Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 2 желтоқсан N 193

      1996 жылғы 17 қаңтарда Минскiде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Консулдық конвенция бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы консулдық конвенция

(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 80-құжат)
(1998 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 69 бет)

      Бұдан әрi қарай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы;
      екi мемлекет арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрi нығайту мүдделерiне орай;
      олардың арасындағы консулдық қатынастарды реттеу ниетiн басшылыққа ала отырып;
      осы Консулдық конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегiлер жөнiнде келiстi:

1-БАП
АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Конвенциядағы төменде келтiрiлген терминдердiң мағынасы мынадай:
      а) "өкiлдiгiн жiберген мемлекет, консулдық орналасқан мемлекет" - контекске байланысты тиiсiнше Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы дегендердi бiлдiредi;
      b) "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты немесе консулдық агенттiктi бiлдiредi;
      c) "консулдық округ" - консулдық қызметтi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнiп берiлген, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң ауданын бiлдiредi;
      d) "консулдық мекеменiң басшысы" - өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы сапада жұмыс iстеудi тапсырған кiсiнi бiлдiредi;
      e) "консулдық қызмет адамы" - осы сапада консулдық қызметтердi орындау тапсырылған, консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда, кез-келген кiсiнi бiлдiредi;
      f) "консулдық қызметкер" - консулдық мекемеде әкiмшiлiк немесе техникалық мiндеттерiн орындайтын, консулдық қызмет адамы болып табылмайтын кез келген кiсiнi бiлдiредi;
      g) "қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiсi" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген кiсiнi бiлдiредi;
      h) "консулдық мекеменiң қызметшiлерi" консулдық қызмет адамдарын, консулдық қызметкерлерiн және қызмет көрсетушi персоналдың қызметшiлерiн бiлдiредi;
      i) "отбасы мүшесi" - әйелiн (ерiн), консулдық мекеме қызметкерлерiнiң балаларын, ата-аналарын, олардың асырауындағы және олармен бiрге жатқан басқа да адамдарды бiлдiредi;
      j) "жеке үй қызметшiсi" - консулдық мекеме қызметкерiнiң жеке қызметiнде ғана болатын кез келген кiсiнi бiлдiредi;
      k) "консулдық үй-жайлар" - консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын үйдi немесе үйдiң бөлiгiн және осы үйлерге немесе үйлердiң бiр бөлiгiне, консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, оларға меншiк құқығы кiмге тиесiлi болса да, қызмет көрсететiн жер учаскесiн бiлдiредi;
      l) "консулдық архивтерi" - барлық қағаздарды, құжаттарды, хат-хабарларды, кiтаптарды, фильмдердi, дыбыс жазылған таспаларды және шифрлар мен кодтарды, картотекаларды және оларды сақтауды қамтамасыз етуге лайықталған жабдықтардың кез келгенiн бiрге алғанда консулдық мекеменiң реестрлерiн бiлдiредi;
      m) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi" - өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiк заңына сәйкес осы мемлекеттiң жалауы астында жүзуге құқығы бар, әскери кемелердi қоспағанда, кез келген кеменi бiлдiредi;
      n) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi" - өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тану белгiлерi бар, әскери ұшу аппараттарын қоспағанда, кез келген әуе кемесiн бiлдiредi.

I БӨЛIМ. КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДIҢ АШЫЛУЫ, КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДIҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН ТАҒАЙЫНДАУ 2-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНIҢ АШЫЛУЫ

      1. Консулдық мекеме өзi орналасатын мемлекеттiң аумағында осы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ашыла алады.
      2. Консулдық мекеменiң орналасатын жерi, оның класы және консулдық округ өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша анықталады.
      Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң саны туралы мәселе бойынша пiкiр алшақтығы болған жағдайда бұл мәселе өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң арасындағы уағдаластық бойынша шешiледi.
      3. Консулдық мекеменiң орналасқан жерiнiң, оның класының немесе консулдық округтiң одан әрi қарайғы өзгерiстерiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады.
      4. Консулдық орналасқан мемлекеттiң алдын ала айқын бiлдiрiлген келiсiмi сондай-ақ бұрыннан бар консулдық мекеменiң бiр бөлiгiн құрайтын, осы соңғысының орналасқан жерiнен тысқары жерде кеңсе ашу үшiн де қажет.

3-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ БАСШЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗ МIНДЕТТЕРIН ОРЫНДАУЫНА РҰҚСАТ ЕТУ

      1. Консулдық мекеменiң басшысы тағайындалғанға дейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет дипломатиялық немесе басқаша тиiстi арналар арқылы консулдық орналасқан мемлекеттiң ұсынылып отырған адамға байланысты келiсiмiн алуға тиiс.
      2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң келiсiмiн алған соң өкiлдiгiн жiберген мемлекет өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгi арқылы немесе өзге тиiстi жолмен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне әрбiр тағайындау кезiнде жасалатын, консулдық мекеме басшысының өкiлеттiктерiн, оның толық атын, фамилиясын, қызметiн, өзiнiң мiндеттерiн орындайтын консулдық округ және консулдық мекеменiң орналасқан жерiн куәландыратын, патент немесе соған ұқсас куәлiк нысанындағы құжатты жiбередi.
      3. Консулдық орналасқан мемлекет тағайындау туралы консулдық патенттi немесе соған ұқсас куәлiктi алған соң, консулдық мекеменiң басшысына консулдық орналасқан мемлекет тарапынан экзекватура деп аталатын рұқсатпен, мұндай рұқсат қандай нысанда болса да, өз мiндеттерiн орындауға рұқсат етiледi.
      Консулдық орналасқан мемлекет экзекватураны мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде және тегiн бередi.
      4. Консулдық мекеменiң басшысы өзiнiң мiндеттерiн орындауға консулдық орналасқан мемлекеттiң жазбаша растауын алысымен кiрiсе алады. Растауды алғанға дейiн консулдық мекеменiң басшысы консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен өз мiндеттерiн уақытша орындай бередi.
      5. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысының тағайындалғанын растаған соң немесе оған өз мiндеттерiн уақытша орындай тұруға рұқсатын бергеннен кейiн ол бұл туралы округтiң құзыреттi органдарына тез арада мәлiмдеуге және консулдық мекеме басшысының өз мiндеттерiн орындай беруi және осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қабылдауға тиiс.
      6. Егер консулдық орналасқан мемлекет қайсыбiр адамды консулдық мекеме басшысы ретiнде тағайындауға келiсiмiн бермесе, онда ол өзiнiң мұндай бас тартуының себептерiн хабарлауға мiндеттi емес.

4-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ БАСШЫСЫНЫҢ МIНДЕТТЕРIН УАҚЫТША ОРЫНДАУ

      1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себептермен өзiнiң мiндеттерiн орындай алмаса немесе егер консулдық мекеме басшысының қызмет орны уақытша бос болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегi осы немесе басқа консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамына немесе консулдық мекеме орналасқан мемлекеттегi өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң дипломатиялық персоналы мүшелерiнiң бiрiне консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн орындауға өкiлеттiк бере алады. Осы адамның толық аты, фамилиясы, қызметi мен дәрежесi консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне күнi бұрын хабарланады.
      2. Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша орындауға өкiлеттiк алған адамға бұл сапада болған уақытында осы Конвенциядағы консулдық мекеме басшысына берiлетiн артықшылықтар мен иммунитеттер оған да таралады.
      3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi мүшесiнiң осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн орындаушы ретiнде тағайындалуы оның дипломатиялық статусына сай берілген артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрмейдi.

5-БАП
КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ АДАМДАРЫН ТАҒАЙЫНДАУЛАР, КЕЛУЛЕР МЕН КЕТУЛЕР ТУРАЛЫ КОНСУЛДЫҚ ОРНАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТКЕ МӘЛIМДЕУ

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетке мына төмендегiлер туралы күнi бұрын жазбаша мәлiмдейдi:
      а) консулдық мекеме қызметкерлерiнiң фамилиясы, аты, азаматтығы, дәрежесi, қызметi, олардың келу, түпкiлiктi кету күнi немесе қызметiн тоқтатқаны туралы, сондай-ақ консулдық мекемедегi жұмыс кезеңiнде олардың статусының кез келген өзгерiсi туралы;
      b) консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiнiң фамилиясы, аты, азаматтығы, келу күнi мен түпкiлiктi кету күнi, сондай-ақ сол немесе өзге адам отбасының осындай мүшесi болатыны немесе болмайтыны туралы.
      2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық мекеменiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатындар немесе онда тұрақты тұратындарды қоспағанда, осы мемлекетте белгiленген тәртiпке сәйкес тегiн куәлiк бередi.

6-БАП
КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ АДАМДАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ

      Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы болуға тиiс.

7-БАП
"PERSONA NON GRATA" НЕМЕСЕ ҚОЛАЙСЫЗ ДЕП ТАНЫЛҒАН АДАМДАР

      1. Консулдық мекеме орналасқан мемлекет кез келген уақытта өкiлдiгiн жiберген мемлекетке дипломатиялық жолмен, өз шешiмiнiң себептерiн хабарлауға мiндеттi болмай, консулдық мекеменiң сол немесе өзге қызметкерлерiнiң "persona non grata" немесе қолайсыз болып табылатындығы туралы мәлiмдей алады. Мұндай жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеменiң тиiстi қызметкерiн керi шақырып алуға немесе оның консулдық мекемедегi қызметiн тоқтатуға тиiс.
      2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет ақылға сиятын мерзiм iшiнде өзiнiң мiндеттемесiн орындамаса, онда консулдық орналасқан мемлекет тиiсiнше осы адамның экзекватурасының күшiн жояды немесе мұндай адамды консулдық мекеменiң қызметкерi деп танудан бас тарта алады.

II БӨЛIМ. КОНСУЛДЫҚ МIНДЕТТЕР 8-БАП
КОНСУЛДЫҚ МIНДЕТТЕР

      Консулдық мiндеттерге:
      а) халықаралық құқық нормаларына сәйкес консулдық орналасқан мемлекетте өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы сауда, экономика, мәдениет, спорт, ғылыми-техникалық, туристiк және басқа салалардағы қатынастардың дамытылуына жәрдемдесу;
      c) консулдық орналасқан мемлекеттiң саяси, сауда, экономика, мәдениет, спорт, ғылыми-техника және басқа салаларындағы жағдайда заңды жолдардың бәрiмен анықтау және бұл туралы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiне хабарлау;
      d) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарымен, ережелерiмен тыйым салынбайтын немесе олардың орындалуына консулдық орналасқан мемлекет қарсылық бiлдiрмейтiн басқа да мiндеттердi орындау жатады.

9-БАП
АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ХАЛ МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI МIНДЕТТЕР

      1. Консулдық қызмет адамы:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының есебiн жүргiзуге;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтығы мәселелерi жөнiндегi кез келген өтiнiштердi қабылдауға;
      c) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының туғандығын және қайтыс болғандығын тiркеуге және тиiстi құжаттарды беруге;
      d) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасындағы некелердiң жасалуы мен бұзылуын тiркеуге және тиiстi құжаттарды беруге құқылы.
      2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына туғанды және қайтыс болғанды, некелердiң жасалуы мен бұзылғанын тiркеудiң жүргiзiлгенi туралы, егер мұны консулдық орналасқан мемлекеттiң заңы талап ететiн болса, хабарлайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мүдделерi адамдарды консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтау мiндеттерiнен босатпайды.

10-БАП
ПАСПОРТТАР МЕН ВИЗАЛАР МӘСЕЛЕЛЕРI ЖӨНIНДЕГI МIНДЕТТЕР

      Консулдық қызмет адамы:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарына паспорттар мен осыған ұқсас құжаттарды беруге, жоюға, олардың қолданыс мерзiмiн ұзартуға, оларға қажеттi белгiлердi енгiзуге;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекетке баруға немесе ол арқылы жол жүруге тiлек бiлдiрген адамдарға визалар беруге, ұзартуға, күшiн жоюға, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы.

11-БАП
РЕСIМДIК КУӘЛАНДЫРУ ЖӘНЕ РЕСМИЛЕНДIРУ

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық қызмет адамы:
      а) кез келген адамның өтiнiшi бойынша, оның азаматтығынан тәуелсiз, оған өкiлдiгiн жiберген мемлекетте пайдалану үшiн әр түрлi құжаттар беруге;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiшi бойынша оларға консулдық орналасқан мемлекетте немесе оның шектеуінен тыс жерлерде пайдалану үшiн әр түрлi құжаттар беруге;
      c) құжаттарды өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң тiлiне аударуға және осы аударманың дұрыстығын куәландыруға;
      d) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыретi өкiмет орындары берген құжаттарды ресмилендiруге, олардың көшiрмелерiнiң, аудармасының және үзiндiсiнiң растығын куәландыруға;
      e) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiштерiн қабылдауға, жасауға және куәландыруға;
      f) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының әр түрлi құжаттардағы қойған қолдарын куәландыруға;
      g) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жасауға, куәландыруға және сақтау үшiн қабылдауға;
      h) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасындағы актiлер мен келiсiмдердi жасауға және куәландыруға, өйткенi мұндай актiлер мен келiсiмдер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейдi және қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды белгiлеу мен тапсыруға қатысы жоқ;
      өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының, бiр жағынан, және басқа мемлекеттер азаматтарының, екiншi жағынан, арасындағы актiлер мен келiсiмдердi жасауға және куәландыруға, өйткенi бұл актiлер мен келiсiмдердiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттегi мүлiк немесе құқықтарға ғана қатысы бар және осы мемлекеттегi, бұл актiлер мен келiсiмдер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн жағдайда, қарауға жататын iстерге қатысты болады;
      i) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының мүлкi мен құжаттарын сақтау үшiн қабылдауға, өйткенi бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейдi, құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамы жасаған, берген, куәландырған немесе аударған құжаттар консулдық орналасқан мемлекетте осы мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары және мекемелерi берген, куәландырған немесе аударған құжаттар сияқты, олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес келген жағдайда, сондай заңдық күшi бар құжаттар ретiнде қаралады.

12-БАП
ҰСТАЛҒАНЫ, ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНЫ ЖӘНЕ БАРЫП ТҰРУ ТУРАЛЫ МӘЛIМДЕМЕ

      1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы консулдық округтiң шегiнде қамауға алынса, ұсталса немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары болған жағдайдан соң төрт күннiң iшiнде бұл туралы консулдық мекемеге мәлiмдейдi.
      2. Консулдық қызмет адамы қамауға алынған, ұсталған немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылған өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматына барып шығуға, қатынасуға, онымен кездесуге және оған құқықтық көмек көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде консулдық қызмет адамының өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматымен кездесуiн, бiрақ өтiнiш берiлген күннен бастап үш күннен кешiктiрмей, ұйымдастыруға тиiс.
      Әрi қарайғы барулар уақыттың ақылға сиятын аралығында жүзеге асырыла алады.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қамауға алынған, ұсталған немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылған азаматына осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi туралы тез арада мәлiмдеуге тиiстi.
      4. Осы баптағы көзделген құқықтар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бiрақ консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн қолдану осы бапта көзделген құқықтарды жүзеге асыруды шектемеуге тиiс.

13-БАП
ӨКIЛДIГIН ЖIБЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ АЗАМАТТАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТУ

      Консулдық қызмет адамы:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен кездесуге және қатынасуға, оларға ақыл-кеңес беруге және жан-жақты жәрдем құқықтық көмек көрсету үшiн шараларды қабылдауды қоса алғанда, көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекет ешқандай түрде өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық мекемемен қатынасуына және олардың консулдық мекемеге кiру рұқсатына шек қоймайды;
      b) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан осы мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан немесе уақытша жүрген, хабарсыз жоғалып кеткен өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарын iздестiруде жәрдем сұрай алады;
      c) консулдық орналасқан мемлекеттегi өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өмiрi және жұмыс жағдайларымен танысу және оған қажеттi көмек көрсетуге;
      d) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген азаматына қатысты ақпарат беру туралы сұрау салуға, ал бұл органдар осындай ақпаратты беру үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауға тиiс;
      е) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген азаматының құжаттарын, ақшалай қаражаттарын және құнды заттарын, егер бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмесе, уақытша сақтауға қабылдауға;
      f) егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы оның консулдық орналасқан мемлекетте болмауына байланысты немесе басқа да себептер бойынша өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды консулдық орналасқан мемлекетте жүзеге асыра алмаса, онда консулдық қызмет адамы ерекше бiр сенiмхатсыз осы азаматтың атынан консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары мен басқа органдарында өкiлдiк етедi немесе осы азамат өзiнiң өкiлеттi адамдарын тағайындағанға дейiн немесе өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн өзi қорғайтын болғанша оған тиiстi өкiлдiгiн қамтамасыз етедi.

14-БАП
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ ПЕН ШАПАҒАТШЫЛЫҚ

      1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оларда ақпарат болған жағдайда консулдық қызмет адамына консулдық мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы үшiн қамқоршыны немесе шапағатшыны тағайындау туралы мәлiмдейдi.
      2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында аталған мәселе бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды және қажет болғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес қамқоршының немесе шапағатшының мiндеттерiн орындау үшiн адам ұсынады.
      3. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соты немесе басқа құзыреттi органдары ұсынылған адамды қандай да бiр себептермен қамқоршы немесе шапағатшы ретiнде қолайсыз деп тапса, онда консулдық қызмет адамы басқа кандидатураны ұсына алады.

15-БАП
ҚАЙТЫС БОЛҒАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛIМДЕМЕ

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды және оның өтiнiшi бойынша оған қайтыс болғанын дәлелдейтiн куәлiк немесе басқа құжаттарды бередi.
      2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болғаны туралы консулдық қызмет адамы бұрынырақ бiлген болса, бұл туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлайды.

16-БАП
МҰРАГЕРЛIК МҮЛIКТI ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI IС-ШАРАЛАР

      1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қайтыс болған азаматы консулдық орналасқан мемлекетте мұра қалдырса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде консулдық мекемеге мұрагерлiк мүлiктiң құрамы, мұрагерлерi, қайтыс болған кiсiнiң мұра құқығы берiлмеген адамдары туралы, сондай-ақ өсиеттiң бар екендiгi туралы хабарлайды.
      2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында аталған мұрагерлiк мүлiктiң тiзiмiн жасау және сүргi салу кезiнде өзiнiң қатысуына консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының келiсiмiн сұрай алады.
      3. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қайсыбiр азаматы консулдық орналасқан мемлекетте кез келген азаматтықтағы қайтыс болған адамның мүлкiне ие болуға немесе алуға құқық алса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оларда ақпарат болғанда консулдық мекемеге, тiптi, егер бұл азамат консулдық орналасқан мемлекеттiң шектерiнен тыс жерлерде жүрсе де, хабарлауға тиiс.
      4. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының атынан, егер мұндай азамат консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болғанда, соттардан, басқа органдардан немесе жеке бiр адамнан қандай да бiр кiсiнiң қайтыс болуының салдарынан осы азаматқа берiлуге тиiс, мұраны, өтемақыны төлеудi және қамсыздандыру жөнiндегi тиесiлi сомаларды қоса алғанда, ақшаны немесе өзге де мүлiктi қабылдай алады және осы ақша мен мүлiктi аталған азаматқа тапсыра алады.
      5. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте уақытша жүрген азаматы қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ егер қайтыс болған адамның консулдық орналасқан мемлекетте туыстары немесе оның өкiлдерi жоқ болса және оған қоса ол қалдырған заттар қайтыс болған адамның консулдық орналасқан мемлекетте өзiне алған мiндеттемелерiне байланысты болмаса, онда консулдық қызмет адамы қалып қойған заттарды алуға, сақтауға және тиiстi жерiне тапсыруға құқылы.
      6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында аталған функцияларды орындау кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн ұстануға мiндеттi.

17-БАП
ӨКIЛДIГIН ЖIБЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘУЕ КЕМЕСIНЕ КӨМЕК БЕРУ

      1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнiң шегiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң әуежайындағы немесе әуе кеңiстiгiндегi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiне қатысты, сондай-ақ олардың экипаж мүшелерiне қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне көзделген бақылау және инспекциялау құқығын жүзеге асыруға қақылы.
      2. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнiң шегiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң әуежайында немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiне, сондай-ақ оның экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге, сонымен бiрге:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң командирiмен немесе оның экипаж мүшелерiнiң қарым-қатынас жасауға;
      b) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының құқықтарына нұқсан келтiрместен, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң ұшуы кезiнде немесе оның әуежайда тұрған кезiнде болған оқиғаларды тергеуге, командир мен экипаж мүшелерiнен жауап алуға, әуе кемесiнiң құжаттарын тексеруге; әуе кемесi, оның ұшуы және баратын жерi туралы командирдiң баяндауын тыңдауға, сондай-ақ әуе кемесiнiң ұшуы, қонуы және әуежайда тұруы кезiнде оған қажеттi көмек көрсетуге;
      c) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының құқықтары нұқсан келтiрмеген өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес командир мен экипаж мүшелерiнiң арасындағы даулардың кез келген түрiн шешуге;
      d) қажет болған жағдайда әуе кемесiнiң командирiн немесе экипаж мүшелерiн ауруханада емдеудi немесе елге оралуын қамтамасыз етуге;
      e) әуе кемесiне қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген кез келген құжаттарды алуға, беруге немесе куәландыруға;
      f) әуе кемесiне қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары тапсырған және консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн басқа да iс-әрекеттердi орындауға қақылы.
      3. Консулдық қызмет адамы осы баптың ережелерiмен көзделген функцияларын орындау барысында консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан көмек сұрай алады.

18-БАП
ӨКIЛДIГIН ЖIБЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘУЕ КЕМЕСIНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН МӘЖБҮР ЕТУШIЛIК ШАРАЛАРЫНАН ҚОРҒАУ

      1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары немесе басқа құзыреттi органдары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiне қатысты мәжбүр етушiлiк шараларын жүзеге асыруда немесе оның бортында ресми тергеу жүргiзудi көздеген болса, онда олар осындай iс-шараларды жүзеге асыру барысында консулдық қызмет адамының немесе оның өкiлi қатыса алуы үшiн бұл туралы күнiбұрын консулдық мекемеге мәлiмдейдi. Егер консулдық мекемеге күнiбұрын мәлiмдеу мәселенiң шұғыл болуына байланысты уақыттың тарлығынан мүмкiн болмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары iс-шаралар жүзеге асырылысымен бiрден консулдық мекемеге хабар бередi және консулдық қызмет адамының өтiнiшi бойынша қысқа мерзiмдерде өздерiнiң iс-шараларына қатысты толық ақпарат бередi.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары жүзеге асыратын төтенше, шекаралық, кедендiк және санитарлық бақылауға, сондай-ақ қауiпсiздiк шараларына қолданылмайды.
      3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары, егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi, оның экипаж мүшелерi және жолаушылары бұл өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi командирiнiң немесе консулдық қызмет адамның өтiнiшi бойынша немесе олардың келiсiмiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң тыныштығын, қауiпсiздiгi мен қоғамдық тәртiбiн бұзбаған болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң iшкi iстерiне араласа алмайды.

19-БАП
ӨКIЛДIГIН ЖIБЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ӘУЕ КЕМЕЛЕРIНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ

      1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында апатқа ұшыраса немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзiреттi өкiмет орындарына консулдық орналасқан мемлекетте апатқа ұшыраған үшiншi мемлекеттiң әуе кемесiнiң бортында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтары мен олардың мүлiктерi бар екендiгi туралы мәлiм болып отырса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды, сондай-ақ өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi мен азаматтарын, сонымен бiрге олардың мүлкiн құтқару үшiн қабылданған шаралар туралы мәлiмдейдi.
      2. Кемесi апатқа ұшыраған өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық қызмет адамы сондай-ақ консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарынан көмек сұрай алады.
      3. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң немесе үшiншi мемлекеттiк аумағында өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған әуе кемесi, оның жабдықтары немесе жүгi консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағынан табылса және де мұның барысында әуе кемесiнiң командирi, кеменiң иесi, оның өкiлi немесе қамсыздандыру агентi болмаса, немесе олардың осы мүлiктi сақтау жөнiндегi шараларды қабылдауға немесе оларға иелiк етуге шамалары келмесе, онда консулдық қызмет адамы олардың атынан әуе кемесi мен мүлiктi сақтау немесе оларға иелiк ету жөнiнде шаралар қабылдауға құқылы.
      4. Егер осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi, оның жабдықтары мен жүгi консулдық орналасқан мемлекетте сату немесе пайдалану үшiн әкелiнбеген болса, онда оларға консулдық орналасқан мемлекет кедендiк баж салығын салмайды немесе өзге де соған ұқсас алымдарды алмайды.

20-БАП
ӨКIЛДIГIН ЖIБЕРГЕН МЕМЛЕКЕТТIҢ КЕМЕСIНЕ ҚАТЫСТЫ МIНДЕТТЕР

      Осы Конвенцияның 17, 18, 19-баптары сондай-ақ екi мемлекет те қатысушысы болып табылатын азаматтық флот жөнiндегi кез келген халықаралық келiсiмдерге қайшы келмеген жағдайда азаматтық теңiз және өзен кемелерiне де қатысты қолданылады.

21-БАП
СОТ ҚҰЖАТТАРЫН БЕРУ ЖӘНЕ СОТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

      Консулдық қызмет адамы қолданыстағы халықаралық келiсiмдерге сәйкес немесе мұндай келiсiмдер болмаған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн кез келген басқа тәртiпте сот және сотқа қатысты емес құжаттарды беру немесе сот тапсырмаларын я болмаса өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң соттары үшiн айғақтамаларды алып тастау жөнiндегi тапсырмаларды орындау құқығына ие.

22-БАП
КОНСУЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖӘНЕ ОДАН ТЫСҚАРЫ ЖЕРДЕ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДI АТҚАРУ

      Консулдық қызмет адамы консулдық мiндеттерiн тек қана өзiнiң консулдық округiнде атқара алады. Консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi бойынша ол консулдық мiндетiн сондай-ақ консулдық округтен тысқары жерде де атқара алады.

23-БАП
КОНСУЛДЫҚ ОРНАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТ ОРГАНДАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

      Өз мiндеттерiн атқару кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық округтiң құзыреттi органдарына, сондай-ақ осы мемлекеттiң заңдары, ережелерi және салт-дәстүрлерi рұқсат ететiн дәрежеде консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi орталық органдарына өтiнiш жасай алады.

24-БАП
ҮШIНШI БIР МЕМЛЕКЕТКЕ КОНСУЛДЫҚ МIНДЕТТЕРДI АТҚАРУ

      Консулдық орналасқан мемлекет пен үшiншi бiр мемлекеттiң жазбаша хабарламасынан кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетте тiркелген консулдық мекемеге үшiншi бiр мемлекетте консулдық мiндеттi орындауды, егер осы мемлекеттiң бiреуiнiң тарапынан айқын түрде қарсылық бiлдiрiлмесе, тапсыра алады.

25-БАП
ҮШIНШI БIР МЕМЛЕКЕТТIҢ АТЫНАН КОНСУЛДЫҚ МIНДЕТТЕРДI ОРЫНДАУ

      Консулдық орналасқан мемлекеттiң тиiстi жазбаша хабарламасынан кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi, егер консулдық орналасқан мемлекет бұған қарсы болмаса үшiншi бiр мемлекеттiң атынан консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мiндеттердi атқара алады.

III БӨЛIМ. АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР 26-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНIҢ МIНДЕТТЕРIН АТҚАРУЫ ҮШIН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

      1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекемелерiнiң мiндеттерiн жемiстi түрде атқаруы үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауы тиiс.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерiне тиiсiнше құрметпен қарауға және консулдық мекеме қызметкерлерi өз мiндеттерiн нәтижелi атқара алуы үшiн және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдауға мiндеттi.

27-БАП
КОНСУЛДЫҚ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет немесе оның өкiлдерi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес өзаралық ұстанымдары негiзiнде:
      а) ғимараты немесе ғимараттардың бiр бөлiгiн консулдық мекеменiң үйi, консулдық мекеме басшысының резиденциясы және консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын және осы мемлекетте тұрғылықты мекен-жайы жоқ басқа консулдық мекеме қызметкерлерiне арналған тұрғын үйлер ретiнде жеке меншiгiне сатып алуға немесе жалға алуға;
      b) пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнде ғимарат салуға немесе осы мақсатқа оны соған лайықтауға;
      c) меншiк құқығын немесе пайдалану құқығын үшiншi тарапқа беруге құқылы.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекетке осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес консулдық үй алуына жәрдемдеседi және қажет болған жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерi үшiн жарамды тұрғын үй алуына көмектеседi.

28-БАП
МЕМЛЕКЕТТIК ЖАЛАУ МЕН ЕЛТАҢБАНЫ ПАЙДАЛАНУ

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме үйiнде өзiнiң мемлекеттiк жалауын және өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет тiлдерiнде консулдық мекеме аты жазылған тақта бекiтiп қоюға құқылы.
      2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме үйiне, консулдық мекеме басшысының резиденциясына және оның өзiнiң қызметтiң мiндеттерiн атқару кезiнде пайдаланатын көлiк құралдарына өзiнiң мемлекеттiк жалауын қалап қоюға құқылы.

29-БАП
КОНСУЛДЫҚ ҮЙЛЕРГЕ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРIНЕ ТИIСПЕУШIЛIК

      1. Консулдық мекемелерге және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне тиiсуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi консулдық мекемесiнiң басшысының немесе дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе олардың бiреуi тағайындаған адамның келiсiмiнсiз консулдық үйге және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне кiре алмайды.
      2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерiнiң консулдық үйлерiн кез келген баса-көктеп кiруден немесе зиян шектiруден қорғау үшiн және кез келген консулдық мекеме тыныштығын бұзушылықты немесе оның қасиетiн қорлауды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.
      3. Консулдық үйлер, олардың үй-iшiлiк заттары, консулдық мекеменiң мүлкi, сондай-ақ оның көлiк құралдары мемлекеттiк қорғаныс және қоғамдық зәрулiк мақсатында реквизициялаудың кез келген түрiне қарсы иммунитетпен пайдаланады. Жоғарыда аталған мақсаттар үшiн үйлерге иелiк құқығынан айыру қажет болған жағдайда консулдық мiндеттердiң орындалуын бұзушылықты болдырмау барлық мүмкiн болған шаралар қабылданады және өкiлдiгiн жiберген мемлекетке тез арада тиiстi және тиiмдi өтемақы төленедi.

30-БАП
КОНСУЛДЫҚ АРХИВI МЕН ҚҰЖАТТАРЫНА ТИIСПЕУШIЛIК

      Консулдық архив пен құжаттарға қай уақытта болмасын және олардың қай жерде орналасқанына қарамастан тиiсуге болмайды.

31-БАП
ЖҮРIП-ТҰРУ ЕРКIНДIГI

      Консулдық орналасқан мемлекет бұл мемлекеттiң қауiпсiздiкке байланысты кiруге тыйым салынған немесе кiру тәртiбi реттелiп отыратын аймақтар туралы заңдар мен ережелерге қайшы келмейтiндей ретте өзiнiң аумағында консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң жүрiп-тұруы және сапарға шығуы еркiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi; консулдық орналасқан мемлекет өзiнiң аумағында консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң жүрiп-тұруы және сапарға шығуы еркiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.

32-БАП
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРКIНДIГI

      1. Консулдық орналасқан мемлекет барлық ресми мақсаттар үшiн консулдық мекеме қарым-қатынастарының еркiндiгiне рұқсат беруге және қорғауға тиiс. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiгiмен, сондай-ақ басқа да консулдық мекемелерiмен қарым-қатынас жасаған кезде консулдық мекеме кодталған және шифрленген хабарламаларды, дипломатиялық немесе консулдық курьерлердi, дипломатиялық немесе консулдық вализдердi қоса алғанда барлық жарамды байланыс құралдарын пайдалана алады. Қарапайым байланыс құралдарын пайдаланған кезде консулдық мекемеге де дипломатиялық өкiлдiкке қолданатын тарифтер қолданылады. Консулдық мекеме радиохабарлағышты тек қана консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен орната алады және пайдалана алады.
      2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарына тиiсуге болмайды. Ресми хат-хабар деп консулдық мекемеге және оның қызметiне қатысты барлық хат-хабар байланысты түсiнiледi. Консулдық вализа ашып-қаралмауға немесе ұсталып-тоқтатылмауға тиiс. Консулдық вализа мөрленуге және оның сипатын бiлдiретiн, көзге көрiнерлiктей сыртқы белгiлерi болуға тиiс және оның iшiнде консулдық мекеменiң ғана ресми пайдалануына арналған тек қана ресми хат-хабарлар, құжаттар және заттар салуға болады.
      3. Тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын азаматы ғана консулдық курьер бола алады. Консулдық курьер оның мәртебесi мен консулдық вализаны құрайтын орындар саны көрсетiлетiн ресми құжатпен қамтамасыз етiледi. Консулдық курьер консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында болған кезiнде дипломатиялық курьермен бiрдей құқықтармен, артықшылықтармен және иммунитеттермен пайдаланады.
      4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет, оның дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi консулдық курьерлердi ad hoc тағайындай алады. Мұндай жағдайларда осы баптың 3-тармағының ережелерi, онда айтылған иммунитеттер осындай курьердiң өзiне сенiп тапсырылған консулдық вализаны тиiстi жерiне жеткiзген сәтiнде тоқтатылатынын қоспағанда, қолданылады.
      5. Консулдық вализа өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң командирiне немесе кеме капитанына тапсырыла алады. Бұл командир немесе капитан консулдық вализаны құрайтын орындар саны көрсетiлген ресми құжатпен қамтамасыз етiледi, әйтсе де ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң тиiстi өкiметiмен келiсiм бойынша консулдық қызмет адамы консулдық вализаны әуе кемесiнiң командирiмен немесе кеме капитанынан тiкелей және кедергiсiз түрде қабылдай алады немесе тапсыра алады.

33-БАП
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМДАР МЕН БАЖ САЛЫҚТАРЫ

      1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында консулдық актiлер жасағаны үшiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне көзделген алымдар мен баж салықтарын жинай алады.
      2. Осы баптың 1-тармағында және осындай алымдар мен баж салықтарын жинағаны туралы түбiртекте аталатын алымдар мен баж салықтары нысанында жиналатын сомалар консулдық орналасқан мемлекетте барлық алымдар мен баж салықтарынан босатылады.

34-БАП
КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ АДАМЫНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА ТИIСПЕУШIЛIК

      Консулдық қызмет адамдары жеке басына тиiспеушiлiкпен пайдаланады. Оларды, мейлi қандай нысанда болмасын, тұтқындауға немесе қамауға алуға болмайды. Консулдық орналасқан мемлекет олардың жеке басына, бостандығына және ар-намысына қол сұғушылықты болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.

35-БАП
ЮРИСДИКЦИЯҒА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ

      1. Консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына қарсы иммунитетпен пайдаланады, бұған мынадай азаматтық талаптар қосылмайды:
      а) ол бойынша өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан тiкелей немесе жанама түрде әрекет етпейтiн, консулдық қызмет адамы жасасқан шарттан туындайтын;
      b) өтемiн үшiншi бiр адам талап етiп отырған, консулдық орналасқан мемлекетте, жол көлiгi құралдары, кеме немесе әуе кемесi келтiрген шығындардың салдарынан туындайтын;
      c) егер олар тек өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан бұларды консулдық мақсаттарға пайдаланбайтын болса, консулдық орналасқан мемлекет аумағындағы қозғалмайтын жекеменшiк мүлiкке жататын;
      d) олардың өсиеттi орындаушы, мұра мүлiктiң қамқоршысы, мұрагер немесе мұра құқығынан айырылушы ретiнде, өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан емес, жеке адам ретiнде көрiнетiн кездегi мұраға қалдыруға қатысты;
      e) олардың консулдық орналасқан мемлекетте өздерiнiң ресми қызметтерiнен тыс жүзеге асыратын кез келген қызметтерiне жататын.
      2. Егер консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағында баяндалған ережелерге байланысты атқару шараларын қабылдаған жағдайда консулдық қызмет адамының жеке басына тиiспеушiлiк және олардың тұрғын үйлерiне тиiспеушiлiк бұзылмауға тиiстi.
      3. Консулдық мекеме қызметкерлерi мен көмекшi қызмет адамдары осы баптың 1-тармағының (а) және (b) тармақшаларында көрсетiлген азаматтық талаптарды қоспағанда, олардың қызметтiк мiндетiне байланысты консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына жатпайды.

36-БАП
КУӘГЕРЛIК ЖАУАП БЕРУ МIНДЕТКЕРЛIГI

      1. Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекетте сот немесе әкiмшiлiк процедураларында куәгер ретiнде жауап беру үшiн шақыртыла алады.
      Консулдық мекеме қызметкерлерi немесе көмекшi қызмет адамдары осы баптың 2-тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, жауап беруден бас тарта алмайды.
      Егер консулдық қызмет адамы жауап беруден бас тартатын болса, онда оған ешқандай да күштеу немесе жазалау шаралары қолданыла алмайды.
      2. Консулдық мекеме қызметкерлерi өздерiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты мәселелер жөнiнде жауап беруге немесе өздерiнiң мiндетiне қатысты ресми хат-хабарлар мен құжаттарды тапсыруға мiндеттi емес. Олар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары бойынша сарапшы ретiнде куәгерлiк жауап беруден бас тартуға қақылы.ретiнде
      3. Өздерiне консулдық мекеменiң әлдебiр қызметкерiнiң немесе көмекшi қызмет адамының жауап беруi қажет болған консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiметi бұл адамның өз мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiрмеуi тиiс. Осы өкiмет орындары бұлайша ету мүмкiн болмаған жағдайда бұл адамның өз үйiнде немесе консулдық мекеме үйiнде оның берген жауабын тыңдай алады немесе одан жазбаша жауап қабылдай алады.

37-БАП
ЕҢБЕК ЕТУ БОРЫШЫ МЕН ӘСКЕРИ МIНДЕТКЕРЛIКТЕН БОСАТУ

      Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекетте еңбек ету және қоғамдық жұмыс борышы мен әскери мiндеткерлiктiң кез келген нысанынан босатылады. Олар сондай-ақ шетелдiк азаматтарды тiркеуге, мекен-жайға рұқсат алуға, өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмыс атқаруға байланысты еңбек етуге қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне көзделген барлық мiндеткерлiктен және бұлар шетелдiк азаматтарға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген болса, басқа да осындай талаптардан босатылады.

38-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНI САЛЫҚТАР МЕН АЛЫМДАРДАН БОСАТУ

      1. Консулдық орналасқан мемлекет салықтар мен алымдардан мыналарды босатады:
      а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе оның өкiлдiгiнiң атынан сатып алынған консулдық үйлер мен консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерi, сондай-ақ аталған мүлiктi сатып алуға байланысты шарттар мен актiлер;
      b) консулдық мекеменiң ресми мақсаттар үшiн заңды түрде сатып алған қозғалмалы мүлкi мен көлік құралдары, сондай-ақ оларды сатып алу, иелiк ету немесе ұстау.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мыналарға қатысты қолданылмайды:
      а) арнаулы қызметтер үшiн төлем ретiнде алынатын салықтар мен алымдар;
      b) өкiлдiгiн жiберген мемлекетпен немесе оның өкiлiмен шарт жасасқан адамнан консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес алынатын салықтар мен алымдар.

39-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIН САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН БОСАТУ

      1. Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекеттiң жеке бас, мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципальдық салықтары мен баж салықтарынан босатылады, бұған мыналар жатпайды:
      а) әдетте тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер құнына қосылатын жанама салықтар;
      b) осы Конвенцияның 38-бабының 1-тармағының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағындағы қозғалмайтын жеке меншiк мүлiкке салынатын салықтар мен баж салықтары;
      c) осы Конвенцияның 43-бабының 2-тармағының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде мұрагерлiк мүлiк салықтары немесе мұралық етуге баж салықтары немесе мүлiк иесiнiң алмасуына салықтар;
      d) түсiм көзi консулдық орналасқан мемлекетте болып табылатын капиталдан түсетiн табысты қоса алғанда жеке табысқа салынатын салықтар мен алымдар және консулдық орналасқан мемлекеттегi коммерциялық және/немесе қаржы кәсiпорындарына жұмсалатын күрделi қаржыға салынатын салықтар;
      e) қызмет көрсетудiң нақты түрлерi үшiн алынатын алымдар;
      f) осы Конвенцияның 38-бабының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде тiркеу, қызметтiк және реестрлiк баж салықтары, ипотекалық алымдар, елтаңбалық алымдар.
      2. Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттен алынатын еңбек жалақысына консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатындарды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес еңбек жалақысынан алынатын салықтар мен басқа да алымдар салынбайды.
      3. Консулдық орналасқан мемлекетте еңбек жалақысы табыс салығынан босатылмаған адамдарды жалға алған консулдық мекеме қызметкерлерi табыс салығын алуға байланысты осы мемлекеттiң заңдары мен ережелерi жалдаушыларға жүктелген мiндеттемелердi орындайды.

40-БАП
КЕДЕНДIК БАЖ САЛЫҒЫ МЕН КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНАН БОСАТУ

      1. Консулдық орналасқан мемлекет ондағы қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес әкелу мен әкетуге рұқсат етедi, сонымен қатар сақтауға, тасымалдауға және осындай қызмет түрлерiне алымдарды қоспағанда, барлық мынадай кедендiк баж салықтарынан босатады:
      а) көлiк құралдарын қоса алғанда, консулдық мекеменiң қызметтiк пайдалануына арналған заттар;
      b) консулдық қызмет адамының жеке пайдалануындағы заттар;
      c) консулдық мекеме қызметкерлерi мен қызмет көрсететiн жұмысшылардың алғашқы мүлiк жинауына арналған үй жиhаздарын қоса алғанда, жеке пайдалануындағы заттар.
      2. Осы баптың 1-тармағындағы (b) және (c) тармақшасында көрсетiлген заттар тиiстi адамның тiкелей тұтынуы үшiн қажеттi санынан аспауы керек.
      3. Консулдық қызмет адамының жеке жүктерi кедендiк тексерiстен босатылады. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары жүк iшiнде осы баптың b) және c) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа заттардың барлығын орынды негiзде шамаласа, немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде тасып әкелуi мен әкетiлуiне тыйым салынған заттар немесе карантиндiк ережелерiне жататын жағдайларда ғана оның тексерiлуi мүмкiн. Мұндай тексерiс сол орында тиiстi консулдық қызмет адамының немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.

41-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРIНIҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТТЕРI

      Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi осы Конвенцияның 42-бабының 2-тармағында түсiндiрiлген жағдайларды есептемегенде, осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес консулдық мекеме қызметкерi пайдаланатын тиiстi артықшылықтармен және иммунитеттермен пайдаланады.

42-БАП
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕРДI ПАЙДАЛАНБАЙТЫН АДАМДАР

      1. Консулдық мекеме қызметкерлерi мен қызмет көрсету жұмысшылары, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылса немесе онда тұрақты тұратын болса, 36-баптың 2-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды.
      2. Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi, егер көрсетiлген адамдар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылған немесе онда тұрақты тұрған жағдайда, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды.
      3. Жеке үй қызметкерi осы Конвенцияның ережелерiнде қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды.

43-БАП
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРIНIҢ МҰРАҒА ҚАЛДЫРҒАН МҮЛКI

      Консулдық мекеме қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:
      а) көрсетiлген адамның қайтыс болған кезiне дейiнгi консулдық орналасқан мемлекетте сатып алған және әкетуге тыйым салынған мүлiктерiн қоспағанда, марқұмның қозғалмалы мүлкiн алып кетуге рұқсат бередi;
      b) қайтыс болған адамның бұл мемлекетке консулдық мекеменiң қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде келуiне байланысты алып келген немесе консулдық орналасқан мемлекетте сатып алған қозғалмалы мүлiктерiне ешқандай мемлекеттiк, аудандық немесе муниципалдық мұралық салықтар немесе мұрагерлiк алымдар алмайды.

44-БАП
КОНСУЛДЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕРДIҢ БАСТАЛУЫ ЖӘНЕ АЯҚТАЛУЫ

      1. Консулдық мекеменiң әрбiр қызметкерi өзiнiң тағайындалған орнына барардағы консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында оның кiрген сәтiнен немесе егер, ол осы мемлекеттiң аумағына келiп қойған болса, консулдық мекемедегi өзiнiң мiндетiн орындауға кiрiскен сәттен бастап ол осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
      2. Консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерi, бұл қызметкердiң артықшылықтары мен иммунитеттерiн пайдалана бастаған сәтiнен бастап немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағына олардың енген сәтiнен бастап немесе олар оның отбасы мүшелерi болған сәтiнен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады және олар оның отбасы мүшелерi болуын тоқтатқан сәттен бастап аяқталады.
      3. Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндетi тоқтатылғанда оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сонымен қатар оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, осы адам консулдық орналасқан мемлекеттен кеткен соң немесе мұны iстеу үшiн ақылға сыйымды мерзiм өткеннен кейiн тоқтатылады.
      4. Консулдық мекеме қызметкерi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерi өздерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi олардың консулдық орналасқан мемлекеттен кеткен сәтiне дейiн немесе консулдық орналасқан мемлекеттен кету үшiн ақылға сыйымды мерзiм өткенше пайдалануын жалғастырады.

45-БАП
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕРДЕН БАС ТАРТУ

      1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы Конвенцияның 35 пен 36-баптарында көрсетiлген консулдық мекеменiң тиiстi қызметкерлерi пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарта алады. Бас тарту барлық жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң жазбаша нысанында айқын бiлдiрiлуi тиiс.
      2. Осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес консулдық мекеме қызметке юрисдикциялық иммунитетi пайдалана алатын жағдайда оған қатысты сот iсi қозғалғанда ол негiзгi талапқа тiкелей байланысты қандай да бiр қарсы талапқа қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырылады.
      3. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iстер жөнiндегi юрисдикциялық иммунитеттен бас тарту сот шешiмiн орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды бiлдiрмейдi. Осындай бас тарту үшiн жеке жазбаша хабарландыру қажет.

IҮ БӨЛIМ. ЖАЛПЫ НҰСҚАМАЛАР 46-БАП
КОНСУЛДЫҚ ОРНАЛАСҚАН МЕМЛЕКЕТТIҢ ЗАҢДАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРIН ҚҰРМЕТТЕУ

      1. Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттер берiлетiн барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрместен, жол қозғалысын реттейтiн заңдар мен ережелердi қоса алғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге мiндеттi. Олар сонымен қатар консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға мiндеттi.
      2. Консулдық үй-жайлар консулдық мiндеттердi орындаумен сыйыспайтын мақсатта пайдалануға тиiстi емес.
      3. Консулдық мекеме, консулдық мекеме қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi көлiк құралдарын сақтандыру жөнiндегi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi.

47-БАП
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКIЛДIКТЕРДIҢ КОНСУЛДЫҚ  МIНДЕТТЕРДI ОРЫНДАУЫ

      1. Осы Конвенцияның ережелерi сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық қызметтi орындау жағдайларында да қолданылады.
      2. Дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық бөлiмге тағайындалған немесе өкiлдiктiң консулдық қызметiн орындау тапсырылған қызметкерлердiң аты мен фамилиялары консулдық орналасқан мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк көрсеткен органға хабарланады.
      3. Консулдық қызметiн атқару кезiнде дипломатиялық өкiлдiк:
      а) консулдық округтiң жергiлiктi өкiметтерi;
      b) егер ол консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына, ережелерi мен дәстүрлерiне немесе тиiстi халықаралық келiсiмдерге қайшы келмейтiн болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық органдарына өтiнiш жасай алады.
      4. Осы баптың 2-тармағында айтылатын дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi дипломатиялық қатынастарға қатысты халықаралық құқық қалыптармен реттелiп отырады.

Ү БӨЛIМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 48-БАП
БЕКIТIЛУI, КҮШIНЕ ЕНУI, КҮШIН ЖОЮЫ

      1. Осы Конвенция бекiтiлуге тиiстi және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi. Бекiту грамоталарымен алмасу ____________________ өтедi.
      2. Конвенция белгiсiз мерзiмге жасалып отыр және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тарапқа өзiнiң осы Конвенцияның қолданысын тоқтатқысы келетiнi жөнiнде жазбаша түрде хабарлаған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.

      Осыны куәландыру үшiн Уағдаласушы Тараптардың Өкiлеттi адамдары осы Конвенцияға қол қойды.
      Минск қаласында 1996 жылы 17 қаңтарда екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, белорус және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей.
      Осы Конвенцияның ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн қолданылады.

         Қазақстан                          Беларусь
     Республикасы үшiн                  Республикасы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады