Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 8 мамырдағы N 222 Конституциялық Заңы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      4-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде:
      1) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған;
      2) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
      3) тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды.";
      7-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
      54-баптың 1-тармағындағы "заңда белгiленген тәртiппен алынып тасталмаған соттылығы болмауға" деген сөздер алынып тасталсын;
      59-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналықанықтама;";
      6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      73-бапта:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      89-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      104-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.";
      118-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады