Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау кезiнде өзара жанама салықтар алу принциптерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 239


     Алматыда 1997 жылғы 10 маусымда қол қойылған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасының Үкiметi
арасындағы Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттау-импорттау
кезiнде өзара жанама салықтар алу принциптерi туралы келiсiм
бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан
       Республикасының Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды,
        қызметтерді) экспорттау-импорттау кезіндегі өзара жанама 
                   салықтар алу принциптері туралы
                              Келісім 
     
     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 77-құжат)
     (1998 жылғы 9 шілдеде күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 68 бет) 
     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының 
Үкiметi, одан әрi Уағдаласушы Тараптар, өзара тиiмдi экономикалық 
қатынастарды дамытуға және экономикалық интеграцияларды тереңдетуге, 
шаруашылық субъектілерi үшiн тең мүмкiндiктердi тағайындауға және 
халықаралық сауданың жалпы нормалары мен тәртiптерiн бағдарға алып, әрекет 
ете отырып, 
     мына төмендегiлерге келiстi:
     
                             1-Бап
                    Жалпы айқындамалар
     
     Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн:
     а) "жанама салықтар" терминi қосылған құнға салынған салықтарды 
және акциз салықтарын бiлдiредi;


      б) "нөлдiк ставка" терминi қосылған құнға 0% ставкасы бойынша салынған салықтарды бiлдiредi, бұл-қосылған құнға салынған салықтардан толық босатылғанымен бiрдей;
      в) "орнын тағайындау принципi" терминi бiр Уағдаласушы Тараптың кедендiк аумағынан экспорттау кезiнде нөлдiк ставканы қолдануды және осы Тараптың iшкi заңдарымен белгiленген ставка бойынша импортталатын (немесе импортталған) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) салық салуды бiлдiредi;
      г) "бiр Уағдаласушы Тарап" және "өзге Уағдаласушы Тарап" терминi

контекске тәуелсiз Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасын 
бiлдiредi;
     д) "құзiреттi органдар" терминi Қазақстан Республикасы тарапынан 
Қаржы министрлiгiн, Әзербайжан Республикасы тарапынан - Әзербайжан 
Республикасының Қаржы министрлiгi мен Әзербайжан Республикасының Бас 
Мемлекеттiк Салық Инспекциясын бiлдiредi.
     
                            2-Бап
     
      Экспорттау кезінде салық алу принциптері
     


      Уағдаласушы Тараптар бiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарапқа экспортталатын тауарларына (жұмыстарына қызметтерiне) қосалқы салықтар салынбайды.

                             3-бап
              Импорттау кезiнде салық алу принциптері

      Өзге Уағдаласушы Тарап аумағынан экспортталып бiр Уағдаласушы Тарап аумағына импорталатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) импорттаушы мемлекетте, оның ұлттық заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады.
      Уағдаласушы Тараптың кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде кеден органдары салық салуды жүзеге асырады.
      Уағдаласушы Тараптардың импортталатын тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) салық салу кезiнде iшкi өндiрiстiң ұқсас тауарларына (жұмыстарына, қызметтерiне) салынатын тиiстi салықтардан асатын салық ставкалары қолданылмайды.

                           4- Бап
                Даулы мәселелердi шешу

      Уағдаласушы Тараптар, өздерiнiң заңдары шеңберiнде, үшiншi мемлекетпен сауда жүргiзу кезiнде салық салу мәселелеріне қатысты ұқсас жанама салық жүйесiн құруға, сондай-ақ осы Келiсiмдегi iшкi салық заңдарының принциптерiнде көрсетiлгендердi енгiзуге бағытталған келiсiлген әрекеттердi қолданады.
      Құзiреттi органдар заң салықтарын сақтау мәселелерi бойынша ынтымақтасу және өзара көмек саласында бұрын қол жеткiзiлген ереженi есептей отырып, осы тармақтың нақтылы әрекет ету тәртiбiн жасайды.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен пiкiр қайшылықтары Уағдаласушы Тараптар арасында кеңесулер және келiссөздер арқылы шешiледi.

                            5-Бап
                        Қорытынды ереже

      Осы Келiсiм, барлық қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуы туралы Уағдаласушы Тараптарға хабарланған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм тек оның күшiне енген күнiнен кейiн ғана ұсынылған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қатысты қолданылады.
      Әр Уағдаласушы Тарап өзге Уағдаласушы Тарапқа хат арқылы хабарлай

отырып осы Келiсiмнен, Келiсiм әрекет еткен уақыт iшінде пайда болған 
қаржылық және басқа да мiндеттемелердi реттеп, шығуына кейiнгi алты ай 
уақыттан кешiктiрмей шыға алады.
     10 маусымда Алматы қаласында қазақ, әзербайжан және орыс 
тiлдерiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
     Осы Келiсiмнiң қазақ және әзербайжан тiлдерiндегi мәтiнi бойынша 
Уағдаласушы Тараптар арасында пiкiр қайшылығы пайда болған жағдайда 
негiзге орыс тiлiндегi мәтiн алынады.
     
     Қазақстан Республикасының         Әзербайжан Республикасының
        Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін
     
     Келісімді оқыған:
     Орынбекова Д. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады