немесе жасағандарының бәрiне қатысты сот-процессуалдық иммунитеттiң барлық түрi, сонымен бiрге бұл иммунитет аталған адамдардың комитеттерде немесе Агенттiктiң атынан iссапарларда жүрген кезiнде өз мiндеттерiн атқаруын тоқтатқанына немесе тоқтатпағанына қарамастан сақталады;
      c) Барлық қағаздар мен құжаттарға ешкiмнiң тиiспеушiлiгi;
      d) Агенттiкпен байланысты жүзеге асырғанда шифрдi пайдалану және курьерлер немесе вализалар арқылы қағаздарды немесе хат-хабарды алу құқы;
      е) Валюталық шектеулерге немесе ақша айырбастаудағы шектеулерге қатысты уақытша қызметтiк iссапарларда жүрген шетелдiк үкiметтердiң өкiлдерiне жасалатындай жеңiлдiктер;
      f) Олардың жеке жүгiне қатысты тиiстi дәрежедегi дипломатиялық өкiлдерге жасалатындай иммунитеттер мен жеңiлдiктер.
 
      24-тарау
 
      23-тараудың c) және d) тармақшаларында келтiрiлген ережелер осы Келiсiмге қатысушы-мемлекет пен Агенттiктiң арасындағы келiсiммен белгiленетiн тиiстi қауiпсiздiк iс-шараларын қабылдауды ешқандай да жоққа шығармайды.
 

 

     25-тарау


     Артықшылықтар мен иммунитеттер Агенттiктiң сарапшыларына олардың

жеке басының пайдасы үшiн емес Агенттiк мүдделерiнде берiледi.

Агенттiк сарапшыға берiлген иммунитеттен, егер Агенттiктiң пiкiрiнше

мұндай иммунитет сот iсiн атқаруға кедергi келтiретiн болса және егер

мұны Агенттiктiң мүдделерiне нұқсан келтiрмей жасауға болады жеп кез

келген жағдайда бас тартуға құқылы және мiндеттi.


                              VIII бап


               Артықшылықтарды терiс пайдаланушылықтар


     26-тарау



 
       Егер осы Келiсiмге қатысушы қандай да бiр мемлекет осы Келiсiммен көзделген қандай да бiр артықшылықты немесе иммунитеттi терiс пайдаланған жағдайлар болды деп тапса, осы мемлекет пен Агенттiктiң арасында мұндай терiс пайдаланушылықтың болғанын анықтау үшiн консультациялар өткiзiледi және егер ол осылай болса, мұндай терiс пайдаланушылықтың қайталануын болдырмаудың жолдары қарастырылады. Егер мұндай консультациялардың нәтижелерi осы мемлекет пен Агенттiк үшiн қанағаттанғысыз болып шықса, артықшылықты немесе иммунитеттi терiс пайдаланушылық туралы мәселе 34 тараумен көзделген процедураға сәйкес шешiледi. Терiс пайдаланушылық фактiсi анықталған жағдайда аталған терiс пайдаланушылықтың нәтижесiнде мүдделерi қозғалатын осы Келiсiмге қатысушы-мемлекет бұл туралы Агенттiкке хабарлаған соң оған терiс пайдаланушылықтың себебi болып табылған артықшылықты немесе иммунитеттi бермеуге құқылы. Бiрақ артықшылықтарды немесе иммунитеттердi беруден бас тарту Агенттiктiң негiзгi қызметiн жүзеге асыруға кедергі болмауға немесе Агенттiктiң өз негiзгi функцияларын орындауына бөгет жасамауға тиiс.
 
      27-тарау
 
      Агенттiк шақыратын мәжiлiстерге қатысушы мүше-мемлекеттiң өкiлдерi өз мiндеттерiн орындау барысында және мәжiлiс болатын жерге бару және керi қарай қайту кезiнде, сондай-ақ 1 v) тарауда көзделген лауазым иелерi өздерiнiң мiндеттерiн атқарып жүрген елдерде олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қандай да бiр жүргiзген қызметiнiң себебiнен сол елдердiң аумақтық өкiмет орындарының талабы бойынша елден келтiрiлмейдi. Бiрақ мұндай адамдар осы елде тұрып жатқанынан байланысты олардың қызметтiк мiндеттерiне кiрмейтiн iс-қимылдар жолымен осы елде терiс пайдаланушылықтарға жол берген жағдайда үкiмет бұл адамдардың өз елiнен кетуiн мынадай жағдайларда талап ете алады:
      а) 20 тарауға сәйкес иммунитеттердi пайдаланатын мүше-мемлекеттiң өкiлдерi немесе адамдар осы елде тiркелген дипломатиялық өкiлдерге қолданылатын дипломатиялық процедураға сай ғана бұл елден кетiрiледi;
      b) 20 тарау ережелерiнiң күшi жүрмейтiн лауазым иелерiн кетiру

 

туралы бұйрықты осы елдiң сыртқы iстер министрi бекiткен соң ғана

аумақтық өкiмет орындары бередi, сондай-ақ бұл бекiту Агенттiктiң бас

директорымен консультация бойынша ғана жүргiзiледi; қандай да бiр

лауазым иесiн елден кетiру туралы iс қозғалған бойда Агенттiктiң Бас

директоры осы адамның атынан өкiлдiк етуге құқылы.


                               IХ бап


                           Рұқсат қағаздар


     28-тарау



 
       Агенттiктiң лауазым иелерi Агенттiктiң Бас директоры мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысының арасында жасалған әкiмшiлiк келiсiмдерге сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының рұқсат қағаздарын пайдалануға құқылы. Агенттiктiң Бас директоры осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң бәрiне осындай мақсатпен жасалған әрбiр келiсiм туралы хабарлайды.
 
      29-тарау
 
      Осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер Агенттiктiң лауазым иелерiне жол жүргенде заңды құжаттар ретiнде берiлген Бiрiккен Ұлттар Ұйымының рұқсат қағаздарын таниды және қабылдайды.
 
      30-тарау
 
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының рұқсат қағаздарын алған Агенттiктiң лауазым иелерiнен талап етiлетiн визаларды беру туралы өтiнiштер, егер мұндай өтiнiштерге осы адамдардың Агенттiктiң жұмыстары бойынша жүрiп бара жатқандары туралы куәлiктерi қоса берiлсе, мүмкiндiгiнше шұғыл тәртiпте қаралады. Бұдан басқа, мұндай адамдардың тез қозғалып, жүрiп отыру үшiн жеңiлдiктi жағдайлар қамтамасыз етiлуге тиiс.
 
      31-тарау
 
      30 тарауда көзделгендерге ұқсас жеңiлдiктi жағдайлар Бiрiккен Ұлттар Ұйымының рұқсат қағаздарын алмаған бiрақ олардың Агенттiктiң iстерi бойынша жүрiп бара жатқаны туралы куәлiктерi бар сарапшыларға және басқа да адамдарға жасалады.
 

 

     32-тарау


     Бас директор, Бас директордың орынбасарлары және Агенттiктiң

дәрежесi бөлiм бастығынан төмен емес, Агенттiктiң iстерi бойынша

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының рұқсат қағазымен жол жүрушi басқа да лауазым

иелерi дипломатиялық миссиялардың құрамына кiретiн тиiстi дәрежедегi

лауазым иелерiне берiлетiн жеңiлдiктермен пайдаланады.


                                Х бап


                            Дауларды шешу


     33-тарау


     Агенттiк шешудiң тиiстi тәсiлдерi үшiн ережелер белгiлейдi:


 
       а) Контрактiлерге байланысты туындайтын даулар немесе Агенттiк тарап болып табылатын жеке сипаттағы басқа да даулар;
      b) Агенттiктiң қандай да бiр лауазым иесiне немесе қандай да бiр сарапшысына қатысты болатын, өз ресми жағдайына қарай иммунитетпен пайдаланатын, даулар, егер 21 немесе 25 тараулардың ережелерiне сәйкес бұл иммунитеттерден бас тарту болмаса.
 
      34-тарау
 
      Егер тараптар реттеудiң басқа әдiсi туралы келiсе алмаса, онда осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын пiкiр алшақтықтарының бәрi Соттың Статусына сәйкес Халықаралық Сотқа жiберiледi. Егер Агенттiк пен мүше-мемлекеттiң арасында пiкiр алшақтықтары пайда болса және тараптар реттеудiң қандай да бiр басқа

 

әдiсiн таппаса, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 96-бабына және Сот

Статусының 65-бабына және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мен Агенттiктiң

арасында жасалған келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес осы пiкiр

алшақтығына байланысты кез келген құқықтық мәселе жөнiнде

консультативтiк қорытынды сұралады. Соттың қорытындысын тараптар

шешушi деп таниды.


                               ХI бап


                              Түсiндiру


     35-тарау


     Осы Келiсiмнiң ережелерi Агенттiкке оның Жарғысымен жүктелген

функциялар тұрғысында түсiндiрiлуге тиiс.


     36-тарау



 
       Осы Келiсiмнiң ережелерi қандай да бiр мемлекеттiң Агенттiкке, осы мемлекеттiң аумағының шектерiнде Агенттiктiң Орталық мекемелерiнiң немесе аймақтық бөлiмшелерiнiң немесе Агенттiктiң жобаларды немесе оның қызметiн жүзеге асыруына байланысты, Агенттiктiң жобаларына кепiлдiктердi қолдануды немесе өзге де шараларды қоса алғанда, қызметкерлердiң, сарапшылардың, материалдардың, құрал-жабдықтардың және техникалық құралдарының болуына байланысты беруi мүмкiн немесе кейiнiрек қандай да бiр мемлекеттiң беруi мүмкiн артықшылықтары мен иммунитеттерiн ешқашан да шектемейдi және бұзбайды. Осы Келiсiм Агенттiк пен осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң арасында оларға берiлген иммунитеттер мен артықшылықтарды кеңейтетiн немесе шектейтiн, осы Келiсiмнiң

 

ережелерiн реттейтiн қосымша келiсiмдердiң жасалуына кедергi

келтiрмейдi.


     37-тарау


     Осы Келiсiм Агенттiк Жарғысының қандай да бiр ережелерiнiң

мағынасын немесе Агенттiктiң өзiнде болуы, сатып алуы немесе өзiне

қабылдауы мүмкiн қандай да бiр басқа құқықтары мен мiндеттемелерiнiң

күшiн жоймау және маңызын азайтпау тұрғысында қолданылады.


                               ХII бап


                         Қорытынды ережелер


     38-тарау



 
       Осы Келiсiм қабылдануы үшiн Агенттiкке мүше-мемлекеттердiң бәрiне жiберiледi. Келiсiм Бас директорға қабылданғаны туралы құжат тапсырған сәттен бастап қабылданды деп саналады және әрбiр мүше-мемлекетке қатысты соңғысының қабылдағаны туралы құжатты тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi. Қабылданғаны туралы құжат атынан тапсырылатын мемлекет осы Келiсiмнiң ережелерiн өз заңдары негiзiнде күшiне енгiзе алатыны ескерiлiп отыр. Бас директор осы Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн Агенттiкте тiркелген немесе соңынан мүшесi болатын әрбiр мемлекеттiң үкiметiне табыс етедi және мүше-мемлекеттердiң бәрiне қабылданғаны туралы әрбiр құжаттың тапсырылғаны жөнiнде және 39 тарауда көзделгендей бұзу туралы кез келген мәлiмдеменiң алынғаны туралы хабарлайды.
      Мүше-мемлекет осы Келiсiмге ескертулер жасай алады. Ескертулер мүше-мемлекеттiң сақтауына қабылданғаны туралы құжат тапсырылар кезде ғана жасалына алады және Бас директор бұл туралы Агенттiктiң мүше-мемлекеттердiң бәрiне дереу хабарлайды.
 
      39-тарау
 
      Осы Келiсiм Агенттiкке және қабылданғаны туралы құжатты тапсырған әрбiр мүше-мемлекетке қатысты осы мемлекет Агенттiктiң мүшесi болып қалған уақытқа немесе Басқарушылар кеңесi қайта қаралған келiсiмдi бекiткенше және осы мүше-мемлекет қайта қаралған келiсiмнiң тарабы болғанша күшiнде қалады, егер мүше-мемлекет бұзу туралы мәлiмдеменi Бас директорға жiберсе осы Келiсiм мұндай мүше-мемлекет үшiн Бас директор осындай мәлiмдеменi алған соң бiр жыл бойында күшiнде қала бередi.
 
      40-тарау
 
      Осы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң үштен бiрiнiң талабы бойынша Агенттiктiң Басқарушылар кеңесi оған түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн талқылауға тиiс. Кеңес мақұлдаған түзетулер жоғарыда 38 тарауда көзделген процедураға сәйкес оларды қабылдаған соң күшiне енедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады