Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 240


     Измирде (Түркия) 1996 жылғы 4 қыркүйекте қол қойылған
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭЫҰ), мүше-елдер өкiлдерiнiң және
халықаралық қызметкерлердiң заңдық мәртебесi туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     
     
                      Экономикалық ынтымақтастық ұйымының
                  (ЭЫҰ) мүше-елдер өкілдерінің және
             халықаралық қызметкерлердің заңдық мәртебесі
                          туралы келісім
     
     Осы Келiсiмге қол қойған мемлекеттер Экономикалық Ынтымақтастық 
Ұйымына жүктелген мiндеттердi дұрысырақ атқару Ұйымның, оның халықаралық 
қызметкерлерiнiң, Келiсiмге қол қойған, ЭЫҰ iс-шараларына қатысатын 
мемлекеттер өкiлдерiнiң, сондай-ақ Ұйым үшiн жұмыс iстейтiн сарапшылардың 
заңдық статусы болуға тиiс деп тани отырып және тиiсiнше мына төмендегiлер 
жөнiнде уағдаласты:
      
                            I Бөлім
     
                        Жалпы ережелер
     
                             1-бап
     
     Осы Келiсiмде:
     а) "Ұйым" - Измир Шартының ережелерiне сәйкес Экономикалық 
Ынтымақтастық Ұйымын бiлдiредi;


      б) "Министрлер Кеңесi" - Измир Шартының ережелерiне сәйкес Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Министрлер Кеңесiн бiлдiредi;
      в) "Тұрақты Өкiлдер Кеңесi" - Измир Шартының ережелерiне сәйкес Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Тұрақты Өкiлдер Кеңесiн бiлдіредi;
      г) "Қосалқы Органдар" - Кеңес оларға осы Келiсiмдi қолданбауға шешiм қабылдай алатын органдарды қоспағанда, Министрлер Кеңесi құрған немесе оның қарауындағы кез келген органды, комитеттi немесе қызметтi бiлдiредi;
      д) "Бас Хатшы" - Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысын бiлдiредi;
      е) "Хатшылық" - Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығын бiлдiредi.

                          2-бап

      Ұйым және Уағдаласушы Мемлекеттер сот iсiн тиiсiнше жүргiзуге, мемлекеттiк ережелер мен нұсқауларды сақтауды қамтамасыз етуге және осы Келiсiмде белгiленген иммунитеттер мен артықшылықтарды терiс мақсатта пайдалануды болдырмауға жәрдемдесу үшiн үнемi ынтымақтасып отыратын болады. Егер қандай да бiр Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiм шеңберiнде берiлетiн әлдебiр иммунитет немесе артықшылық терiс мақсатта пайдаланылды деп санайтын болса, онда Мемлекет пен Хатшылық арасында немесе мүдделi Мемлекеттер арасында терiс мақсатта пайдалану фактiсiн анықтау үшiн консультациялар өткiзiледi және мұндай жағдай орын алған болса, алдағы уақытта оның қайталанбауына барлық мүмкiндiк жасалады. Алайда, жоғарыда

айтылғанға немесе осы Келiсiмнiң кез келген басқа ережесiне қарамастан, 
оған осы Келiсiм шеңберiнде берiлген өзiнің елде болу артықшылықтарын 
немесе кез келген басқа артықшылықтарын немесе иммунитетін әлдебіреу теріс 
пайдаланды деп санайтын Уағдаласушы Мемлекет сол адамнан оның аумағынан 
кетуiн талап ете алады.
     
                       II Бөлім
     
                       Хатшылық
     
                         3-бап
     


      Хатшылық заңды тұлға болып табылады, ол контрактiлер жасасуға, қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiк сатып алу мен оны иеленуге және Тұрақты Өкiлдер Кеңесiнiң келiсiмiмен сот iсiн қарауды бастауға құқылы.

                          4-бап

      Хатшылық, қайда орналастырылғанына және оларды кiмнiң иеленуiне қарамастан, оның меншiгi мен активтерi Бас Хатшының Хатшылық атынан әрекет ете отырып, осы иммунитет құқығынан бас тартуға арнаулы келiсiм беретiн жағдайларын қоспағанда, қандай да сот iстерiн қарау түрiнiң иммунитетiмен пайдаланады. Алайда, мұндай жағдайда иммунитет құқығынан бас тарту атқару шараларына немесе мүлiктi тұтқындауға таралмайды деп

түсiндiріледi.
     
                         5-бап
     
     Хатшылықтың үй-жайына тиiсуге болмайды. Олардың қайда 
орналастырылғанына және кiмнiң иелiгiнде болатынына қарамастан, оның 
меншiгi мен активтерi тiнтуден, тұтқындаудан, реквизициялаудан, 
тәркiлеуден, экспроприациялаудан немесе қол сұғушылықтың кез келген 
басқа да нысандарынан босатылады.
     
                         6-бап
     


      Олардың қай жерде орналасқанына қарамастан Хатшылықтың архивтерi мен оған тиесiлi немесе оның иелігiндегi барлық құжаттарға тиiсуге болмайды.

                          7-бап

      1. Хатшылық қаржы жағдайлары, бақылаудың немесе мораторийдің кез келген түрi жағынан шектеулi емес және:
      а) кез келген валюта түрiн иемдене алады және оның кез келген валютада есеп-шоты бола алады;
      б) өз қорларын валютаның бiр түрiнен екiншiсiне кез келген елдің шегiнде еркiн түрде аудара, сондай-ақ өзiнiң қарамағындағы кез келген валютаны кез келген екiншi бiр валютаға қалыптасқан жағдайға қарай ең тиiмдi заңды сату немесе сатып алу бағамы бойынша айырбастай алады.
      2. Жоғарыда аталған 1-тармаққа сәйкес өз құқықтарын пайдалану кезiнде Хатшылық қандай да бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң жасаған кез келген мәлiмдемесiне тиiсiнше назар аударады және мұндай практика қолданылып жүргендіктен оларды жүзеге асырады.

                              8-бап

      Хатшылық, оның салымдары, табыстары мен басқа да меншiгi мыналардан босатылады:
      а) барлық тiкелей салықтардан; алайда Хатшылық, егер олар коммуналдық қызметтердi пайдаланғаны үшiн алынатын болса, барлық ставкалардан, салықтар мен баждардан босатуды талап етпейтiн болады;
      б) кедендiк баж салықтарының барлық түрлерiнен және Хатшылық қызмет бабында пайдалануы үшiн әкелетiн немесе әкететiн заттарды әкелуге және әкетуге сан жағынан шектеу қоюдан; осылайша баж салығынсыз әкелiнетiн бұл заттар, сол ел үкiметi белгiлеген жағдайларды қоспағанда, сату немесе сыйға тарту жолымен өздерi апарылған елде қалып қоймауға тиiстi;
      в) кедендiк баж салықтарының барлық түрлерiнен және Хатшылық жарияланымдарын әкелуге және әкетуге сан жағынан шектеулерден босатылады.

                             9-бап

      Хатшылық акциздiк салықтардан және төленуге тиiстi бағаның iшiне енетiн қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiктi сатуға салынатын салықтардан босатуды талап ету ережесiн ұстанбайтын болады. Алайда, егер Хатшылық қызметтiк пайдалану үшiн оған салықтар мен баж салықтары белгiленген немесе салықтар мен баж салықтары салынуға тиiстi iрi мөлшердегi меншiктi сатып алатын болса, онда Уағдаласушы Мемлекеттер

мүмкiндiгiнше әкiмшiлiк жолмен баж салығын немесе салықты төлеуден немесе 
төленген соманы қайтарудан босату туралы келiсетiн болады. 

                           10-бап
     
     1. Хатшылықтың ресми хат-хабарлары цензурадан өтуге жатпайды.
     2. Хатшылық кодтарды пайдалануға, дипломатиялық курьер мен 
поштаның иммунитеттерi мен артықшылықтарына ие курьер немесе 
мөрленiп-сүргiленген дипломатиялық пошта арқылы хат-хабарлар жөнелтуге 
және 
алуға құқылы.
     3. Осы баптағы ешнәрсе де Уағдаласушы Мемлекет пен Хатшылық 
атынан өкiлдiк ететiн Бас Хатшының белгiлейтiн қажеттi қауiпсiздiк 
шараларын қабылдауға кедергi келтiретiндей ретте түсiндiрiлмейдi.
     
                              III Бөлім
     
                Уағдаласушы мемлекеттердің өкілдері

                               11-бап
     


      Уағдаласушы Мемлекеттің екiншi Уағдаласушы Мемлекет аумағындағы өзiнiң ЭКО-дағы басты тұрақты өкiлi ретiнде тағайындаған кез келген адамы, сондай-ақ оларды тағайындаған Мемлекет пен Хатшылық арасындағы келiсiмде олардың осы аумақта болуы және Хатшылық пен аумағында олар болып қайтатын Мемлекет арасындағы келiсiмде белгiленетiн оның ресми персоналының мүшелерi осы мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдер мен олардың тиiстi дәрежедегi ресми персоналы мүшелерiне беретiн иммунитеттерiмен және артықшылықтарымен пайдаланады.

                              12-бап

      1. 11-бапта аталмаған Ұйымдағы немесе оның қосалқы органдарының кез келген бiреуiндегi Уағдаласушы Мемлекеттiң кез келген өкiлi өзiнiң қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекет аумағында болған кезiнде мынадай артықшылықтармен және иммунитеттермен пайдаланады:
      а) тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға тән жеке басын қамауға алуға немесе тұтқындауға қарсы иммунитет;
      б) ауызша немесе жазбаша мәлiмдемелерi мен оның ресми тұлға ретiнде жасаған iс-әрекеттерiне байланысты сотта iсiн қарауға қарсы иммунитет;
      в) барлық қағаздары мен құжаттарына тиiспеушiлiк;
      г) кодтарды пайдалану, курьер арқылы немесе дипломатиялық мөрленiп-сүргiленген пошта арқылы қағаздар мен хат-хабарларды алу және жөнелту құқығы;
      д) оның өзiн, оның жұбайы мен олармен бiрге келген және оның қарауындағы отбасының жақын туысқан мүшелерiн тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға тән иммиграциялық шектеулерден, шет елдiк азамат ретiндегi тiркеуден және мемлекеттiк қызмет мiндеткерлiктерiнен босату;
      е) тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға тән валюталық және ақшалай шектеулерден босату;
      ж) тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға тән оның жеке жүгiне қатысты иммунитеттер мен жеңiлдiктер;
      з) барған елiнде қызметiне кiрiсу үшiн бастапқы барған кезiнде және оның осы елдегi жұмыс мерзiмiнің аяқталуына байланысты жиhазы мен жеке мүлiктерiн баж салығынсыз әкелу құқығы;
      басқаша жағдайда осы құқық қолданылатын барған елдiң Үкiметi қажеттi деп санайтын шарттарға жатқызылатын жиhаз бен мүлiктердi баж салығынсыз қайтара алып кету құқығы;
      и) жеке пайдалануы үшiн өзiнiң жекеменшiк автокөлiгiн уақытша баж салығынсыз әкелу немесе басқаша жағдайда осы құқық қолданылатын барған елiнiң Үкiметi тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персонал үшiн қажет деп санайтын шарттарға жатқызылатын осындай автокөлiктi тиiсiнше баж салығынсыз сату немесе қайтара алып кету құқығы.
      2. Кез келген заңды салық салу нысаны барған елiне байланысты болатын жерде осы Баптың күшi қолданылатын өкiлдiң өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң аумағында болатын мерзiмi оның болу мерзiмi ретiнде қарастырылмайды. Атап айтқанда, ол оның қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнiң ішінде оның ресми еңбек жалақысы мен сыйақысына салынатын салықтан босатылады.
      3. Осы Баптағы "өкiл" терминi делегациялардың кез келген өкiлдерi, кеңесшiлерi және техникалық сарапшылары ретiнде түсiнiледi. Әрбiр Уағдаласушы Мемлекет өзге мүдделi Уағдаласушы Мемлекеттерге олардың өтiнiшi бойынша осы Баптың күшi қолданылатын өз өкiлдерiнiң аты-жөндерi мен тектерiн, сондай-ақ олардың осы мемлекет аумағында болуы мүмкiн мерзiмiн хабарлайды.

                            13-бап

      Уағдаласушы Мемлекет өкiлiне ерiп жүретiн, 11 немесе 12-бапта аталмаған, әйтсе де Уағдаласушы Мемлекет аумағына өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару үшiн келетiн ресми қызмет персоналы 12-баптың 1(б), (в), (д), (ж), (з), (и), (к) тармағында және 2-тармағында белгiленген артықшылықтарға және иммунитеттерге ие.

                             14-бап

      Артықшылықтармен иммунитеттер Уағдаласушы Мемлекеттердiң өкiлдерi мен олардың персоналына жеке басының пайдасы үшiн емес, олардың Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына байланысты өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн тәуелсiз атқару кепiлдiгi ретiнде берiледi. Осыған орай Уағдаласушы Мемлекет, егер оның пiкiрiнше иммунитет сот iсiнiң қалыпты барысына кедергi келтiруi мүмкiн болса және осы иммунитеттiң берiлу мақсатына одан бас тартушылық зиян шектiрмейтiн болса, Уағдаласушы Мемлекет өз өкiлдерi мен олардың персоналының иммунитетi құқығына ие болып қана қоймай, сондай-ақ аталған иммунитет құқығынан бас тартуға мiндеттi.

                              15-бап

     11-13 баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерден осы құжатта 
аталған кез келген артықшылықтар мен иммунитеттердi өз азаматтарының 
қандай да болмасын бiреуiне немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң 
аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтарға немесе өз өкiлi ретiндегi 
немесе осы өкiл персоналының мүшесi ретiндегi кез келген басқа адамға 
беруiн талап етпейдi.
     
                             IV Бөлім
     
               Хатшылыққа іссапарға жіберілген
             халықаралық персонал мен сарапшылар
     
                              16-бап
     


      Бас Хатшы 17-19-баптардың күшi қолданылатын персоналды "дипломаттар" және "жалпы қызметтер" санаттарына бөлу схемасын әзiрлеуге және осы санаттарға енгiзiлген лауазымды адамдардың аты-жөндерi мен тектерiн Уағдаласушы Тараптарға хабарлауға тиiс.

                               17-бап

      Барған елдiң азаматы болып табылатындарды қоспағанда, Хатшылықтың 16-бапта белгiленген лауазымды адамдары:
      а) олардың қызметтiк құзыретi мен өкiлеттiктерi шегiнде ауызша және жазбаша жасаған мәлiмдемелерi мен iс-әрекеттерiне байланысты сотта тергеуге қарсы иммунитетпен пайдаланады;
      б) өздерiмен бiрге тұратын немесе олардың қамқорлығындағы өздерiнiң жұбайлары мен отбасының жақын туыс мүшелерiмен бiрге шетелдiк азаматтар ретiнде тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға берiлетiн иммиграциялық шектеулер мен тiркеуге қарсы иммунитетпен пайдаланады;
      в) тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға берiлетiн валюта-ақша шектеулерiне қарсы иммунитетпен пайдаланады;
      г) өздерiмен бiрге тұратын немесе олардың қамқорлығындағы өздерiнiң жұбайларымен және отбасының жақын туыс мүшелерiмен бiрге халықаралық шиеленiс болған жағдайда тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға берiлетiн Отанына кедергiсiз қайтып оралу құқығына ие;
      д) барған елiне, қызметiне кiрiсу үшiн бастапқы барған сәтiнде және осы елдегi жұмыс мерзiмiнiң аяқталуына байланысты жиhазы мен мүлiктерiн баж салығынсыз әкелуге, сондай-ақ мұндай құқық қолданылатын барған елiнiң Үкiметi қажет деп санайтын шарттар қолданылмайтын өзге жағдайларда жиhазы мен мүлiктерiн баж салығынсыз қайта алып кетуге құқылы;
      е) жеке басының пайдалануы үшiн жекеменшiк автокөлiгiн және басқа

да мүлiктерiн уақытша баж салығынсыз әкелуге және тиiстi дәрежедегi 
дипломатиялық персонал үшiн осы құқық қолданылатын барған елiнiң 
Үкiметi қажет деп санайтын шарттар қолданылмайтын өзге жағдайларда 
тиiсiнше осы автокөлiктi баж салығынсыз сатуға немесе қайта алып кетуге 
құқылы.
     
                              18-бап
     
     Хатшылықтың 16-бапта белгіленген лауазымды қызметкерлерi олардың 
Хатшылықтан алатын еңбек жалақысы мен басқа да сыйақыларына салынатын 
салықтардан босатылады.
     
                              19-бап
     


      17 және 18-баптарда аталған иммунитеттер мен артықшылықтарға қосымша Бас Хатшыға және Хатшылықтың өзге де жоғары лауазымды қызметкерлерiне Бас Хатшы мен әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттің Үкiметi арасындағы уағдаластық бойынша әдетте тиiстi дәрежедегi дипломатиялық персоналға берiлетiн артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.

                               20-бап

      1. Хатшылық атынан iссапарға жiберiлетiн сарапшыларға (17-19 баптардың күшi қолданылатын лауазымды қызметкерлердi қоспағанда) олардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде Уағдаласушы Мемлекет аумағында болған кезiнде өздерiнiң мiндеттерiн тиiмдi атқаруына қажеттi мөлшерде мына төмендегiдей артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi:
      а) жеке басын тұтқындауға немесе қамауға алуға, жеке жүктерiн тәркiлеуге қарсы иммунитет;
      б) Хатшылықта қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде олардың ауызша және жазбаша жасаған мәлiмдемелерi мен iс-әрекеттерiне байланысты сотта мәселе қарауға қарсы иммунитет;
      в) ресми iссапарларда жүрген шетелдiк мемлекеттер үкiметтерiнiң лауазымды қызметкерлерiне берiлетiн валюта-ақша шектеулерiне және жеке жүктерiне байланысты шектеулерге қарсы иммунитет;
      г) олардың Хатшылыққа жалданған жұмысына байланысты кез келген қағаздар мен құжаттарға тиiспеушiлiк.
      2. Бас Хатшы осы баптың күшi қолданылатын сарапшылардың аты-жөндерi мен тектерiн мүдделi Уағдаласушы Мемлекеттерге хабарлайтын болады.

                                21-бап

      Артықшылықтар мен иммунитеттер лауазымды қызметкерлер мен сарапшыларға олардың жеке пайдасы үшiн емес, Хатшылықтың мүддесi үшiн берiледi. Бас Хатшы, егер оның пiкiрi бойынша бұл иммунитет сот iсiне кедергi келтiретiн болса және бұл иммунитеттен бас тартушылық Хатшылық мүдделерiне зиян шектiрмейтiн болса, осы лауазымды қызметкер азаматы болып табылатын мүше-ел үкiметiнiң келiсiмiмен лауазымдық қызметкердің немесе сарапшының иммунитетiнен бас тарта алады.

                              22-бап

      17, 19 және 20-баптардың ережелерiне сәйкес бiрде-бiр мемлекет өздерiнiң қандай да бiр азаматына мыналарды:
      а) Хатшылықта өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде

олардың ауызша және жазбаша жасаған мәлiмдемелерi мен iс-әрекеттерiне  
байланысты сотта iс қарауға қарсы иммунитеттi;
     б) олардың Хатшылыққа жалданған жұмысына байланысты кез келген 
қағаздар мен құжаттарға тиiспеушiлiктi;
     в) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн қажеттi мөлшердегi 
валюта-ақша шектеулерiне қарсы иммунитеттi қоспағанда осы құжатта 
аталған артықшылықтарды немесе иммунитеттердi бермеуге мiндеттi.
     
                           V Бөлім
                        Дауларды шешу
     
                           23-бап
     


      ЭКО Министрлер Кеңесi мынадай даулы мәселелердi шешудiң тиiстi

тәсiлдерiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды:
     а) Тараптардың бiрi Хатшылық болып табылатын контактiлерден 
туындайтын немесе жеке сипаттағы өзге де даулы мәселелер;
     б) егер 21-бапқа сәйкес олар бұл иммунитеттен бас тартпаған 
жағдайда ІV бөлiмнiң күшi қолданылатын және өзiнiң қызметтiк 
жағдайына байланысты иммунитетпен пайдаланатын Хатшылықтың кез келген 
лауазымды адамына немесе сарапшысына қатысты мәселелер.
     
                           VI Бөлім
                      Қосымша келісімдер
     
                             24-бап
     
     Хатшылық атынан өкiлдiк ете отырып, Бас Хатшы осы Келiсiмдi 
орындау мақсатында кез келген Уағдаласушы Мемлекетпен немесе 
Мемлекеттермен келiсiмдер жасаса алады. 
     
                           VII Бөлім
                      Қорытынды ережелер

                             25-бап
     


      1. Осы Келiсiмдi мүше-елдер өздерiнiң конституциялық нормалары мен практикасына сәйкес бекiтуге тиiс және бекiту грамоталары олардың куәландырылған көшiрмелерiн басқа мүше-елдерге және Хатшылыққа тапсыратын Иран Ислам Республикасының Үкiметiне сақтауға тапсырылады.
      2. Осы Келiсiм мүше-елдердiң үштен екi бөлiгi өздерiнiң бекiту

грамоталарын Иран Ислам Республикасына тапсырғаннан кейiн күшiне енедi.
     3. Осы Келiсiм бiр түпнұсқа данада ағылшын тiлiнде жасалды. 
     4. Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн 1977 жылғы бастапқы Измир 
Шартына қоса тiркелген Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО), 
Мүше-елдер өкiлдерiнiң және Халықаралық персоналдың статусы туралы 
Келiсiмдi алмастырады.
     5. Осыны растау үшін төменде қол қоюшы өкiлеттi өкiлдер осы 
Келiсiмнiң астына өз қолдарын қойды.
     
     Измирде бiр мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылдың _______________
айының____________ күнi жасалды.
     
     Ауғанстан Ислам Мемлекеті үшін
     Әзірбайжан Республикасы үшін
     Иран Ислам Республикасы үшін
     Қазақстан Республикасы үшін
     Қырғыз Республикасы үшін
     Пакистан Ислам Республикасы үшін
     Тәжікстан Республикасы үшін
     Түрік Республикасы үшін
     Түркіменстан үшін
     Өзбекстан Республикасы үшін
 
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.
  Омарбекова А.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады