Алматыда 1994 жылғы 12 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Швейцария Федералдық Кеңесi арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария федералдық кеңесі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы
Келісім
*
(Келісім 1998 жылғы 13 мамырда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2004 ж., N 4, 17-құжат)
Төменде "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі,
Мемлекеттердің екеуінің де өзара мүдделерінде экономикалық ынтымақтастық кеңейту ниетімен,
бір Уағдаласушы Тарап инвесторларының басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында күрделі қаржы салуын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға және одан әрі қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау Мемлекеттердің екеуінің де экономикалық гүлденуіне жағдай жасайтынын мойындап,
төмендегі мәселелер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
1. "Инвестор" термині Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына қатысты қолданылғанда:
а) Уағдаласушы Тараптың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оның азаматы болып табылатын жеке адамды;
б) заңды тұлғаны, соның ішінде Уағдаласушы Тараптың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес құрылған немесе ұйымдастырылған және нақ сол Уағдаласушы Тараптың аумағында өзінің тұрақты болатын және кәсіпкерлік қызметті нақты жүргізетін орны бар компанияларды, корпорацияларды, кәсіпкерлік бірлестіктерді және басқа да ұйымдық құрылымдарды;
в) кез-келген елдің заңдарына сәйкес құрылған, осы Уағдаласушы Тарап мемлекетінің аумағында өзінің тұрақты болатын және кәсіпкерлік қызметті нақты жүргізетін орны бар Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматтары, болмаса заңды тұлғалары тікелей немесе жанама түрде бақылап отырған заңды тұлғаны білдіреді.
2. "Инвестициялар" термині мүліктік игіліктердің барлық түрлерін білдіреді және, атап айтқанда:
(а) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және сервитут, кепілге салу, меншікті иеленуді шектеу құқығы, кепіл секілді басқа да мүліктік құқықтарды;
(б) акцияларды, пайларды немесе кәсіпорындарға қатысудың кез-келген нысандарын;
(в) ақшалай борыш міндеттемелерін немесе пайдаға қатысу құқықтарын;
(г) парасат объектілеріне (соның ішінде авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге, патенттерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, шыққан орындарын көрсетуге), технологияларға, "ноу-хауға" және гудвилге берілген құқықтарды;
(д) мемлекеттік концессияларды, соның ішінде табиғи ресурстарды барлауға, өндіруге және пайдалануға арналған концессияларды, сондай- ақ заң шығарушы органдардың шешімі бойынша, келiсім шарт бойынша немесе атқарушы өкiмет органының заңға сәйкес қабылданған шешiмi бойынша алынған кез-келген басқа да құқықтарды қамтиды.
3. "Аумақ" терминi Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң аумағын бiлдiреді және тиiстi Уағдаласушы Тарап халықаралық құқыққа сәйкес оларда өзiнiң егемен құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын жағалаулық суларды қамтиды.
2-бап
Инвестицияларды ынталандыру және қорғау
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өз аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына өзiнiң мүмкiндiгiне қарай жәрдемдесiп отырады және өз заңдарының шеңберiнде мұндай инвестицияларға қол жеткiзуді қамтамасыз етедi.
2. Белгiлi бiр күрделi қаржы салымына рұқсат бере отырып, Уағдаласушы Тарап осы рұқсат беру жағдайы үшiн қажет болғанның бәрiн және техникалық, коммерциялық және басқарушылық көмек беру жөнiндегi лицензиялық келiсiмдер мен шарттарды орындау жөнiнде талап етiлетiн келiсiп алуларды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Қажет болған әрбiр ретте әрбiр Уағдаласушы Тарап шетелдік азаматтардың iшiнен консультанттардың немесе басқа да бiлiктi мамандардың қызметiн жүзеге асыру үшін талап етiлетін тиiстi рұқсаттар мен тапсырмалар беріп отырады.
3-бап
Инвестицияларды қорғау және олардың құқықтық жағдайы
1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында оның заңдары мен ережелерiне сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларды қорғап отырады және ақылға қонбайтын немесе кемсiтетiн шаралар қолдану арқылы мұндай инвестицияларды басқаруға, иеленуге, жүргізуге, пайдалануға, кеңейтуге, сатуға және, егер жағдай солай болса, таратуға кесел болмайды. Атап айтқанда әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Келiсiмнiң 2-бабының (2) парасында көрсетілген қажетті рұқсаттар мен келiсiмдер бередi.
2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделі қаржы салымдарына қатысты өз аумағында әділетті де тең жағдайларды қамтамасыз етедi. Бұл жағдай Уағдаласушы Тарап өз аумағында өзiнiң төл инвесторларының инвестицияларына жасайтын жағдайға қарағанда қолайсыздау болмауға тиiс. Егер неғұрлым қолайлы жағдайлар жасалған елдiң инвесторларына жасалып отырған жағдай одан да қолайлы болса, онда басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына жасалатын жағдай аталған жағдайдан қолайсыздау болмауға тиіс.
3. Неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау бiр Уағдаласушы Тарапты басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторларына мыналар бойынша:
(а) Уағдаласушы Тарап мүшесi болып табылатын немесе болуы мүмкін кедендік яки экономикалық одақтың немесе осындай аймақтық бiрлестiктiң ережелерi бойынша еркiн сауда туралы қолданылып жүрген немесе болашақ келісім;
(б) Қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық келiсiм бойынша жасалатын жағдайдан, преференциялардан немесе жеңілдіктерден туындайтын артықшылықтарды беруге мiндеттейтiндей болып түсiнiлмеуi тиiс.
4-бап
Төлемдердің еркін аударылуы
Аумағында басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделi қаржы салымдары жүзеге асырылатын әрбiр Уағдаласушы Тарап мұндай инвесторларға:
(а) проценттердi, дивидендтердi, пайданы және ағымдағы табыстарды;
(б) кредиттердi өтеу есебiне аударылатын сомаларды;
(в) инвестицияларды басқару жөнiндегi шығындарды төлеуге арналған сомаларды;
(г) роялтиді және осы Келісімнің 1-бабының (2) парасының (в), (г) және (д) тармақтарында көрсетілген мүліктік құқықтарға байланысты басқа да төлемдерді;
(д) инвестицияларды қолдау немесе дамыту үшін қажетті қосымша күрделі қаржы салымдарын;
(е) инвестицияларды сатудан, iшiнара немесе толық таратудан, соның ішiнде құнның ықтимал өсімінен алынатын табысты қоса, осы инвестицияларға байланысты төлемдердi еркiн аудару құқығын бередi.
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тарап инвесторларының күрделi қаржы салымдарын тiкелей немесе жанама түрде экспроприациялауға немесе национализациялауға бағытталған шаралар, сонымен бiрге нақ осындай сипаттағы немесе түпкілікті нәтижедегі өзге де шаралар қолданбауға мiндеттенедi. Заңдарды сақтай отырып және нақты әрi тиiстi өтем жасау жағдайында қоғамның мүдделерін сақтау үшiн қолға алынатын және, осындай жағдайда, барлығына бiрдей негiздерде жүзеге асырылатын шаралар бұған қосылмайды. Өтем сомасы инвестициялар пайда болған елдiң валютасымен айқындалуы тиiс және алушының тұрып жатқан жерiне немесе тұрақты мекеніне қарамастан оған құқығы бар адамға мезгілінде төленуі тиiс.
2. Соғыстың, басқалай қарулы жанжалдың, төтенше жағдайдың, азаматтық қақтығыстардың немесе өзге де осындай жағдайлардың салдарынан басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестицияларына залал келтiрiлген Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларына - мүлкiн иесiне қайтару, өтем жасау, өтемақы төлеу және жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың салдарынан олар шеккен залалды жоюдың өзге де нысандары осы Келiсiмнiң 3-бабының (2) парасында ескертiлген тәртiп жағдайында жүргiзiледi.
6-бап
Келісімге қол қойылғанға дейінгі инвестициялар
Осы Келiсiм сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының осы Келiсiм күшiне енгенге дейiн басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында оның заңдары мен ережелерiне сәйкес жасалған инвестицияларына да қолданылады.
7-бап
Неғұрлым қолайлы жағдай жасау қағидаты
Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенi мен басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторы арасында шарттары осы Келiсiмде көрсетiлгендерге қарағанда одан да қолайлырақ болып табылатын осындай уағдаласулар өткенде жасалған болуы мүмкiн немесе болашақта жасалуы мүмкiн.
Егер бiр Уағдаласушы Тарап өз инвесторларының бiрiнiң басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы күрделi қаржы салымдарына коммерциялық емес тәуекел бойынша қаржы кепiлдiгiн берсе, онда - суброгация қағидатына байланысты - соңғысы бiрiншi Уағдаласушы Тараптың өзі берген кепiлдiк бойынша төлемдер төлеген инвестор құқығына берiлген құқығын мойындауы тиіс.
9-бап
Уағдаласушы Тарап пен екінші Уағдаласушы Тарап мемлекетінің инвесторы арасындағы даулар
1. Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап Мемлекетiнiң инвесторы арасындағы инвестицияға қатысты дауды шешу мақсатында мүдделi тараптар арасында сыйластық келiсiмге қол жеткiзудi мақсат еткен келiссөздер жүргізілетiн болады.
2. Егер бұл келіссөздер он екі айдың ішінде дауды шешуге әкелмесе, дау, инвестордың жазбаша келісімі болған жағдайда, АҚШ пен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялар жөніндегі дауларды шешу үшін 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтон Конвенциясында бекітілген Инвестициялық Дауларды Шешу жөніндегі Халықаралық Орталықтың (ИДШХО) төрелік сотының қарауына беріледі.
3. Әрбір Уағдаласушы Тарап осы арқылы инвестициялық дауларды ИДШХО сотына беруге келіседі.
4. Денсаулығы тараптардың бірі болып табылатын Уағдаласушы Тарап талқылау мен шешім қабылдаудың бүкіл барысында инвестор абыройы үшін қамсыздандыру төлемін немесе шеккен барлық залалын алды деп есептемеуге тиіс.
5. Төрелік сот шешімінің тараптар үшін міндетті күші болады, оған шағым беруге болмайды және Вашингтон Конвенциясында көзделгендерге қарағанда өзгеше шешім бола алмайды. Соттың шешімін атқару шешім орындалуы тиіс елдің сот шешімдерінің атқарылуын реттейтін заңдар бойынша жүргізіледі.
6. Басқа тарап төрелік соттың шешімін орындамайтын немесе дұрыс орындамайтын жағдайларды қоспағанда, Тараптар дауды шешуге дипломатиялық арналарды қатыстырмайды.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар
1. Осы Келісімнің ережелерін пайымдауға және қолдануға қатысты Уағдаласушы Тараптар арасындағы даулар дипломатиялық арналар арқылы шешілетін болады.
2. Егер Уағдаласушы Тараптар дау пайда болған күннен бастап он екі айдың ішінде келісімге қол жеткізе алмаса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенінің талап етуі бойынша дау құрамында үш мүшесі бар төрелік сотқа беріледі. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсы бір-бірден төреші тағайындайды және бұл төрешілер төраға сайлайды, ол үшінші мемлекеттік азаматы болуы тиіс.
3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірі төреші тағайындамаса екі айдың ішінде осындай тағайындауды жүргізу жөніндегі екінші Уағдаласушы Тараптың шақыруына құлақ аспаса, онда төрешіні осы Уағдаласушы Тараптың өтініші бойынша Гаага қаласындағы БҰҰ Халықаралық сотының Президенті тағайындайды.
4. Егер екі төреші олар тағайындалған күннен бастап екі айдың ішінде төрағаны сайлауға қатысты келісімге келе алмаса, онда оны Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенінің өтініші бойынша Халықаралық соттың Президенті тағайындайды.
5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Халықаралық соттың Президенті аталған қызметті орындай алмаса немесе егер ол Уағдаласушы Тараптардың бірінің азаматы болса, онда мұндай тағайындауды Вице-президент жүргізеді, ал егер ол да тиісті қызметтерді орындай алмаса немесе Уағдаласушы Тараптардың бірде-біреуін тиістітүпкілікті азаматы болып табылмайтын Халықаралық соттың дәрежесі бойынша ең үлкен судьясы жүргізеді.
6. Төрелік сот Уағдаласушы Тараптар арасындағы басқа қаулыларды бұзбай, талапты қарау рәсімін өз бетінше белгілейді.
7. Соттың шешімдері түпкілікті және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшін міндетті болып табылады.
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға қатысты өз міндеттемелерінің осындай инвестициялардың әрқайсының әрекет етуінің барлық кезеңінде сақталуына кепілдік береді.
1. Екі Үкімет халықаралық келісімдердің күшіне енуіне қатысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының ұлттық заңдарында көзделген құқықтық рәсімдердің орындалғаны туралы ноталар алмасқан күн осы Келісімнің күшіне енген күні болып табылады. Келісім күшіне енгеннен кейін 10 жыл ішінде күшінде болады. Егер осы мерзімнің аяқталуынан алты ай бұрын Келісімнің қолданылу күші жазбаша хабар беру арқылы тоқтатылмаса, онда ол нақ сол шарттарда келесі екі жылға, содан соң тағы да екі жылға және тағы да осылайша ұзартылған болып есептеледі.
2. Осы Келісімнің қолданылу күшінің ықтимал тоқтатылуына дейін жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты осы Келісімнің 1-бабынан 11-бабына дейінгі ережелері Шарттың қолданылу күшін тоқтату туралы хабарлама берілген күннен бастап 10 жыл ішінде күшінде қала береді.
Алматыда 1994 жылғы "__"____________ қазақ, француз және ағылшын тілдерінде түпнұсқалық екі дана етіп жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін пайымдауда алшақтық пайда болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтінін басшылыққа алатын болады.
Швейцария Қазақстан Республикасының
Федералдық кеңесі Үкіметі үшін
үшін