Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек туралы шартты бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қазандағы N 180

 


     1995 жылғы 13 маусымда Алматыда қол қойылған Қазақстан

Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы азаматтық iстер

жөнiндегi құқықтық көмек туралы шарт бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

             Президентi


             Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы

             арасындағы азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық

                            көмек туралы

                                ШАРТ


       ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 6, 57-құжат.

    1999 жылғы 2 қазанда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 86 бет


     Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы (бұдан әрi

"Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын),

     егемендiктi, теңдiктi өзара құрметтеу және өзара пайданың

негiзiнде құқықтық саладағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету

мақсатында, осымен Азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек туралы

шартты жасасу туралы шешiм қабылдады.

     Осы мақсатпен екi Уағдаласушы Тарап төмендегiлер жайында

келiсiмге келдi:

                              I-БӨЛIМ

                           Жалпы ережелер

                               1-Бап

                          Құқықтық қорғау


 
       Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың өзiнiң азаматтарына жасағанындай құқықтық көмектi пайдаланатын болады, сот iсiн бастауға немесе тиiстi өтiнiштерiн екiншi Уағдаласушы Тараптың сот өкiмет орындарына беруге құқықты, олар азаматтық iстердi өздерiнiң азаматтары үшiн жасалған жағдайларда олардың тиiстi ұлттық заңдарына сәйкес қарайтын болады.
 
                                2-Бап
                       Құқықтық көмек арналары
 
      Екi Уағдаласушы Тарап осы Шартқа сәйкес бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсету үшiн, бұған 11-Бапқа сәйкес қабылданған iс-шараларды қоспағанда, өкiмет органдарын тағайындайды.
      Қазақстан Республикасы тарапынан Орталық өкiмет органы Әдiлет министрлiгi болып табылады. Түркия Республикасы тарапынан Орталық өкiмет орны Әдiлет министрлiгi болып табылады.
 
                                3-Бап
                                 Тiл
 
      1. Екi Уағдаласушы Тараптың Орталық өкiмет орындарының арасындағы хат-хабар алысуда олардың ағылшын және орыс тiлдерiне аудармасы бар тiлдерi қолданылатын болады.
      2. Құқықтық көмек сұраған жазбаша өтiнiштер мен оларға қосымшалар өтiнiш жасаушы Уағдаласушы Тараптың ресми тiлiнде олардың куәландырылған аудармалары қоса берiлген, сұрап отырған Уағдаласушы Тараптың ресми тiлiнде немесе ағылшын не болмаса орыс тiлдерiнде жасалатын болады. Осы құжаттардың бәрi екi данада жасалады.
 
                                4-Бап
                       Құқықтық көмектiң бағасы
 
      Екi Уағдаласушы Тарап осы Шартпен қамтамасыз етiлетiн шамада, бұған сарапшылардың сыйақыларын қоспағанда, бiр-бiрiне тегiн құқықтық көмек көрсететiн болады. Сарапшыларға сыйақы сұратып отырған Уағдаласушы Тараптың ережелерi мен нұсқаулықтары бойынша белгiленетiн болады.
 
                                5-Бап

 

                    Құқықтық  көмектен бас тарту

     Егер Уағдаласушы Тараптың бiреуi құқықтық көмектiң берiлуiн

оның мемлекеттiк егемендiгiне, қауiпсiздiгiне немесе қоғамдық

тәртiбiне залалын тигiзедi деп танитын болса, ол сұралып отырған

екiншi Уағдаласушы Тараптың беретiн құқықтық көмегiнен бас тарта

алады. Қалай болғанда да ол екiншi Уағдаласушы Тарапқа бас

тартуының себебiн жазбаша түрде хабарлайды.

                               6-Бап

         Құқықтық көмек көрсету кезiнде қолданылған заңдар

     Құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң

тиiстi ұлттық заңдарын қолданатын болады. Бiр Уағдаласушы Тарап

екiншi Уағдаласушы Тараптың процедуралық ережелерiн соңғының өтiнiшi

бойынша, егерде оның негiзгi заңды принциптерi бұзылмайтын болса,

қолдана алады.

                               7-Бап

              Заң мәселелерi мен нұсқаулықтар жөнiнде

                         ақпаратпен алмасу


 
       Уағдаласушы Тараптар өзаралық өтiнiш бойынша олардың

 

мемлекеттерiндегi күшi бар немесе күшiнде болған заңдар мен

нұсқаулықтар туралы, сондай-ақ олардың сот практикасында

қолданылғаны жайында бiр-бiрiне мәлiмдеуге тиiс.

                               8-Бап

                     Ресмилендiрiлуден босатылу

     Бiр Уағдаласушы Тараптың құзырлы органдары жасаған немесе

куәландырған құжаттары екiншi Уағдаласушы Тарап соттарының алдында

қолданылу үшiн ресмилендiрiлуге, егер оларға тиiстi түрде қол

қойылған және ресми түрде мөрмен куәландырылған болса, жатпайды.

                               9-Бап

                     Құжаттардың дәлелдеу күшi

     Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ресми органдары берген

құжаттары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында да сондай дәлелдеу

күшiне ие болады.

                               10-Бап

                       Қиыншылықтарды реттеу

     Осы Шартты орындау немесе түсiндiру барысында пайда болған кез

келген қиыншылықтар дипломатиялық арналар арқылы қарастырылады.

                               11-Бап

             Дипломатиялық немесе консулдық органдардың

             құжаттарды атқаруы және куәлiк жауаптар алуы

     Кез келген Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тараптың

заңдары бұзылмайтын және ешқандай күштеу шаралары қолданылмайтын

жағдайларда өзiнiң дипломатиялық немесе консулдық органдары арқылы

екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында құжаттарды атқарып, өз

азаматтарынан куәлiк жауаптар ала алады.

                              II ТАРАУ

              Азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек

                              1-Бөлiм

                               12-Бап

                     Құқықтық көмектiң түрлерi

     Осы Шартқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар бiрiне бiрi мынадай

құқықтық көмек көрсетедi:

     1. Екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында мүдделi тұлғалар

жөнiнде құқықтық құжаттар беру және атқару.

     2. Жазбаша сұрау салу арқылы куәлiк жауаптар алу.

     3. Соттар мен төрелiк сот органдарының шешiмдерiн мойындау және

атқару.

     4. Осы Шарт арқылы қамтамасыз етiлетiн басқа да көмек.

                               13-Бап

                        Құқықтық көмек сұрау

     1. Құқықтық көмек туралы өтiнiш жазбаша сұрау нысанында

жазылады. Бұл хаттарда мыналар қамтылады:

     а) сұрау салушы және сұрау салынып отырған органдардың атаулары;

     б) сот iсiн жүргiзудiң сипаты және оқиғалардың қысқаша

баяндалуы, одан әрi жауап алынатын адамдарға берiлетiн сұрақтар;

     в) заңды тұлғалардың аты, жынысы, жасы, ұлты, кәсiбi, тұрақты

мекенжайы немесе тұратын жерi немесе жүрген жерi;

     г) атқаруға арналған құқықтық акт;

     д) жауап алынатын адамдардың аттары мен мекенжайлары;

     е) зерттелуге тиiс құжаттар немесе басқа заттар;

     ж) сұрау салуды атқару үшiн қажет басқа құжаттар.    

     2. Жоғарыда аталған жазбаша сұраулар мен қоса тiркелген

құжаттарға қол қойылады және олар сұрау салушы органның мөрiмен

куәландырылады.

                               14-Бап

                      Сот шығындарынан босату


 
       Бiр Уағдаласушы Тараптың сот өкiмет орындары екiншi Уағдаласушы Тараптың құқықтық көмек сұраған азаматтарынан олардың шет елдiк болуы немесе екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жерi болмауы негiзiнде ғана қандай да бiр кепiлдiк мiндеттемелер және/немесе кепiл талап етпейдi.

 

     Бұл ереже құқықтық көмек сұралғанда талап етiлетiн кез келген

басқа төлемге қолданылады.

                               15-Бап

                           Сот шығындары

     Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың

аумағында сот iсiн жүргiзу шығындарын оның өз азаматтары сияқты

жағдайлар мен мөлшерде төлейдi.

                               16-Бап

                           Заңды тұлғалар

     1, 14, 15-Баптардың ережелерi сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың

бiрiнiң заңдары мен нұсқауларына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға да

қолданылады.

                               17-Бап

            Құқықтық көмек және сот шығындарынан босату


 
       Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында, өз азаматтары жөнiнде қабылданғанындай, сот iсiн жүргiзу шығындарынан босатуды немесе құқықтық көмек көрсетудi сұрап өтiнiш бiлдiре алады. Сот iсiн жүргiзу шығындарынан босату туралы шағым жасалған немесе құқықтық көмек көрсетудi сұрап өтiнiш бiлдiрiлген

 

жағдайда өтiнiш иесi тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан жердегi

құзыреттi органдар анықтама беруге тиiс; егер Уағдаласушы

Тараптардың кез келгенiнiң аумағында өтiнiш иесiнiң тұрақты немесе

уақытша тұратын жерi болмаса, анықтаманы оның елiнiң дипломатиялық

немесе консулдық органдары бере алады.

                              2-БӨЛIМ

           Құжаттарды атқару және куәлiк жауаптарды жинау

                               18-Бап

                               Қамту

     Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша бiрi үшiн екiншiсi

құжаттарды атқарып, куәлiк жауаптар жинайды:

     1. Құжаттарды атқару сот құжаттарын және соттан тыс құжаттарды

атқару деген мағынаны бiлдiредi;

     2. Куәлiк жауаптарды жинау азаматтық және коммерциялық

рәсiмдерге қатысты жауаптар алу мақсатымен тараптардан, куәлерден

және сарапшылардан жауап алуды, сарапшы бағалауы мен сот тексеруiн

жүргiзудi қамтиды.

                               19-Бап

                       Сұрау салуларды атқару


 
       1. Егер сұрау салынып отырған орган өзiн сұрау салуларды атқаруға құзiреттi емеспiн деп есептейтiн болса, ол сұрау салуларды атқаруға өкiлеттiгi бар құзыреттi органдарға беруге және бұл туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты хабардар етуге тиiс.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптың сұрау салынып отырған құзыреттi органдары жазбаша өтiнiште көрсетiлген мекенжайға сәйкес сұрау салуды атқара алмайтын болса, олар мекенжайды анықтау және сұрау салуларды атқару жөнiнде тиiстi шаралар қолданады. Олар сұрау салушы Уағдаласушы Тараптан қажеттi қосымша ақпарат сұрай алады.
      3. Егер сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап мекенжайларды анықтаудың мүмкiн еместiгiнен немесе басқа себептер бойынша сұрау салуды атқара алмайтын болса, ол сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты сұрау салуды атқарудың мүмкiн еместiгiнiң себептерi туралы хабардар етедi және барлық қажеттi құжаттарды соңғыға қайтарады.
 
                                20-Бап
                  Орындау нәтижелерi туралы хабарлау
 
      1. Уағдаласушы Тараптың сауал қойылған құзырлы органдары

 

2-бапта көрсетiлген жолдар бойынша, сауалдың орындалу нәтижелерi

туралы сауал қоюшы Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарлайды.

Бұндай хабарлауға қоса табылған дәлелдердiң материалдары немесе

қолхат берiледi.

     2. Қолхатта мекенжайлардың қолдары және алынған күнi, орындаған

органның мөрi мен орындаған лауазымды адамның қолы, орындалу әдiсi

мен орындалған жерi, егер алушы құжаттарды қабылдаудан бас тартса,

алудан бас тартудың себептерi көрсетiледi.

                             III ТАРАУ

                  Шешiмдердi мойындау және орындау

                               21-Бап

             Мойындауға және орындауға жататын шешiмдер

     1. Осы Шарттың төменде көрсетiлген шарттары бойынша,

Уағдаласушы Тараптың бiрi өз аумағында мыналарды мойындайды және

орындайды:

     а) соттардың азаматтық iстер бойынша қабылданған шешiмдерi;

     б) қылмыстық iстер бойынша зиянның орнын толтыру туралы сот

шешiмдерi;

     в) Уағдаласушы басқа Тараптың төрелiк органдарының шешiмдерi;

     2. Осы Шартта аталатын "шешiмдерге" соттар шығарған келiстiрушi

шешiмдер де кiредi.

                               22-Бап

                Мойындау және орындау туралы өтiнiш


 
       1. Шешiмдердi мойындау және орындау туралы өтiнiш сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына тiкелей жiберiледi.
      2. Өтiнiшке мыналар қос берiлуi тиiс:
      а) шешiмнiң түпнұсқаға сәйкес көшiрмесi. Шешiмнiң өзiнен

 

тиiмдiлiгi мен орындалуы түсiнiксiз болған жағдайда құзырлы органдар

беретiн анықтама көшiрмеге қоса берiлуi тиiс;

     б) сотқа келмеген ұтылған Тараптың ол жерге заңды түрде

шақырылғанын және оның құқық қабiлеттiлiгi болмаған жағдайда, оның

ол жерде тиiстi дәрежеде ұсынылғанын көрсететiн анықтама;

     в) төрелiк шешiмдi мойындау және орындау жөнiнде айтылған

жағдайда төрелiк қараудың юрисдикцияға ұсынылғандығы туралы төрелiк

шешiмнiң көшiрмесi.

                               23-Бап

               Мойындаудан және орындаудан бас тарту

     21-бапта аталып өткен шешiмдердi сауал қойылған соттар мына

жағдайларда мойындамайды және орындамайды:

     1. Егер шешiмдер сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың заңдарына

сәйкес заңды түрде орындала алмайтын болса.


 
       2. Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың құқықтық органының аталған iс бойынша құзыры жоқ екендiгiн мойындаса.
      3. Егер шешiм қабылдайтын Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес, iстi жүргiзуге қатыспаған сотта ұтылған Тарап ол жерге тиiстi түрде шақырылмаған болса немесе қорғау құқығынан немесе оның құқық қабiлеттiлiгi болмаған жағдайда тиiстi өкiлдiкке құқығынан

 

айырылған болса.

     4. Егер сот процесiне қатысты сауал қойылған Уағдаласушы

Тараптың төрелiк органдары немесе соттары сол белгiлi бiр тараптар,

сол белгiлi бiр iс бойынша соңғы шешiм қабылдаған болса, немесе ол

iстi қарап жатқан болса немесе бұл сол процесi бойынша үшiншi бiр

мемлекет қабылдаған соңғы шешiмдi мойындаған болса.

                               24-Бап

                   Мойындау мен орындау ережелерi

     1. Шешiмдi мойындау және орындау мәселесi сауал қойылған

Уағдаласушы Тараптың соттары арқылы оның ұлттық заңдарына сәйкес

шешiледi.

     2. Сауал қойылған сот осы Шарттың ережелерiнде айтылған шарттар

орындалған жағдайда тек қарап тексерумен шектеледi.

                               25-Бап

                Мойындау мен орындаудың заңдық күшi

     Бiр Уағдаласушы Тараптың құқықтық органдары қабылдаған, екiншi

Уағдаласушы Тараптың соттары мойындаған және орындаған шешiмiнiң

күшi, соңғы жақтың соттары қабылдаған шешiмдердiң күшiмен бiрдей

болады.

                               26-Бап

        Төрелiк органдардың шешiмдерiн мойындау және орындау


 
       Төрелiк шешiмдер, егер осы Тауардың 3-бөлiмiнде айтылған ережелерге қосымша мына шарттар орындалған жағдайда мойындалады және орындалады:
      1. Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес,

 

төрелiк шешiм коммерциялық даулар жөнiндегi қабылданған төрелiк

шешiмдердiң шеңберiнде қалып қойса.

     2. Егер төрелiк шешiм мүдделi жақтардың жазбаша жасалған

төрелiк келiсiмi негiзiнде немесе жаңа жағдайлардан туындап отырған

құқықтық дауларға байланысты қабылданса, және егер төрелiк шешiм

төрелiк келiсiмде көзделген мiндеттерге қатысты қабылданған болса;

     3. Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес осы

баптың 2-тармағында көрсетiлген келiсiм өз күшiнде болса.

                               27-Бап

               Бағалы заттарды экспортқа шығару және

                      ақша қаражатын аудару

     Шешiмдердi орындауға қатысты бұл Шарттағы Ереже Уағдаласушы екi

Тараптың ақша қаражаттарын аударуға және бағалы заттарды экспортқа

шығаруға байланысты заңдары мен нұсқауларын бұзбауға тиiс.

                               28-Бап

                    Куәгер мен сарапшының келуi


 
       1. Егер сауал қойылған Уағдаласушы Тарап куәгердi немесе сарапшыны өз құқықтық органдарының алдына келтiрудi маңызды деп ескермесе, ол бұл жөнiнде сотқа шақыру қағазында өтiнiш жасайды, ал сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап куәгердi немесе сарапшыны шақыртып алады.
      2. Сотқа шақыру туралы өтiнiштер сауал қойылған Уағдаласушы

 

Тарапқа, құқықтық органдардың алдына шақырылатын адамдардың келу

мерзiмi белгiленгенге дейiн кем дегенде екi ай бұрын жiберiледi.

     3. Сауал қойылған Уағдаласушы Тарап сауал қоюшы Уағдаласушы

Тарапқа куәгердiң немесе сарапшының жауабын хабарлайды. Осы баптың

1-тармағында көзделген жағдайда сауал немесе сот шақыру қағазында

шамамен ақы мөлшерi, сондай-ақ iс сапар мен жатын орнының шығындары

көрсетiлуге тиiс.

                               29-Бап

                  Куәгер мен сарапшының шығындары

     Жатын орны мен тамақтануды, сондай-ақ iс сапар шығындарын қоса

алғанда сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың куәгерге немесе сарапшыға

төлеуге арналған ақша қаражаты, iстi тыңдау өткiзiлетiн елде

қолданылатын мөлшерге сәйкес және сонда көзделген тәртiп бойынша

төленуге тиiс.

                               30-Бап

                    Куәгер мен сарапшыны қорғау


 
       1. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың құқықтық органдарының алдында сотқа шақыру бойынша келген куәгер немесе сарапшы, олардың қай ұлтқа жататындығына қарамастан, сауал қойылған Уағдаласушы Тарап тарапынан, ол шыққанға дейiн өз жерiнде жасаған құқық бұзғаны, куә ретiнде жауап бергенi немесе сарапшылық баға бергенi үшiн тергеу болмауға тиiс.
      2. Құқықтық органдар оған ендiгi жерде оның қатысуы мiндеттi емес деп ескерткен мерзiмнен кейiн он бес күн өткенше, егер олар сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағынан әлi кете қоймаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделгенiндей, куәгер немесе

 

сарапшы қорғаудан тыс қамауға тиiс. Алайда бұл кезеңге, куәгер

немесе сарапшы өзiне қатыссыз себептермен сауал қоюшы Уағдаласушы

Тараптың аумағынан кете алмай отырған уақытты қосуға болмайды.

     3. Куәгерлiк жауап немесе сарапшылық баға беруге шақырылған

адамға қандай да бiр күштеу шараларын қолдануға болмайды.

                              IV ТАРАУ

                         Қорытынды ережелер

                               31-Бап

                     Бекiтiлуi және күшiне енуi

     Бұл Шарт бекітуге жатады. Бекiту грамоталарымен алмасу Анкарада

өтедi. Бұл Шарт бекiту грамоталарымен алмасудың кейiн 30 күн өткен

соң күшiне енедi.

                               32-Бап

                             Тоқтатылуы


 
       Бұл Шарт кез келген Уағдаласушы Тарап дипломатиялық арналар арқылы осы Шарттың күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарлаған күннен кейiн алты ай өткенге дейiн күшiнде болады. Бұндай болмаған жағдайда бұл Шарт өз күшiнде қалады.

 

     Алматыда 1995 жылғы 13 маусымда әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс

және ағылшын тiлдерiнде екi дана болып жасалды, барлық мәтiндер

түпнұсқаға сәйкес. Қайшылықтар болған жағдайда, ағылшын тiлiндегi

текст басым болады.

     Осының дәлелi ретiнде Уағдаласушы Тараптардың өкiлеттi өкiлдерi

осы Шартқа қол қойды.

     Қазақстан Республикасы              Түркия Республикасы

            үшiн                                үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады