Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 255

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184-құжат; 188-құжат; N 13-14, 195-құжат, 205-құжат; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 жылғы 18 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" 1998 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-бапта:
      баптың атауы "мен алымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "салыққа" деген сөзден кейiн "және алымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-бапта:
      6) тармақшада:
      в) тармақшасының бесiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- егер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты

мекемеге және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерiне
шегерiм ретiнде есептелетiн болса, жұмыстың (көрсетiлетiн қызметтiң)
барлық түрлерiнен алынатын табыс;
     3) тармақшасында "резиденттiң мүлiктi сатудан түсiрген өзге
табыстары" деген сөздер "резидентке мүлiктi сатудан түскен өзге де
табыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
     29-тармақша мынадай мазмұндағы "д" және "е" тармақшаларымен
толықтырылсын:
     "д) лизинг (қаржылық жал);
     е) зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi көрсетiлетiн
қызметтер;"
     6-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгi алып тасталсын;
     11-бапта:
     мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
     "7) экспорттау кезiнде төмендетiлген құны бойынша активтердi
сатудан түскен табыстар;";
     13) тармақша "20-бабының 7-тармағына" деген сөздерден кейiн
"және 42-бабының 3-тармағына" деген сөздермен толықтырылсын;
     7)-14) тармақшалар тиiсiнше 8)-15) тармақшалар болып есептелсiн;
     13-баптың 1) тармақшасы "жеке" деген сөзден кейiн "және заңды"
деген сөздермен толықтырылсын;
     14-бапта:
     1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
     "Салық заңдарымен реттелетiн шығыстар белгiленген нормалар
шегiнде шегерiлiп тасталады.";
     4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Табиғи монополистердiң жасаған ысырабы Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шегерiлiп
тасталады;";
     17-баптың 2-тармағындағы "Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша"
деген сөздер "Қазақстан Республикасы министрлiгiмен бiрлесiп" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     18-баптың 2-тармағының төртiншi бөлiгi алып тасталсын.
     20-бапта:
     4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:


      "Салық төлеушiнi таратқан немесе қайта ұйымдастырған жағдайда амортизацияға бөлiнген қаржы салық жылындағы қызмет кезеңiне түзетiледi,";
      6-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "инфляция деңгейiнiң шегiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Инфляция деңгейiнен тыс топтың негiзгi құрал-жабдықтарын қайта бағалау сомасы жылдық жиынтық табысқа енгiзiледi.";
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Үш жылдық кезең өткенге дейiнгi жабдықтарды сату кезiнде жүргiзiлген шегерiс есептi кезеңдегi шегерiстердi кемiту есебiнен өтеледi.";
      23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бағалау, жайластыру жөнiндегi шығыстарды, жалпы әкiмшiлiк шығыстарын және қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығыстарды қоса алғанда, геологиялық зерттеуге, барлауға және пайдалы қазбаларды өндiру iсiне дайындық жұмыстарына жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар амортизациялық қаржылар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiлуге тиiс және жеке топ құрайды. Бұл топ бойынша амортизациялық аударымдар жер қойнауын пайдаланушының қалауынша белгiленген нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған кезден бастап жүргiзiледi, бiрақ осы Жарлықтың 20-бабының 3-тармағында белгiленген 2-топтың негiзгi құрал-жабдықтары амортизациясының шектi нормасынан аспауға тиiс.";
      24-баптың 2-тармағындағы "3" деген цифр "4" деген цифрмен ауыстырылсын;
      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) бюджетке және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорларға енгiзiлуге тиiстiлерiнен өзге айыппұлдар мен өсiмдердi қоса алғанда төленген айыпақылар,";
      31-бапта:
      1-тармақ "салық салынуға тиiс және" деген сөздерден кейiн "бұл салықтың төлем көздерiнен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қатысушы (акционер) заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған немесе сатқан жағдайда, инфляцияға сай түзетудi ескере отырып, алып қою және сату кезiндегi қатысу үлесiнiң құны мен қатысушының (акционердiң) жарна ретiнде жарғылық капиталға енгiзген меншiктi

мүлкiнiң құны арасындағы айырма ретiнде анықталатын құн өсiмiнiң тек
15 процент ставкасы бойынша ғана төлем көзiне салық салынуға тиiс.";
     3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;
     32-бапта:
     1-тармақта:
     "резидент-банктерге" деген сөздерден кейiн "және жинақтаушы
зейнетақы қорларына" деген сөздермен толықтырылсын;
     "және төлем көздерiнде осы салықтың төленгенiн растайтын
құжаттар болғанда бұдан әрi салық салуға жатпайды" деген сөздермен
толықтырылсын;
     2-тармақ алып тасталсын;
     3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;
     34-бапта:
     1-тармақта:
     2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


      "2) ұйымдар, Астана қаласындағы құрылыстан алынған кiрiстер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi белгiлеген тәртiппен;";
      8)-10) тармақшалар тиiсiнше 7)-9) тармақшалар болып есептелсiн;
      9) тармақшадағы "ауыл шаруашылығына" деген сөздер "ауыл шаруашылығы өндiрiсiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;
      6-тармақта "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және бiлiм беретiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында құрылған тұрмысы төмен азаматтарға қолдау көрсету жөнiндегi жалпы ұлттық және аймақтық қорларға қызмет көрсететiн банктердiң жылдық жиынтық табысы осы қорларға өтеусiз аударылатын қаржының сомасына азайтылады.";
      36-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бұл тәртiп Қазақстан Республикасының резиденттерi сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн импорттық тауарларға ақы төлеген жағдайда қолданылмайды.";
      42-бапта:
      2-тармақтағы "тауар-материалдық қорлардың қалдықтарын" деген сөздер "тауар-материалдық қорларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Инфляция деңгейi шегiндегi жете бағалау сомасы салық салынатын табысқа енгiзiлмейдi. Тауар-материалдық қорлар құнын салық төлеушiнiң есептi жыл iшiнде инфляция индексiнен асып түсетiн мөлшерде ұлғайтуы салық төлеушiнiң жиынтық табысын ұлғайтуына жатқызылады.";
      45-бапта:
      1-тармақтағы "бұл ұзақ мерзiмдi активтердi" деген сөздердiң алдынан "амортизация сомасына кемiтiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "құрал-жабдықтың" деген сөздiң алдынан "амортизация сомасына кемiтiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
      47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "47-бап. Активтердi өтемсiз негiзде беруден және (немесе) төмендетiлген құны бойынша сатудан түскен табыс
      1. Активтердi өтемсiз негiзде беру және (немесе) төмендетiлген құны бойынша сату кезiнде берушi (сатушы) тұлға активтерiнiң құны - салық салу мақсатында айқындалатын өзiндiк құн негiзге алынып, ал алушы тұлға активтерiнiң құны - берiлетiн (сатылатын) активтердiң кiрiске алынған бағалау құны бойынша белгiленедi.
      2. Экспорттық операциялар бойынша төмендетiлген құнымен активтердi сату кезiндегi салық сату мақсатында айқындалған, сатылған активтердiң сатылатын бағасы мен өзiндiк құны арасындағы айырма сатушы тұлғаның табысы болып табылады.";
      48-бапта:
      2) тармақша "және бюджеттен тыс мемлекеттiк қорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) кәсiпкерлiк қызметке байланыссыз шығыстар.";
      49-баптың 1-тармағындағы:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) тұрғын үй салуды және осындай құрылыс үшiн құрылыс материалдарын iрi көлемде сатып алуды қоспағанда, салық жылында 500 айлық есептiк көрсеткiштен астам сомаға құрылыс салған немесе iрi көлемде сатып алу жасаған жеке тұлғалар.";
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметтi жүзеге асыратын резидент еместер;";
      50-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "және жеке адамдарға жасалған басқа да төлемдерден" деген сөздер "кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiнде тiркелген жеке тұлғаларға жасалған төлемдердi қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) жеке тұлға резидент-заңды тұлғадағы қатысу үлесiн сатудан түскен табысты төлейтiн заңды немесе жеке тұлғалар.";
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Орналастырылған зейнетақы активтерi бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн инвестициялық кiрiстерге төлем көзiнде табыс салығы салынбауға тиiс.";
      2 және 3-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн.
      4-тармақтың 1) тармақшасындағы "жалақы" деген сөз "осы баптың 1-тармағында көзделген төлемдердi" деген сөздермен ауыстырылсын";
      51-баптың 2-тармағындағы "немесе басқа да шарттары бар" деген сөздер алып тасталсын;
      55-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Жарлықтың 54-бабына сәйкес салық салынатын объектiлерi

бар тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын заңды және жеке
тұлғалар, сондай-ақ резидент еместер қосылған құнға салынатын
салықты төлеушiлер болып табылады.";
     3-тармақтағы "осы Жарлықтың 70-бабының 3-тармағында көзделген
шарттарды ескерiп" деген сөздер алып тасталсын;
     61-бапта:
     1-тармақта:
     14) тармақша "мектеп оқу құралдарын" деген сөздерден кейiн
"балалар әдебиетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы 16-тармақшамен толықтырылсын:
     "16) газет және журнал өнiмдерiн шығару мен сату жөнiндегi
айналымдар.";
     2-тармақтағы 6) және 7) тармақшалар "тауарлардың" деген сөздiң
алдынан "акцизделетiн тауарлардан басқа" деген сөздермен
толықтырылсын;
     65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "65-бап. Тазаланған бағалы металдарға - алтын мен платинаға
салық салу
     Өздерi өндiрген тазаланған бағалы металдар - алтын мен
платинаны Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң сатуына салық
нөлдiк ставка бойынша салынады.";
     68-баптың 1 және 3-тармақтарындағы "Салық төлеушi есептеу
әдiсiн қолданған кезде" деген сөздер алып тасталсын;
     69-баптың 3-тармағы "сондай-ақ осы Жарлықтың 70-бабының
5-тармағына сәйкес салық төленетiн шикiзат бойынша" деген сөздермен
толықтырылсын;
     70-бапта:
     3-тармақта:
     екiншi бөлiкте "тауарлар" деген сөз "шикiзат пен материалдар"
деген сөздермен ауыстырылсын;
     төртiншi бөлiкте:
     "мұндай тауарлар" деген сөздер "мұндай шикiзат пен материалдар"
деген сөздермен ауыстырылсын;
     "1 және 2" деген цифрлар "1, 2 және 6" деген цифрлармен
ауыстырылсын;


      "айыппұл санкциялары қолданылмай" деген сөздер "белгiленген тәртiппен өсiмдi есептей отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Шикiзат (спирттiң барлық түрлерiн қоспағанда) өндiрушi Қазақстан Республикасының резиденттерi оны Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiстiк iлкi ұқсату үшiн сату кезiнде қосылған құнға салынатын салықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiн тәртiп бойынша есептеу әдiсiмен төлейдi.
      Осы тармақта көзделген шарттар сақталмаған жағдайда қосылған құнға салынатын салық шикiзатты сатқан кезден бастап айыппұлдар мен өсiмдердi есептей отырып, осы Жарлықтың 58-бабының 1, 2 және 6-тармақтарына сәйкес есептеледi.";
      72-баптың 1-тармағында:
      "айдың он үшi, жиырма үшi, келесi айдың үшi күндерi" деген сөздер "айдың жиырма бесi күнi, келесi айдың бесi күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      73-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлік "оның iшiнде импорттау кезiнде төленуге тиiстi" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Аталған артық соманы импорттау кезiндегi қосылған құнға

салынатын салықты төлеу есебiне есептеудiң тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.";
     екiншi және үшiншi бөлiктер тиiсiнше үшiншi және төртiншi
бөлiктер болып есептелсiн;
     үшiншi бөлiктегi "салық салынатын айналымы бар" деген сөздер
"салық салынатын айналымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
     75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "75-бап. Төлеушiлер
     Мыналар:
     акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында
өндiрушi;
     акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына
импорттаушы;
     Қазақстан Республикасының аумағында құмар ойындар бизнесiн
жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар акциздердi төлеушiлер болып
табылады.";
     79-бапта:
     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
     "3. Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн
өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың құны немесе оның заттай көлемi
салық салу объектiсi болып табылады.";
     3 және 4-тармақтар тиiсiнше 4 және 5-тармақтар болып саналсын;
     80-бапта:
     3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:


      "Акциздеуге жататын, өзi өндiрген шикiзаттан акцизделетiн өнiмдi өндiрген кезде, осы шикiзаттың акцизi осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзiмде ұқсатылған өнiмдi сату кезiнде төленедi.";
      5-тармақ алып тасталсын;
      83-баптың 1-тармағындағы ("өңделмеген мұнайды және спирттiң барлық түрлерiн қоспағанда") деген сөздер ("газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайды және спирттiң барлық түрлерiн қоспағанда") деген сөздермен ауыстырылсын;
      92-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алымдар жөнiндегi декларацияны эмитент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi белгiлеген нысан бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн салық қызметi органдарына табыс етедi.";
      94-5-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшада "өндiру" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) өнiм бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi.";
      95-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
      98-бап алып тасталсын;
      98-1-бап алып тасталсын;
      100-2-баптың 1-тармағындағы "өндiрiлген көмiрсутектер" деген сөздерге дейiнгi сөздер түгел алып тасталып, "1. Есептi кезең iшiнде көмiрсутектердi өткiзудiң орташа бағасы негiзiнде есептелетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

     123-бапта:
     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "2. Мынадай:
     1) елдi мекендердiң жалпы пайдаланымындағы;
     2) жалпы пайдаланымдағы мемлекеттiк автомобиль жолдарының
желiлерi алып жатқан;
     3) Астана қаласында құрылыс салуға құрылыс кезеңiнде, бiрақ үш
жылдан аспайтын уақытқа пайдаланылып жатқан;
     4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша тұмшаланып
отырған объектiлерi алып жатқан жер учаскелерiнен салық алынбайды.";
     3-тармақта:
     7) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
     8) және 10) тармақшалар тиiсiнше 7) және 8) тармақшалар болып
саналсын;
     128-бапта:
     2-тармақта:
     "пайдалану мерзiмiне" деген сөздер "шығарылған жылына" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     "1 жылдан" деген сөздер алып тасталсын;
     130-баптың 1-тармағында:
     "салық мөлшерiн салық төлеушiлер", "дербес белгiлейдi" деген
сөздер тиiсiнше "салықты", "салық төлеушiлер есептейдi" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Көлiк құралдарына салынатын салық жөнiндегi декларацияны заңды
тұлғалар есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей,
Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi белгiлеген нысан бойынша табыс
етедi.";
     132-баптың 1) тармақшасы "көлiк құралдарынан" деген сөздерден
кейiн "және жер салығы салынатын жер учаскелерiнен" деген сөздермен
толықтырылсын;
     134-баптың 1-тармағында:
     5) тармақша алып тасталсын:
     6) тармақша 5) тармақша болып саналсын;
     138-бапта:
     1-тармақта:
     бiрiншi бөлiмде:


      "салық қызметi тиiстi қаржы органдарымен келiсе отырып", деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(шаруа, фермер қожалықтарын және ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қоса алғанда)" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырсын:
      "Шаруа (фермер) қожалықтары және өздерi үшiн жер негiзгi өндiрiс құрал-жабдығы болып табылатын немесе қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн жердi пайдаланумен байланысты, сондай-ақ өздерi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiн ұқсатушы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi белгiлейтiн тәртiппен патент негiзiнде салық төлейдi.
      Патенттiң құнын есептеу кезiнде бюджетке төленуге тиiстi салықтар сомасы шаруа (фермер) қожалықтары және жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн 80 процентке кемiтiледi.";
      6-тармақтағы "байланысты тараппен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын тараппен немесе салықтық жеңiлдiктердi пайдаланатын ұйыммен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      139-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық төлеушiлердi тiркеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.";
      3-тармақтағы "есеп айырысу" деген сөздер "төмен (вексельдердi қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      144-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Салық декларациясы салық қызметi органдарына әкелiп тапсыру тәртiбiмен немесе хабарлама арқылы тапсырыс хатпен почта арқылы берiледi.";
      146-бапта "Салық қызметi", "бiр жылдан" деген сөздер тиiсiнше "Салық комитетi", "үш айдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      147-бапта:
      1) тармақшада "банк құжаттарында" деген сөздер "төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның екiншi азатжолы "салық төлеушiлердiң" деген сөздердiң алдынан "осы шоттарға салық қызметi органдарының инкассалық тапсырмалары (өкiмдерi) негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша "банк шоттары" деген сөздердiң алдынан "тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      152-бапта:
      1-тармақта:
      бiрiншi бөлiмде "салық қызметi органының" деген сөздер "Салық комитетi органының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi бөлiктермен толықтырылсын:
      "Салық төлеушiлерге төлем көзiнен ұсталған заңды тұлғалардың табыстарынан табыс салығын төлеудi кейiнге қалдыру жеңiлдiгi берiлмейдi.
      Басқа адамға құқықтар ауысып берiлген жағдайда салықты және айыппұл санкцияларын төлеу мерзiмiн ұзарту құқығы ауыспайды.";
      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
      "2. Акциздi төлеу мерзiмдерi ұзартылмайды.";
      2 және 3-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып саналсын;
      154-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Салық төлеушiлердiң немесе олардың дебиторларының шоттарынан

салықтар және мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерi
бойынша берешектi алудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.";
     155-баптың 1-тармағындағы "салық төлеушi" деген сөздерден кейiн
"мен" деген жалғаулық "немесе" деген жалғаулықпен ауыстырылсын;
     161-баптың 1-тармағы "ағымдық" деген сөзден кейiн "және
мәлiмдеген" деген сөздермен толықтырылсын;
     162-баптағы "жеткiлiктi негiзсiз" деген сөздер алып тасталсын;
     163-бапта:
     4-тармақтағы "аванстық төлемдер сомасынан" деген сөздер
"енгiзiлген аванстық төлемдер сомасынан" деген сөздермен
ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
     "6. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, табыс салығын төлеген
заңды және жеке тұлғаларға табыс салығы сомасының төлем көзiнен
ұстамағаны үшiн тиесiлi салық сомасының 100 процентi мөлшерiнде
айыппұл салынады.";
     167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "167-бап. Салық қызметi органдарының мәртебесi, құрылымы
                              мен мiндеттерi



      1. Салық қызметi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, Салық полициясы комитетiнен және олардың аумақтық органдарынан тұрады.
      Салық комитетi органдарына:
      мемлекеттiк бюджетке төленетiн төлемдердiң түсуiн және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердi көздейтiн салық заңдары мен басқа да заң актiлерi негiзiнде барлық деңгейлердегi бюджеттерге салықтар алымы мен басқа да мiндеттi төлемдердiң толық жиналуын қамтамасыз ету;
      салық заңдарының тиiмдiлiгiн зерделеу;
      салық салу мәселелерi жөнiндегi заң жобаларын, және басқа мемлекеттермен шарттарды әзiрлеуге қатысу;
      салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру, салық төлеушiлерге салық заңдары мен салық салу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердегi өзгерiстер туралы уақытылы хабарлап отыру жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
      Салық полициясы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, заңдарда белгiленген шекте қылмыстық қудалау жөнiндегi арнаулы құқықтық орган болып табылады.
      Салық полициясы органдарына заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлерiн жасыру мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтарды төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн орындауын өзгедей жалтаруды, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнiндегi мiндеттер жүктеледi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi салық қызметi органдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      3. Салық қызметiнiң құрылымына Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық полициялары басқармалары, салық полициясының ауданаралық (аймақтық) бөлiмдерi немесе аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерi кiредi.
      Салық қызметiнiң аумақтық органдары жоғары тұрған тиiстi салық қызметi органына тiкелей жоғарыдан төмен қарай бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға кiрмейдi.
      4. Салық комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке Қаржы министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал оның орынбасарларын - Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
      5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерiнiң, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын қызметке Қаржы министрлiгi Салық комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi тағайындайды. Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Төраға тағайындайды.
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi төрағаларының орынбасарларын, Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Төраға тағайындайды.
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң, ауданаралық (аймақтық) салық комитеттерiнiң, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң қызметкерлерiн қызметке облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары тағайындайды.
      6. Салық полициясы комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке Қаржы министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал оның орынбасарларын - Салық полициясы комитетi Төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
      Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармаларының бастықтарын, ауданаралық (аймақтық) салық полициясы бөлiмдерiнiң, қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын қызметке Салық полициясы комитетi төрағасының ұсынысы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
      Облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармалары бастықтарының, ауданаралық (аймақтық) салық полициясы бөлiмдерi, қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар
бойынша салық полициясы бөлiмдерi бастықтарының қызметке Салық орынбасарларын, Салық полициясы комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық полициясы комитетiнiң Төрағасы тағайындайды.
      Салық полициясының облыстық және қалалық басқармаларының, ауданаралық (аймақтық), аудандық бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн қызметке облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармаларының бастықтары тағайындайды.
      7. Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен Салық полициясы комитетi туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      8. Барлық деңгейдегi салық қызметiнiң органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың белгiленген үлгiдегi бланкiлерi және мөрлерi болады, сондай-ақ банктерде шоттары болуы мүмкiн.
      9. Салық қызметiнiң органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтылады";
      169-бап алып тасталсын.
      170-173-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "170-бап. Салық қызметi органдарының мiндеттерi
      1. Салық қызметi органдары:
      1) салық төлеушiлердiң құқықтары мен мемлекеттiң мүдделерiн сақтауға және қорғауға;
      2) тәркiленiп және иесiз қалып мемлекет меншiгiне көшкен мүлiктердi есепке алу, бағалау және сату жөнiнде жұмыс жүргiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен көлемде және тәртiппен жүргiзiлген жұмыстар туралы есептiлiк әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiп отыруға;
      3) осы Жарлықтың 175-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлер туралы ақпараттың құпиясын сақтауға;
      4) салық заңдарын бұзу фактiлерiн жинауға талдау мен бағалауға және салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарының орын алуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
      5) салық қызметi органдары басшыларының ұйғарымы бойынша салық төлеушiлерге тексеру жүргiзуге мiндеттi.
      2. Салық комитетiнiң органдары:
      1) салық төлеушiлер мен салық салынатын объектiлердiң уақтылы есебiн алуды қамтамасыз етуге, бюджетке есептелген және төленген салықтар есебiн жүргiзуге;
      2) есептелген салық сомасының салыстырғанда артық төленген соманы осы Жарлықтың 151-бабының ережелерiне сәйкес салық төлеушiлерге қайтарып беруге;
      3) салықты есептеу мен төлеуге байланысты декларацияның және өзге құжаттардың нысандарын әзiрлеуге;
      4) салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң келiп түсуi, салық органдарының жұмысы туралы мемлекеттiк статистикаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы бекiткен көлемде және тәртiппен есептiлiк жасауға;
      5) келiп түскен салықтардың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң сомасы туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан мен мерзiмде қаржы органдарына есептер берiп отыруға;
      6) заңдарда белгiленген жағдайларда салық полициясы органдарына материалдар беруге;
      7) дивидендтердiң дұрыс есептелуiне және оларды мемлекеттiк акция пакеттерi бар акционерлiк қоғамдардың уақытылы төлеуiне бақылауды жүзеге асыруға;
      8) салықтың және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң есептелуiнiң дұрыстығына, толықтығына және олардың уақытылы төленуiне, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толықтығы мен уақтылы аударылуына бақылауды жүзеге асыруға;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңдарының бұзылуы туралы арыздарды, хабарларды және басқа ақпаратты тексеруге мiндеттi.
      3. Салық полициясы органдары:
      1) заңда көзделген негiздерде және тәртiппен салықтардың төленбеуiне, салық салынудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындамауына байланысты қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында жедел iздестiру қимылдарын, анықтау, алдын ала және тергеу жүргiзуге;
      2) заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не табысын бүркемелеу немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлердi жасыру мақсатымен жасаған өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтар төлеуден және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан өзгедей жалтаруын мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға және олардың жолын кесуге;
      3) салық және кеден қызметi органдарындағы сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алуға, ашуға және олардың жолын кесуге;
      4) өз құзыретi шегiнде салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, олардың қызметкерлерiн қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға;
      5) салықтарды төлеуден, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелерiн орындаудан, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аударудан, олардың мемлекет алдындағы қарызы туралы, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақтылы аудармағаны не декларация толтырудан жалтарған туралы мәлiметтер түскен жеке және заңды тұлғаларды iздестiру жүзеге асыруға мiндеттi.
      4. Осы Жарлықты қолдану жөнiндегi актiлердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi әзiрлеп, бекiтедi.
      171-бап. Салық қызметi органдарының құқықтары
      1. Салық қызметi органдарының:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiппен және шарттарда заңды тұлғалардың (ерекше жұмыс режимiндегi заңды тұлғаларды қоса алғанда) және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлiк кiтаптарын, есептерiн, сметаларын, қолда бар ақшасын, бағалы қағаздарын және басқа да құндылықтарын, есеп айырысуларын, декларацияларын және бюджетке салық пен басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiне байланысты, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толығымен және уақтылы аудару жөнiндегi өзге де құжаттарын тексеруге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа қызметкерлерiнен, сондай-ақ азаматтардан аталған тексерулер барысында туындайтын мәселелер жөнiнде анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға құқығы бар.
      Бұл орайда жүргiзiлетiн тексерулер ұйымның ағымдағы қызметiн тоқтата тұруға әкеп соқпауға тиiс;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде, оның филиалдарында, өкiлдiктерi мен ұйымдарында заңдарда белгiленген қорларға аударымдар жасалғаннан кейiн қалған пайданың бюджетке толығымен және уақытылы түсуi мәселесi бойынша тексерулер жүргiзуге;
      3) ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылап отыруға;
      4) ұйымдар мен азаматтардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын және өзге де ұйымдардағы банк шоттары бойынша, анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамаған, тексеру мен зерттеп қарауға жiбермеген, салық қызметiне есеп айырысуларды, декларацияларды және табыс түсiруге, салық салынатын объектiлердi ұстауға, салық пен басқа да төлемдердi бюджетке есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiне байланысты, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толығымен және уақтылы аудару, қаржы есебiн тапсырмағаны жөнiндегi өзге де құжаттарды табыс етпеген жағдайда, салық қызметiнiң талап етуi бойынша, анықталған тәртiп бұзушылық жойылғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар. Салық заңдары бұзылғандығының фактiлерi анықталған жағдайда салық қызметi органдары заңдардың бұзылғандығын айғақтайтын құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражаттарды, салық төлеушiге алынған нәрселердiң тiзiмдемесi бар актiнiң көшiрмесiн тапсыра отырып алып қоюға;
      5) салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға осы Жарлыққа сәйкес салық санкциясын және қолданылып жүрген заңдарда көзделген айыппұл салуды қолдануға;
      6) ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардың салық заңдарын бұзу фактiлерi бойынша осы тармақтың 4), 5) тармақшаларында және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген негiздер бойынша салық қызметi органының басшысы немесе оның орынбасарлары бекiтетiн актiлер (хаттама) жасауға және қаулы шығаруға;
      7) сауда ұйымдары мен басқа да ұйымдардан, жеке кәсiпкерлерден тауарларды (өнiмдердi), атқарылатын жұмыс пен көрсетiлетiн қызметтi бақылау ретiнде сатып алуға;
      8) басқа заңды тұлғалардан, банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан, биржалар мен азаматтардан тексерiлетiн ұйымдар мен азаматтардың кәсiпкерлiк қызметi, операциялары және банк шоттарындағы ақшасының жай-күйi туралы мәлiметтердi, анықтамаларды, сондай-ақ құжаттарды тек қана қызмет бабындағы мақсатта алуға;
      9) ұйымдардың бiлiктi мамандарын, басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлерiн салық қызметi органдарының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, тексерулер мен сараптамалар жүргiзуге тартуға;
      10) қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, өз өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде ұйымдар мен азаматтардың табыс түсiру үшiн пайдаланатын не тұрған жерiне қарамастан салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты кез келген өндiрiстiк, қойма, сауда және басқа үй-жайларын тексеруге құқығы бар.
      2. Салық комитетi органдарының:
      1) белгiленген мерзiмде төленбеген салықты, айыппұлды және өсiмдi, сондай-ақ әкiмшiлiк жолымен салынған айыппұлды ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларымен азаматтардан бiрiншi кезектi тәртiппен өндiрiп алуға, салық салу кезеңi аяқталғаннан кейiн 5 жыл iшiнде бұрын есептелген салық сомасын есептеуге немесе қайта қарауға;
      2) салық, айыппұл және өсiм белгiленген мерзiмде төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкiн ақшасын хаттауға құқығы бар;
      3) Салық комитетi органдарының басшылары осы Жарлықтың ережелерiне сәйкес ұйымдар мен азаматтардың бюджетке салықтар мен басқа да төлемдер жасау мерзiмiн ұзартуға және оларды дүркiн-дүркiн бөлiп төлеуге мұрсат бередi.
      3. Салық полициясы органдарының:
      1) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салық тексерiстерiн жүргiзуге;
      2) егер азаматтар мен лауазымды адамдар қылмыс жасады деп күдiктенетiн жеткiлiктi негiздер болса немесе олар әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда салық полицияларының бөлiмшелерi арқылы олардың жеке басын анықтау үшiн қажеттi құжаттарды талап етiп алуға және тексеруге;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен салық полицияларының бөлiмшелерiмен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға;
      4) салықтардың төленбеуiне, салық салудан жалтаруға немесе мемлекет алдындағы басқа қаржылық мiндеттемелердiң орындалмауына, байланысты қылмыстар туралы iстер жөнiнде, мемлекетке зиян келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды салық полицияларының бөлiмшелерiмен анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асыруға;
      5) салық полициялары бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiзде және тәртiппен қарауды, арнаулы құралдарды сақтауға, алып жүруге, оларды қолдануға және күш жұмсауға;
      6) салық полициялары бөлiмшелерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда көзделген басқа да шараларды қолдануға құқығы бар.

      172-бап. Салық қызметi органдарының жауапкершiлiгi

      1. Салық қызметi органдары лауазымды тұлғасының қызмет бабындағы мiндеттерiн атқармауы немесе тиiсiнше атқармауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiптiк, материалдық немесе өзге жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      2. Салық қызметi қызметкерлерiнiң заңсыз iс-әрекетi салдарынан салық төлеушiге келтiрiлген зиян сот шешiмi бойынша республикалық бюджеттен (бес жылдан аспайтын кезең үшiн) төленедi.

      173-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттiк
               органдармен және өзара қарым-қатынастары

      1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарымен, құқық қорғау, қаржы және басқа да мемлекеттiк бақылау органдарымен өзара iс-қимыл жасап отырады, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, осы Жарлықтың 174-бабының ережелерiн ескере отырып, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      2. Мемлекеттiк органдар салық қызметi органдарына Қазақстан Республикасының салық заңдары мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелер туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi атқаруына, салық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына қарсы күресте жәрдемдесiп отыруға мiндеттi.
      3. Салықтың, бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық мiндеттемелердiң толық және уақытылы төленуiне мемлекеттiк бақылау жасауды қамтамасыз етуге салық қызметiнiң органдары ғана уәкiлеттi.
      4. Салық қызметi органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi өзара iс-қимыл жасай отырып атқарады.
      5. Салық қызметiнiң бөлiмшелерi салық тәртiп бұзушылықтары мен қылмыстарына байланысты жедел деректердi сұрыптап талдау кезiнде салық төлеушiлерге бiрлес тексеру жүргiзу үшiн, сондай-ақ салық тәртiп бұзушылық пен қылмыс фактiлерiн анықтау үшiн өздерiнiң лауазымды тұлғаларын жiберiп отырады.
      Бiр салық қызметi бөлiмшесi өзiнiң лауазымды тұлғаларын жiберу туралы шешiмдi салық қызметiнiң басқа бөлiмшесiнен тиiстi сұрау түскеннен бастап бес күн iшiнде қабылдайды.
      6. Салық комитетi органдары заңдарда салық полициясы органдарының тергеуiне жатқызылатын қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкiндiк беретiн фактiлердi ашу кезiнде аталған фактiлер ашылған күннен бастап үш күн iшiнде олар жөнiнде анықтау, алдын ала тексеру жүргiзудi және заңдарға сәйкес шешiм қабылдауды жүзеге асыру үшiн тиiстi салық полициясы органына материалдарды жолдауға мiндеттi.
      7. Салық қызметi органдары өздерiнiң арасындағы келiсiм бойынша белгiленген тәртiппен салық жолсыздықтары мен қылмыстар туралы өздерiнде бар материалдар мен олардың жолын кесу жөнiнде қолданылған шаралар, өздерi жүргiзген бақылаушылық салық тексерулерi туралы бiрiне-бiрi хабарлап отырады, сондай-ақ өздерiне жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында басқа да қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады.";
      176-бапта:
      7-тармақта:
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кiшi, орта және аға басшы құрам арнаулы атақтары Қазақстан

Республикасының Үкiметi бекiтетiн Салық полициясы органдарында
қызмет өткеру туралы ережеге сәйкес берiледi.";
     мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
     "Салық полициясы органы қызметкерi лауазымына тұңғыш рет
тағайындалып отырған адам мәтiнiн Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтетiн ант қабылдайды.";
     "Күшiне енгiзу" атты жаңа ХIII бөлiм енгiзiлiп, оған 179-бап
кiргiзiлсiн.
     2-бап. Осы Заң 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады