Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰ аясында ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын ұйымдастыру және құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 31 қазандағы N 181

 


     1995 жылғы 15 желтоқсанда Жамбылда қол қойылған Қазақстан

Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының

арасындағы БҰҰ аясында ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын ұйымдастыру

және құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

           Президентi


          Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және

          Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰ аясында

            ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын ұйымдастыру

                         және құру туралы

                               КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi қарай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы,

Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы,

     Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелерi болып табыла отырып,

     халықаралық қауымдастықтың дүниежүзiнде бейбiтшiлiк сақтау үшiн

жоғары жауапкершiлiгiне ортақтаса отырып,

     дүниежүзiнiң түрлi аймақтарында жоғары шиеленiс әлеуетiнiң

болуын назарға ала отырып,


 
       БҰҰ-ның дағдарыстарды реттеу, соғыс қатерiн болдырмау және бейбiтшiлiктi сақтау жөнiндегi күш-жiгерiне бiрлескен үлес қосуға ұмтыла отырып,
      мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       1. Тараптар БҰҰ-ның әскери және бiтiмгершiлiк күштерi қызметiнiң принциптерi бойынша миссиясын орындау үшiн Орталық Азия бiтiмгершiлiк күштерi батальоны деп және бұдан әрi қарай Орталықазбат деп аталатын БҰҰ-ның аясында ұжымдық бiтiмгершiлiк батальонын құруға өздерiне мiндеттемелер алады.
      2. Орталықазбаттың құрылымы, командованиесi және басшылығы, сондай-ақ батальон iшiнде жауапкершiлiктердiң шектелуi Тараптар арасындағы келiсiм бойынша айқындалатын болады.
      3. Орталықазбат Тараптардың әскери қызметшiлерi мен әскери дайындықтан өткен азаматтары қатарынан келiсiм-шарт және ерiктiлiк негiзiндегi жеке құрамнан құралады.
      4. Орталықазбаттың сандық құрамы Орталықазбаттың құрылымы мен құрамына сәйкес және БҰҰ Миссиясымен келiсiле отырып, Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын болады.
 

                                2-бап



 
 
       1. Орталықазбаттың жеке құрамын даярлау және жаттықтыру мақсаттарында Тараптар бiр-бiрiмен келiсе отырып, тиiстi ұлттық бiтiмгершiлiк бөлiмшелерiн құрады.
      2. Ұлттық бiтiмгершiлiк бөлiмшелерi Орталықазбат командованиесiнiң бақылауына көшкенге дейiн олар Тараптардың тиiстi органдарының бақылауында болады.
 

                                3-бап



 
 
       Орталықазбаттың жеке құрамын қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау бiр жағынан, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен екiншi жағынан, БҰҰ арасындағы арнаулы келiсiмдерге сәйкес ұйымдастырылатын болады.
 

                                4-бап



 
 
       1. Орталықазбаттың жеке құрамы үшiн тұрақты орналасқан жерiндегi қызмет мерзiмi iшiнде, сондай-ақ олардың екiншi Тарап аумағында болу кезеңi (жаттығу, әзiрлiк, сабақтар және т.б.) iшiнде қызмет ету шарттары, төлемақысы, салық төлеуi, сондай-ақ әлеуметтiк және заңдық кепiлдемелерi Тараптардың жекелеген Келiсiм жасау жолымен келiсiлуге жатады.
      2. Екiншi мемлекеттiң аумағында БҰҰ бiтiмгершiлiк миссияларының операцияларына басшылық жасау, сондай-ақ олардың орналасқан жердегi мiндеттерi, жауапкершiлiгi және құқықтары БҰҰ мандатымен, сондай-ақ Тараптар арасындағы қосымша келiсiмдермен айқындалады.
 

                                5-бап



 
 
       Орталықазбатты құруға байланысты шұғыл мәселелердi шешу үшiн тараптар Үкiмет басшыларының Кеңесi оны консенсус негiзiнде бекiтетiн бiрiккен жұмыс тобын (БЖТ) құрады.
 

                                6-бап



 
 
       1. Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады және қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы Тараптар бiр-бiрiне мәлiмдеген сәттен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiреуi өзiнiң осы Келiсiмнен шыққысы келетiнi туралы басқа Тараптарда жазбаша түрде хабарлаған кезге дейiн қолданыла беретiн болады. Келiсiм мұндай мәлiмдеуден кейiн алты ай өткен соң, әйтсе де Орталықазбат өткiзiп жатқан бiтiмгершiлiк операциясы аяқталып бiткеннен соң ғана өзiнiң күшiн тоқтатады.
      2. Келiсiм қолданысының аяқталуымен байланысты барлық

 

мәселелердi Үкiметтер басшыларының Кеңесi тағайындайтын арнаулы

комиссия шешетiн болады.


     Осы Келiсiмдi түсiндiру мен хабарландыруға байланысты мәселелер

Тараптар арасындағы үштараптық консультациялар арқылы ғана шешiле

алады.


     Жамбыл қаласында 1995 жылғы 15 желтоқсанда үш данада, орыс

тiлiнде жасалды.


     Қазақстан            Қырғыз              Өзбекстан

     Республикасы         Республикасы        Республикасы

     үшiн                 үшiн                үшiн


          Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және

           Өзбекстан Республикасы мемлекетаралық кеңесiнiң

                             атқарукомы


          Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының,

        Өзбекстан Республикасының БҰҰ-ның аясында бiтiмгершi

      операцияларда пайдалануға арналған бiтiмгершi батальонын

        материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы

                               КЕЛIСIМ



 
       Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мемлекеттерi Басшыларының БҰҰ-ның аясында бiтiмгершi батальонын құру туралы Шешiмiн, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰ-ның аясында ұжымдық бiтiмгершi батальонын ұйымдастыру және құру туралы келiсiмiн басшылыққа ала отырып,
      бiтiмгершi батальонын дер кезiнде және сапалы материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып, төмендегiлер жөнiнде келiстi:
 

                                1-бап



 
 
       Тараптардың әрқайсысы бiтiмгершi батальонның құрамына кiретiн бөлiмшелердi жеке құраммен, қару-жарақпен, техникамен, заттай және табельдiк мүлiкпен штатқа сай Тараптардың қорғаныс министрлiктерi белгiлейтiн, келiсiлген нормалардағы санмен дербес жүзеге асырады.
 

                                2-бап



 
 
       Әрбiр Тарап бiтiмгершi батальонының әскери қызметшiлерiн Тараптардың қорғаныс министрлiктерi белгiлейтiн бiрыңғай нормалар бойынша дербес ақшалай үлеспен қамтамасыз етедi.
      Бiтiмгершi батальонының орналасқан жерiндегi бiрыңғай төлем құралы қабылдаушы мемлекеттiң валютасы болып табылады.
      Бiтiмгершi батальонының орналасқан жерiнде валюталарды айырбастау қабылдаушы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
 

                                3-бап



 
 
       Қабылдаушы Тарап бiтiмгершi батальонының әскери қалашықта орналасуын жүзеге асырады, оны пәтерлiк-эксплуатациялық қызметтiң қолдағы бар мүлкiмен және стационарлық байланыс құралдарымен қамтамасыз етедi.
 

                                4-бап



 
 
       Бiтiмгершi батальоны жеке құрамының қызметiн және оны ұстауды қамтамасыз етуге, коммуналдық-тұрмыстық қызметтердi пайдалануға, алға қойған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi инфрақұрылымға, Тараптар беретiн материалдық құралдар мен өзге де қызметтерге байланысты қалған барлық шығындар Тараптардың үлестiк жарналарының есебiнен жүзеге асырылады. Бұл жерде Тараптардың үлестiк жарналарының

 

көлемдерi осы Келiсiмге Қосымшаға сәйкес белгiленедi.

     Қажет болғанда өзара есеп айырысулар туралы мәселелердi шешу

үшiн Тараптар консультациялар жүргiзетiн болады.


                                5-бап


     Тараптар әскери техника мен қару-жарақты жөндеудi өз күштерi мен

қаражаттарының есебiнен жүзеге асыратын болады.


                                6-бап



 
       Әрбiр Тарап бiтiмгершi батальонын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшiн әуе және жер үстi көлiгiмен белгiленген тәртiпте жеткiзiлетiн әскери жүктердiң өз аумағы арқылы Тараптардың қорғаныс министрлiктерi беретiн әскери рұқсат қағаздарының негiзiнде

 

лицензиясыз әкелуге (әкетуге) және кедендiк баж салықтары мен

салықтарды алмай кедергiсiз ауысып отыруын қамтамасыз етедi.


                                7-бап


     Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында туындайтын барлық дауларды

Тараптар өзаралық консультациялар және қосымша келiсiмдердi жасау

жолымен шешетiн болады.


                                8-бап


     Осы Келiсiм оған қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.

     Әрбiр Тарап депозитарийге тиiстi жазбаша хабар жiберiп, осы

Келiсiмнен шығуға құқылы.


     Келiсiмнiң күшi осы Тарап үшiн депозитарий аталған хабарды алған

соң, алты ай аяқталған бойда тоқтатылады.


     Ташкентте 1996 жылғы 5 сәуiрде бiр түпнұсқа данада орыс тiлiнде

жасалды.


     Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның

куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын  Қазақстан Республикасы, Қырғыз

Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң

Атқару комитетiнде сақталады.


     Қазақстан            Қырғыз              Өзбекстан

     Республикасының      Республикасының     Республикасының

     Үкiметi үшiн         Үкiметi үшiн        Үкiметi үшiн



          Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының,

        Өзбекстан Республикасының БҰҰ-ның аясында бiтiмгершi

      операцияларда пайдалануға арналған бiтiмгершi батальонын

              материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз

                        ету туралы келiсiмге

                               ҚОСЫМША


     Бiтiмгершi батальонын қаржыландыру үшiн

     қатысушы-мемлекеттердiң үлестiк

     жарналарының көлемдерi


     Қазақстан Республикасы                    - 40 %

     Қырғыз Республикасы                       - 20 %

     Өзбекстан Республикасы                    - 40 %





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады